Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ


Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін, трафикті, балалардың қару-жарақ қақтығыстарына қатысуын алдын-алу



бет3/5
Дата30.06.2016
өлшемі3.04 Mb.
1   2   3   4   5
3. Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін, трафикті, балалардың қару-жарақ қақтығыстарына қатысуын алдын-алу.

Республикада бала еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту мәселесі аса маңызды болуда. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында балалар еңбегін қанаудың салалары мен түрлеріне келесілерді енгізген: ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік түріндегі кәсіпорындарда ауыр жұмыстарды орындауда, онда бала еңбегі жасын ескерусіз және келісім-шарттық міндеттемелерді бұзумен қолданылуда. Республикада шаруа және фермерлік шаруашылықтарда бала еңбегін пайдалану мәселесін қосымша танып-білу қажет етілуде.

Осыған байланысты, сәйкес уәкілетті органмен шаруа және фермерлік шаруашылықтарда бала еңбегін пайдалану, балаларды жезөкшелік, қайыр тілеуге тарту, сондай-ақ табыс табу мақсатында есірткі трафигі кезінде және оларды сатуды пайдалануға зерттеу жүргізу қажет.

Облыста бала құқығы мен еңбектерін қанау бірқатар фактілер анықталған. Осылайша, Семей қаласында прокурорлық тексеру барысында «Ғасыр» ойын салонында оператор ретінде 1994 жылы туған Анна Сергеевна Федюра жұмыс істегендігі, еңбек келісім шарт жасалмағандығы анықталды. «Камилла» дүкенін тексеру кезінде де сатушы ретінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған 1995 жылы туған А. Нурмукашева анықталды. Анықталған еңбек заңнамасының бұзулу фактілері бойынша Семей қаласының прокуратурасы Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі бастығының атына заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде ұсыным шығарылды. Ұсынымды қарау нәтижелері бойынша Семей қаласының мемлекеттік еңбек инспекторының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы негізінде 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратурамен қолданған іс-шаралар негізінде 4 кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқықтары қорғалған.

Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін қанауды жоюдың тиімді механизмі мүдделі мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу болып табылады.

2009 жылдың 1 маусымынан 12 маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы өткізілді.

ҰАК міндеттерінің бірі орындарында тілшілердің қатысуымен, бұқаралық ақпарат құралдарында балалар еңбегінің проблемаларын жариялаумен, іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ересектер мен балаларды қоса отырып, балалар еңбегінің ең ауыр түрі мәселелері, оның ауқымдары мен сипаттамалары, бала мен қоғам үшін тиетін салдарлары туралы жұртшылықтың ақпарат алуын көтеру.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясын өткізу кезінде 42884 бала, 2267 білім беру бөлімдері, мектеп өкілдері, 249 ішкі істер бөлімдерінің, ата-ана қауымы өкілдері, 220 денсаулық сақтау органдары өкілдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандар және олардың құқықтары қорғау жөніндегі өңірлік комиссия өкілдері қатысты.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында қиын өмір жағдайына түскен балалар өтініш жасауға болатын «сенім телефоны» жұмыс істейді, онда құрбан болу мүмкіндіктерін алдын-алу тәсілі туралы құпия ақпарат беріледі.

Сонымен, білім бөлімдері, ішкі істер органдары мен басқа мүдделі ведомстволармен балаларды сату, балалар жезөкшелігі, бала порнографиясын алдын алу жөніндегі бірлесіп жасаған жұмыстарын, өткізілген іс-шаралардың мақсатқа бағытталғандығын және мазмұндылығын атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасымен ратифицирленген балалардың қарулы қақтығыстарға қатысты балалардың құқығы туралы Конвенцияға Факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған тұлғаларды қарулы күштерге шақырудың әскери әрекеттері мен міндеттемелеріне тікелей қатысудың қол жетімсіздігін көрсетеді. Балалардың қарулы қақтығыстарына қатысты балалардың құқығы туралы Факультативтік хаттаманы орындау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру мекемелерінде құқтың міндетті сабақтары сабақ кестесіне енгізілген, сондай-ақ стандартсыз және төтенше жағдайлардағы адамның мінез-құлқы туралы ақпаратқа стендтер орнатылған. Сол сияқты террорлық актілер кезіндегі адамның мінез-құлқына оқу жаттығулары жоспары іске асырылады. Алғашқы әскери даярлық сабақтарында оқушылар шегеруге келмейтін медициналық көмек көрсету негіздерін оқиды.

Облыстың көптеген аудандары мен қалаларында, атап айтқанда Өскемен, Зырян, Ұлан, Шемонайха және Глубокий аудандарында жыл сайын жастарға арналған әскери-дала жиыны өткізіледі. 2009 жылдың көктемінде Зырян ауданында «Зорька» демалыс базасында дала жағдайында (ҚССЛ) аудан мектептерінің 10 сыныбының 180 жастары оқудан өтті, іс-шаралар жоспарына сәйкес балалардың қарулы қақтығыстарына қатысты балалардың құқығы туралы Факультативтік хаттаманы орындау үрдістері мен ережелерін насихаттау және таратуды кеңінен қамтамасыз етеді. Осы бағыт бойынша балалардың террорлық ұйымдар әрекетіне қосылуы, ұлтаралық қатынастарды өршіту, алыс шетелдерде терроршыларды дайындау үшін мектептерде түлектерді оқытуды болдырмаудың алдын алу бойынша түлектердің ата-аналарымен әңгімелесулер орын алуда. Әрбір мектепте «Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы», «Шұғыл желілердегі қару қақтығыстары» тақырыптарына ата-аналарға арналған дәрістер міндетті түрде өткізіледі. Осы іс-шаралардың мақсаты ата-аналарды балаларды қарулы қақтығыстарға қатысуға тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазалар туралы ақпараттандыру болып табылады. Барлық мектептерде балалар аудиторияларында «Дети Беслана» бейнефильмі көрсетілді, Ауғанстан, Шешен Республикаларындағы қару-жарақ қақтығыстарын мысалға келтіре отырып «Балаларға қарсы соғыс» тақырыбына дөңгелек үстелдер өткізілді, «Балалар көзінше бейбітшілік» тақырыбына бала суреттерінің көрмесі, «Біз бейбіт аспан үшін» тақырыбына кітаптар мен брошюралар көрмесі ресімделіп, 9-11 сынып оқушылары арасында «Қарулы қақтығыстарда өзін ұстай алу» тақырыбына пікір-талас өткізілді. Тәрбие жоспарларында сынып жетекшілері бөгде адамдармен кездескендегі балалардың мінез-құлқы туралы алдын алу әңгімелесулері орын алуда.



Балалықтың қазіргі заманғы жағдайын талдау жат қылықтарды жою, түбегейлі ұйымдастыру және құрылымдық қайта құрулар өткізудің кешенді шараларды қабылдау қажеттігін көрсетеді.

4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңына сәйкес, әр баланың отбасында тұрып тәрбиеленуіне, өзінің ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесіне құқығы бар, бірақ, өкінішке орай біздің қоғамда өздері үшін аталған құқықтар іске аспай қалып отырған балалар бар. Бұл ерекше санаттағы балалар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

2008 жылы облыс бойынша 4545 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, бұл күнде облыста 4372 осындай балалар бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 173 балаға кем.


Мемлекеттің нарықтық экономикаға өту бойынша жүргізген реформалары әржақты әлеуметтік салдарға ие. Әлеуметтік қауқарсыз балаларға қамқорлық жасауға, өткен КСРО кезеңінде құрылған қамқоршылық мекемелерінің тұрақты жүйесіне сүйенген саясат іс жүзінде қымбат тұратын және балаларды үлкен өмірде бұдан әрі әлеуметтендіру жағынан қарағанда кей жағдайда тиімсіз болып шығады. Балаларды патронаттық отбасында және мемлекеттік мекемеде ұстаудың жалпы сомасына жүргізілген мониторинг, баланы патронаттық отбасында ұстау мекемемен (балалар үйімен) салыстырғанда кемінде 54% арзан екендігін көрсетеді.

Балаларды орналастыруда қамқоршылық пен патронаттық тәрбиенің арасында таңдау болған кезде, соңғысы, сөзсіз бірқатар артықшылықтарға ие, өйткені мемлекет жағынан материалдық қолдауды бала да (тамақтануға, жұмсақ жабдық), патронаттық тәрбиеші де – баланы күтіп, тәрбиелегені үшін сыйақы алады.

Алайда, қамқоршылықтың аталған түрі біздің облыста әзірге кең таралған жоқ. 2008 жылмен салыстырғанда патронаттық тәрбиеге берілген балалардың саны 2009 жылы тек бір балаға ғана өсіп, аудандық (қалалық) әкімдік жанындағы қамқоршы және қорғаншылық органымен және патронаттық тәрбиешімен жасалған шарт бойынша 22 патронаттық отбасында (2008 жылы – 21 отбасы) тәрбиеленетін 45 баланы құрады ( 2008 жылы – 44 бала). Егер Республикамыздың өзге өңірлерімен салыстырсақ, біздің облыс патронаттық тәрбиеге берілген балалардың саны бойынша 12 орында тұр (Оңтүстік Қазақстан облысында патронаттық тәрбиеде 451, Қызылорда – 267, Солтүстік Қазақстан – 200, Батыс Қазақстан – 179 бала). Облыстың білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына жыл сайын, 2010 жылдан бастап, бюджетті қалыптастыру кезінде патронаттық тәрбие шарты бойынша тәрбиеге берілген балалар санын өсіру және қосымша патронаттық тәрбиешілерді енгізуді қаржыландыру көлемін көбейтуді қарастыруы қажет деп санаймыз.

Облыста патронаттық тәрбие 3 қалада: Өскемен, Семей, Риддерде және 4 аудан: Бородулиха, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха аудандарында ұйымдастырылған.


ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2009 жылы Өскемен қаласының патронаттық тәрбиешілері қызметінің мәселесін зерделеу барысында балаларды патронатты тәрбиеге беру, анықталған бауырлары мен қарындастарын айыру жағдайын есептемегенде, тұтастай алғанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетіні анықталды. Жоғарыда аталған бауырлары мен қарындастарын айыру жағдайына келсек, балаларды патронаттық тәрбиеге беру кезінде қамқоршылық және қорғаншылық органымен бір отбасынан шыққан бірнеше баланы патронаттық тәрбиешіге беру мәселесі қарастырылмаған. Өскемен қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органына аталған заңнаманың бұзылуы нұсқалып, алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеу керектігі ұсынылды.

Сонымен қатар, 2009 жылы интернаттық ұйымдарды деинституцианалдандыру бағдарламасын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен қалалар мен аудандарда тіркелген патронаттық тәрбиешілерге үміткерлер саны туралы істің жағдайына талдау жүргізілді. Облыс бойынша патронаттық тәрбиеші болуға барлығы 24 үміткер тіркелген. Қалалар бойынша жағдай келесідей: Өскемен, Риддер және Курчатов қалаларында тіркелген үміткерлер жоқ, Семейде – 4 үміткер тіркелген. Аудандар арасында Зайсан ауданы алда тұр – 6 үміткер, бұдан әрі: Бородулиха – 4, Тарбағатай – 4, Көкпекті – 3. Абай, Жарма, Ұлан аудандарында 1 үміткерден тіркелген. Өзге қалалар мен аудандарда патронаттық тәрбиеші болуға тіркелген үміткерлер жоқ. Аталған талдау, балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының әлсіз екендігі туралы қорытынды жасауға болатынын көрсетеді.

Патронаттық тәрбиенің негізгі аспектілерін жариялау, баланың асырап алған отбасына бейімделу кезеңіндегі психологиялық проблемаларды шешу мақсатында 2009 жылдың 27-28 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен “Gestal” Психологиялық орталық” ҚБ бірлесе отырып, Отбасы Күні қарсаңында патронаттық тәрбиешілер мен балалар үйінен тәрбиеге бала алуға ниет білдірген азаматтар үшін семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар және балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша әдістемелік әдебиет берілді.



Облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде алдағы уақытта патронаттық тәрбие шарты бойынша тәрбиеге берілген балалар санын өсіру және қосымша патронаттық тәрбиешілерді енгізуді қаржыландыру көлемін көбейтуді қарастыру қажет.

Балаларды орналастырудың ең кең таралған нысаны қорғаншылық (қамқоршылық) болып табылады. Соның ішінде, орналастырудың аталған түрін көп жағдайда әртүрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың туыстары таңдайтынын атап өту қажет. 2008 жылы қорғаншылыққа (қамқоршылық) берілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 2602 баланы құрады, 2009 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 12% ға төмендеп, 2278 баланы құрайды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың аса тиімді нысаны асырап алу болып табылады, өйткені бала өзіне отбасының баламасы емес нағыз отбасын табады, сонымен қатар асырап алушылар мен бала арасында тек туыстық қарым қатынас қалыптасып қана қоймай, ол заң жүзінде бекітіледі.

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 10 жылда 4209 бала, соның ішінде шет ел азаматтарымен 937 бала асырап алынды. Асырап алуға берілген балалардың саны 2008 жылы 367 құрады, 2009 жылы асырап алынған балалардың саны 25 ке төмендеп 342 баланы құрады. Алайда, осыған қоса, балаларды шетел азаматтарының асырап алуының саны 107 ден 121 балаға өскенін атап өтуге болады.






Балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының асырап алуының санын көбейту мақсатында облыстың тұрғындары арасында асырап алу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет.

Балаларды асырап алу, қорғаншылық пен қамқоршылыққа және патронаттық тәрбиеге беру саласындағы жағдайды талдай отырып, сонымен қатар әлеуметтік жетімдіктің пайда болу мәселесін бөліп қарау қажет, ол ерекше көкейтестілікке ие және оны шешу үшін балалары әлеуметтік жетімдікке душар болатын отбасыларымен жұмыс істейтін қызметтерге және мектептерде бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуді жалғастыру қажет.

Балалық шақ мәселесін жан-жақты шешу үшін Үкімет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты – әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің көмегімен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Мемлекет соңғы жылдарда отбасылық қолайсыздықтың төмендеуіне ықпал етуге шақырылған тиісті қызметтерді күшейту бойынша бірқатар шараларды іске асырды. Біз 2009 жылы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қосымша 22 қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарын (6 мемлекеттік қызметкер және 16 әдіскер) енгізуге қол жеткіздік. Енгізілген мамандардың жоғарыда көрсетілген саны қалалық және аудандық әкімдер жағынан білім бөлімдерін білікті кадрлармен жинақтау бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізбейтінін көрсетеді. Осының нәтижесінде 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасының аталған тармағын орындау бойынша қиындықтар туды. Осыған байланысты, жергілікті бюджет қаражаты есебінен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша қосымша мамандарды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

2009 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2010 қаулысымен 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру бойынша 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары бекітілді. Іс-шаралар Жоспарымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 65 маманды енгізу қарастырылған. Балалық шақтың құқықтарын қорғау бойынша мамандар бірінші кезекте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, отбасыларға немесе балалар мекемелеріне орналастыру бойынша, жәрдемақылар мен мұқтаж балаларға материалдық қолдауды тағайындау және тағы басқа міндеттерді іске асыруға тиісті. 2010 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдерінде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша барлығы 14 маман және облыстық білім басқармасында 2 маман жұмыс істейді.

Сонымен қатар, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруді талап ететін жекелеген қиындықтар мен шешілмеген сұрақтар бар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге орналастыру мәселелерін реттеу сұрақтарын шешуге тұжырымдамалық тәсілдемелерді анықтау мақсатында 2009 жылдың 21 қыркүйегінде облысымызда «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы» (баланы тәрбиеге алған отбасы, патронат, қорғаншылық, асырап алу) мәселесін талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» ХДП Фракциясына қарасты Әлеуметтік Кеңестің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, білім беру ұйымдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты және де Он-лайн режимінде кеңесті жүргізуге Семей, Риддер, Зырян қалаларының басшылары мен жұртшылығы қатысты. Осы мәселені талқылау депутаттардың әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді тыңдауына жағдай жасады, отырыстың қорытындысы бойынша алдағы уақытта шешім қабылдауға көмегін тигізетін, сонымен қатар патронаттық тәрбиені дамыту бойынша да ұсыныстар қабылданды,

Отбасынан бөлек жерде баланы кедейшіліктен, ауырулардан қорғау және оған бақытты өмір жасау мүмкін емес. Дүниедегі ешбір, тіпті аса бай және берекелі мемлекеттің де ондай міндеттерді орындауға шамасы жетпейді. Ал мемлекет көп жыл бойы балалық шақ мәселелерін дәл солай шешуге тырысты. Ұланғайыр қаражаттар мен күштер жұмсалды, бірақ нәтижесі аз болды, өйткені себебімен емес салдарымен күресті, осының нәтижесінде жетім балаларға арналған жаңа мемлекеттік мекемелер ашылды.

Бүгінгі таңда облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін білім беру жүйесінде 10 балалар үйі, 4 интернаттық ұйымдар, 5 панажайлар; денсаулық сақтау жүйесінде 2 Сәбилер үйі; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жүйесінде Аягөз қаласында 1 балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі жұмыс істейді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық білім беру ұйымдарының адам құрамына талдау жүргізу, тәрбиеленушілер санының азайуына тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы тәрбиеленушілер саны – 1793 баланы құраса, 2009 жылы ол 1713 баланы құрап, 80 балаға азайды.

Денсаулық сақтау жүйесінде Өскемен және Семей қалаларында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 2 Сәбилер үйі қызмет етеді. 2009 жылы тәрбиеленушілер санының 190 балаға дейін (2008 жылы 178 бала болған) аздап ұлғайуын байқауға болады. Аналарымен туыстық байланысты жалғастыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында Өскемен және Семей қалаларының Сәбилер үйінде «Надежда» тобының бөлімдері жұмыс істейді. Бөлімнің мамандары қауіп тобындағы аналармен перзентханаларда баладан бас тарту жөнінде ұдайы түсіндірме сұхбаттар жүргізіп тұрады. Бөлімдерде білікті педагогтар, логопед, балалар және олардың аналарымен де жұмыс істейтін психолог қызмет етеді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жүйесінде Аягөз қаласында 1 балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда аталған мекемеден медициналық-әлеуметтік көмек алатын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 31 ден (2008 жылғы көрсеткіш) 45 ке (2009 жылғы көрсеткіш) дейін өсіп, 14 балаға көбейді.

Балаларды жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыру әртүрлі себептермен түсінідіріледі. Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің әлеуметтік мәртебесі туралы мәселені қарастырғанда «әлеуметтік» жетімдік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік құрамына талдау жасау, жетім балалардың санының 2008 жылы 271 ден 2009 жылы 268 ге дейін ( 1,2 % ға төмендеу) төмендеуімен бірге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының да 2008 жылы 1522 ден 2009 жылы 1445 ке дейін (5,1 % ға төмендеу) төмендеуі байқалғанын көрсетеді.

«Әлеуметтік» жетімдер санының жетім балаларға қарағанда басым болуының негізгі себептеріне отбасындағы өмір сүру деңгейінің төмендеуін, жұмыссыздықты, ата-аналарының балаларын бағып, тәрбиелеуден бас тартуын (ішімдікке салыну, нашақорлық және т.б. себептер де бар) тағы басқаларды жатқызуға болады.


2009 жылғы Орта статистикалық деректерді талдау, интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің негізгі жиынын заңмен белгіленген тәртіпте ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардың балалары құрайтынын көрсетеді – 50% құрайды (2008 жылы - 50% ); ата-аналарына іздеу жарияланған – 10 % (өткен жылы 7 % ды құрады); ата-аналық міндеттерін орындаудан бас тартқан ата-аналардың балалары 6%; ата-аналары қамау орындарында отырған балалар 5% (өткен жылы – 4%); ата-аналарынан тартып алынған балалар 5%; тастандылар 5% (өткен жылы – 13%); ата-аналары ата-аналық құқығынан шектелген – 2%; ұзақ уақыт емделуде жүрген ата-аналардың балалары - 2% (өткен жылы да 2% ды құрады). Ары қарай, ата-аналары сотпен жоғалды деп танылған балалар - 0,5% ды, ата-аналары сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған балалар - 0,3% ды көрсетеді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың денсаулығын сақтауға құқығы, олардың денсаулық жағдайын бақылауды іске асыру және балалардың ауруының алдын алу жолымен қамтамасыз етіледі. Білікті медициналық көмек көрсету аталған мекемелердің медициналық қызметкерлерімен, ал қажет жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарымен іске асырылады. Медициналық қызметкерлермен балаларды бірінші және күнделікті қарау жүргізіледі. Суық тию, жұқпалы ішек ауруларының алдын алу, санитарлық-гигиеналық нормалар бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі, жасөспірімдермен жеке бас гигиенасы, жыныстық қарым-қатынас туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Барлық мекемелерде медициналық кабинеттер бар. Медициналық кабинеттердің жабдықтармен және қатты құрал-жабдықпен жарақтануы қанағаттанарлық. Одан басқа, арнайы сала мамандарын тарту арқылы профилактикалық медициналық тексерулер өткізіледі. Тәрбиеленушілердің денсаулығын шынықтырудың жақсы үлгісіне, «Үміт» балалар үйінде, Семей қаласының №8 балалар үйінде, мектепке дейінгі балалар үйінде және Науалы балалар үйінде енгізілген «Детка» жүйесі бойынша шынығу әдісін жатқызуға болады. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялар құрылады. ТЖ құтқарушылар жасағының, өрт сөндіру қызметінің өкілдерін және т.б. тарта отырып қызметркелер мен балалар үшін нұсқаулықтар өткізіледі. Балалар үйлерінде балалардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Тәні мен психикалық денсаулықтарын қалыпта ұстау мақсатында жыл сайын жаз кезінде балалар жазғы лагерлер мен демалыс базаларына шығып, шырындар, жеміс-жидектер, көкөністермен күшейтіле тамақтандырылады. Жетім балаларға арналған 14 мекеменің ішінде 5 өзінің қала сыртындағы лагерлері бар. Департамент мамандары тәрбиеленушілердің жазғы демалысы мен сауықтырылуының ұйымдастырылуын зерделеу мақсатында жазғы кезеңде 4 лагерьде: Тайынты көлінің жанындағы «Үміт» балалар үйінің (192 бала) және Балалар ауылының (75 бала) лагерлерінде, Науалы балалар үйінің «Шаттық» сауықтыру кешенінде (65 бала) және Көкпекті балалар үйінің лагерінде (102 бала) болды. Қызметтерін зерделеу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталған жоқ.

Балалардың сөз және ар-ождан бостандығына, қоғам өміріне қатысуы мен ақпараттық құқығы интернаттық мекемелерде Гагарин атындағы мектеп-интернаттағы хор ұжымы, Облыстық балалар ауылының би тобы, «Үміт» балалар үйінің «Шығыс Жұлдыздары» би-акробатикалық тобы мен «Жас заңгер» құқықтық тобы сияқты және басқа да шығармашылық ұжымдардың болуымен қамтамасыз етіледі. Көркемөнерпаздық тәрбиеленушілердің бойында көкейтестілік пен коммуникативтік мәдениеттің дамуын, таным мен шығармашылық өзін-өзі таныту уәждемесін қалыптастырады, қарым-қатынасты реттеуші болып табылады, балалардың үндестігіне көп деңгейде көмегін тигізетін жағдайларды қамтамасыз етеді. Аталған санаттағы балалардың әртүрлі себептерге байланысты ата-анасының жылуын көрмегендіктен, мекемелердің әкімшіліктері әр баланың дарыны мен қабілетін ашуға тырысады. Осыған балалардың жетістіктері куә болады. 2009 жылдың 15 мен 27 сәуірі аралығында «Таң Шолпан» конкурсының бірінші белесі ұйымдастырылып, өткізілді. Бірінші орынды Облыстық балалар ауылының өкілдері жеңіп алса, екінші орынды – Семей қаласының № 3 Балалар үйі, үшінші орынды -Серебрянск қаласының Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернаты иеленді. Гран-приді «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері жеңіп алды, олар 2009 жылдың 1-2 маусымында Павлодар қаласында өткен Республикалық конкурсқа қатысып, құрметті екінші орынды иеленді. Тәрбиеленушілердің аталған құқықтары сонымен қатар балалардың спорттық іс-шаралар мен жарыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, әртүрлі конкурстарға қатысуымен, жергілікті атқарушы органдар және т.б. өткізетін шараларға қатысуымен іске асады.

Облыстың интернаттық ұйымдарында тәрбиеленетін балалардың шығармашылық қабілеттерін іске асыруға тағы бір әсер еткен шара деп Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы – «Бөбек» Қорының президентінің бастамасымен өткен «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесін айтуға болады, өйткені әндерді ұжыммен орындау және балалармен бірге педагогтардың, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік қойылымдарды ұйымдастыру бұл мерекенің ерекше оқиғасы болды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында жылдық жоспарлауға сәйкес 9-11 сыныптарды бітіруші оқушылардың арасында кәсіптік-бағдарлау және оларды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Түлектердің кәсіптік лицейлер, колледждер мен ЖООның өкілдерімен кездесуі өткізіледі, кездесуде балалар мамандықтар, оқу жағдайы туралы толыққанды мағлұматтар алып, оқу орнының өмірі мен қызметі және оқушылары туралы бейнефильмдер көреді, оқу орны туралы деректер бар буклеттер алады. Және де «Ашық есік күні» оқу орындарына барады, кәсіпорындарға барады.

Көрсетілген деректерден, түлектердің жалпы санының 72 балаға азайуымен қоса, 2008-2009 оқу жылында 11 сынып түлектері санының 7 балаға аздап ұлғайғанын көреміз.

2007-2008 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 372 түлектерінің ішінен 331 тәрбиеленуші 9 сынып негізінде оқу бітірді. Олардан 86 бала – 10 сыныптарда, 215 -кәсіптік мектептер мен лицейлерде, 20 – колледждерде оқуын жалғастырды, 8 бала – жұмысқа орналасты. Бір түлек мүгедектік ресімдеді және бір бала қайтыс болды.


2008-2009 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 300 түлектерінің ішінен 252 тәрбиеленуші 9 сынып негізінде оқу бітірді. Олардан 92 бала – 10 сыныптарда, 123 -кәсіптік мектептер мен лицейлерде, 28 – колледждерде оқуын жалғастырды, 3 - мүгедектік ресімдеді және 6 – сотталды.

2007-2008 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын 11 сынып негізінде 41 тәрбиеленуші бітірді. Олардың ішінен 4 бала кәсіптік мектептер мен лицейлерде, 17 - колледждерде, 17 - ЖОО да оқуын жалғастырды, 3 бала жұмысқа орналасты. 2008-2009 оқу жылында 11 сынып негізінде 48 тәрбиеленуші оқу бітірді, олардан 14 бала кәсіптік мектептер мен лицейлерде, 16 – колледждерде, 16 - ЖОО да оқуын жалғастырды, 1 - жұмысқа орналасты, 1 бала мүгедектік ресімдеді.

Балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың түлектеріне қажетті тұрмыстық жағдай жасау, дербес өмірге дайындау үшін облысымызда Жасөспірімдер үйі қызмет етеді, ол жерде Өскемен қаласының кәсіптік лицейлері мен колледждерінде білім алатын 147 бала тұрады. Балалар ауылының ЖОО оқуын жалғастырушы түлектерінің қоғамда бұдан әрі әлеуметтік бейімделуі үшін облыс орталығында төрт орындық Жеткіншектер үйі бар. 2011-2012 жылдары «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру аясында, облыстық бюджет қаражаты есебінен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 200 орынға арналған құны 443,0 млн. теңгені құрайтын Жеткіншектер үйін салу жоспарланған.

Бүгінгі күні балалар үйлерінде тәрбиеленетін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 3,8% ның ғана бекітілген тұрғын үйі болғандықтан, балалар үйлерінің көптеген түлектері үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аса үлкен қиындықтар туғызады. Қалған балалар оқуды бітіргеннен кейін үлкен қалаларда қалуға тырысады, олардың коммуналдық тұрғын үй алуға, тиісінше мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға «мүмкіндігі жоқ». Сонымен, 2278 баланың, қорғаншылыққа (қамқоршылық), патронаттық тәрбиеге берілген 122 – меншік құқығында тұрғын үйі бар, 17 – жергілікті атқаруша органның актісімен бекітілген тұрғын үйі бар. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдарда 2049 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдардың тек 82 тәрбиеленушісі тұрғын үйге ие, олардың: 66 – құқық меншігінде және 16 – жергілікті атқарушы органның актісімен бекітілген. Балалар үйлеріндегі тұрғын үйге мұқтаж тәрбиеленушілердің саны 1967 баланы құрайды. Мекемелердің әлеуметтік қызметі және қорғаншылармен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін жетім балаларды кезекке тұрғызу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі. 2010 жылдың 1 қаңтары бойынша интернаттық мекемелердің жетім балалар қатарындағы 133 тәрбиеленушісі және қорғаншылықтағы 302 бала тұрғын үй алу үшін кезекке қойылды. Әлеуметтік тұрғын үй алу үшін барлығы 435 жетім бала кезекте тұр (2008 жылғы 10 қазандағы жағдайы бойынша - 125 бала). Осылайша, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кәмелетке толмағандардың өкілдерінің саны үш реттен аса көбейді.

Одан басқа, облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелерінің әкімшіліктерімен тәрбиеленушілері үшін Тұрғынүйқұрылысбанкінде шоттар ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кейіннен, осы мекемелерден шыққаннан кейін түлектері жеңілдетілген несие алуға мүмкіндікке ие болады, ол әрине тұрғын үй алу үшін нақты көмек бола алады. Осы уақытта Тұрғынүйқұрылысбанкінде шоттары бар балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерінің саны 657 баланы құрайды. Осыған байланысты, құқық меншігінде немесе жергілікті атқарушы органның актісімен бекітілген тұрғын үйі жоқ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдерінің арасында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіне ие болу үшін, балаларға Тұрғынүйқұрылысбанкінде шоттар ашу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын белсендіру қажет.

Департамент мамандарымен жүргізілген, жергілікті атқарушы органдардың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша қызметін зерделеу нәтижесінде, жергілікті атқарушы органдармен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде деп қорытынды жасауға болады. Алайда, мемлекеттік тұрғын үй қорының болмауына байланысты, әлеуметтік қорғалатын азаматтардың жоғарыда көрсетілген санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес, ол сонымен бірге олардың жұмысқа орналасуына да әсерін тигізеді.

Қазіргі қиын уақытта, тіпті дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 2008-2009 оқу жылынан бастап, балалар үйлері мен интернаттық білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан облыстың техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқитын 300 оқушылар мен студенттерге, соның ішінде 35 жоғары оқу орындарының оқушылары және 265 кәсіптік лицейлер мен колледждерінің оқушыларына тоқсан сайын 9000 теңге көлемінде жалпы сомасы 10 млн. 841 мың 544 теңгеге «Бөбек» қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу бойынша жұмыс жалғасты. Облыстың оқу орындарында оқитын барлық оқушылар мен студенттерге көмек көрсету мақсатында, «Бөбек» Қорымен 2009-2010 оқу жылында қайырымдылық материалдық көмек төленетін оқушылардың (студенттер) санын 578 ге дейін жалпы сомасы 20 млн. 870 мың теңгеге көбейту туралы шешім қабылданды.





  1. Каталог: assets -> files
    files -> Бессоюзное сложное предложение. Методика изучения в основной школе
    files -> Исследование архетипов на материалах «Сказки о царе Салтане, о сыне его славном и могучем богатыре князе Гвидоне Салтановиче и о прекрасной царевне Лебеди»
    files -> Қала, ауылдық округ әкімдеріне
    files -> «Род имен существительных»
    files -> «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» кмм-нің 2013-2014 оқу жылындағы жұмысының сараптамалық есебі
    files -> Рождество семейный праздник


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет