Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік



жүктеу 63.77 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі63.77 Kb.
g:\dcim\camera\2013-10-11 18.12.53.jpg

Теміралы Шынар Есболсынқызы

Қосарал негізгі мектебінің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы. Байғанин ауданы.

Сын есім туралы түсінік. ( 6 - сынып )

Сабақтың мақсаты: білімділік- сын есім туралы мағлұмат беріп, түсінік қалыптастыру, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу, зат есім арқылы алуан түрлі белгілерін дәлелдеу; дамытушылық- түрлі әріптерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру; тәрбиелік- оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,өз тілін жете меңгере отырып,өзге тілдерді де үйреніп,қадірлей білуге үйрету,Абай өлеңдерін, әндерін жатқа айтқызып,талдау барысында әдемілікті,әсемдікті түсінуге,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан оқу мен жазу арқылы ойлау,сұрақ-жауап,түсіндіру, баяндау,жаттығу жүргізу,тест,сергіту ойындары,логикалық тапсырмалар.

Көрнекілігі:қағидалар,плакаттар,ойын түрлері,оқулық,суреттер,сызбалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,музыка,сурет.

Дәйексөз:"Егер есіңе сақтау үшін үйренсең,ұмытасың. Ал егер түсіну үшін оқысаң,есіңе сақтайсың".

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг.

Менің көңіл-күйім қандай?

"Қайталау - білім айнасы" Үй тапсырмасын тексеру. Берілген сөздерді мағынасына қарай топтап жазу.

" Лото" ойыны. ( тест)

1. Сөз таптары дегеніміз не?

а)Сөздердің білдіретін мағынасына,түрлену тұлғасына,қойылатын сұрағына,сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталады.

ә) Сөйлемде мағына бере алмайтын сөздер тобы.

б) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер тобы. Ұтыс: дәптер

2. Зат есім дегеніміз не?

а) Заттын санын білдіретін сөздер.

ә) Заттың сынын,сапасын білдіретін сөздер.

б) Заттың атын білдіретін сөздер. Ұтыс: сызғыш

3.Жалпы есімді тап:

а) Құлагер ә) мектеп б) Асылзат Ұтыс: өшіргіш

4.Жалқы есімді тап:

а) Балқаш ә) өзен б) қала Ұтыс: желім

5. Деректі зат есімді табыңыз.

а) қиял ә) ақыл б) тас Ұтыс: сурет дәптері

6. Дерексіз зат есімді табыңыз.

а) есік ә) сана б) жусан Ұтыс:түрлі түсті қағаз

7. Негізгі зат есімді табыңыз.

а) жапырақ ә) достық б) білім Ұтыс: қаламсап

8. Күрделі зат есімді табыңыз.

а) құдық ә) қол б) ата-ана Ұтыс: қарындаш

"Жаңа сабақ құпиясы" ( жаңа сабақ түсіндіру)

Жаңа сабақтың тақырыбын жазбас бұрын бейнесөз шешіп көрелік.Бейнесөзде қоржын мен киіз үйдің есігі бейнеленген.

,,,,c:\users\home\desktop\1396973615366.jpgc:\users\home\desktop\1396972340520.jpg,

Ребусты шешіп, "Сын есім"деп,жаңа сабақтың тақырыбын ашып алады.

Қазақ тілі-өте бай тіл. Тілімізде әлденеше мыңдаған сөздер бар.Сол сөздер мағыналарына,атқаратын қызметіне,сұрағына қарай тоғыз топқа бөлінеді,оны сөз таптары дейміз.Бір тобы зат есім туралы оқып білдік,Енді келесі тобы сын есім туралы өткелі отырмыз.Енді осы сын есім дегеніміз не,қандай сөз табы екенін білу үшін мына тақтадағы плакаттағы мысалдарға назар аударайық.Мұқағалидың"Сап-сары жапырақтар"өлеңінен үзінді оқыту. Сапа-сары жапырақтар жоғалуда,

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда,тоналуда.

Сын есімді тауып,түр-түсін білдіріп тұрғанын айту.Сендер білуге тиіссіңдер,балалар,кейбір сын есімдер омоним бола алады.1.Ақ түр,түсті білдіреді.Ақ киім,ақ дастархан.

2. Ақ-сүт өнімдері. Ақты төкпе.

3.Ақ(ағу) қимылдық мағына.Бұлақтан су ағыпжатыр.

4. Ақ(ауру түрі) Көзіне ақ түсті.

5. Ақ(ауыспалы мағынада) Күнәдан ақ,пәк таза.

Сын есімдер бір-бірімен антонимді жұп құрайды. Үйрен жақсы әдептен,

Жирен жаман әдеттен.

Сын есімдер синонимдік қатарлар құрайды. Айгүл сұлу,әдемі,көрікті қыз.

Сонымен балалар,ереже шығарамыз.Заттың сынын,сипатын,сапасын,түр-түсін көлемін білдіретін сөз табын сын есімдер дейміз.



"Орамал тастамақ"ойынын ойнату.Оқушылар бір-біріне орамал тастау арқылы сын есім айтады.Орамал алған оқушы зат есім айтып,сөз тіркесін жасау.Мысалы:жазғы (демалыс),жаман (ырым),сұр (көжек),салқын (су ),білімді (оқушы ),жұмсақ ( төсек), сараң (адам ).

Жанды сөз. ( оқулықпен жұмыс)

127-жаттығу.( жазбаша орындау)

128-жаттығу.Берілген сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестеріп

жазыңдар. ( жазбаша орындау)



... ... ... ...

Салқын ... Терең ... Әдемі ... Жеңіл ...

... ... ... ...

... ... ...

Ұзын ... Қатты ... Сабырлы ...

... ... ...

... ... ...

Жасыл ... Ақ ... Күрең ....

... ... ...

129 - жаттығу. ( ауызша орындау)



" Анықта".

Алма, анар, банан,картоп, жуа, сәбіз, бота, барыс, қоян, күшік, кітап, қарындаш, сүт, тоқаш, сияқты жемістер, ойыншықтар, заттар беріледі. Осыларды түсіне,пішініне қарай ажыратып айту.



" Кім тапқыр?"

Берілген сөздердің дыбыстарынан сын есімдер жасау.



А с қ а қ Т ә т т і Ж а қ с ы Н ә з і к Қ ы с қ а

қ е а л о а д а а с а р а ө н а л е л ө ы с а ы с

ы м с а ң л е з у к м д р з т ш с р т р з т р с п

л і қ с ы а м а л е а а а ш а а і д и і ы ы ы қ а

д з а а р п і ы р н қ е л р з е п к л қ а л

ы т т ң ы л а т ы

ы ы і т і

т

ы



" Жылдам жауап" Ойын." Бір сөзбен айтқанда".

1. Сөзге шешен адамды шешен,тапқыр

2. Айтқанға сене алатын,еш нәрсені байқамайтын адамды аңқау

3. Тез ашуланатын адамды ашуланшақ

4. Жан аямай жұмыс істейтін адамды еңбекқор,еңбексүйгіш

5. Бойы ұзын адамды бойшаң,ұзынша

6. Керексіз көп сөйлейтін адамды мылжың,көкезу

7. Көрінгенге соқтыға беретін адамды сотқар,тентек

8. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адамды өсекші

9. Бір сыныпта,бір мектепте оқыған басқаларды бір сөзбен айтқанда құрдас

10. Жақсы оқитын оқушы үлгілі

11. Сабақ оқымайтын оқушы жалқау



"Ойлан, ізден тап!" ( логикалық тапсырмалар )

1.Оңға қарай оқысаң да,солға қарай оқысаң да сын есім болатын сөздер?

( қысық, көк )

2. Құрамында а әрпі үш рет келетін сын есімді тап.

( қабаған,тамаша,таңдамалы,аласа)

3.Құрамында е әрпі үш рет келетін сын есімді тап. ( керемет, тебеген )

4. Құрамында ы әрпі үш рет келетін сын есімді тап.

( қышқылтым,жауырынды,қыдырымпаз,бытыраңқы,қызықты,ысырмалы)

5. Тек қана қ әрпінен басталатын сын есімді ата.

( қысқа,қоңыр,қара,құмды,қырлы,қызғаншақ,қысқы,қатты)



"Кім білгір?" ( сөздерден сөйлем құрап, сын есімді табу )

1. Көп, Қазақстанда, шұрайлы жер. ( Қазақстанда шұрайлы жер көп.)

2. Сынып,кең,біздің,жарық,және. ( Біздің сынып кең және жарық.)

3. Кеудеше,Тоғжан,алды,әдемі. ( Тоғжан әдемі кеудеше алды.)

4. Бар,күшігі,қара ала,Шынтастың. ( Шынтастың қара ала күшігі бар.)

Сабақты қорытындылау: 1.Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Сын есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

3. Дара,күрделі сын есімдер дегеніміз не? Мысал келтір.

4. Гүл,сарымсаққа сипаттама бер.



Үйге тапсырма: 130 - жаттығу. Ережелерді оқу. Абайдың өлеңдерінен сын есімдерді теріп жазу.

Оқушылар білімдерін бағалау.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных
2014 -> РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет