Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ


Қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары



жүктеу 0.99 Mb.
бет2/5
Дата30.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5

Қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары

білімі

Жұмыс өтілі

Педагог ұжымдарының жұмысы оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымдарының негізгі міндеті білімді, жан-жақты дамыған, азаматтық, отансүйгіш сезімдері басым, салауатты өмір салтын ұстайтын тұлғаны қалыптастыру.

Қосымша білім беру мекемелері жүйесінің арқасында мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда, көрмелерде, фестивальдарда жүлделі орындарға ие болады.

Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын және бос уақытын ұйымдастыру үшін 11 сарайлар, балалардың шығармашылық үйлері мен орталықтары, оның 5 ауыл аймақтарда баланың бос уақытын ұйымдастыруда. 4036 балалар хореографиямен шұғылданып, вокалдық өнерді үйренеді, театрлық шығармашылықтың ерекшелігін тану арқылы сабақтан тыс уақытта өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы өткізуді қамтуды арттыру мақсатында облыста 2 (оның 1 ауыл аймақта) жас техниктер станциясы қызмет атқарады, 1116 бала (2008ж.-1081 бала) жалпытехникалық модельдеумен, картингпен, спорттық бағдармен, судо автомодельдеумен шұғылданады т.б.

«Жас натуралистер станциясы» шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерді дамытуды іске асырады, оқушыларға кәсіби тұрғыдан өзін - өзі танып, дамытуға қажетті жағдаймен қамтамасыз етеді. 1800 баланы қамтитын 3 жас натуралистер станциясында (2008ж.-1696) жұмыс әр бағытта жүргізіледі. Жас натуралистер тәжірибе - сынақтық, барлау және экологиялық қызметпен айналысады.

Облыстың 27 музыка мектебінде 5863 (2008г – 5291) оқушының жан-жақты дамуына, жан - жақты ашылуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, отандық және әлемдік музыка өнерінің асыл қазынасына жақындауға жағдай жасайды.

Барлық қосымша білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдарлау жұмысын жүйелі жүргізуі, оқушылардың келешек кәсіптерін таңдауға көмектеседі. Семей қаласының 156 баланы қамтитын балет мектебі «Балет өнері арқылы дарындылықты дамыту» мәселесі бойынша жұмыс істейді. Білім беруді 20 педагог іске асырады. Сабақ жайлы, эстетикалық бейімделген бөлме залдарда өтеді. Балалар үшін барлық жағдайлар жасалғандықтан, олар сабаққа қуана қатысады.

Бейнелеу өнерінің негізіне, кәсіптік өзін-өзі анықтауға, қоғамдағы өмірге бейімделу мәселелерін шешуге балалар көркем өнер мектептері үйретеді. Облыста 2009 жылы 3 балалар көркемөнер мектептері жұмыс істеп 2056 баланы қамтыды (2008 жылы 3 мектепте 717 бала). Балалардың бос уақытын қамту мақсатында 2009 жылы 1763 оқушы қызығушылықтары бойынша 82 клубқа қатысты ( 2008 жылы 82 клубта 568 бала), 1195 балаға артық

Облыста балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруда 11288 баланы қамтыған 109 аула клубтары үлкен жұмыс атқарады, (2008 жылы 11170 бала), 118 балаға артық.

2009 жылы облыста 19344 баланы қамтыған 34 балалардың спорт мектебі жұмыс жасады, 2008 жылмен салыстырғанда 31 балаға өсті.

Облыстың және Қазақстан Республикасы жинақтау командаларының спорт резервтерін даярлау облыстың қалалары мен аудандарында орналасқан жоғарғы спорт шеберлерінің мектебінде қысқы спорт түрлерінен, 5 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде, 2 арнайы, 27 балалар мен жас өспірімдердің спорт мектептерінде тегін дайындалады.

208 бөлімшеде спорттың 42 түрінен 765 бастапқы дайындық, 703 оқу-жаттығу, 99 топ спортты жетілдіру, 23 жоғарғы спорт дәрежесендегі топтары бар. Олармен сабақты 726, оның 78 жоғарғы категориялы, 97 бірінші категориялы жаттықтырушы жүргізеді.

Сонымен қатар, спорттағы дарынды балаларға арналған бір облыстық мектеп-интернатта 189 бала оқу мен спортты ұштастыруда. Өскемен қаласындағы Олимпиадалық резервті дайындау орталығында 64 дарынды спортшылар келешекте өздерінің спорт дәрежелерін шыңдайды.

Тұрғылықты жерінде дене шынықтыру және спорт сабақтарымен шұғылдану үшін жағдай жасау мақсатында облыста 9320 балалар мен жасөспірімдер 106 аула және жасөспірімдер клубтарында шұғылданады. Сондай-ақ облыста 4970 адам шұғылданатын 35 дене шынықтыру-сауықтыру және 7 кәсіптік клубтар жұмыс істейді. Ауладағы барлық клубтар мен секциялар тегін, себебі қатысушылардың 40% аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары. 2000 астам балалар мен жасөспірімдер жаз бойы футболдан балалар және жасөспірімдер клубтары арасында дәстүрлі «Былғары доп» сайысына қатысты. Аула клубтарының педагогтарымен девианттық тәртіптегі жеткіншектермен алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Аула клубтары барлық қалалық іс-шараларға белсене араласады.

Осылайша, ШҚО барлық қосымша білім беру ұйымдардың жұмысы бойынша қатысатын балалар мен мұғалімдердің, үйірмелер мен бөлімдер санының артуы, оқу тәрбие үрдісінің қорытындысы бойынша оң бет алыстың қалыптасқанын көрсетеді. Бірақ, қосымша білім берудің жан жақты дамуындағы басты мәселе материалдық техникалық базаның әлі де жетіспеушілігі, жабдықталған бөлмелердің жоқтығы, музыкалық аспаптардың, әшекей киімдердің, дыбыс аппаратураларының, туристік жабдықтардың, компьютерлердің жетіспеушілігі болуда. Бақылау-талдау қызметінің ортақ нормативтік құжаттарының жоқтығы және қосымша білім беру мекемелелерінің нормативтік-құқықтық құжаттарының ескіргендігінен олардың қызметтерін бағалауда мәселелер туындап отырады.

Облыстағы 63 қосымша білім беру мекемелерінің 8 типтік жобадағы ғимараты бар, 46 ұйымның бөлек типтік ғимараты жоқ, бейімделген бөлмелерде немесе мектеп ғимараттарында немесе мәдениет үйлерінде орналасқан (Зайсан, Аягөз, Ұлан, Бородулиха, Тарбағатай, Зырян, Шемонаиха, Риддер т.б.). Материалдық жабдықтау 68% құрайды. 18 ұйым толық жөндеуді талап етуде, 3 мекеме апаттық жағдайда (Өскемен, Зырян, Көкпекті).

Жалпы 2009 жылы облыс бойынша қосымша білім беру мекемелерін қаржыландыру үшін 1193,8 мың теңге жіберілген, бір балаға шаққандағы шығын 30,3 мың теңгені құрайды.

Қосымша білім беру, спорт пен мәдени ұйымдардың жұмысының тиімділігін арттыру арқылы балалардың қазақстандық патриотизімін, азаматтылықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету үшін 37 (соның ішінде 8 ауылды жерде) білім беру мекемелері: 3 балалар сарайы Зайсан, Шемонайха қалаларында, Бесқарағай ауылында, 4-орталықтар Өскемен, Зайсан қалаларында, 4- жас техниктер станциясы Жарма, Зырян, Үржар аудандарында, 2- жас натуралистер стансасы Семей, Зайсан қалаларында, 3-туристер станциясы Өскемен, Зырян, Зайсан қалаларында, 7 музыка мектебі, 6 өнер мектебі, 6 спорт мектебі, 3 қосымша білім беру мекемелері ашу қажет, ол үшін 31685,0 мың теңге қажет.

Патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі аспектілердің бірі балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын, шығармашылық одағын құру болып табылады. ШҚО аймағында бүгінгі күні 502 мектеп және балалар ұйымдары бар, олардың ішінде 54 ұйым заңды тіркеуде тұр. Биылғы жылы Абай ауданында «Жас Өркен» мектеп және балалар ұйымы құрылды. «Жас толқын» мектеп және балалар одағы ассоциациясының құрамы құрылғаннан бері 11 есеге өсті. Жалпы саны 140033 баланы құрайды. «Жас Толқын» облыстық ассоциациясының міндеті жастар бастамасын қолдау және іске асыру, балалар мен жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, отансүйгіштікке, экологияны қорғауға және ізгілікке тәрбиелеу. Қойған міндеттерді іске асыруда әдістемелік көмек көрсетуге, тәлімгерлердің міндеттерін көтеруге, балалар ұйымдарындағы және оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының оқуына ерекше назар аударылады.

Мектеп және балалар ұйымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары қызметін қорытындылай келе, алға қойған міндеттерді шешуде, гуманистік идеалдарды, ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық отансүйгіштікті, мемлекеттің қоғамдық өмірге белсене араласуды іске асыруға бағытталған оң серпіннің қалыптасқанын көруге болады.

Балалардың жалпы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда, әр оқушының өз ішкі дүниесін және өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне, жан жақты дамуына «Өзін-өзі тану» пәні әсер етеді.

Шығыс Қазақстан облысында 17 сынақ алаңдары: 3 - мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 – мектеп-балабақша, 6 – орта мектептер, 4 – балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар, 3 – жоғарғы оқу орындары «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс жасауда. Сынаққа 2723 бала және 51 педагог қатысуда. Барлық сынақ алаңдары педагогикалық кадрлермен жинақталған.

«Өзін-өзі тану» пәнін 12 жылдық орта мектеп базистік оқу жоспарының инварианттық бөлігіне енгізуге байланысты және жалпы «Өзін-өзі тану» жобасының идеяларын жалпы білім беретін оқулықтар пәнінің мазмұнымен ықпалдастырып дамытуға жаңа жауыпты кезең басталды.

Сол себепті, бұл пәнді мектептердің бәріне жаппай енгізу 2010-2011 оқу жылына жоспарланып, ол үшін 1676 «Өзін өзі тану» педагогтары, соның ішінде 500-і мектепке дейінгі мекемелерге қажет. Бүгінгі таңда 764 «Өзін-өзі тану» педагогтары дайындалды, ал 912 педагог біліктілігін көтеру курсынан өту керек. Арнайы кабинеттер – 823, оларды жабдықтауға 1 235 млн. теңге қажет.

Республикалық бюджеттен 2010 жылға «Өзін-өзі тану» арнайы кабинеттерін техникалық жабдықтауға, «Өзін-өзі тану» пәні біліктілігін көтеру институтына, орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби білімге, орта білім беру мекемелеріне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқу-әдістемелік әдебиеттер алуға мақсатты ағымдағы трансферттерден – 117,6 млн.теңге қарастырылды.

Өскелең ұрпақты рухани, қайырымды, шығармашылық тұлға ретінде дамытуға, эстетикалық тәрбие беріп, сауатты байқауды дамыту мақсатында Өнер мұражайында балалар көрмесінің мерекелік вернисаждары 10 жыл бойы өткізіліп келеді, бұл облыс балаларының мәдениет өмірінің бірегей оқиғасы болған. Көрменің мақсаты – бейнелеу өнеріндегі дарынды балаларды анықтап, шығармашылық даму жолын қадағалап, оларды қолдау. Жыл сайын сәуірден маусымға дейін жарыс жеңімпаздары жұмыстары көрмесін 3 мың бала көреді. Мұражай көшпелі көрме ұйымдастыруды жоспарлауда.

Табиғы-ландшафтық архитектура-этнографиялық мұражай қорығының ғылыми-ағартушылық және мәдени-бұқаралық бөлімі облыс және қала мектеп оқушыларына арнап тұрақты және көшпелі көрмелер экскурсиясын өткізеді. Балалар үлкен қызығушылықпен «Жастар» паркіндегі «Этнографиялық ауыл» экспозициясын және хайуанаттар паркіне барады.

Оқушыларды Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тұрмысымен таныстыру мақсатында, әр халықтың күнтізбелік мерекелері «Рождестволық таң», «Масленица аптасындағыдай», «Құрбан айт-мейірімділік мерекесі», «Сабантой» және басқалар театрлық қойылым түрінде өткізіледі. Әдепті ғылым сабағы «Этикетте қонақта», Абай шығармашылығы туралы «Сөз даналығы» дәріс-сабағы, «Саябақ жолымен қыдыру», «Ана тілім-әке тілім», «Кәдімгі заттар құпиясы» сияқты т.б. танымдық шаралар өткізілуде.

Балаларды өзінің ізгілікті-рухани өздік дамуына белсенді қатысуға тарту мақсатында ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл атындағы облыстық драмалық театрмен және «VITA» кәсіпорын тобымен бірлесе «Мәдениет әлемі – адамгершілік бастауы» атты балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бағдарламасын әзірледі. Балашағында театр әлеміне сүңгу адамның санасында нақты бір мұрат құрастырады, олар келешекте тек қана жағымды күш-жігер береді. Әлемді бейнелей алу қабілеті бар бала, жаманды жақсыдан өзі айырады. Бағдарлама әзірлеушілер ұсынған шығармашылық жұмыс арқылы өмірдегі жағдайларды, өмір қисының талдау, оқиға қатарын білу өзіндік даму мен өзін-өзі тану қажеттілігі пайда болуға көмектеседі. Бағдарлама 6-дан 18 жас аралығын қамтиды.

Қазіргі кезде облыста 9 балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жұмыс істейді. Кітапханаларда оқушыларға жоғары білікті ұжым мен шығармашылық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Жайлы жағдай, жұмыс мезгілі, жақсы қамтылған қор, пайдаланушыларға саралай қызмет көрсету, жарық оқу, мәжіліс және дәріс залдары балалар, жасөспірімдерді ғана емес, үлкендерді де тартады.

Облыстық балалар мен жаөспірімдер кітапханасы жұмысының басымдылығы заманауи ақпараттық технологияны енгізу. Кітапхана даму бөлімінің қызмет көрсетуі ұлғайып, техникалық паркі үнемі жетілдіріліп, жаңа жабдықтар алынуда. Қазіргі кезде кітапхананы техникалы жабдықталған деп есептеуге болады.



Қазіргі таңда жаңа балалар кітапханасын ашу қажеттілігі туындады. Бүгін, орталық аудандық кітапханалар бұрынғы балалар кітапханаларының қорын сақтап қалған, Глубокий, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті, Ұлан аудандарында ашуға мүмкіндік бар. Семей қаласының Орталық кітапхана жүйесінің балалар мен жасөспірімдер филиалының базасында жеке балалар мен жасөспірімдер кітапханасын ашу мүмкіндігі бар, ол сол өңірдегі балалар мен жасөспірімдер жұмыстарын үйлестіреді. Материалды-техникалық база мен қаржыландыру мәселесін шешу қажет.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Семей, Риддер қалаларында барлығы 9 кинотеатр жұмыс істейді, Олардың репертуарының 10 % балалар фильмдері.

Өскемен, Семей, Риддер және Аягөз қалаларында балаларға арналған 6 саябақ бар, онда балалар мен олардың ата-аналарына отбасымен бірге дем алып, әртүрлі аттракциондарды тамашалап, қызықты іс-шараларға қатысуларына мүмкіндік берілген.

Қазіргі кезеңде ата-аналар мен педагогтар, мектеп пен отбасы қарым-қатынастары өзекті мәселелердің бірі, өйткені тек осы мәселенің шешіміне байланысты жасөспірімді тәрбиелеу мен дамытуда, әр баланың жекелігін қалыптастыруда жетістікке жетеміз. Мектептер, әсіресе қазіргі уақытта ата-ананың қолдауына мұқтаж, сөз өзара терең сыйластық пен ұғыныстыққа сүйенген серіктестік туралы болуы керек. Осы міндетті жүзеге асыруға ықпал ету үшін қоғамдық ата-аналар кеңесі құрылған. Аудан мен қалалық білім бөлімдері қасында өңірлік қоғамдық ата-аналар кеңесі құрылған. Мектеп жарғысына сәйкес облыстың жалпы білім беру мекемелерінде ата-аналар комитеті қызмет етеді. Ата-аналар комитетінің отырыстарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқушылардың тамақтануы, ҰБТ, шығарып салу кештерін ұйымдастыру туралы сұрақтар қарастырылады.

Балалардың бос уақытын пайдалы өткізіп, есте қалуы үшін оны қалай ұйымдастыру қажет? Біздің мақсатымыз оқушыларға жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, белсенді демалыс ұйымдастыру, әр балаға табысты және көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас демалыс сыйлау. Балалар жазғы каникул кезінде өздерін ерекше жарқын сайыстарда, эстафеталарда, сынақ пен қызықты оқиғаларда көрсетіп, өз құрдастарымен бір командада өмір сүру тәжірибесін алады.

Қала сыртындағы лагерлердің директорлары мен қызметкерлері ойын алаңдарын дайындауда техника қауіпсіздігін сақтай отырып, балаларды қабылдау үшін лагерлерге қажетті жұмыс жүргізді. Суда құтқарушы, өртке қарсы мекемелерінің қызметкерлерін тарта отырып оқу-әдіскерлік жұмыстар жүргізілді. ҚР мемлекеттік рәміздерін, көрнекі насихат құралдарын орналастыру жайында ұсыныстар берілді. Жазғы лагерлер қызметі аудандардың (қалалар) білім бөлімдерімен немесе облыстық білім басқармасымен лицензияланған.

2009 жылғы жазда облыс бойынша қала сыртындағы 35 лагерде 11417 баланың демалысы мен сауықтандырылуы ұйымдастырылды. Оның ішінде 3334 оқушы көп балалы және аз қамтылған отбасынан, қамқоршының қолындағы 1413 жетім балалар, 496 - «тәуекел тобының» балалары.

2009 жылдың жазында демалыспен және сауықтырумен 66 464 бала (1-10 сынып оқушылары жалпы санының 37,8 %) қамтамасыз етілді, 2008 жылы - 55 939 (31%) оқушы. 92 246 оқушы (52,5 %), 2008 жылы - 120 391 оқушы (66, 2 %) жұмысқа орналастырылды.

Облыста тек бір ғана санаторлық лагерь «Санаторий Лениногорский» бар, сондықтан балаларды емдеу және сауықтандырумен қамту өте төмен. Мұнда жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбастарының 800 баласы емделу курсынан өтеді.

2009 жылы балалар үйлері мен жетім балалар мектеп-интернаттарының барлық тәрбиеленушілері жазғы демалыспен және сауықтандырумен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Семей қаласында, Бесқарағай, Глубокое, Күршім, Көкпекті мен Шемонаиха аудандарында балалар барлық іс-шаралармен аз қамтылғанын атап өту керек.



Балаларды толыққанды демалыспен және сауықтырумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2010 жылы бүгінгі күні лагерьі жоқ 5 аудан (Аягөз, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті) мен Курчатов қаласында қала сыртындағы лагерь ашу қажет.

Жалпы білім беру мекемелер базасында, мектеп жанында ашылған лагерлер жасөспірімдер мен балаларды демалыспен қамтудың негізгі бір бағыты болып тұр. 2009 жылғы жазда 661 мектеп жанындағы лагерлерде 42642 бала қамтылды, бұл негізінде қамқордағы, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары. Мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмыстарының бағдарламасы «2006-2011 жылдарға арналған ҚР білім ұйымдарында тәрбиенің кешенді бағдарламасына» және мектептен тыс мекемелер бойынша басқада нормативтік құжаттарға сәйкес құрастырылған. Білімдік пен тәрбиелік бағдарламалар отаншылдық, азаматтық, интернационализм, жоғары моральдық пен рухани, СӨС әдеттерін қалыптастыруға, сонымен қатар ықыласы мен қабілеттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған.

2009 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыруын қаржыландыру 115,145 млн.теңге (2008 ж. – 113,400 млн. теңге) құрастырды, оның ішінде, бюджет қаржысынан – 102, 650 млн.теңге (2008 ж. - 98,780 млн.теңге) және басқа қаржылар 12,491 млн. теңге (2008 ж. - 14,660 млн. теңге).

Жазғы каникул кезінде балалар туризмін дамыту жұмысы белсендірілді. Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың бастамасымен «Туған ел –алтын бесігім» акциясы аясында қазақстандық қоғамның шоғырлануының басы ретінде бас қаланы дәріптеу, азаматтық пен отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында облыстың 695 оқушысы еліміздің бас қаласы Астанаға барды. Делегация құрамына жетім-балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, дарынды балалар, көркемөнерпаздар ұйымдарының мүшелері, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларының лауреаты мен дипломанттары және білім саласы қызметкерлерінің балалары енгізілді.

Ресей Федерациясының «Благовест» халыққа көмек орталығының халықаралық қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан өңірлік аз қамтылған азаматтарды қолдау қорымен бірлесе әлеуметті-осал отбасыларының 20 баласына Туапсе қаласындағы «Орленок» Бүкілресейлік балалар орталығында демалу және сауығуды ұйымдастырды.

Сондай-ақ, Италияның Чезанатико қаласында 2009 жылдың 23 шілдесінен 3 тамызына дейін «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ шақыруымен аз қамтылған отбасының 20 баласы демалды.

Жалпы, 2009 жылғы жазғы демалысты ұйымдастыруды талдау алға жылжудың серпінділігін көрсетті, оны сақтап, одан әрі көбейту қажет. Жалпы күш-жігерді шоғырлау әр келесі жаңа оқу жылына біздің балалардың жақсы психосоматикалық денсаулықпен және оң көңіл-күймен келулеріне ықпал етеді.

IV. Өмірдің қиын жағдайына душар

болған балалардың жағдайы
1. Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар жағдайы.

Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік топтарының әлеуметтік жағдайын үнемі жақсартып отыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады және алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету өмір сүру сапасын және елдің адами ресурстарын арттырумен қатар жүруі тиіс. Бұл мемлекеттің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты миссиясы.

Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте әлеуметтік көмек беру арқылы бала тәрбиелеп жатқан отбасыларға қолдау көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылар санының артуы байқалады. Егер 2008 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардың саны 15904, ал ондағы балалар саны 29375 болса, 2009 жылы 18306 отбасында 37416 бала тәрбиеленді.


Бұл диаграммадан көмекке мұқтаж отбасылар санының артқаны байқалады.

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көп балалы отбасылардың саны 6575, ал 2009 жылғы 1 желтоқсанда 6324 болды. 2009 жылғы 1 қаңтарда көп балалы аналардың саны 8783 болса, 2009 жылғы 1 желтоқсанда бұл көрсеткіш 8536 болды.

Біздің стратегиямыздың басты мәселесі – қоғамның ең қорғалмаған мүшелеріне – балалар мен аналарға лайықты өмірді қамтамасыз ету.

2003 жылдан бастап баланың тууына байланысты бір жолғы жәрдемақы төленеді. 2006 жылдың шілдесінен бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен бір жылға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді.

2009 жылы аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және 18 жасқа толмаған балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 8723 балаға 103103,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 54776 балаға 647157,9 мың теңге бөлінді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа», «І және ІІ дәрежелі Ана даңқы» орденімен марапатталған және бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен 88 120 мың теңге бөлінді, 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға бір жолғы жәрдемақы мөлшері 66800 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын балаларға арналған білім беру мекемелерінде тегін тамақтану ұйымдастырылуда, жалпыға бірдей оқу қорынан балаларға киім және аяқ киім, кеңсе тауарларын, оқу құралдарын, мерекеге сыйлықтар алуға жыл сайын көмек бөлініп отырады.

Елбасының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Аталған акция аясында аз қамтамасыз етілген оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсетіледі. 2009 жылы облыс бойынша аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18230 балаға барлығы 37 921,5 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Осылайша, аймақтағы мүдделі органдарға аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларды жеке есепке алып, оларға қолдау көрсетіп отыру қажет. Отбасыларға, әсіресе баланы жалғыз басты ата-ана тәрбиелеп жатқан отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет.
2. Балалар арасындағы қылмыс және отбасылық қолайсыздық. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың, панасыздық пен қадағалаусыздықтың, нашақорлықтың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыстар.

2009 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 861, яғни өткен жылмен салыстырғанда 128 қылмысқа кем (2008 жылы 989 қылмыс). Жасөспірімдермен жасалған қылмыс барлық тіркелген және ашылған қылмыстың 8,1% құрайды (2008 жылдың сәйкес кезеңінде – 8,8%).



Ағымдағы жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі Өскемен (159), Семей (158), Риддер (67) қалаларында, сонымен қатар 6 ауданда байқалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде 2009 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған келесі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады: адам өлтіру 13-тен 6-ға, ауыр дене жарақатын түсіру 13-тен 6-ға, зорлау 9-дан 5-ке, ұрлық 363-тен 283-ке, тонау 147-ден 112-ге, алымсақтық фактілері 33-тен 18-ге, көлік ұрлау 46-дан 17-ге, бұзақылық 52-ден 49-ға, ал алаяқтық фактілері тіркелмеген.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, жасөспірімдермен жасалатын тонау мен ұрлық, сонымен қатар ұялы телефон ұрлау фактілері біршама азайған. Мамандардың айтуы бойынша, кәмелетке толмағандардың топтасып және ересектердің қатысуымен жасалынған қылмыстың төмендеуі байқалған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың аса ауыр түрлері бойынша көрсеткіштердің Риддер қаласында 41-ден 67-ге, Зырян ауданында (111), Ұлан ауданында (29), Бородулиха ауданында (15) артқаны, ал Семей қаласында, Шемонаиха және Күршім ауданында төмендеуі байқалады. Облыстың лицей мен гимназия оқушыларының арасындағы қылмыстың саны біршама азайған. Осылайша, бұл көрсеткіш Зырян және Ұлан ауданында 72-ден 36-ға және 61-ден 28-ге жеткен. Жас мөлшерлері бойынша 12-14 жас аралығында 300 жуық, 15-18 жас аралығында шамамен 600 адам.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша 2010 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша себепсіз сабақ босатқан 596 оқушы анықталып, оның 555 мектепке қайтарылған. Бүгінгі күні оқумен қамтылмаған 41 оқушы бар, олардың ішінде 10 оқушы тергеуде, 9 – іздеуде, 18 – оқығысы келмейді, 4 – көшіп-қонушылар, бұлардың барлығы қолайсыз отбасылардың балалары.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияда 2099 бала тіркелген. Мұндай жасөспірімдердің құқықбұзушылық жасауына ықпала ететін жағдайлардың бірі күні бойы және каникул кезінде олардың бос жүруі. Биылғы жылы жазғы науқан кезінде олардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған ауқымды бағдарлама жұмыс істеді. Балалар мектеп жанындағы, профильді, қала сыртындағы және спорттық-сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтты. Мысалы, Өскемен қаласының мектептерінде оқитын қиын балалар қала сыртындағы С. Ковалев атындағы лагерьде болды.

Толық емес отбасындағы психологиялық және ауыр материалдық жағдай, ішімдік пайдаланатын ата-аналардың кері әсері жасөспірімдерді қылмыс жасауға, құлықсыз тәртіпке итермелейді. 2009 жылы ішкі істер органдарында 1267 қолайсыз отбасы тіркелген, онда 1945 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленген.

Қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайын, қиын балалардың кешке бос уақытын өткізуін, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен шылым сату, олардың ішімдік қолдану фактілерін, түнгі уақытта ата-аналары немесе заңды өкілісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында «Балалар түнгі қалада» атты акция өткізілді, ағымдағы жылы осындай 6836 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында көңіл көтеру орындары, компьютерлік клубтар, теміржол және автобус вокзалдары тексеріліп, қолайсыз отбасылардың үйін аралау жүргізілді.

Мектепке қарасты ықшам аудандар бойынша педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен бірлесіп жүргізілген рейдтер жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде бос уақыттарын өткізуі туралы жедел мәлімет алуға және бірлесе отырып, олардың мектептен тыс бос уақыттарын ұйымдастыру үшін шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қоғамдық жұмыстарға және еңбекке тарту арқылы әумесерлік мінез-құлықты балалардың жағдайын тұрақтандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі. Мектептерде «Құқықтық оқу» жұмыс істейді, онда мектеп инспекторлары оқушылармен бірлесіп «Адам және заң», «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» және тағы басқа тақырыптарды талқылады. Барлық сыныптарда «Азаматтылық», «Құқықтық сана», «Жас және жауапкершілік» сияқты тақырыптар бойынша дәрістер оқылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дені сау жастар – сау мемлекет», «Зиянды әдеттердің жасөспірімдердің денсаулығына әсері», «Жасөспірімнің еңбек және демалыс кестесі», «Ата-аналар және балалар», «Балалар өмірден үйренеді», «Заң және тәртіп», «Құқықтық мемлекет мектептен басталады», «Сенің өмірің сенің қолыңда» және тағы басқа тақырыптар бойынша әңгімелер, сынып сағаттары өткізілді.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің білім беру ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасауы нәтижесінде ғана өз шешімін табады. Осы мақсатта мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың қатысуымен бірлескен семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.

Осылайша, 2009 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласындағы №26 орта мектеп жанында мектеп инспекторлары мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қалалық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы - «Өскемен қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектеп инспекторлары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының бірлескен жұмысы».

2009 жылғы 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы №15 кәсіптік мектеп жанында мектеп инспекторлары мен қалалық және аудандық білім бөлімдері өкілдерінің, мекеме басшыларының қатысуымен «Мектеп оқушыларының арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу әдістерін жетілдіру» сұрағы бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізілді.

Семинардың мақсаты – кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін аймақтық деңгейде шешу. Семинар қорытындысы бойынша алдағы уақытта жалғастыруды қажет ететін кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарындағы үздік тәжірибені тарату, мектеп инспекторларының санын арттыру сияқты ұсынымдар қабылданды.

Білім беру мекемелеріне полицияның учаскелік мектеп инспекторларын бекіту оқушылардың сабаққа қатысуының нақты жағдайын және жергілікті жерлердегі білім органдарының жұмысын біліп отыруға мүмкіндік туғызды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 163 білім мекемесіне (105491 оқушы) бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының штаттық саны 163 бірлікті құрайды. Олар есепте тұрған жасөспірімдерге бақылау жасап, оқу үрдісіндегі және айналасындағылармен қарым-қатынасындағы қиыншылықтарды, дамуындағы кемістіктерді, ауытқуларды зерделеп, үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мектеп инспекторлары сынып жетекшілермен бірлесіп тәрбиенің жеке басқа бағытталған технологиясы арқылы анықталған кемшіліктерді жоюдың жолдары мен әдістерін жоспарлап отырады. Жыл көлемінде мектеп инспекторлары мен сынып жетекшілері осы бағытта жұмыс істеді, «қиын» балалардың түрлі топтарға кіруі мен ол топтардың жасөспірімдерге ықпал етуі туралы мәліметтерді анықтау мен растау бойынша жұмыстар жүргізілді. Отбасының бала тәрбиесіне кері әсер етуіне жол бермеу, баланы отбасында туындайтын жанжалдардан арашалау үшін отбасындағы жағдайды зерделеп, алынған мәліметтер негізінде отбасының толық сипаттамасы жасалынады. Алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар үшін жедел көрнекі ақпараттандыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Жалпы айтқанда, облыс мектептерінде жеткіншектермен жұмыста педагогикалық ұжым, ата-аналар және қоғам тарапынан ерекше назарды талап ететін белгілі бір жүйе қалыптасқан. Мектеп инспекторларын енгізгеннен кейін бұзақылық әрекеттер жасау фактілері бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар саны азайған.

Облыс бойынша жекелеген басым бағыттарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасында суцидтің алдын алу бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген іс-шаралардың негізгі орталығы мектеп және мектептен тыс мекемелер болып табылады. 2008 жылдың наурыз айынана ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті түскен ақпарат негізінде ұдайы жаңартылып отыратын суцидтің барлық фактілері бойынша деректер базасын қалыптастырды. Ақпараттың растығын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын денсаулық сақтау және ішкі істер органдарымен салыстырып отырады. Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 2008 жылдың 7 қарашасында бекіткен Шығыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша 2008-2010 жылдарға арналған ведомствоаралық іс-шаралар Жоспарын орындау үшін және ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсыныстыры негізінде аймақтағы білім бөлімдері 2008-2010 жылдарға балалар мен жасөспірімдер арасындағы суцидтің алдын алу бойынша іс-шара жоспаларын құрды. Іс-әрекеттің қорытындысы құрылған есеп нысандары арқылы анықталып отырады. Шығыс Қазақстан облысы жасөспірімдер қылмыстығы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсетеді. Оның себебі кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлық ерекшеліктерінің жағымсыз әрекеттері суицид жағдайына итермелейді. Осы және басқа да себептер елеулі санының уағдалы болуына әкеп соқтырады. Осыған байланысты, көрсетілген қызмет аясы маңызды болғандықтан осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен, 2009 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасында 80 суицид фактісі тіркелген, оның ішінде суицидке ұмтылу -46. Жынысына қарай: ер бала - 24, қыз бала - 56.

Отбасының әлеуметтік жағдайы: толық отбасында - 39, толық емес отбасында - 41. Барлығы 80, оның ішінде аз қамтылған отбасынан - 49. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселелерін зерттей отырып, көбінесе жасөспірімдер өзіне-өзі қол жұмсаумен немқұрайлы ата-аналарының, педагогтардың көңілін өз мәселелеріне аударуға тырысатынын көруге болады. Оған жалғыздықты сезінген, өзін керексіз сезінген, түңілген, мінезі тұйық, көңілі бос, ауыл және қалалық жасөспірімдер бел байлайды. Суицидке итермелейтін себептер сан түрлі, отбасындағы моральдық ахуалмен қатар балалар мен жасөспірімдердің психикалық жағдайы. Басқа жағдайларда ата-аналар суицид себептерін жасырады, олардың сөздеріне қарағанда отбасында өзіне-өзі қол жұмсайтындай ешқандай жағдай болған жоқ.



: assets -> files
files -> Бессоюзное сложное предложение. Методика изучения в основной школе
files -> Исследование архетипов на материалах «Сказки о царе Салтане, о сыне его славном и могучем богатыре князе Гвидоне Салтановиче и о прекрасной царевне Лебеди»
files -> Қала, ауылдық округ әкімдеріне
files -> «Род имен существительных»
files -> «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» кмм-нің 2013-2014 оқу жылындағы жұмысының сараптамалық есебі
files -> Рождество семейный праздник


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет