Силлабус қазақ тілі пәні бойынша, коды krya 1104



жүктеу 5.54 Mb.
бет22/29
Дата20.06.2016
өлшемі5.54 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985ж.ж) Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Ол - Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).

Ә.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» («Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана») деген монографиялық еңбек жазды. Ол – тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмысының, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалардың авторы.

Академик Ә.Х.Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  • Қазақтың танымал қоғам қайраткерлерін атаңыз.

  • Әлихан Бөкейханов кім? Қайда дүниеге келген?

  • Тұрар Рысқұлов туралы не білесіз?

  • Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?

  • Әлкей Марғұлан кім? Оның қоғамдық қызметтері қандай?

  • Д.Қонаев қандай қоғамдық қызметтер атқарды?



5-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, мәтін құраңыз.

Студенттің білімін бақылау

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары:


1.Жіктік жалғауындағы сөзді көрсетіңіз.

а) оқыдың

ә) баршы

б) кітабымды

в) бірге

г) сөзді


2.Жіктік жалғауының көпше түрінің І жағын көрсетіңіз.

а) Неткен табиғат әдемі еді!

ә) Сен Алматыда тұрасың ба?

б) Концертке кеше барғанбыз.

в) Тауға барып демалды.

г) Ол суретті жақсы салды.



3.Жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.

а) оқисың

ә) жазды

б) емдеу


в) досым

г) өнегесі



4.Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес келеді?

Х.Досмұхамедұлы атқыштар батальонында әскери кіші.... қызмет атқарды.

а) дәреже

ә) дәрігерлік

б) саяси

в) алға


г) жан

5.Жіктік жалғауын көрсетіңіз.

а) лар, лер

ә) ды, ны

б) сың, пыз

в) на,не

г) ма, ме



6.Жіктік жалғауының ІІ жағын көрсетіңіз.

а) студентсің

ә) үйіңнің

б) әркімге

в) жеріңе

г) отырмын



7.Жіктеліп тұрған етістікті көрсетіңіз.

а) аудардың

ә) ағайыным

б) сапалы

в) жатыр

г) жазу


8.Қай сөз табы жіктеледі?

а) шылау, зат есім

ә) есімдік, сын есім

б) етістік, еліктеуіш

в) сан есім, септеулік

г) үстеу, зат есім



9.Дұрыс емес аударманы көрсетіңіз.

а) ұлт -национальность

ә) ерлік -мужество

б) бөлім - воин

в) шеберлік -мастерство

г) бесік –колыбель



10.Сөйлемді толықтырыңыз.

Ә.Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ... үлкен еңбегі жоғары бағаланды.

а) ғылымдағы

ә) сапармен

б) аңшылық

в) сыпай

г) шеберлік





Операционалды – дағды компетенциясы:

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз. Жіктік жалғаудың қандай сөз таптарына жалғанып тұрғанын түсіндіріңіз.



Емдеу, қыдыру, ақылды, жетінші, байсалды.
Коммуникативті компетенция:

а) лексикалық материал бойынша:

  • Қоғам қайраткерлер деп кімдерді айтамыз?

  • Әлихан Бөкейхановтың қоғамдағы орны қандай?

  • Тұрар Рысқұлов қай салада жұмыс істеді?

  • Д.Қонаев туралы не білесіз?

  • Әлкей Марғұлан қай жерлерде қазба жұмыстарын жүргізді?

ә) грамматикалық материал бойынша

  1. Жіктік жалғау қалай жасалады?

  2. Жіктік жалғау көбіне қай сөз табына жалғанады?

  3. Жіктік жалғаудың есімдікке жалғануына мысал келтіріңіз.

  4. Етістіктің жіктелуіне үш мысал келтіріңіз.

Адамның кәсібін көрсететін есім сөздердің жіктелуіне екі мысал келтіріңіз
Өзін-өзі дамыту компетенциясы

Жоғарыда аталған қоғам қайраткерлерінен басқа қандай тұлғаларды білесіз?

Сол туралы қысқаша мәтін құраңыз.
Негізгі әдебиеттер:


  1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 110-б.

  2. Бектаев А. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 1994.

  3. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 46-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 50-51 бб.






ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

(М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б. )

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

(М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б. )


    1. Мақсаты:

Қазақтың көрнекті ақын-жасушыларының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету;

Aдамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға Патриоттық рухта тәрбие беру;


    1. Міндеті:

  • лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

  • терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;

  • ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

  • қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.




  1. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы мәлімет

2. М.Мақатаевтың қазақ әдебиетіндегі орны

3. М.Мақатаевтың шығармалары туралы мағлұмат

4. М.Мақатаевтың аудармалары

5. Ж.Молдағалиевтың поэмаларының тақырыбы

6. Мұхтар Шахановтың өлеңдерінің ерекшеліктері

7. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыбы




  1. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

ҮЗІЛІС


4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут



7. Жаттығу жұмыстары, тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут




  1. Өткізу түрі: тәжірибелік




  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.




  1. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

  2. Тапсырмалар:

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:

Көрнекті-видный

Үлес қосу-внести вклад

Жыр жинақтары-сборник стихов

Шығармашылық-творчество

Шығармалар-произведения

Шеберлік-мастерство

Қазына-сокровище

Жоғары атақ-высокое звание

Қолдану-применять

Қоғамдық-общественный

Мемлекетік-государственный

Халық тағдыры-судьба народа

Азаматтық сарын-гражданский моти



ә) Мәтінді оқу.

Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

( М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б. )

Әдебиет –сөз өнері.Өйткені оның өмірді,адамдар тағдырын бейнелеп таныту құралы-сөз.Көркем сөз құдіреті арқылы ақын, жазушылар өмірдің түрлі көріністерін бейнелі де суретті түрде танытады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақын -Мұқағали Мақатаев(1931-1976)Ақынның шығармашылығы туған жер, туған ел,ана тілі,адамгершілік,махаббат тақырыптарына арналған.Оның кез келген шығармаларынан жердің,елдің биік рухы сезіледі. Ақынның «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым,келдің бе ?», «Аққулар ұйықтағанда » т.б.жыр жинақтарын халық сүйіп оқиды. Мұқағали Мақатаев аударма саласында да өзіндік шеберлігін танытқан ақын.Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының » «Тамұқ » атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін », Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ж.Молдағалиев (1920-1988жж)- қазақтың белгілі ақыны, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан оралғаннан кейін түрлі қызметтер атқара жүріп, шығармашылықпен айналысты. Ж.Молдағалиев жалынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылды.Ақынның тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары » деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Ж.Молдағалиев « Жыр туралы », « Сел », « Мен қазақпын », « Туған жер », « Арман қанаты », «Кісен ашқан » т.б.көптеген поэмалар жазған.Ақын шығармаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.Оның поэмаларында қазақ халқының өмірі,ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. «Кісен ашқан» поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып,өскен өнер,өркендеген халық тағдыры баяндалған.Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Мемлекеттік сыйлық берілді. Сонымен бірге Ж.Молдағалиев А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтің, Назым Хикметтің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ол өзінің атақты Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған,отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын алған ақын.

Ақынның шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған.

Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)– ақын, қоғам қайраткері. Ақын шығармаларында туған жер, тіл, ел тағдыры жырланады.Өлеңдерінде философиялық ой басым. Бірнеше өлең жинақтарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы », «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні » атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы » атты драмалық шығармасы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Әбіш Кекілбаев-көрнекті жазушы,мемлекеттік және қоғам қайраткері.Жазушының «Бір шөкім бұлт », «Дала балладалары », «Үркер» және т.б.шығармалары бар.Әбіш Кекілбаев шығармаларының тілі шешен.Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Жазушы тек шығармашылықпен ғана емес,сонымен бірге қоғамдық, мемлекеттік істермен айналысады. Ол Қазақстанның халық жазушысы деген жоғары атаққа ие.



б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

1-тапсырма.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударып,сөйлемдер құраңыз.

Литература, литературный герой, история создания, судьба народа, особенности, творчество, сборник стихов, мастерство, внести вклад,образно
2-тапсырма.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз

Ел үшін, ана тілі туралы, жыл сайын, өнер жайлы,еңбек туралы, достық туралы,отан үшін,аударма арқылы.
3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Ж.Молдагалиев-автор многих поэм В поэме ‘’Песнь о песне” Ж.Молдагалиев рассказал о татарском поэте, Герое Советского Союза Мусе Джалиле. Героиня поэмы “Судьба вдовы”- казашка,прошедшая суровый жизненный путь и ставшая борцом за новую жизнь. В лиро-публицистических поэмах “Степной дастархан” и “Я-казах”, рисующих исторический путь казахского народа, эпическая многоплановость сочетается с глубоким лиризмом, яркой образностью. А в поэме “Разбивший оковы” воссоздан образ народного композитора Курмангазы.



  1. Бақылау. Тест тапсырмалары




1.Дұрыс емес аударылған сөзді табыңыз

1.әдебиет-литература

2.шығармашылық-творчество

3.шеберлік-мастерство

4.үлес қосу-внедрить+

5.аудару-переводить



2.Дұрыс аударылған сөзді табыңыз

1.суреттеу-внести вклад

2.шығармашылық-мастерство

3.шеберлік-творчество

Үлес қосу-изображать

5.қазына-сокровище+



3.Көп нүктенің орнына керекті шылауды қойыңыз

Ол көбінесе ана тілі тағдыры ...... жазған.

1.туралы +

2.сияқты


3.дейін

4.кейін


5.сәйкес

4.Қазақ тілінде неше септік бар

1.Бес


2.Алты

3.Жеті+


4.Төрт

5.Сегіз


5.Атау септігінің шылауларын атаңыз

1. Үшін,арқылы,туралы+

2.Дейін,шейін,қарай

3.Кейін,бұрын,бері

4.Қатар,бірге

5.Сәйкес,жуық



6.Дұрыс емес аударылған сөзді табыңыз

а) әдебиет-литература

ә) шығармашылық-творчество

б) шеберлік-мастерство

в)+ үлес қосу-внедрить

г) аудару-переводить



7.Дұрыс аударылған сөзді табыңыз

а) суреттеу-внести вклад

ә) шығармашылық-мастерство

б) шеберлік-творчество

в) үлес қосу-изображать

г)+ қазына-сокровище



8.Көп нүктенің орнына керекті шылауды қойыңыз

Ол көбінесе ана тілі тағдыры ...... жазған.

а)+ туралы

ә) сияқты

б) дейін

в) кейін


г) сәйкес

9. «Мен қазақпын» поэмасының авторы кім ?

а) Абай Құнанбаев

ә) Мұқағали Мақатаев

б) Мағжан Жұмабаев

в)+ Жұбан Молдағалиев

г) Мұхтар Шаханов



10.Атау септігінің шылауларын атаңыз

а)+ Үшін,арқылы, туралы

ә) Дейін,шейін,қарай

б) Кейін,бұрын,бері

в) Қатар,бірге

г) Сәйкес,жуық



11.Атау септігінің сұрақтарын көрсетіңіз

а) кімнің ненің

ә) кімге неге

б) кімде неде

в) кіммен немен

г) +кім не



12.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз

Студенттер әдебиет,өнер .......өз ойларын айтып,пікірсайыс өткізді.

а)+.туралы,жайлы

ә) бойы,сайын

б) дейін, кейін

в) сайын,қарай

г) бұрын,соң

13.Дұрыс қолданған септеулік шылауды көрсетіңіз.

а) университетке кейін

ә) сенен туралы

б) онымен үшін

в) сабақ соң

г)+ білім үшін



14.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Ол өзінің өлеңдері ....... жастарды өнер-білімге шақырды.

а) жайында

ә) туралы

б)+ арқылы

в) бойы


г) сайын

15.Әдебиет-

а) би өнері

ә) +.сөз өнері

б) бейнелеу өнері

в) қол өнері

г) сәулет өнері





11. Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы 1994.

2. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.

3. Хабдин Қ .Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2002.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілде оқып үйренейік. Алматы, 2002.

  2. Қожахметова Х. 40 уроков казакского языка. Алматы, 1989.





ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Адамзаттың Абайы

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Тақырып: Адамзаттың Абайы
2. Мақсаты: Қазақ халқының ұлысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы мағұлымат беру. Абай сынды ұлы адамдардың ұлағатты істерін әрқашан естерінде сақтап, үлгі тұтып жүруге баулу. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Студенттің сөздік қорын байыту. Барыс септігінде тұрған сөздердің мағынасын меңгерту. «Абай Құнанбаев» мәтінін пайдалана отырып әңгіме-сұхбат құрастыруды үйрету
3. Міндеті: Мәтін соңында қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Мәтін бойынша өздеріне сұрақ қойдырып үйрету. Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру.

Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, жаттығуларды толық түрде меңгерту.

Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. Абай Құнанбаев туралы жалпы мағлұмат беру;

2. Абай Құнанбаев шығармаларын атау;

3. Абай Құанбаев атындағы мекемелерді білу;

4. Абай Құнанбаев туралы кітаптарды атау;

ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Барыс септік, сұрақтары, жалғаулары,

2. Барыс септік шылаулары.
5. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут



ҮЗІЛІС

4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут

7. Жаттығу жұмыстары, тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау -5 минут

9. Үй тапсырмасын беру, бағалау - 5 минут
6. Өткізу түрі: тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

8. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.
9. Тапсырмалар:

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:


Абайдың музыкалық мұрасы-духовные наследие Абая

ырғақ-ритм

аудармашы-переводчик

саяси қайраткер-политический деятель

әлеуметтік-социальный

өнер-искусство

шығармашылық-творчество

рухани-духовный

ерекше-особый, особенный

тек- род,порода

қисса-поэма, кисса

телегей-теңіз- огромное, громадное

әдет-ғұрып-обряд,обычай

игеру- овладеть,усваивать

алуан-всевозможный,разносторониий

мүдде-желание,цель,намерение

зерек-сообразительный, способный

көреген – дальновидный

әулет – династия

күш-жігерін аямаған – не жалея сил

үлгі – пример

сапа – качество

жан-жақты - разносторонний



ә) Мәтінді оқып, мазмұнын айту, жоспар құру.

Адамзаттың Абайы

Абай Құнанбаев 1845 жылдың тамыз айында Семей өлкесінің төрінде әйгілі Шыңғыс тауында дүниеге келді. Ел молдасы баланың құлағына үш рет айғайлап Ибраhим деп атын қойды. Баланың ата – тегі Орта жүздің Тобықты руынан шыққан атақты билер әулеті еді. Әкесі Құнанбай өз заманындағы беделді адамдардың бірі болған. Ол дін жолын қатты ұстанып, елде мұсылмандықтың кең тарауына күш – жігерін аямаған.

Жас Ибраhимді анасы Ұлжан Абай деп атаған. Осы есіммен Абай тарихқа енді. Абай жастайынан ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Көреген әке Абайға көп үміт артып, 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Болашақ ақын дін сабақтарын жеңіл үйреніп, бос уақытын кітап оқып, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Саади, Хафиз, Новои, Физули шығармаларымен, ертегі, дастан, қисса сияқты әдеби мұралармен танысып, оларды қызыға оқиды.Медресенің соңғы жылында өз бетімен орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Бұл – Абайдың кейін орысшаны игеріп кетуіне негіз болады.

Абай 13 жасқа келгенде әкесі қасына алып, әкімшілік – билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп Абай ел ісіне араласады. Ел ісіне араласу – зерек те талапты жас Абайдың халықтың әдет – ғұрып, салт – тұрмыстарымен кеңінен танысуына жол ашады. Ол қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен, батырлар жырлары мен ғашықтық жырларынан сусындайды. Сонымен қатар орыстың - Пушкин, Белинский, Герцен, Чернышевский, Некрасовтарды, Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин сынды ғұламаларының туындыларын оқиды. Сөйтіп, Абай, бірінші, өз жұртының,екінші араб-парсы тілді жұрттың, үшінші орыс, Европа жұртының ой-өнерінен нәр алады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарлатты.

Абай қазақ әдеби тілінің негізін салды, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерді. Өз шығармаларында халықтың мүддесін, арман-мұңын жырлады, жарқын болашақты аңсады. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдары басталады. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым - біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан – жақты, әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, табиғатты сүюге, ғылымға шақырады, махаббат тақырыбын көп жырлайды. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым – білім үйренуде, адамгершілік мінез – құлықта деп ұқты.

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Олардың әрқайсысы өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелеріне арналған. Кейбір әңгімелер тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады. Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздердің көлемі аз болса да, мағынасы терең, мазмұны мол. Көпшілігі сұрау, жауап, не оқушыларымен, не өзімен-өзі кеңесу үлгісінде құрылады.

Қазақ топырағында реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол Абайдан тарайды. Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді.

Абай өлеңдері мен поэмалары , қарасөздерінен басқа ән шығармашылығы да қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» және тағы да басқы әндері әлі күнге дейін халықтың жүрегіне жақын. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп орынды атаған.

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет