Шеберлік -сынып Мұғалімнің аты-жөні



жүктеу 44.72 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі44.72 Kb.
Шеберлік –сынып

f:\фото\img_5109.jpg

Мұғалімнің аты-жөні:Шошақ

Айнагүл

Жұмыс өтілі: 16 жыл

Жұмыс орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, «№5 ОМ» КММ

Қызметі: математика пәнінің мұғалімі

Санаты: 1 санатты

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:



  • ТАҚЫРЫП: «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» коучинг

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ: Бағалау туралы заманауи түсінікті беру, формативті мен жиынтық бағалаудың айырмашылығын түсіндіру, мұғалімдерге оқу үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Коучинг барысында мұғалімдер бағалау үшін табыс критерилерін құрастыруға үйренеді; бағалаудың екі түрін ажыратады, оқу үшін бағалау – оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал екенін түсінеді.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАР: Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттыру.

МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ:Коучингке қала және облыс мектептерінен келген ұстаздар қатысады.



  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ:

Тапсырма


Мұғалім іс-әрекеті:


Ұстаздардың іс-әрекеті:


Ресурстар

Психологиялық ахуал қалыптастыру

және топтастыру:



Көңілді тренинг. Аудиторияда көңілді әуен қосылып тұрады. Коучингке қатысушыларды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, олардың қолына сауалнамалар таратамын және түрлі-түсті тәттілерді тарату арқылы топтарға бөлемін.



Мұғалімдер топтарға бөлінеді.

d:\документы\мама\8 мектеп\20150304_112704 - копия.jpg

Ой қозғау

«Бағалау дегеніміз не?» және «Сізді кезінде мұғалімдер қалай бағалады, Сіз оқушыларды қалай бағалап жүрсіз?»


Ұстаздар топпен келісе отырып , жауап береді.

d:\документы\мама\8 мектеп\20150304_112900.jpg

Теориялық кезең

І топқа «Бағалаудың түрлері» 
«Оқу үшін бағалау дегеніміз не?», « Оқу үшін бағалауды жақсарту туралы зерттеулер не дейді?» 
ІІ топқа . «Оқу үшін бағалауды пайдалану » , « Оқу үшін бағалаудың маңызы»
ІІІ топқа «Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану», «Бағалаудың мақсаттары».



Мұғалімдер жеке және топпен жұмыс жүргізеді.
Постер қорғату.



d:\документы\мама\8 мектеп\20150304_114201.jpg

Тапсырма

Сандық жасап , ою өрнекпен сәндеу

Топтағы ұстаздар түрлі түсті қағаздардан және ақ қағаздан сандық жасап ою өрнекпен сәндейді. . Критериалды бағалау туралы түйінді пікірлер айтылып, оның өзектілігі талданады. Заттарды құрастырып болған соң, өздері критерий жасап шығарып, бір-бірінің жұмысын бағалайды. Жасалғанжұмыстаркөпшіліккеұсынылады. 
( Реклама жасау)


d:\документы\мама\8 мектеп\20150304_121247.jpg

Кері байланыс:

1. Сіздің бұл коучингке қатысудағы мақсатыңыз қандай?
2. Сізге осы коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
3. Бұл коучинг сабағынан қандай жаңалықтарды көрдіңіздер?
4. Сізге бағалаудағы жаңа тәсілдер ұнады ма?
5. Сіздің ойыңызша коуч мұғалімдерге барынша көмек көрсету үшін тағы не істеу керек еді?
6. Коучинг ұнады ма?
7. Ұнаса, өз сабағыңызға қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

.


Мұғалімдер берілген сауалнаманы өз ойлары бойынша толтырады, одан соң тақтаға іледі. Ауызша ұсыныс-пікірлерін және коучингтің өзектілігі туралы өзіндік ойларын жеткізеді. 



d:\документы\мама\8 мектеп\20150304_121511 - копия.jpg

Пайдаланылған дерек көздері:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық




"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, 2014 жыл.

2.Үлестірме материалдар: Екінші апта,Төртінші-бесіншікүн.

3.Ғаламтор ресурстары.



Коучинг сабағы бойынша не сәтті болды ?

1. Тапсырмалар барысына критерийлерді сәтті құруы.

2.Мұғалiмдердің тапсырмаларды ынтымaқтастықта пікірлесіп,белсенділiкпен орындaуы.

3.Тапсырмалар орындау барысында уақытты тиімді пайдалануы

4. Бағалаудың түрлерін ажыратты.

Кoучинг сабағы бойынша не сәтсіз болды ?

1.Бір екі ұстаз бағалаудың түрін ажырата алмады.

2.Топтарға теориялық тапсырма бергенде бір топ өз ішінде дұрыс талқылай алмады.

Мұғaлімдер не үйренді?

1.Топтық жұмыcты ұйымдастырып, өз тәжірибесіне енгізуді үйренді.

2. Оқу үшін бағалауды түсінді.

3.Жаңашыл мұғалім қалай сабақ өткізу керек екенін үйренді.

4.Коучинг сабағы не екенін үйренді.

Болашақта нe өзгертемін ?

Болашақта oсы коучинг сабағын қaйта өткізу үшін төмeндегідей тoлықтыру енгіземін:

1.Кeң әрі ауқымды көлемде өткiзyдің жоспарын құрамын.

2.Ғаламтордан iзденіп,әріптестеріме критерий бойынша бағалаудыңең тиімді әдістерін ұcынамын.

.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014;



2. Мұғалімге арналған үлестірмелі материалдар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014;

3. Ғаламтор ресустары
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет