Семинары өтті. Тақырыбы: «Бастауыш сыныптар арасында инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру»



жүктеу 15.03 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі15.03 Kb.
түріСеминар
Ақмола облысы Зеренді ауданы Еленовка орта мектебі

2014 -2015 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптар арасында инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру»

Семинардың мақсаты: Қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру. Мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру. Оқытудың тиімді тәсілдерін енгізу. Іс – тәжірибе алмасу

Семинардың жоспары мен мақсатын әдістеме бірлестігінің жетекшісі Нұрмұхаметова Гүлжаухар Өтегенқызы таныстырды. Оқушылардың дайындаған шағын концертін тамашалады. Мектеп презентациясымен таныстырылды. Ашық сабақтар өткізілді. Еленовка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Нұрсұлу Кенжебайқызы 3 «А» сыныбында сайыс ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: « Тапқыр болсаң, талас жоқ» . Сабақ сайыс ретінде екі топта өтті. Сабақ оқушыларға тартымды әрі қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Баратай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искендирова С.А 2 «А» сынып оқушыларымен дүниетану пәні бойынша тақырыбы «Жапырақтар» ашық сабақ өткізді. Жылымды негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байкенова Ж.С. 1 «А» сыныпта математика пәнінен тақырыбы « Өткенді пысықтау» ашық сабағын өткізді. Жылымды негізгі мектебінен бастауыш сынып мұғалімі Шоматова Г.М 4 «А» сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен тақырыбы « Қармаққа түскен шағала» ашық сабақ өткізді. Қарлыкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Уразалина А.Д. Мастер-класс «Рефлексия бастауыш сыныптарда» өткізді. Еленовка орта мектебінің педогог психологы Утеганова Г.А «Гүлшоғы бейнесіндегі отбасы» атты тренинг өткізді.

Семинардың қортындысы ұстаздардың ашық сабақтары талданып, мақтау қағаздарымен марапатталды.



f:\бастауыш семинар 20,01,2015\20150120_111238.jpg f:\бастауыш семинар 20,01,2015\20150120_111306.jpg

f:\бастауыш семинар 20,01,2015\20150120_113618.jpg f:\бастауыш семинар 20,01,2015\20150120_120545.jpg

Еленовка орта мектебінің бастауыш сынып



әдістеме бірлестігінің жетекшісі

Нұрмұхаметова Гүлжаухар Өтегенқызы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет