Силлабус қазақ тілі пәні бойынша, коды krya 1104



жүктеу 5.54 Mb.
бет12/29
Дата20.06.2016
өлшемі5.54 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.



3. Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулерді ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.
Операционалды – дағды компетенциясы:Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулердің жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.
Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Аралық бақылауды өткізу түрі:тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.
Сабақтың әдістері:коммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру,түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.
4. Өткізу түрі: бақылау
Коммуникативті компетенция:

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Эндокриндік жүйесіне нелер жатады?

  2. Валеология қандай ғылым?

  3. Зәр шығару жүйесіне нелер жатады?

  4. Зәрдің түзілуі туралы не білесіз?

  5. Бүйрек қандай мүше?

  6. Зәр шығару мүшелері ауруларына қандай аурулар жатады?

  7. Қуықтың қабынуы неден паайда болады?

  8. Анурия неден пайда болады?

  9. Жұқпалы аурулар туралы не білесіз?

  10. Витаминдердің түрлерін атаңыз.

  11. Құлақ ауруларының пайда болу себептері қандай?

  12. Қандай венерологиялық ауруларын білесіз?

  13. Қандай жағдайда ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады?

  14. Мерез қандай ауру?

  15. Тері адам өмірінде қандай қызмет атқарады?

  16. Тері неше қабаттан тұрады?

  17. Қандай тері ауруларын білесіз?

  18. Витаминдердің жетіспеушілігінен қандай аурулар пайда болады?

  19. Венералогиялық аурулар қалай жұғады?

  20. Құлақ ауруы туралы не білесіз?


І нұсқа

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-тапсырма.Есімдіктің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма.Сын есімнің шырайлары қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Сан есімнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.


  1. Әсер етеді, тамырларға, жүрек, қан, жұмысына, адреналин.

  2. Орналасқан, бел, бүйректер, екі жағына, омыртқаның.

  3. Қызметін, бүйрек, сүзгіш, атқарады, биологиялық.

  4. Себеп, негізгі, микробтар да, бронхиттің, дамуына, жедел, болады.


Лексикалық материал бойынша сұрақтар
1-тапсырма.Өткен мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін еске түсіріп, орыс тіліне аударыңыз.

Қуық, несепағар, несеп түзу, бүйрек, несеп каналы, құрсақ қуысы, денені уландыру, кеңесін тыңдау, қоздырғыш, сүйектері сырқырау, қан азаю, кілегей қабық, теріні майлау, газ алмасу, сулы бөртпе, есту жүйкелері, қоршаған орта, ішкі мүшелер сырқаты.


2-тапсырма.Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.

- Что вас беспокоит?

- У вас есть ощущение зуда (жжения, болезненности) кожи?

- В каких местах зуд более выраженный?

- У вас есть высыпания на коже?

- Раньше вы замечали эти высыпания? Когда?

- В какое время года у вас обостряется заболевание (весной, летом, осенью, зимой)?

- В ночное время зуд усиливается?

- Соблюдайте гигиену тела!

- Не пользуйтесь общими головными уборами, расческами.


3-тапсырма.Зәр шығару мүшелерінің ауруы (цистит, нефрит, өтке тас байлану, анурия, т.б.) бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.
4-тапсырма.Медициналық мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Зәр шығару жүйесінің қандай мүшелерін білесіз?

  2. Олардың қызметі қандай?

  3. Бүйрек қандай мүше, қайда орналасқан?

  4. Қуықтың қабынуы қандай ауру?

  5. Бүйрек қабынуының белгілері қандай?

  6. Жүйке жүйесі неден тұрады?

  7. Ми қандай бөліктен тұрады?


5-тапсырма.Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Кровоизлияние в мозг (инсульт)

Кровоизлияние в мозг чаще развивается у лиц пожилого возраста, у которых наблюдается высокое артериальное давление или атеросклероз, а так же при некоторых заболеваниях крови (повышенной кровоточивости). Вначале появляются ощущение тяжести в голове, резкая головная боль, головокружение, тошнота, может быть рвота. Затем развивается потеря сознания разной продолжительности или потеря речи. Часть тела парализуется, лицо перекашивается, становится багровым и синюшным, потным. Дыхание редкое или учащенное, хрипящее. Иногда наблюдаются непроизвольное мочеиспускание и дефекация.

Первая помощь. Больного нужно раздеть и уложить в постель, приподнять головной ее конец. К голове больного прикладывают пузырь со льдом или холодный компресс, к ногам – грелки. Срочно вызвать врача.
Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Медициналық термин қолданылған сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер жарақаттануы мүмкін

ә) қазақ жері пайдалы кенге бай

б) тыныс алу – аудағы оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарады

в) мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді

г) баспа – көмейдегі бадамша бездің қабынуы



2 . Септеліп тұрған сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

а) осыған

ә) бұл

б) мынаны



в) бүгін

г) осыдан



3. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күлі

г) түгел, барлық



4. «Ешкім келген жоқ» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік



5. Сөйлемдегі сұрау есімдігін көрсетіңіз.

Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?

а) алдын алу

ә) қандай

б) жолдары бар

в) аурудың

г) бар


6. Берілген сандардың дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз?

а) (үштен бір)

ә) 2,75 (екі бүтін жүзге жетпіс бес)

б) 1679 (мың алты жүз жеті тоғыз)

в) 12 (Он екі үш тоғыз)

г) (төрттен жеті)



7. Берілген сандардың дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз?

а) (он тоғыздан алты)+

ә) 7 (жеті бүтін алтыда жеті)

б) 29,1 (жиырма тоғыз да бір)

в) 14( онтөрт)

г) 11,5( он бірден бес)



8. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) -ау, -еу

Ә) -сыншы

Б) -дан, -ден

В) –ақ

9. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) -ты, -ті

Ә) -тан, -тен

Б) -ыншы,- інші

В) –у

10. «Біреу есік қағып тұр» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік




ІІ нұсқа

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-тапсырма.Үстеудің қанадй түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.
2-тапсырма.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

  1. Қуық түбінен несеп каналы басталады.

  2. Венералық аурулар науқас адамнан сау адамға жұғады.

  3. Аймақтық жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады.

  4. Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.


3-тапсырма.Сын есім қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.
4-тапсырма. Есімдіктің қандай түрлер бар? Мысалдар келтіріңіз.
5-тапсырма.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

  1. Біртұтас, дегеніміз, анатомиялық, ауру, құбылыстар, және, физиологиялық.

  2. Бар, ең астыңғы, торлары, терінің, май қабатында.

  3. Болады, толуына, қуық, өзгермелі, пішіні, қарай.

  4. Бүйрек, жатады, үсті, безі, екі, бүйректің, үстінде.


Лексикалық материал бойынша сұрақтар

1-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Зиянды қалдық, тері, қотыр, соз, зәрдің жүрмей қалуы, бақылаудан өткізу, бел омыртқалар тұсында, зәрдің түзілуі, қуықтың пішіні, бүйрек түбегі, қоректік заттар, тұқым қуалайтын ауру, жүйенің зақымдануы, суықты сезбеу.


2-тапсырма.Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.

- Что вас беспокоит?

- У вас давно головные боли?

- Когда чаще болит голова?

- Какая часть головы болит?

- Вы чувствуете пульсирующую боль в голове?

- Когда у вас появилась слабость в ноге (ногах), руке (руках)?

- Головная боль у вас усиливается при повышении кровяного давления?

- Страдаете ли вы бессоницей?

- Вам приходится принимать снотворные лекарства?



3-тапсырма.Тері аурулары (есекжем, теміреткі, қотыр, т.б.) бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.
4-тапсырма.Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Если случился обморок

Обморок вызывается спазмом мозговых сосудов. До прихода врача уложите больного на кровать или диван без подушки. Этим обеспечивается прилив крови к головному мозгу. Шею и грудь освободите от стесняющей одежды, расстегните пуговицы, расслабьте пояс.

Летом в комнате откройте окна, зимой – форточку. Лицо и грудь больного время от времени обрызгивайте водой и вытирайте полотенцем. Полезно растереть одеколоном руки, ноги, спину, грудь больного. Очень эффективно вдыхание нашатырного спирта. Налейте 20 капель настойки валерианы, разбавьте ее водой, дайте выпить больному. Больной должен полежать спокойно. Необходимо избегать резких движений. Окружающим запретите громко разговаривать, шуметь.
Тестілер:



1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Әрбір мүше ... қызмет атқарады.

а) ағзаcын

ә) белгілі

б) адамнан

в) жүрек


г) дайын

2. Мекендік мағынаны білдіретін сөзді көрсетіңіз.

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда

Ер жігіттің ерлігі осындайда

а) су


ә) қысқанда

б) алдыңнан

в) жау

г) ер жігіт



7. Ауруды тудыратын қандай себептер бар?

а) негізгі

ә) ғылыми

б) саяси-әлеуметтік

в) астарлы

г) жария


3. Адамның ішкі мүшелерін көрсетіңіз

а) ағайын

ә) бауыр

б) аяқ


в) әпке

г) туыс


4. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

а) игі (еді)

ә) айту (керек)

б) оқытушы (еді)

в) ақыл (дасты)

г) жалғызбын (деме)



5. Сөйлемді дұрыс жалғастырыңыз.

Дәрігердің кеңесіне ... ... .

а) тыңдау керек

ә) құлақ салыңыз

б) тыңдаған дұрыс

в) барса салыңыз

г) ауыз салыңыз



6. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күлі

г) түгел, барлық



8. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

а) жұрек


ә) жүмбақ

б) жүдеу


в) жүмсақ

г) жұзық


9. Анатомиялық атауларды көрсетіңіз.

а) тұндырма, сіріңке

ә) жүрек, өкпе

б) бауыр, туыс

в) зерттеу, ғылым

г) жейде, тұтқа





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

24 тақырып: Қант диабеті



Жай сөйлем, түрлері


2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Қант диабеті.

Жай сөйлем, түрлері.
2. Мақсаты: Жай сөйлемнің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, жай сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
3. Міндеті:Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Когнитивті – білім компетенциясы: деңгейлік тапсырмалар арқылы жай сөйлемнен алған білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту.
Операционалды – дағды компетенциясы: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция: мәтінде кездесетін медициналық терминдердің қазақша айтылуын және жазылуын үйрету.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.
4.Негізгі ұғымдар:ұйқы безі, жарақаттану, инсулин жетіспеуі, тұқым қуалау, науқастың әлсіреуі,

басы айналу, қан қысымы төмендеу, ас сіңбеу; жай сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )



Студенттің білімін бағалау (5 мин. )
6.Өткізу түрі: тәжірибелік сабақ
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, ұжымдық талдау, баяндау.
8.Көрнекі құралдар:«Қант диабеті» мәтіні бойынша жазылған кесте, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге арналған кесте, жай сөйлем түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
9.Тапсырмалар

Жай сөйлем, түрлері

В казахском и русском языках в зависимости от цели высказывания предложения (сөйлемдер) делятся на хабарлы сөйлем (повествовательные), сұраулы сөйлем (вопросительные), бұйрықты сөйлем (побудительные), лепті сөйлем (восклицательные).

Хабарлы сөйлем (повествовательные). В повествовательном предложении высказывается сообщение (информация) о каком-либо факте, событии, явлении. На письме в конце повествовательных предложений, произносимых спокойным тоном, ставится точка (нүкте).Мысалы: Ауру ауруханаға келді. Ол дәрігерде отыр. В обоих языках повествовательные предложения могут быть простыми и сложными, утвердительными и отрицательными.

Сұраулы сөйлем (вопросительные) – содержат вопрос. В конце его ставится (сұрау белгісі) знак вопроса (?). Для выражения вопроса используются интонация и вопросительные слова кім? (кто?), не? (что?), қанша? (сколько?), қайдан? (откуда?), қашан? (когда?), неге? (почему?) и др. Эти слова в вопросительном предложении чаще всего стоят на первом месте (иногда в середине предложения). Мысалы: Ауруыңыз қашан басталды? Қандай дәрі іштіңіз?

Порядок слов в вопросительном предложении:

а) Если вопрос выражается вопросительной частицей (ма, ме, ба, бе, па, пе), то вопросительное слово с частицей ставится в конце предложения. Мысалы: Басыңыз ауыра ма? Ентігесіз бе?

ә) Если вопрос выражается вопросительным местоимением или вопросительным наречием, то вопросительное слово обычно ставится перед сказуемым. Мысалы: Асқазаныңыз қалай ауырады? Қашан зақымдап алдыңыз?

Сұраулы сөйлем образуются при помощи частиц ма, ме, ба, бе, па, пе. Мысалы: Жүрегіңіз айни ма? Беліңіз ауыра ма?

Лепті сөйлем (восклицательные) служат для выражения чувств, проявления эмоций (горя, радости, удивления, восхищения и т.д.). Мысалы: Туған күніңізбен құттықтаймын! (Поздравляю Вас с днем рождения!). Бейбітшілік жасасын! (Да здравствует мир!). Восклицательные предложения произносятся высоким тоном. Помимо этого, в восклицательных предложениях применяются и другие средства (междометия, эмоционально окрашенные слова, усилительные частицы). Мысалы: Ол қандай әділ, көреген, қандай кемеңгер адам! (Какой он справедливый, дальновидный, какой мудрый человек!)

Бұйрықты сөйлем (побудительные) выражают приказ, запрещение, просьбу. Мысалы: Отпен ойнамаңыз! (Не играйте с огнем!). Жүріңіз тезірек! (Идемте быстрее!). Тақтаға келіңіз! (Идите к доске!). Қойыңыз оны! (Бросьте его!). Побудительные предложения в казахском языке передаются глаголом повелительного наклонения второго лица единственного или множественного числа. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! (Слушай, степь, Джамбула!).

В казахском языке, кроме 2-го лица, повелительное наклонение имеет и форму 3-го лица, которое выражает желание, приказание, требование, призыв и т.д. Мысалы: Сен айт, ол мені күтсін. (Ты скажи, пусть он меня подождет).
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

1 – тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

1. Бұрын қандай ем қолдандыңыз?

2. Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

3. Бұлшық еттер сүйектерді қозғалтады.

4. Тапсырманы тез орындаңыздар.

5. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады.


1 – жаттығу. Төменде берілген етістіктерді пайдаланып, хабарлы сөйлем құраңыз.

Кездесу, қарсы алу, емдеу, тапсыру, тәрбиелеу, серуендеу.


2–жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып 5-6 сұраулы сөйлем жазыңыз.

Қалай? Қашан? Қайдан? Не? Қанша? Қандай?


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді жазып алыңыз.
1.Бүйрек тасы ауру... (нефролитиаз) – көп тараған кеселдер... бірі. 2. Ауру, әсіресе 20-50 жас аралығы... жиі кездеседі. 3. Ол көбіне оң жақ бүйрек... болады, ал екі бүйректе кездесу... 15-20%. 4. Бүйректің тас аурулары... табиғаты осы күн... дейін толық анықталмаған.
2-тапсырма.Сөйлемдерді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

1. Первые попытки переливания крови человеку от животных были сделаны в ХVІІ веке. 2. Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечниках, дыхательных путей. 3. Еще древние врачи знали, что настой из листьев камфорного дерева стимулирует кровообращение и дыхание.
3-тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1.Атқарады, сүзгіш, бүйрек, биологиялық, қызметін.

2.Қарай, болады, қуық, өзгермелі, толуына, пішіні.

3.Жағына, бел, орналасқан, екі, бүйректер, омыртқаның.

4. Келеді, қан, тамыр, қолқа, бүйрекке, арқылы.
4-тапсырма. Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.


қалыпты деңгей

причинять вред

жұмыс қабілеті

терять сознание

солқылдап ауыру

бытовое условие

зиян келтіру

нормальный уровень

есінен тану

работоспособность

тұқым қуалаушылық

пульсирующая боль

тұрмыс жағдайы

наследственность


5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз және аударыңыз.

1. Жүйке жүйесі екі бөліктен тұрады.

2. Қап, зәр шығару жүйесін білмегенім-ай!

3. Қан неден тұрады?

4. Ол жүйке ауруларын жақсы біледі.

5. Қатты ауырып жатыр. Жүріңіз тезірек!



6. Дер кезінде көмек көрсетілді ме?

7. Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы өте зор.
4- жаттығу.Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

В зимний день

Занятия лыжным спортом регулируют артериальное давление крови, оказывают благотворное влияние на дыхательную систему, обмен веществ, на состояние нервной системы. После них у человека обычно хорошее настроение и аппетит, а усталость после глубокого сна снимает, как рукой. Если же на другой день вы плохо себя чувствуете, значит маршрут выбран не по силам.

Одежда для лыжных прогулок должна не обременять, а быть теплой и удобной. Преодолев первые затруднения, вы познаете всю прелесть лыжных прогулок и увидите, что они являются источником бодрости.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.«Қант диабеті» атты мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

зат алмасу - обмен веществ

ұйқы безі - поджелудочная железа

сіңу - впитаться, всасываться

кему - уменьшаться

құрғау- высыхать

жарақаттану-быть раненным, получить травму



шалдығу- подвергаться

шөлдеу - жажда, хотеть пить

арту- увеличиваться

араласу- смешиваться

жиналу -собираться

қорытылу- перевариваться

қиындау - затрудниться



2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Зат алмасу,қандағы қант мөлшері, тағамдағы көмірсулар, ағзаға сіңу, сіңіре алмау, гликоген жиналу, май алмасудың бұзылуы, толық қорытылмауы, ағза қатты улану,артық тәтті тағам жеу, жүйке жүйесінің бұзылуы.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қант диабеті

Қант диабеті - ағзадағы зат алмасудың, әсіресе көмірсу пен су алмасудың бұзылуынан болатын ауру. Бұл ауру көбінесе ұйқы безі қызметінің бұзылуы салдарынан ағзада инсулин жетіспеуінен болады. Әдетте, тағамдағы көмірсулар адамның ішінде глюкозаға айналып, ағзаға сіңеді. Қант диабеті кезінде осы глюкозаны жасушалар сіңіре алмайды. Сондықтан қант қанға, одан бүйрекке өтіп, зәрге араласып сыртқа шығады.

Қантты сіңіретін ұйқы безінің инсулин гормоны жетіспеуі салдарынан ағзадағы су алмасуы бұзылады, тіндерде су мөлшері кеміп, құрғайды. Бұл ауру тұқым қуалайды. Сондай-ақ жарақаттану, қабыну, ұйқы безі қан тамырларының склерозға шалдығуы, психикалық ауру, шамадан артық тәтті тағам жеу, ішкі секреция бездері (гипофиз, бүйрек үсті без, қалқанша без т.б.) қызметінің бұзылуы, жалпы жүйке жүйесінің бұзылуы бұл аурудың дамуына әсер етеді.

Арудың белгісі: науқас қатты шөлдейді, тамаққа тоймайды, кіші дәреті жиілейді. Қандағы қант мөлшері де көбейіп, 100 мл-де 0,2-0,4г болуы мүмкін, кейде одан да артады. Мысалы, қандағы қант мөлшері 0,19г жетсе бүйрек қантты сіңіре алмай, ол зәрге араласады. Қант диабеті асқынғанда бауырдың қызметі бұзылып, гликоген жиналады, ағзада белок, майдың алмасуы бұзылып, ас сіңбейді. Тамақтың толық қорытылмауы салдарынан ағза қатты уланып, кома(ессіз күй) жағдайына келеді. Мұндайда науқас әлсірейді, басы айналады, тыныс алуы қиындап, қан қысымы төмендейді.
4-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қант диабетінің белгілері қандай?

2. Ұйқы безі қандай гормон сіңіреді?

3. Қанда қанттың көбеюіне не әсер етеді?

4.Қант диабеті асқынганда қандай белгілер байқалады?
5 – тапсырма.Төмендегі қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз.


  1. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.

А.А.Семашко.

2. Тәннің саулығына ең жақсы шипалы дәрі – сергек әрі жайдары көңіл-күй.

Х.Бострем.



6 – тапсырма. Төменде қант диабетімен ауырған науқасқа дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың атынан тиісті жауабын жазыңыз.

  1. - Қандай себеппен келдіңіз?

- ...

2. – Қашаннан бері аурасыз?

- ...

3. – Қан қысымыңыз төмендеп кетіпті. Ал жүрегіңізде шуыл бар екен. Өзіңіз бұрын емделіп пе едіңіз?

- ...

4. – Күніне неше литрдей су ішесіз?

- ...

5. – Аузыңыз, тіліңіз құрғап кете ме?

- ...

6. – Қаныңызды, зәріңізді өткізіңіз. Анализдеріңізді тексерейік. Диагноз анықталған соң емделесіз.

- ...
10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

а) Наурыз мерекесі құтты болсын

ә) Бүйрегіңіз қалай ауырады?

б) Бүгін студенттерге ауруға қарсы вакцина егілді.

в) Айтқан жерге тез жетсін.

г) Алтынның сынығы.



2. Қате құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дене еңбегін шұғылданғанда бауырыңыз ауыра ма?.

ә) Темекі тартқаныңа қанша уақыт болды?

б) Жүйке жүйесінің зақымданып болды.

в) Ішкі мүшелердің сырқатынан пайда болды.

г) Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.



3. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз.

Шыққан буынды тек маман дәрігерге ... .

а) көрсетіп емдеуге

ә) қаратуға керек

б) көрсетіп кеңес алған жөн

в) беріп жатсаң

г) тексерткен

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жұқпалы аурулар ... .

а) ауа арқылы таралады

ә) зат арқылы жүреді

б) микроорганизмдердің енуінен пайда

в) сыртқы ортаның әсері болса

г) ағзаның жалпы күйіне

5. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Денсаулығыңыз қалай

ә) Жүрегіңіз айни ма

б) Самат өзінің досы туралы айтты

в) Сабақ қашан басталады

г) Бұл қандай дәрі



6. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Студенттер дәрісханада отыр.

ә) Дәріні салқын және қараңғы жерде сақтаңыз.

б) Сіз нешінші курста оқисыз.

в) Тұмау - өте жұқпалы ауру.

г) Кезекші дәрігер келетін шығар.



7. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дәріні дәрігердің кеңесімен ішіңіз.

ә) Тісжегі темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі.

б) Аурухана іші қандай жарық және кең.

в) Дене қызуыңыз көтеріле ме?

г) Науқас анализін толық тапсырыпты.



8. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Шіркін, Ақжүніс! Көркі ғой біздің топтың!

а) сұраулы сөйлем

ә) хабарлы сөйлем

б) құрмалас сөйлем

в) бұйрықты сөйлем

г) лепті сөйлем

9. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Мы пришли в университет для сдачи экзаменов.

а) Емтиханды университетке келіп тапсырдық.

ә) Мен университетке емтихан тапсырдым.

б) Біз емтиханды университетте тапсырдық.

в) Біз университетке емтихан тапсыруға келдік.

г) Біз емтихан университетке тапсыру үшін келдік.

10. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

а) Қаңқа денеге белгілі береді пішін.

ә) Баспа – көмейдегі қабынуы бадамша бездердің.

б) Баспаның бар жедел және созылмалы түрі.

в) Құрт ауруы - өте ауру жұқпалы.

г) Ас қорыту мен сіңу- өте күрделі үрдіс.






Операционалды – дағды компетенциясы: .

1 – тапсырма.Мәтінді тірек ете отырып төмендегі сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

  1. Қант диабеті тұқым қуалайтын ... . 2. Тамақта көмірсу мен ... көп болса да аурудың пайда болуына себеп болады. 3. Науқастың ... құрғайды, алақаны мен табаны ... . 4. Бетінде, маңдайында ... түс пайда болады. 5. Қан қысымы ..., бауыры ..., жүрек ұшында шуыл ... . 6. Сырқаттың пайда болуына ... соқтырады, ... аурулар әсер етеді. 7. Тәулігіне ... мл. Су ішеді.


Коммуникативті компетенция:

1. Қант диабеті қандай ауру?

2. Қант диабеті ауруының пайда болуына не себеп болуы мүмкін?

3. Бұл аурудың ең ерте білінетін симптомы не?

4. Сырқаттың тағы қандай белгілері бар?

5. Науқастың өмірін не ұзартады?

6. Бұл аурудың емі не болып табылады?


11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 136 -137- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 88-89-бб.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 333- бб.


Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 129-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.



174-б.








ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

25 тақырып: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері



Құрмалас сөйлем

2012ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1.Тақырыбы: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

Құрмалас сөйлем
2. Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
3. Міндеті:Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Когнитивті – білім компетенциясы: деңгейлік тапсырмалар арқылы жай сөйлемнен алған білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту.
Операционалды – дағды компетенциясы: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция: мәтінде кездесетін медициналық терминдердің қазақша айтылуын және жазылуын үйрету.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.
4.Негізгі ұғымдар:денсаулық сақтау құқығы, медициналық көмек, медицина ғылымы тұрғындарға, жоғары сапалы, ауруханалық мекемелер, емдеу бөлімшелері, басты байлығы, қабылдау, мамандырылған, құрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )
6.Өткізу түрі: Аралық сабақ
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, ұжымдық талдау, баяндау.
8.Көрнекі құралдар:Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлеріне арналған кесте, құрмалас сөйлем түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
9.Тапсырмалар

Құрмалас сөйлем

В казахском и русском языках предложения по своей структуре бывают простые и сложные.

Простым называется предложение, выражающее законченную мысль и содержащее подлежащее и сказеумое.

Сложным (құрмалас сөйлем) называется предложение, которое состоит из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу, составляющих единое целое.

Частями сложного предложения служат простые предложения. Они объединяются в сложные двумя способами: а) при помощи союзов: да (де), та (те), және (и), бірақ (однако), немесе (или), өйткені (потому что), сондықтан (поэтому) и интонаций. Мысалы: Асқар институтқа ерте келді де, бірінші дәріске қатысты. Ажар медицина университетіне оқуға түсті, себебі ол дәрігер мамандығын ұнатады.

По характеру связи и по способам выражения отношений между составляющими их частями сложные предложения и в казахском, и в русском языках подразделяются на две больше группы: на сложносочиненные (салалас құрмалас) и сложноподчиненные предложения (сабақтас құрмалас).
Құрмалас сөйлемді слайд арқылы түсіндіру

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?

2. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме?
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

1–жаттығу. Сөйлемдерді жазып алыңыз. Жай сөйлемдердің қалай байлынысып (жалғаулықтар немесе интонация арқылы) тұрғанын айтыңыз.

1. Мен дәрігермен сөйлестім және анализ тапсырдым. 2. Ажар дәріханадан дәрі сатып алды, үйге келіп дәріні анасына берді. 3. Қыс бітті, көктем басталды. 4. Олар конференцияда баяндама жасады, біз практикада болдық. 5. Жанаттың досы Астанадан келетін болды, сондықтан біз оны сағат үште қарсы аламыз.
2 -жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді қатыстырып, құрмалас сөйлем

жасаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

1. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. 2. Мидың қызметі күрделі. 3. Ас – адамның арқауы. 4. Адамның мінез-құлқына әсер етеді. 5. Ас қорыту үрдісін тездетеді.
3–жаттығу.Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Медицина университетін бітірген соң, ... . 2. Тапсырманы орындап үлгергенше, ... . 3. Созылмалы аурумен ауырғанда, ... . 4. Біз дәрістен кейін, ... . 5. Анатомия мұражайына барғанда, ... .

4- жаттығу. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Я много занимаюсь, но не говорю хорошо по-казахски. 2. Казахский язык труден, но мы занимаемся с интересом. 3. Погода была прекрасная, но нам не хотелось гулять. 4. Моя мама хотела купить лекарство, но у нее не было времени.

«Сыңарыңды тап» ойыны

Құрмалас сөйлем сыңарлары жеке парақшаларға жазылған, олар студенттерге беріледі. Студенттер кезекпе-кезек өз қолындағы құрмалас сөйлем сыңарын оқиды, мазмұнына сәйкес келгендері орнынан тұрып жалғастырады, ауызша сөйлем түріне қарай ажыратады, талданады.




Холециститтің жедел түрінде диета сақталады

жүрек қызметі нашарлайды

Науқас емханаға барғанда

жедел жәрдем машинасын шақырды

Жолдасым кенеттен ауырып қалғандықтан

анализ тапсыруға кезекке тұрды

Қан айналысы бұзылады

асқынған түріне ота (операция) жасалады
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет