Силлабус қазақ тілі пәні бойынша, коды krya 1104


Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары



жүктеу 5.54 Mb.
бет13/29
Дата20.06.2016
өлшемі5.54 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29



Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1 – тапсырма. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

әлеуметтік – социальный

жиынтық – совокупность

құқық – право

жүйелі бақылау – системный

контроль

емдеу – лечение

тексеру – обследование

күрделі – сложный

көп салалы – многопрофильный

мамандырылған– специализированный

әскери – военный

мүгедек – инвалид

ғылыми зерттеу – научное

исследование

қабылдау бөлімі- приемная

мекеме – учреждение

емдік балшық – грязевое лечение

денсаулық сақтау –

здравоохранение


жедел медициналық көмек –

скорая медицинская помощь

бөлімшелер – отделения

қабылдау – принимать

емдеу диагностикалық – лечебная

диагностика

емшаралық – процедурный

таңу бөлмелері – перевязочные

комнаты

тұрғын – житель

ерекшелік – особенность

әкімшілік шаруашылық –

административно-хозяйственный

амбулаторлық көмек –

амбулаторная помощь

міндет – обязанность

емдеу бөлімшелері – лечебные отделение

әл-ауқат – состояние




2-тапсырма. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Адам денсаулығы, әл-ауқаттың жиынтығы, әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем станциясы, мугедек адамдар, орта медициналық қызметкерлер, бөлімшенің түрі, емшаралық, таңу бөлмелері, бекітілген, әскери, жетістіктер.



3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жиынтығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген.

Емдеу-сақтандыру мекемелерінде амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оларға амбулатория немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде), дәрігерлік пункт (здравпункт), емхана, диспансерлер, медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық, әйелдерге кеңес беру (консультациясы), жедел жәрдем станциясы жатады.

Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

Стационардың түрлері:

1.Аурухана медицина ғылымы мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсетеді. Аурухана көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

2. Госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана.

3. Клиника – науқастарды емдеумен қатар студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін ауруханалық мекеме.

4. Шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме. Оларды минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге салады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір салалы (мамандандырылған) және құрамына әр түрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көп салалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық (нақтама) және емдеу бөлмелері, ота жасайтын (операциялық), емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.

2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?

3.Госпиталь дегеніміз не?

4.Клиника қандай мекеме?

5.Шипажай дегеніміз не?

6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?

7. Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

8.Адамның басты байлығы дегенді қалай түсінесіз?
Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Ы.Алтынсарин.

5-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.
6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям.

Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания.

Амбулатория. Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.

Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств».
10. Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Әр дәрінің шығарылған мерзіміне назар аударыңыз.

ә) Әрбір дәрінің этикеткасы және оны қалай пайдалану жөнінде жазылған нұсқауы болуы керек.

б) Дәріні қажет болғанда ғана қабылдау керек.

в) Егер дәрі көмектеспесе, оны қабылдауды тоқтатыңыз.

г) Дәріні баланың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.



2. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Науқас адамның бадамша безі ісініп, қан қысымы көтеріледі.

а) салалас құрмалас сөйлем

ә) шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

б) қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

в) себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

г) мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем



3. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бас сүйегі сынса, науқасты шалқасынан жатқызады.

ә) Арнайы шендеуіштер дәріханада сатылады.

б) Ересек адамда бес литрдей қан болады.

в) Полиомиелит кезінде, көбіне, жұлынның сұр заты зақымданады.

г) Қызамық ауруының жасырын кезеңі 2-12 күн.



4. Берілген сыңардан құрмалас сөйлем жасаңыз.

..., науқастың тынысы тарылады.

а) Жүрек демікпесі қатты ұйқы кезінде басталып

ә) Таңертең ерте

б) Бөлмесінің ішінде

в) Сол жақ қарыншаның қызметі бұзылғанда

г) Ащы дәрілерден



5. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп, ... .

а) отырады

ә) ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді

б) жүреді

в) күрделі қызмет

г) тығыз байланысты



6. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

..., дене қызуы көтеріледі.

а) Жұқпалы аурумен ауырған науқастың мазасы

ә) Тұмаумен қатты ауырғанда

б) Кеше бізді

в) Тамақ ішіпті

г) Егер ауру асқыну



7. Құрмалас сөйлем жасамайтын қатарды көрсетіңіз.

..., созылмалы қан аздыққа ұшыратады.

а) Дәрігерлік көмек көрсетілмесе

ә) Спортпен шұғылданушы

б) Ұзақ уақыт емделмеу

в) Дер кезінде емделмесе

г) Дер кезінде емделмегендіктен



8. Құрмалас сөйлемнің баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.

Аурудың белгісі білінісімен ..., дер кезінде емделген жөн.

а) дәрігерге барып

ә) қайнатпаны ішу

б) толық тексерілсе

в) таза ауада

г) мөлшермен



9. Құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., арнайы санаторийлерде дем алған жөн.

а) Науқастың жүрегі

ә) Дәрігердің кеңесін тыңдап

б) Қандай жағдайда

в) Жарақаттанып

г) Ауруханада ем қабылдау



10. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі оны оқимын

ә) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қалада оқиды.

б) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қар қалың түсіпті.

в) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі шешем келеді.

г) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі тәулік бойы кезекшілікте боламын.





Коммуникативтік компетенциясы:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

а) лексикалық материал бойынша:

1. Қандай стационарлық медициналық көмек көрсетіледі?

2. Аурухананың құрамына нелер кіреді?

3.Мейірбикенің қызметтік міндеттері қандай?

4.Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдерін атаңыз.

5.Шипажайларды қандай жерлерге салады?



ә)грамматикалық материал бойынша

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдердің айырмашылығы неде?

3. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?
Операционалды – дағды компетенциясы:

1–жаттығу.Төмендегі сөйлемдердің бағыныңқы мүшесін тауып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. ..., біз оны тыңдап отырдық. 2. ..., науқасқа алғашқы көмек көрсетілді. 3. ..., емханада бас дәрігер болып жұмыс істеді. 4. ..., аурудың жасырын кезеңі басталды. 5. ..., экскурсияға ерте шықты.
11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001. 56-57-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі.2010. 134-бб.

3.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-311-бб.



Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.129-134-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 165-166-бб.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

26 тақырып: Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі



Салалас құрмалас сөйлем

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі

Салалас құрмалас сөйлем


2. Мақсаты:Студенттерге салалас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін практикалық жолмен меңгерту, құлақ аурулары туралы мәлімет беру, мәтінде кездесетін медициналық терминдердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру
3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Когнитивті – білім компетенциясы: салауатты өмір салты туралы мәлімет бере отырып, салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту.
Операционалды – дағды компетенциясы:мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұндауға, грамматикалық тақырып бойынша түрлі жаттығу жұмыстарын орындауға үйрету, медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Коммуникативті компетенция: тілдік материал бойынша жаттығу жұмыстарын сауатты орындауға баулу, мәтінге берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру, студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы алған білімдерін жетілдіре отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
4.Негізгі ұғымдар: сана - сезімі төмендеу, аулақ болу, адамның көңіл-күйі, өмір сүру ұзақтығы, халықтың денсаулығы, емдеп сауықтыру, салаласқұрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )
6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас. сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: «Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі» тақырыбына арналған бүктемелер, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.
9. Тапсырмалар

Салалас құрмалас сөйлем

Сложносочиненное предложение (салалас құрмалас сөйлем), как и в русском языке, состоит из независимых друг от друга простых предложений, которые могут связываться друг с другом как при помощи союзов (жалғаулық, шылау), так и без них. Мысалы: Көктем келді, күн жылынды “Пришла весна, стало тепло”. – Көктем келді де, күн жылынды. “Пришла весна, и стало тепло”.

По способу связи сложносочиненные предложения делятся на бессоюзные и союзные.

В сложносочиненных бессоюзных предложениях составление предложений осуществляется: а) с помощью интонации. Мысалы: Науқас дәрігерге барды, дәрігерлік тексерістен өтуге жолдама алды.

б) с помощью сочинительных союзов: және, да, де, та, те – и, бірақ – но; алайда – однако; дегенмен, сонда да, әйтсе де – все ж таки; өйткені, сол себепті, себебі – потому что; сондықтан, неге десеңіз – поэтому; не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, әлде – или, либо; кейде – иногда; бірде – однажды: біресе – то.

Сложносочиненные предложения образуются при помощи следующих союзов.

а) Сочинительных (ыңғайлас) – және, да/де, та/те, “и; к тому же”.

Мысалы: Ол дәрігердің айтқан дәрісін ішті және емдерін толық алды.

б) Противительных (қарсылықты) – бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де ”но, однако, иначе, а, все ж таки”. Мысалы: 1. Науқас ауруханада жатып емделді, алайда оған ота (операция) жасалмады. 2. Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады “Я давал ему свою книгу, но он не взял”.

в) Разделительных (талғаулықты) – біресе, не, немесе я, яки, бірде, не болмаса, әлде “то, или, либо”. Мысалы: 1. Науқастың дене қызуы біресе көтеріледі, біресе төмендейді. 2. Күн біресе жауды, біресе басылды. “Дождь то шел, то переставал”.

г) Причинно-следственных (себеп-салдар) – сондықтан “поэтому”, сол себепті, себебі, өйткені “потому что”. Мысалы: 1. Студенттер сабаққа кеш келді, өйткені олар медициналық тексеруден өтті. 2. Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек. “Я старший, поэтому ты должен меня слушаться”.


Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1–жаттығу.Сөйлемдердің бірінші сыңарына сәйкес келетін сөйлемдерді екінші қатардан тауып, мағынасына қарай құрастырыңыз.

Холециститтің жедел түрінде диета сақталады

жүрек қызметі нашарлайды

Қан зиянды заттарды шығарады

өттің жүруіне кедергі келтіреді

Жиналған құмдар өт жолдарына кептеледі

ағзаны түрлі әсерлерден қорғайды

Қан айналысы бұзылады

асқынған түріне ота (операция) жасалады


2-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулық шылауларды қойып, салалас құрмалас сөйлем жасаңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Науқас емханаға келді ... , терапевтке қаралды. 2. Жолдасым ауырып қалды, ... дәрігерді шақыртпады. 3. Студенттер дәрісті жақсы тыңдады, ... бүгінгі тақырып өте қызық болды. 4. Бүгін .. өзі келсін, ... досы келсін. 5. Саматтың жүрегі қатты ауырды, ... жедел жәрдем машинасын шақырды.
3-жаттығу. Төменде берілген жалғаулықтарды пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем жазыңыз:бірақ, немесе, да, өйткені, біресе.
4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Фельдшер


Это слово происходит от немецкого «фельдшерер», что означает полевой, то есть военный цирюльник (парикмахер). В русский язык оно вошло во времена Петра Первого, приобрело смысл «помощник врача» и осталось до сих пор. В немецких армиях XVII-XVIII веков фельдшеры ставили банки, делали кровопускание и клизмы, лечили переломы костей, останавливали кровотечения.

Цирюльники производили некоторые операции. В средние века их называли костоправами.


1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Год здоровья

В соответствии с Указом Главы государства 2002 год объявлен Годом здоровья Республики Казахстан.

Здоровье является одной из главных ценностей как отдельного человека, так и общества в целом.

Учитывая разнообразие факторов, влияющих на формирование общественного здоровья и его значимость, как одного из важнейших ресурсов, здоровье является интегральным показателем и объективным критерием успешности проводимых политических, социальных и экономических реформ. Этим объясняется необходимость проведения Года здоровья в Республике Казахстан.

Исходя из этих проблем и поставленных задач, разработан План основных мероприятий по реализации Программы проведения Года здоровья.

Цели Программы Года здоровья:

- Улучшение состояния здоровья народа;

- Поддержка системы здравоохранения;

Пропаганда здорового образа жизни.

(Медицина, 2002, №1)
2-тапсырма. Төменде берілген ауру аттарын қазақшаға аударып, қай мүшенің аурулары екенін айтыңыз.

Ангина, хронический бронхит, язвенная болезнь, бронхиальная астма, ишемическая болезнь сердца, желчекаменная болезнь, радикулит, цистит, эпилепсия, порок сердца, анемия, пневмония, желтуха, брюшной тиф, нефрит, гастрит, сифилис, рахит, бруцеллез, грыжа, корь.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.“Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.


темекі-табак, сигареты

есірткі-наркотик

мінез-құлық-характер

сақтау-беречь, соблюдать

тұрмыс жағдайы-бытовое условие

ретсіз тамақтану-нерегулярное питание

тәсіл-метод

дене шынықтыру-физкультура

кему-уменьшаться

сау-здоровый




салауатты өмір салты-здоровый образ жизни

сауықтыру-оздоровить

насихат-пропаганда

жөнсіз-без причин

қалыптастыру-формировать

кепіл-залог

күту-ухаживать

індет-эпидемия

нашарлау-ухудшаться

май басу-ожирение



2-тапсырма.“Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Денсаулықты сақтау, жан-жақты даму, адамның көңіл-күйі, дене шынықтырумен айналысу, насихаттаудың тәсілдері, зиянды әдеттерден аулақ болу, індеттердің таралмауы, көтеріңкі көңіл - күй, жүректің ишемиялық аурулары, аурудың алдын алу, зиянды әдет, тұрмыс жағдайы, денені май басу, ретсіз тамақтану.
3-тапсырма.Төмендегі берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі


Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық адамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл -күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың қалай алдын алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл - күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана - сезімі төмендейді, зат алмасу үрдісі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру ұзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «VALEO» – дені сау болу және гректің «LOGOS» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 - жылдарында профессор М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.


4-тапсырма.Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

- Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?

- Валеология қандай ғылым?

- Валеология ғылымын кім енгізді?

- Денсаулықты сақтаудың жолдары қандай?

Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

Дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнына жүре алады, бірақ дүниеде бірде-бір дәрі дене жаттығуының өтеуіне жүре алмайды.

А.Мюссе.

5-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, асты сызылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет