Силлабус қазақ тілі пәні бойынша, коды krya 1104



жүктеу 5.54 Mb.
бет11/29
Дата20.06.2016
өлшемі5.54 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Жүйке талшықтары, жыныс бездері, кеңірдектің алдында, гормондар түзіледі, шеткі бездердің қызметі, бездерге тікелей әсер ету, қоршаған ортаның өзгерістері, белсенділігін өзгерту, жүйелердің үйлесімділігі.




3–тапсырма. «Эндокриндікжүйе» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.түсінігіңізді

Эндокриндікжүйе

Эндокринология (грек. endon – ішкі, krino – бөліп шығарамын және


logos - ілім) - эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер-гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым.

Адам ағзасында эндокриндік жүйе маңызды қызмет атқарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айырбез, бүйрек үсті, ұйқыбез және жыныс бездері жатады. Ағзадағы жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста болып, әртүрлі қызметтер мен жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Жүйке талшықтарымен келген қозулар гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертіп, бездерге тікелей әсер етеді. Эндокриндік функцияның орталық буыны – бездер. Бездерде гормондар түзіледі және қанға шығарылады. Ішкі секреция бездері қоршаған ортаның өзгерістеріне өздерінің функциясын күшейту немесе бәсеңдету арқылы жауап қайтарады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды. Гормон гректің horman- қоздыру, активтендіру деген сөзінен алынған. Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын зерттеушілері Бейлисс пен Старлинг енгізген. Ішкі секреция бездері жүйесінде гипофиздің алатын орны ерекше. Гипофизді ішкі секреция бездерінің «орталық безі» деп атайды. Өйткені, ол өзінде түзілетін тропты гормондары арқылы ағзадағы шеткі бездердің қызметін реттейді.



Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазған. 1656 жылы Вартон оны «қалқанша без» деп атады. 1827 жылдан бастап оның ағзада атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Қалқанша без мойын аймағында, кеңірдектің алдында орналасқан.

Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында (полюсінде) орналасқан. 1849 жылы Аддисон бүйрек үсті бездерінің физиологиялық және функционалдық маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.

Ұйқы безі денедегі аса ірі бездер қатарына жатады және қарынның артын ала он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасады. Ұйқы безі ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) секрециялық қызмет атқарады.
4–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Эндокриндік бездерге қандай бездер жатады?

  2. Қалқанша без туралы не білесіз?

  3. Ұйқы безі қайда орналасқан?

  4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

  5. Олар сөлін қайда бөледі?

  6. Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?


5-тапсырма. «Сыртқы және ішкі секреция бездері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Сыртқы-внешний

Ішкі-внутренний

Сөл-сок, выделяющие вещества

Өзек-проток, ствол

Тікелей-непосредственно,прямо

Бөлу-выделять, деление,разделить

Ұйқы безі-поджелудочная железа

Қалқанша без-щитовидная железа

Түтікше-сосуд


Тіршілік-жизнь,существование

Ұлпа-ткань

Зиянды-опасный, вредный

Мінез-құлық-характер

Құбылмалы-изменчивый, переменчивый

Бейімделу-адаптация, припособиться

Қуану-радоваться, восторг

Үрейлену-тревожиться,бояться,паника




6-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін оқып шығыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ағзадағы бездер, өзектері бар бездер, өзектері жоқ бездер, сөлді қанға бөлу, сөлді ас қорыту мүшелеріне бөлу, адамның тіршілік етуі, адамның өсуі, адамның дамуы, ішкі секрециясы бездерінің маңызы, гормон бөліп шығару, ағзаның түрлі әрекеті, күшті биологиялық заттар, қан арқылы, бүкіл денеге таралу, мүшелердің қызметін реттеу, ұлпалардың қызметін реттеу, психологиялық іс-әрекетін қалыптастыру, адамның қуануы, адамның үрейленуі, адамның мінез-құлқы, адамның іс-әрекеті.


7-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып шығыңыз.Орыс тіліңе аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз.

Сыртқы және ішкі секреция бездері

Ағзадағы бездер негізінен екі топқа:сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөлетін өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.



Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі(гипофиз) және жоғары қосалқы без (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, тимус, бүйрек бездері жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон-ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттар. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді.

Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады. Ішкі секркция бездері бөлетін гормондар адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді.


8-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1.Бездер екі топ ... бөлінеді.2.Ішкі секреция бездері сөл ... қанға бөледі.3. Сыртқы секреция без ... сөлді өзектері арқылы бөледі.4. Адамның дамуы... әсерін тигізеді.5.Бұл жүйе... жататын безден гормон бөледі.6.Гормондар қан арқылы бүкіл дене... тарайды.7.Ішкі секреция бездері... қызметін жүйке жүйе... басқарады.


9-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бездер нешеге бөлінеді?

2.Сыртқы секреция бездері деген не?

3.Олар қандай қызмет атқарады?

4.Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5.Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

6.Олар сөлін қайда бөледі?

7.Гормон деген не?

8.Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?
10-тапсырма

Неліктен адамның тіршілік етіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше екендігі туралы абзацты тауып оқып беріңіз. Түсінгеніңізді дәптерге жазыңыз.


11-тапсырма.

Төмендегі берілген мәтінді оқып шығыңыз. Ерекше дыбыстырға, оқу жылдамдығына көңіл бөліңіз. Мәтінге тақырып қойыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

Бүйрек үсті безі екі бүйректің үстінде жатады. Әр бездің салмағы 12граммнан. Бұл биездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Олар минералды заттардың, көмір сулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп оттырады.

Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер еттеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады. Зат алмасу әрекетін арттырады. Әсіресе көмірсулардың алмасуын жылдамдатады, оның нәтижесінде қоректік заттар көбейеді. Осыдан бұлшық еттер жұмысы жақсарып, адамға энергия- күш пайда болады.
10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:




  1. Жалпылау есімдігін табыңыз.

а) күллі

ә) ешкім


б) мынау

в) осы


г) кейбір

  1. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) өзі

ә) баршасына

б) барлыққа

в) сеннің

г) менге


  1. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

а) әлдеқайда, кейбір, әркім

ә) ешкім, әрине, сол

б) өзі, өзім, мына

в) кім? не? қанша?

г) мен, сен, ол


  1. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) қайсыбір

ә) саған


б) түгел

в) осынау

г) ештеңе


  1. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Саған қандай сыйлық берді?

ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын.

б) Ешқайда барушы болма.

в) Қандай анализ тапсырдыңыз?

г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді.

ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді.

б) Қандай дәрі қабылдадыңыз?

в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды.

г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.



7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз.

ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

б) Дәрі пайдаланылмады.

в) Студенттер сабаққа келмеді.

г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз.



8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды.

ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік.

б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады.

в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді.

г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді.



9. Жалпылау есімдікті табыңыз.

а) осы, сол, ана, мынау

ә) отыр, жүр, тұр, кел

б) өзім, өзің, өзі

в) барлық, бәрі, барша, бүкіл

г) мұнай, темір, көмір



10. Есімдікті көрсетіңіз.

Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды.

а) медицинада

ә) дәрілік

б) өсімдіктердің

в) кейбіреуінен

г) дәрі дайындалмайды

6. Септеліп тұрған сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

а) осыған

ә) бұл

б) мынаны



в) бүгін

г) осыдан



7. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күлі

г) түгел, барлық



8. «Ешкім келген жоқ» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік



9. Сөйлемдегі сұрау есімдігін көрсетіңіз.

Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?

а) алдын алу

ә) қандай

б) жолдары бар

в) аурудың

г) бар


10. «Біреу есік қағып тұр» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік



11. Есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.

а) болымсыздық

ә) оның

б) топтау



в) салыстырмалы

12. Есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

а) бірінші адам

ә) бір-бірден

б) біреу секілді

в) бірдене айтты

13. Жіктеу есімдіктерін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күнні



Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып, олардың қай жалғауда тұрғанын айтыңыз.

Оны кездестіру, осыған айтыңыз, мұнысы болмады, кімге айтты?, өзіңе берді, қашан келді?, әрбір оқушы, өзіміз орындаймыз, біраз кешікті, бүкіл адам,қайсыбіреуіне тапсырды, ешкімнен алмаңыз, ешқашан ұмытпаңыз, барлығына айтылды.


Коммуникативті компетенция

а) лексикалық тақырып бойынша сұрақтар:

1. Эндокринология қандай ғылым.

2. Эндокриндік бездерге нелер жатады?

3. Гормондар деп нені атайды?

4. Қалқанша без туралы не білесіз?

5. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?



ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Белгісіздік есімдіктерін атаңыз.

2. Жалпылау есімдіктеріне қандай есімдіктер жатады?

3. Белгісіздік есімдіктерінің септелген түріне 2 мысал келтіріңіз.

4. «Барлығы», «бәрі», «біреу» есімдіктерін септеңіз.
6.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 141-142- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 33-34-бб.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 219-221 бб.


Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.89-94б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

21 тақырып: Витаминдер



Үстеу

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Витаминдер.

Үстеу
2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, үстеулердің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық қазақша атауларды игерту.
3. Міндеті: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.
Когнитивті – білім компетенциясы: үстеу туралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту.
Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінді түсініп мазмұндауға қызығушылығын арттыру, ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
4.Негізгі ұғымдар:

Үстеудің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, қолданыстағы көрінісі, сары уыз, терісі құрғау, витамин жетіспеу, бүйрек, жүрек, бауыр, жүйке жүйесі зақымдану.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (10мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )
6. Өткізу түрі: Аралас сабақ
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8. Көрнекі құралдар: Витаминдерге арналған кесте, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, мезгіл үстеуіне арналған кесте, сөздіктер, үлестірмелі парақшалар.
9. Тапсырмалар

Үстеу

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.



Үстеу (Наречие) – это часть речи, которая обозначает признак действия и его состояния, признак и степень качества, признпк предмета, а также различные обстоятельства при которых совершается действие.


Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

I.Тұлғасына қарай (По способу образования)

1.Негізгі (Непроизводные)

Әрең, әзер(еле),әрі(туда,дальше), бері(сюда), дәл(точно), сәл(чуть-чуть)

2.Туынды (Производные)

Ескінше(по старинному), мұнша (настолько), жаялап(пешком), астыртын (подпольно)

II.Құрамына қарай (По составу)

1.Дара

(Простые)



Ерте (рано), кеш(поздно), тым(слишком), ерекше (особенно), басқаша (по другому), қыстай (всю зиму), кешке (вечером)

2.Күрделі

(Сложные)



а)биыл(в этом году), бүгін(сегодня), бірталай, біраз(немало)

ә)анда-санда(временами), қысы-жазы (зимой и летом),

б)алдын-ала(заранее),күні кеше (только вчера)

III.Мағынасына қарай (По значению)



1.Мезгіл (Времени)

Қашан? (когда?), қашаннан? (с каких пор?)



Кеше(вчера),бүгін(сегодня), ертең(завтра), қазір(сейчас),кешке(вечером),ертемен (с утра), ертесіне(на завтра),таңертең (утром),түнеугүні(тогда),жаздыгүні(летом), биыл(в этом году),былтыр(в прошлом году), анда-санда (временами).

2.Мекен (Места) қайда?(где? Куда?), қайдан?(откуда?)


Әрі(туда), бері(сюда), жоғары(на верху), төмен(внизу), алға(вперед), артқа(назад), ішке(во внутрь), іште(внутри),ілгері(вперед), мұнда(здесь), сонда(там)

3.Мөлшер (Количество и меры) қанша? Қаншама?(сколько?)қаншадан?

(по сколько?)



Сонша, соншама (столько?), онша (не очень), едәуір (значительно, намного), бірталай (немало), бір-бірден(по одному).

4.Сын-бейне (образа и способа действия), қалай? Қалайша? (как?), қайтіп? (каким образом? Каким способом?)

Әрең,әзер(еле), дереу (тотчас), жедел,шапшаң, тез, жылдам (быстро), кенет(вдруг), түгел (все), ауызша (устно),өзгеше (по другому), осылай (так), тіәкелей (непосредственно), бірге (вместе), зорға (насилу).

5.Күшейту (Усилительные) қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?), қандай? (какой?)

Аса(очень), нағыз(настоящий), ең(самый),тым(слишком), айырықша(особенный), әбден (совсем, окончательно).

6.Мақсат (Цели) неге?(зачем?) не үшін? (для чего?), не мақсатпен? (с какой целью?)

Әдейі, біле тұра (специально), жорта (нарочно), қасақана (назло).

7.Себеп-салдар(Причины и следствия) неліктен? (почему? Отчего?) не себепті? (по какой причине?), қалай?(как?)

Бекерге (напрасно), босқа, текке (зря), амалсыздан (вынужденно), лажсыздан, шарасыздан (поневоле).

8.Топтау (Разделительности) қалай? Қаншалап? (как?)

Екеулеп (вдвоем), бір-бірлеп (по-одному), он-ондап (по десять), аз-аздан (по-немножку), бас-басына (на каждого), жұп-жұбымен (по-парам), рет-ретімен (по-порядку).


Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1 – жаттығу.Төменде берілген мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем жазыңыз.

Жаздай, бұрын, былтыр, күні бойы, ежелден, таңертең.


2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.

1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.


3 – жаттығу.Туынды үстеулерді қатыстырып, 5 сөйлем жазыңыз.
4– жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеулерін қойып жазыңыз.

  1. Самат достарымен ... кетті. 2.Жүрек бауырдан ... орналасқан. 3.Ол үнемі ... жүргенді ұнатады. 4. ... отырған науқастардың барлығы анализ тапсырған. 5.Жүйкесі ауыратын науқастарды ... шақырды.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

Ерекше - особый

Қалыпты - нормальный

Жеткіліксіз - недостаточно

Қорғаныш - защита

Алабұға - окунь

Шаршау - усталость, утомляться




Жүйкесі тозу - повышенная нервозность

Ашуланшақтық - вспыльчивость, раздражительсноть

Өнімдер -продукты

Құрамы -состав

ұнтақ- порошок


2-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Мал өнімдері, өсімдік, қалыпты тіршілік, жүрек қызметі, көмірсу, зат алмасу, тез шаршау, витаминдердің жетіспеуі, ағза, көз жанары нашарлау.


3-тапсырма.Төмендегі берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Витаминдер
Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ витаминсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады. Витаминдер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

А витамині ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

В витаминінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В витаминдерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 витамині жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 витамині жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл витаминдер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д витамині денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын витаминдер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.


4-Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қалыпты тіршілік үшін не қажет?

2. С витамині қандай жеміс пен көкөністерде болады?

3.В12 витамині жетіспесе қандай ауруға шалдығады?

4.В15 витамині қандай мүшелерге әсер етеді?

5.Көздің көргіштігін жақсартатын қандай витамин?


5-тапсырма. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.
6-тапсырма.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.
10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) жоғары өрледі

ә) ышқына соқты

б) қысы-жазы үзілмейді

в) ілгері кетті

г) сабақ бітті



2. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) былтыр барды

ә) әрең жүру

б) қазақша оқу

в) жоғары тұру

г) кеш кел



3. Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?

а) Қазір кәсіпорындарда дәрінің 300 түрі жасалады.

ә) Фармакология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.

б) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады.

в) Дәріні қажет болғанда ғана қолданыңыз.

г) ЖИТС – ғасыр дерті.



4. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді.

ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр.

б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз.

в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық.

г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.



5. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) ескіше

ә) ерте

б) күз


в) тым

г) жоғары



6. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.

а) сапалық

ә) жанама

б) мақсат

в) қатыстық

г) тура


7. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.

а) етпетінен

ә) күні кеше

б) ала жаздай

в) таңертең

г) күні ертең



8. Сын бейне үстеуді табыңыз.

а) сонша тұнба жасау

ә) амалсыздан дәрі ішу

б) науқасты шалқасынан жатқызу

в) кейінге қалдыру

г) шөптен дәрі жасау



9. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.

а) ерте


ә) артқа

б) күздей

в) жаңаша

г) таңертең



10. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) -ша; -ше

ә) –дап; -деп

б) -са; -се

в) -дың; -дің

г) -ын; -ін



11. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.

а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім.

ә) Шақырғанда дереу жетіп барды.

б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды.

в) Мұнда кілең жастар отыр екен.

г) Бұл енді қасақана істегендері.



12. Күшейткіш үстеудікөрсетіңіз.

а) дереу


ә) бекерге

б) балаша

в) тым

г) амалсыздан





Операционалды – дағды компетенциясы: .

1– жаттығу.Сөйлемнен үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

1.Науқастың кешке дейін дене қызуы көтерілді. 2.Аурудың белгілерін әдейі айтпады. 3.Ол жұмысқа қасақана кешігіп келді. 4.Таңертең алынған мәліметтер аурудың түрін анықтауға көмектесті.


Коммуникативті компетенция:

а) Лексикалық тақырып бойынша:

1. Витаминдер деген не?

2. Витаминдердің маңызы қандай?

3. Витаминдер нелерде болады?

4. Витаминдер қалай белгіленеді?

5. А витаминінің қаситеті қандай?

6. В витаминінің қаситеті қандай?

7. С витаминінің қаситеті қандай?

8. Д витаминінің қаситеті қандай?
ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Үстеудің қандай түрлерін білесіз?

2. Туынды үстеу қалай жасалады?

3. Мезгіл үстеулерін атаңыз.

4. Ертең, бүрсігүні, күндіз үстеулеріне мысал келтіріңіз.
11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 129-130-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 265-267б.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 273-277- бб.


Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.104-108-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

22 тақырып: Құлақ аурулары.



Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Құлақ аурулары.

Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.
2. Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.



Когнитивті – білім компетенциясы: сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін тереңдете отырып, практикада бір-бірінен ажырата білуге үйрету, мәтіндегі жаңа атауларды меңгерту.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырата отырып, өз ойын еркін жеткізуге машықтандыру, медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын біліп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: тақырып аясында өз ойын ауызша баяндап, жазбаша дұрыс жеткізуге және өз бетінше сөйлем құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: жаңа тақырыппен жұмыс жасау барысында студенттердің ойлау қабілетін, ой– өрісін, сөйлеу тілін дамыту, белсенділігін арттыру.
4.Негізгі ұғымдар: Науқастың жағдайы, құлақ түбіндегі сілекей бездері, тамаққа тәбеті жақсару, құлақ түбі бездері, ауруханаға жатқызып, ісінген бездер; сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері түсінік, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштар жасайтын сөз таптары, сұрақтары, түрлері.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )
6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату, ойтолғау, талдау.

8.Көрнекі құралдар: Венерологиялық ауруларға арналған кесте, сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
9.Тапсырмалар

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Предложение состоит из слов, каждое из которых выполняет определенную синтаксическую функцию в предложении. Все значимые слова являются членами предложения.

В казахском и русском языках сөйлем мүшелері (члены предложения) делятся на 5 видов: бастауыш – подлежащее, баяндауыш – сказуемое, толықтауыш – дополнение, пысықтауыш – обстоятельство, анықтауыш – определение.

Тұрлаулы мүшелер (главные члены предложения) – бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое).

Бастауыш (подлежащее) обозначает, о ком или о чем говорится в предложении. Подлежащее отвечает на вопрос кім? кімдер? (кто?) не? нелер? (что?). Мысалы: Көктем (не?) келді. Айдар (кім?) оқыды.

Бастауыш – главный член предложения, который чаще всего выражается именем существительным или местоимением, причастием, числительным в именительном падеже. Мысалы: Дәрігер айтты (Врач сказал). Төрт екіге бөлінеді (Четыре делится на два).

Баяндауыш (сказуемое) обозначает, что говорится о подлежащем. Сказуемое отвечает на вопрос не істеді? не қылды? қайтті? (Что делал? Что сделал?), а также может быть выражено различными частями речи. Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?). Жел күшейді (қайтты?). Ол он сегізде (қаншада?).
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения) делятся по своим значениям на толықтауыш (дополнение), анықтауыш (определение) и пысықтауыш (обстоятельство).

Дополнением (толықтауыш) называется второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы косвенных падежей.

В казахском языке различаются: тура толықтауыш (прямое дополнение) и жанама толықтауыш (косвенное дополнение).

Тура толықтауыш (прямое дополнение) выражается табыс септік (винительным падежом). Тура толықтауыш (прямое дополнение) относятся к переходным глаголам и обозначает предмет, на который направлено действие. Прямой объект выражается аффиксальной и нулевой формой табыс септік (винительный падеж). Мысалы: Бала дәрі (нені?) ішті. Анаңды (кімді?) тыңда.

Жанама толықтауыш (косвенное дополнение) обозначает различные отношения предмета к действию и выражается косвенными падежами, кроме винительного. Отвечает на вопросы кімге? (кому?) неге? (чему?) кімде? (у кого?) неде? (с чего?) кімнен? (от кого?) неден? (от чего?) кіммен? (с кем?) немен? (с чем?). Мысалы: Несепағар қуықпен (немен?) жалғасқан. Тыныс алу жолы мұрын қуысынан (неден?) басталады.

Анықтауыш (определение) – второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы қандай? (какой? какое? какая?) қай? (который?) қанша? неше? (сколько?) нешінші? қаншасыншы? (который?) кімнің? (чей? кого?) ненің? (чей? чего?) и выражается прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастиями. Мысалы: Дәрі дәрілік (қандай?) шөптерден жасалады. Бүйректің (ненің?) қызметі күрделі.

Анықтауыш, отвечающие на вопрос қай? (который?), указывают на порядок предметов при счете. Мысалы: Ол үшінші (қай?) курста оқиды.

Пысықтауыш (обстоятельство) – второстепенный член предложения, относящийся к глаголу, обозначает обстоятельства, при которых совершается данное действие (время, место, цель, причина) и отвечает на вопросы қайда? (где?) қашан? (когда?) неге? (зачем? почему?) не үшін? (для чего?) қалай? (как?).

Пысықтауыш может быть выражено существительным, наречием, числительным. Мысалы: Мен дәріске ерте (қашан?) бардым. Өкпе кеуде қуысында (қайда?) орналасады.
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері
1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жазып алыңыз. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сызып, оларға сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Ол (кім?) дәрігерге көріну үшін емханаға барды (не істеді?)

1. Науқастың бүйрегі ауырады. 2. Несеп қаннан түзіледі. 3. Зәр шығару мүшелері екі безден тұрады. 4. Қуық жедел және созылмалы түрде қабынады. 5. Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар.

6 Денеге керексіз зиянды заттарды шығаруға белгілі мүшелер қатысады.
2-жаттығу. Сөйлемдердегі баяндауыштарды қазақ тіліне аударып, сұрақ қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды ... (выполнили). 2. Бас дәрігер жиналыс ... (проводил). 3. Олар студенттермен ... (говорили). 4. Дәріс сағат тоғызда ... (началась). 5. Біз достарымызбен емтиханға... (готовились). 6. Бүгін қызық дәріс ... (слушали).
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1.Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады. 2. Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені, не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. 3. Жіті пиелонефрит кенеттен басталады. 4. Бүйректе зәр түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.
4-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыз.

1. 1796 жылы Э.Дженнер ең қауіпті ауру шешекті болдырмаудың ... іздеп тапты. 2. Науқас адам ұзақ жыл ... емделсе, жүрек ақауынан тез айығып кетеді. 3. Қан ағзаны түрлі зиянды ... сақтайды. 4. Полиурия - ... 2 литрден көп бөлінуі. 5. Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының ... ауыруы.

(Керекті сөздер: сыздап, әсерлерден, жолын, несептің, ұқыптылықпен)
Кім тез тауып айтар екен?

1. Кімнің? Қанша? деген сұрауға жауап болатын анықтауыш мүшесі бар 5-6 сөйлем жазыңыз.

2. Анықтауыш мүшесі бар 1-2 жұмбақ ойлап айтыңыз.


5-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, жазып алыңыз. Толықтауыштың түрлерін анықтаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

1. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

/ Ж.Аймауытов/



2. Денсаулығы мықты кісі ыстыққа да, суыққа да төзе алады. Сол сияқты жаны сау адам ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, қалған басқа сезімдерді де көтере алады.

/Эпиктет/



3.Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
3-тапсырма.Өлеңді оқып, мазмұнын айтыңыз. Өлеңде кездесетін медициналық атауларды орыс тіліне аударыңыз.

Сырқат сыры

Шамадан тыс толғануды бұйыра,

Зорланғанның келер зақым миына.

Әр нәрсеге наразы боп үнемі,

Жүргендердің ауырады жүрегі.
Кім шектен тыс қызғаншақ келеді,

Оның қауіп бүйрегіне төнеді.

Үрейленгіш, күдікшілдің жауы-ірі,

Ауыратын болар түбі бауыры.


Тек сүюмен өтсе кімнің көп кеші,

Ондайлардың ауырады өкпесі.

Ашуланшақ, ұрыс құмар шетінен,

Көресіні көреді өзі өтінен.

Ауырудың себебі жүз, сыры мың,

Ең бастысы – Аллаға жат қылығың.



Оразақын Асқар

4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Фельдшер

Это слово происходит от немецкого «фельдшерер», что означает полевой, то есть военный цирюльник (парикмахер). В русский язык оно вошло во времена Петра Первого, приобрело смысл «помощник врача» и осталось до сих пор. В немецких армиях XVII-XVIII веков фельдшеры ставили банки, делали кровопускание и клизмы, лечили переломы костей, останавливали кровотечения.

Цирюльники производили некоторые операции. В средние века их называли костоправами.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
Дыбыс-звук

Өткізу-пропустить,провести

Бұлық-гной,ушная сера

Дабыл жарғағы-барабанная перепонка

Жарылу-взорваться,трескаться

Саябырсу-стихнуть,спокоиться

Бітелу-закупорка,закрыться
2-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Есту қызметі, құлақтың үш бөлімі, бір-бірімен байланысты, үш бөлімі, сыртқы құлақ, есту орталығына жіберу, әр түрлі микробтардың енуі, құлақтың қатты ауруы, ірің жарылу, ауру саябырсу, ауру жазыла бастау, ас қорытудың бұзылуы, өкпе ауруларына шалдығу, тұмау эпидемиясы, құлақтан қан ағу, құлақ аурудың зардабы, инфекцияның қанға тарауы, сырқаттың алдын алу, дер кезінде емделу.


3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Құлақ аурулары және оның алдын алу

Есту қызметіне құлақтың бір-бірімен байланысты үш бөлімі қатысады. Мысалы, сыртқы құлақта жиналған дыбысты ортаңғы құлақ ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ осы дыбысты қабылдап, оны есту орталығына жібереді. Міне, осы жүйенің түрлі себептермен бұзылуы көбінесе жедел және созылмалы құлақ ауруларына әкеліп соқтырады.

Әр түрлі микробтардың енуінен құлақтан бұлық ағады. Бұл аурудың жедел түріне жатады. Бастапқыда құлақ қатты ауырады, онан соң дабыл жарғағындағы ірің жарылып, ауру саябырсып, ақыры жазыла бастайды. Егер мезгілінде емделмесе, аурудың созылмалы түріне айналады. Кейде бұл сүйекті де зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдай балалар арасында 2-пайыз, ал ересектер арасында 1 пайызға жуық кездеседі.

Құлақтан бұлақ ағу емшек жасындағы сәбилерде ас қорытудың бұзылуы және өкпе ауруларына шалдығумен байланысты туындап дамиды. Ал тұмау эпидемиясы кезінде құлақ ерекше қабынады, одан қан ағып, есту бірден нашарлайды.

Құлақ ауруларының зардаптары ауыр. Мысалы, инфекцияның қанға тарауына (сепсис), ми қабықтарының қабынуына(менингит), ми мен мишықтарда іріңнің(абцесс) пайда болуына, көк тамыр қуыстарының бітелуіне(трамбоз) әкеліп соғады. Дегенмен, соңғы кезде мұндай зардаптар азайып келеді. Әрине бұл сырқаттың алдын алу мен дер кезінде емделудің нәтижесі.
4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Есту бөліміне нелер жатады?

2.Үш бөлімнің қызыметтері қандай?

3.Есту жүйесінің бұзылуы неге әкеліп соқтырады?

4.Құлақтан қай кезде бұлық ағады?

5.Бұл аурудың қандай белгілері бар?

6. Құлақ ауруларының зардаптары қандай аурулаға себеп болуы мүмкін?
5-тапсырма.

Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.

1-...?

-Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).



2.-...?

-Жақсы(нашар) естимін.

3-...?

-Бала кезімде ауырған.



4-...?

-Жрақат алған жоқпын.

5-...?

-Жоқ,қазір бұық ақпайды.Бірақ бала кезімде бұлақ ағатын.



6-...?

-Иә,аппараттармен қарап көріңізші.

7-...?

-Ішкі құлағыма жараның орны бар дейсіз бе?Ол неден қалуы мүмкін?



8-...?

-Иә,бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

9-...?

-Барлық емдеріңізді(антибиотиктеорді де,физиоемдеуді де,құлаққа массаж жасауды да) орындаймын.


6-тапсырма. Жалпы мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгемелеп беріңіз.
10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Бастауышы есімшеден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Шешінген судан тайынбайды.

ә) Көпті көргеннен сұра.

б) Бітіргендерді еліне қайтарды.

в) Дәрігер ауруларды емдейді.

г) Кітапты көп оқиды.



2. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Зәрдің түзілуі - өте күрделі үрдіс.

ә) Несеп қаннан түзіледі.

б) Бұлықтың жедел және созылмалы түрі болады.

в) Жүрек адамның басты мүшесіне жатады.

г) Басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.



3. Бастауышы жасырын тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қан тамыры және жүйкелер де зақымдануы мүмкін.

ә) Бит, бүрге, маса, кене арқылы таралатын да жұқпалы аурулар бар.

б) Ауру балаға науқас баладан жұғады.

в) Кешке келуі тиіс.

г) Бүйрек бұршақ пішінді келеді.



4. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қуық - зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі.

ә) Венералық аурулардың түрі көп.

б) Жұқпалы тері ауруларына тері туберкулезі жатады.

в) Терінің үшінші қабаты шел мен май қабатынан тұрады.

г) Орталық жүйке жүйесі неден тұрады?



5. Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.

Гигиена мен санитария тығыз байланысты.

а) гигиена

ә) санитария

б) тығыз

в) байланысты

г) мен

6. Сөйлемнен анықтауышты көрсетіңіз.

Бұлардың қай-қайсысында да антибиотиктер, бактериофагтар немесе антитоксиндер қолданылады.

а) бұлардың

ә) қай-қайсысында

б) антибиотиктер

в) антитоксиндер

г) қолданылады



7. Жанама толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Аурудың қоздырғыштары шаң-тозаң арқылы тарайды.

ә) Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады.

б) Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін.

в) Ауруды ерекше микроб қоздырады

г) Бөртпелердің пайда болуы мүмкін.



8. Тура толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тоқ бала аш баламен ойнамайды.

ә) Дұшпаныңнан бір сақтан.

б) Қателесу – адамға тән нәрсе.

в) Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

г) Аттан тай озады, атадан бала озады.



9. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қазақша оқиды

ә) барғым келді

б) университеттің жаны

в) созылмалы ауру

г) қауіпті ауру



10. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) Жанаттың кітабы

ә) ауруға қарсы

б) үйге бару

в) жедел қабыну

г) қоспаны дайындау





Операционалды – дағды компетенциясы:
1-жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Емдік, уақытында, анықтап, ауруды, шараларды, қолданған жоқ.

2. Бірі, эндокриндік, көп аурулардың ең, қантты диабет (ҚД), тараған.

3. Мөлшерін, қант, қажет, бар, науқастардың қант диабеті, қадағалауы.

4. Бауырда, балық, болады, Д витамині, майында.
2-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, баяндауыштардың қандай сөз таптарынан болып тұрғанын айтыңыз.

1. Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.
2. Ел-елдің бәрі жақсы

Өз елің бәрінен жақсы.


3. Асыл тастан шығады,

Ақыл жастан шығады.


4. Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.
Коммуникативті компетенция:

1. Ішкі құлақтың қызметі қандай?

2. Есту жүйесінің бұзылуынан болатын өзгерістерді атаңыз.

3. Құлақ ауруларының белгілері қандай?

5. Құлақ ауруларының зардаптары қандай?
1.Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж.Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған, А., 2002. 99-101-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. 2001.50-51-б.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 303-305- бб.


Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.125-128-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 166-167-бб.







ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
23тақырып: Аралық бақылау

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»



Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Аралық бақылау
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет