Силлабус қазақ тілі пәні бойынша, коды krya 1104



жүктеу 5.54 Mb.
бет15/29
Дата20.06.2016
өлшемі5.54 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29


Сіз білесіз бе?


  • ЖИТС пен құтыру әлемдегі ең қауіпті аурулар деп танылған.

  • Әлемде ең көп тараған инфекциялық емес ауру – перидонтит (тіс түбі қабығының қабынуы).

  • Жер шарында ең көп тараған жұқпалы ауру- тұмау (жіті назофарингит) немесе кәдімгі суық тию.


«ЖИТС-ғасыр дерті» деген тақырыпта слайд көрсету.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

құралу-составляться

өсіп-өну-развиваться

қорғаныс қызметі-иммунитет

қолтық-подмышка

ісіну-опухание

саналу-считаться

үлкею-увеличиваться

бұғана-ключица

азаю-уменьшаться

салмақ-вес



жас-возраст

түйіндер-узлы

әлсіреу-ослабеть; лишиться сил

ресми-официально

аспап-инструмент

зерттеу-изучать; исследовать

жариялану-опубликоваться

жұғу-заразиться

қоздырғыш-возбудитель

қауіп-опасность




2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз
Ғасыр дерті, ресми түрде, иммундық қызметінің әлсіреуі,тазартылмаған аспап, мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері, өлім қаупіне апару, дәріні жасау, жасушалардың зақымдануы, толық сауықтыру, жиі кездесу, дұрыс пайдаланбау, көкбауырдың ісінуі, эпидемиялық жолмен, қауіпті ауру.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

ЖИТС (СПИД) – ғасыр дерті


ЖИТС – ХХ ғасырдың аяғында пайда болған қауіпті аурулардың бірі. Ол ғасыр дерті деп саналады. ЖИТС – деген сөз орысша “Синдром приобретенного иммунодефицита” деген сөздердің бас әріптерінен құралған.

Ресми түрде бірінші рет ЖИТС ауруы туралы 1981 жылы көктемде АҚШ-та жарияланды. Кейін бұл ауру эпидемиялық жолмен Австрия, Африка, Батыс Европа елдеріне тараған.

ЖИТС (жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) – иммундық қуатының әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы - вирус. 1983 жылы ЖИТС вирусын француз ғалымы Монтанье және американдық ғалым Галлор зерттеп тапты. ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі лентивирустар бөлігіне жатады.

ЖИТС қоздырғышы тек ауру адам арқылы немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады. Сондай-ақ ауру қан құйғанда тазартылмаған аспаптарды қолданудан, шприцтерді дұрыс пайдаланбаудан да жұғуы мүмкін. Науқас адам ағзасында вирус қанның лимфоциті мен түйірлері пайда болатын мүшелерде өсіп-өнеді.

Аурудың алғашқы белгілері бірнеше күн немесе аптадан кейін пайда болуы мүмкін. Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері ісініп, үлкеюі жиі кездеседі. Дене қызуы көтеріліп, бауыр, көкбауыр ісінеді, дене салмағы азаяды. 3-4 аптада лейкопения, антидене пайда болады. Аурудың жасырын кезеңі басталады. Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің қорғаныс қызметінің төмендеуіне әкеледі.

ЖИТС вирусын өлтіре алатын дәріні Жапонияның «Мэйдзи Чюгио» компаниясы жасап шығарыпты. Бұл дәрі вирустың ағзада одан әрі көбеймеуіне мүмкіндік береді екен. Бірақ бұл да ЖИТС-тан толық сауықтырып жібере алмайды.

Қазір ЖИТС әйелдер мен балалар арасында да жиі таралып барады. Бұл ауру ешкімнің жасына да, ұлтына да, түр-түсіне де қарамайтын, адам баласын өлім қаупіне апаратын ғасыр дертіне айналып отыр.
Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтінді кесте арқылы меңгеру. Көп нүктенің орнына мәтін бойынша сөз тіркестері мен сөздерді қойып толықтырыңыз.

- 1981 жылы көктемде ................................. ЖИТС ауруы туралы АҚШ-та жарияланды.

- С(жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) иммундық қуатының ............... жұқпалы ауру.

- ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі ................... бөлігіне жатады.

- ЖИТС қоздырғышы тек ........................ немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады.

- Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың ........................ ісініп, үлкеюі жиі кездеседі.

- Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің ........................ төмендеуіне әкеледі.

- Қазір ЖИТС ........................................ арасында да жиі таралып барады.


5-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру?

2. ЖИТС ауруы ресми түрде қашан жарияланды?

3. ЖИТС ауруының қоздырғышы қалай жұғады?

4. ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады?

5. ЖИТС ауруының белгілері қандай?

6. Соңғы уақытта бұл ауруға қарсы қандай іс-шаралар қолданылуда?
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді мәтіндегі берілу ретімен нөмірлеңіз.


дене салмағы

1. ___________________

2. ___________________

3. ___________________

4. ___________________

5. ___________________

6. ___________________

7. ___________________


қорғаныс қызметі

жұқпалы ауру

елдеріне тарау

қауіпті ауру

жасырын кезеңі

американдық ғалым


7-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.
8-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.

  1. науқас адам

  2. дене қызуы

  3. АҚШ- та жариялану

  4. алғашқы белгілері

  1. толық сауықтыру

  2. ЖИТС вирусы

  3. тазартылмаған аспап

  4. жиі таралу


Ойтүрткі.

І. Бір бейтаныс адам сізге жыныс қатынасы арқылы ауру жұқтырып алғанын айтады. Сіз оған қандай кеңес бересіз?


ІІ. Көрші әйелдің баласы есірткіге тәуелді. Анасы баласынан әбден шаршап жүргенін айтады. Ол соңғы кездері баласының денесіне жара шығып, дене қызуының да жиі көтерілетінін байқайды. Содан анасы осы туралы сізбен ақылдасуды жөн көреді. Сіз не айтар едіңіз?
ІІІ. Сіздің бір досыңыз жұмысқа тұратын болып ЖИТС-ке анализ тасырады. Анализ нәтижесінде адамның иммундық тапшылық вирусы бар екенін айтады. Досыңыз ешкімге айтпауыңызды өтініп, кеңес сұрайды. Сіздің оған берер кеңесіңіз қандай болады?
ІV. Көптен бері көрмеген құрбыңыз тұрмысқа шығайын деп жүргенін және аяғы ауыр екенін айтады. Біраз сөйлесіп отырып, жақында дәрігерлік тексерістен өткенде АИТВ қоздырғышы бер екенін біледі? Енді не істесем екен деп сізден кеңес сұрайды?
9-тапсырма.

«Ой қозғау» стратегиясы. Студенттер берілген мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет