Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын



жүктеу 75.51 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі75.51 Kb.
Шерлілер сөзін сағынған – Шернияз ақын
Бахтиярова С.Б. ф.ғ.к., доцент, Абдуллаева А.Ә. ф.ғ.м., аға оқытушы
(Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.)

ajnagul. abdullaeva.1976@mail.ru
ХІХ ғасыр әдебиетінде ұлттық әдебиетінің өзіндік ерекшелігін танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңінен қанат жайды. Қазақ ақын-жыраулары қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдік, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып өркендетті. Жыраулар поэзиясы философиялық ой толғамды, дидактикалық насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды лириканы реалистік суреттеудің алғашқы белгілерін, әдебиетке халықтық сипат, ұлттық рух әкелді. Сөз өнерінің халық тарихы мен өміріне тығыз байланыстылығын ел мұңын жырлау идеясын кіргізді. Шындығында, ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы қазақтың патша өкіметіне бодандығын мойындап қана қоймай, оған отар болуға душар болған тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңін бастан кешкен дәуір болатын-ды. Қазақ халқы, оның елі үшін еңіреп туған ерлері патша қысымына бой ұрып, құлшылық етіп, оған теп-тегін бас ие берген жоқ. Олар өздерінің шама-шарқынша қарсылық көрсетіп, отаршыл басқыншыларға тойтарыс жасап жатты. Патшалық, аға сұлтандық өктемдіктерге жергілікті үстемдіктер озбырлығы қосылып, қалың ел еңбекші бұқараның қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінің реалистік сипатын тапты. Шыдамы таусылып басқа амалы қалмаған шаруа қара халықтың қолына қару алып, озбыр топқа қарсы көтерілуі үлкен оптимистікпен жырланды [1. 85]. Зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы батыл күрес идеяларын қолдай отырып, «Ереуіл атқа ер салмай» шақырды. Осылайша қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болды. Көтеріліске аттанған халықтың қаһарлы күші мен айбынды алып бейнелерін танытар жаңа пафосты ерлік идеядағы күресшіл, төңкерісшіл поэзия бой көрсетті. Қазақтың төңкерісшіл поэзиясы жыраулық дәстүрлерден бастау алған шығармашылық құрылыс деуге толық негізіміз бар. Қазақ ақын-жыраулары қазақ халқының ұлттық психологиясын адамгершілік, имандылық сапаларымен қаруландырып, намысты, жігерлі ел қалпында болуды көздеп, бұқарашыл идеяларын нығайтты. Ақындар бұрынғыша ру атынан сөйлесе де, дара ақын ретінде жыраулық дәстүр мен жыраулар эстетикасын негіз еткен, бірақ эсхатологиялық (ақырзамандық) сарыны басым кемел стильдік ағымды құрады. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы, Шәңгерей Бөкейұлы, Шернияз Жарылғасұлы үйреншікті поэтикалық дәстүр аясында қалып қоймай, авторлық даралық белгісін танытты, яғни сөз арқылы образ жасауға қол жеткізді. Би төрелер мен сұлтандардың, дін иелерінің екіжүзділігін, намыссыздығын, аярлығын аямай ажуалап, халық алдында әшкере етті. ХІХ ғасырдың өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін халық поэзиясы дәстүрін заманы ұсынған жаңа талаптарға сай түрлентіп, импровизаторлық өнерді өркендеткен, халық шерін толғаған Шернияз Жарылғасұлының да әдебиетіміздегі орны қанша уақыт өтсе де тұғырлы болмақ.

Ақын Ы.Шөреков: «Қазақтың ақындары» атты өлеңінде:

Майлыкете Шернияз,

Шерлілер сөзін сағынған,

Секерден шырын сөзі бар,

Тыңдағанға жағынған, -

деп Шернияздың өнердегі, өмірдегі орнына зор баға береді. Профессор Х.Сүйіншәлиев: «Шернияз – заманы артқан міндетті атқаруы жолында құлшына қызмет еткен жалынды ақын. Ол өз басынан талай ауырпалықты өткізіп, озбырлар өктемдігін, халық азабын көріп шерлене түсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға шықты» деп бекер айтпаса керек [2, 508].

Шернияз поэзиясының рухы – ерлік. Ол Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысып, таптық шайқастың табанды жауынгерлерінің бірі болды. Шернияз шашақты найза өңгерген, еркіндік үшін алысқан батырлар бейнесін Исатай образы арқылы сомдады. Ақынның Исатай туралы жырлары өр ұранға толы. Бірде,

Сағынам, аузыма алсам Исатайды,

Ер тумас ел бағына онай жайлы.

Қарадан халқы сүйіп «ханым» деген,

Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы, -

деп толғаса,

Исатай - ел еркесі, ер серкесі,

Бір мен емес, алашқа жайылымы еді.

Елге алғау, маған алғау ер Исатай,

Айырылып шерін содан қайғылы еді,-

дей отырып, өзінің қайғы-мұңға түсуінің басы Исатайдай ел қамқорынан қапыда көз жазып қалудан деп сезінеді.

Шернияздың шері – халықтың шері. Алаштың жоғын жоқтап, кегін кектеген ел қамқоры болған Исатайдан «елдің алтын сапты қылышы, арқа сүйер тынысынан айрылу» ел үшін де ауыр қайғы. Исатай өліміне себепкер болған Баймағамбетке ел атынан қарғыс, лағнет айтады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі халық басына түскен ауыр халді, келешегі бұлыңғыр күндерді былайша жырлайды:

Быт-шыт болып бүлінген қазақ жұрты

Заманға ұшырадық «бұл күн» деген

Төре кетіп, төбеде төбет қалып

Туып тұр ел басына «бұл күн» деген.

Шернияз Исатайдың ерлік тұлғасын басына қандай ауырпалық іс түссе де өз өмірі қыл үстінде тұрғанда да барынша асқақ, мінсіз қалыпта жырлайды. Көтеріліс көсемі Исатайдың образын жасау үстінде өзінің де шығармашылық келбетін көтерілістің рухымен айқындайды. Профессор Қажым Жұмалиев: «Махамбет өлеңдерінде қамшының өзегіндей тартылып жатқан идея – қанаушы тап өкілдеріне қарсы өзінің және халықтың өшпенділігін, олармен еш уақытта келісімге келмейтіндігін жеріне жеткізе жырлаушылық. Сол дәуірде алсақ, бұл мәселеге бұл шығыс елінде Махамбетке ешкім таласа алмайды» деген пікірімен санассақ, осы көтеріліске айрықша қатысы бар ақын Шернияз туралы ойымызды былайша дәйектегіміз келеді. Шернияз да Махамбетше бет-жүзіне қарамай, бек-төрелерді, сұлтандарды өлеңменен сойып салады. Оларды ел алдында масқара әжуалады. Оған оның батылдығы да жүректілігі де жетті. Дегенмен, Махамбет секілді еш уақытта олармен келімсімге келмей тұра алмады. Осы тұста Ж.Тілеповтің: «Шернияздың Баймағамбетке келуі қазақ жағдайында сыйымсыз емес. Ондай жағдай талантты ақындар басына жиі түсіп отырған. Жанақтың Рүстемге келуі, Орныбайдың Ерден батырға келуі, Сүйінбайдың Тезек төреге, Шөженің Бәйтікке келуі бәрі сабақтас тағдырдың азабынан кезіндегі ақындар жағдайының ауырпалығынан туған ащы шындық» [4, 514] екенін ескеруіміз керек. Бәрінен де бұрыш төбесінен қылыш төніп тұрған кезде тілі күрмелмей, өзін ажал көпірінен алып шыққан суырып салма ақындығы астарлы мысқылға (иронияға) жүйріктігі оның өзі тұрғыластарынан ерекшелемей қоймайтын қасиеті еді. Бұрынғы зерттеулерде Шерниязды ұсақ байшылдыққа көзқарасты дәріптеген ақын деген пікірлер де болды. Қашан да ақын өз қайғысын күйзеліспен жырласа да, оның үні, мүддесі халық тағдырымен астарласып жатады.

Байеке, күнім қайда баяғыдай

Байлардың шетке шықтым саяғындай.

Басыма пәле жауып тұр осы күнде,

Құдіреттің көктен түскен таяғындай,-

деген жолдардағы ақынның «басыма пәле жауып тұр осы күнде» деп тұспалдауы отаршылдықтың қамытын кие бастаған халқының да азапты күндерін меңзеуі. Қазақ қауымының бұрынғы дәуірінде мамыражай тыныштықпен сүргенін жырлай отырып, отаршылдардың қанды шеңдеріне шырмалып, бар байлығынан, жерінен айрыла бастағанына налиды.

Ар жақта дүмбірлеген Арғынғазы,

Жайлаған Арғын, Найман, Өтенсазы.

Ен қоныс, тоқты қоздап, тай құлындап,

Бірі мың боп, ел лықып қысы-жазы,

Ол жаздың дәулетінде сұңқылдаған.

Бейбақ ем, танымайсың танытайын

Мен едім Исатайдың Шерниязы....


Кешегі Исатайдың дәулетінде ішіп-жеп, ең дәулетті байша тұрдық...
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған Төре емессің, төбетсің дым білмеген...
Ақ қайың, ақтылы қой өрісті алып, Тырнадай біткен жылқы тарлан боздан...
Шеріңнің шертіп, тұрған заманы жоқ,

Дамбалдың иесімен жалғыз тозған...

Аса бір қорлық көрмесе Қонысын кісі қияр ма-ай?....
Ел басына түскен қайғының қаншалықты ауыр болғанын осы жолдарынан қапысыз тануға болады. Бұрынғы атамекенінен сыртқы жаулардың қысымымен ел ауғанын, бақытты тұрмыс кешкен қоныстың қайырсыз, құтсыз мекенге айналғанына күйінеді.

Осындай тығырыққа тірелген шағында ақын атам заманда елді сыртқы жауға бермей қалқа болып, қайрат көрсеткен батырларды аңсайды.

...Батыр өткен шабынған,

Жүйрік өткен шабылған.

Не жайсаңдар өтпеген

Озған жүйрік табынан.

Неше шешен ақындар,

Жау жүректі батырлар

Жас басынан қағынған.

Шалқыған заман бар еді,

Іздегенің табылған - [5, 242] толғайды.

Олардың батырлық ісінжас ұрпаққа өнеге етіп ұсынды. Шернияздың идеясы да, арман мүддесі де туған жер, атамекенді қорғау. Шалқыған қолайлы қонысты мекендеген халқының басынан өткерген бақытты, рахатты өміріне сүйсіне қарайды. Сондай-ақ «жер үлкейіп, шөп көркейіп, тумаған ту мал бабалап, ат ыраңдап, ер таңдап, балалар от басында пышаңдаған» бақытты, тыныш күндерінің келешегін тұмшаланып бара жатқанына күйзеледі. Шерлі халық та Шерниязын сағынудан басқа шара қалмап еді.

Қорыта келгенде, Шернияз шығармасындағы ең басты сарын ерлікке, батырлыққа шақыру, дұшпаннан шегінбеуге жігерлендірук. Шернияз халықтың толғаған, үстемдік еткен би-төрелердің жағымсыз мінез-құлқын, қиянатшыл әрекетін ащы мысқылмен әшкерелеген суырып салма сөз зергері.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. С.Мұқанов. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиеті тарихынан очерктер. А., 1942 ж.

2, Қ.Жұмалиев. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., 1967ж.

3. Х.Сүйінщәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.: «Санат», 1997 ж.

4. Бес ғасыр жырлайды. А.: «Жазушы», 1989 ж.

5. Ж.Тілепов. Тарих және әдебиет. А.: «Ғылым». 2001 ж.

6. С.Қазыбайұлы. ХҮ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Ақтөбе, 2004
Резюме

В данной статье рассматривается творчество Шернияза Жарылгасұлы, которой на попроще поэтического искусства отличался самобытность в развитии импровизаторского мастерства, а также воспевал чаяния народа.



Resume

In this article the own well-known signature in the field of poetry and wwell-developed improvizative art6 and compostd the peoples’problems in Sherniyaz’s compositions are worred ont.



Конференцияға қатысушының мәліметі

Аты-жөні

Бахтиярова Сара, Абдуллаева Айнагүл

Жұмыс орны

Қорқыт ата атындағы ҚМУ

Қызметі

Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, аға оқытушы

Ғылыми атағы, дәрежесі

Ф.ғ.к., доцент, ф.ғ.м.

Секция

Әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері

Мақаланың тақырыбы

Шерлілер сөзін сағынған – Шернияз ақын

Мекен-жайы

Қызылорда қаласы

Оқу орны, кафедрасы

Қорқыт ата атындағы ҚМУ, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы

e-mail

ajnagul. abdullaeva.1976@mail.ru

Телефон

87058884892, 87758486021

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ
publications -> Қылмыстық-атқару құқығы, криминология




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет