Сын тұРҒысынан ойлауды дамытудан тұратын сабақтар туралы аналитикалық есеп



жүктеу 97.8 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі97.8 Kb.
Кушмурзина Даметкен Хажмухановна

ҚМПИ, аға оқытушы, п.ғ.магистрі,

Қостанай қ, Қазақстан Республикасы

Е-mail: dametken1201@mail.ru


СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДАН ТҰРАТЫН САБАҚТАР ТУРАЛЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП
АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада ЖОО-да болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда оқыту мен оқу үрдісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолданудың тиімділігі талданып, олардың іске асырылуы баяндалады. Әдістемелік пәндерді оқыту үрдісінде қолданылған оқытудың тиімді әдістері мен оқытуды ұйымдастыру формаларынан мысалдар келтіріледі.



Түйінді сөздер: біліктілік, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология, сабақ.
Оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол студенттердің қабілеттері мен дағдыларын жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Қабілеттер мен дағдылар оқу үрдісінде белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін сын тұрғысынан ойлауға негізделген тапсырмаларды орындау барысында көрініс табады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттер мен құндылықтарды және түрлі әрекеттер сияқты әр түрлі өлшемдерді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік және жеке ойлау. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Сонымен, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады [7, 12 б; 6, 45 б].

Мен өзімнің сабақтарымда студенттердің сыни ойлауларын дамыту мақсатында «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс», «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Бес жол өлең» стратегияларын қолдандым. Студенттердің топта бір-бірін, өзін-өзі және топтардың өзара бірін-бірі сыни тұрғыдан бағалауы кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикердегі диалог», «Білемін. Білдім. Білгім келеді» әдістерін қолдандым.

Студенттердің тез ойлап, тез ой алмасулары үшін және оларды топқа бөлу үшін «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс» әдісін қолдандым. Ал «Ой шақыру» әдісі арқылы студенттер белгілі бір мәселенің шешімін табуда өздерінің бар білімдерін еске түсіріп, оны практикада қолдана алды. Сонымен қатар, теориялық материалда берілген ұғымды бір-бірімен пікірлесе отырып, талқылай алды. Студенттер өздерінің сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеулерін дамытуға лайықталған «Бес жол өлең» әдісін қызығушылықпен орындады. Сабақта көріп талқылаған бейнетаспадағы екі сабақ түрі бойынша ойларын жинақтап, екі сабаққа өздерінің сыни көзқарастарын білдіру үшін «Венн диаграмасы» әдісі арқылы топтық жұмыс жасады. «Кластер» әдісі сабақта бір-бірінің пікірлерін жинақтап, жүйелеп, нақты тұжырымдар жасауда сыни тұрғыда пікірлесулерін қалыптастыратын топтық және диалогтік оқыту әдісі ретінде орындалды.

Міне, осының негізінде студенттерге сын тұрғысынан ойлау не екендігін ұғындыру мақсатында өткізген сабақтарымның бірі: «Оқытудың тиімді әдістері мен оқытуды ұйымдастыру формалары». Ол сабақ «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдістемесін түсіндіру мақсатында құрылды. Онда сабақ мақсатына сай табыс критерийлерін анықтап, әрі қарай түрлі тапсырмалар орындаттым. Бұл сабақта студенттерге сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасын бірден бермей, оны студенттердің өздері орындалған жұмыстар арқылы ұғынуларына, бір-бірімен пікірлесе отырып түсінулеріне жетелеу қажеттілігін негізге алдым.

Сонымен, сабақтарымда студенттердің бір-бірімен диалог арқылы сын тұрғыда ойлануды, талқылауды, белгілі бір шешім қабылдауды қажет ететін топтық, жұптық және өздік жұмыстарын ұйымдастырдым. Жұптық жұмыста екі студент өзара сыни пікірлесуге түседі. Мұнда диалог арқылы бір-бірінің білімін толықтырады, қатесін түзетеді, сол арқылы дұрыс шешім табады. Бұл бір-бірін бағалауда да өте тиімді.

Ал топтық жұмыстар арқылы бірнеше студенттер өзара диалогке түседі. Диалогке түсуде әркім сыни ойлайды, бір-бірінің жауабын сыни көзбен қарауға үйренеді.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы студент не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Соның бірі «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс» стратегиясы. Онда өткен тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіріп, бекіту және жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында диалогқа түсті. Онда студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, өткен материал бойынша білімдерін толықтырады. Өзінің және өзгенің білім деңгейіне сыни баға беруге мүмкіндік алады. Ал «Ой шақыру» стратегиясы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы өткен сабақтан мысал ретінде тоқталар болсам, бейнетаспада бейнелеген сабақты үзінділер арқылы көрсетіп, топта өзара талқылаулар жасаттым. Онда олар оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеттерін көріп, не бейнеленгенін, қандай тәсілдер қолданылғаны жайында ойланды, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдерінің қандай мақсатта қолданып жатқандығын, оның оқушыға және мұғалімге не беретіндігін сыни көзқараста бақылап, ортақ ой қозғады, ортақ пікір айтты, басқа топқа жариялады.

Сабақ негізінен алдын-ала түсіріліп алынған сабақтың бейнетаспасы бойынша жүрді. Ол жалпы білім беру мектептердегі 4-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына сай бастауыш сынып мұғалімінің өткізген сабағы, ал екіншісі, 3-сынып оқушыларымен басқа мұғалімнің өткізген «Дәстүрлі сабағы». Бұл сабақтарды студенттерге үзінділер арқылы көрсетіп, «бұл үзіндіде не көрді, ол не үшін қажет, оның тиімділігі неде, мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданды, неге мұғалім осындай тапсырма берді, оқушылардың әрекеттері туралы не айтуға болады» деген сияқты түрлі сыни тұрғыда ойлауды қажет ететін сұрақтар қойып отырдым. Ал студенттер ол сұрақтардың жауабын топта талқылап, белгіленген уақыт ішінде өз ойларын жариялады. Мұнда студенттер практикалық тұрғыда бастауыш сыныпта ұйымдастырылып өткізілетін сабақты көруге мүмкіндік алды. Жалпы сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін, олардың арасындағы қарым-қатынасты көріп, әдістемелік тұрғыдан тәжірибе көре білді. Төменде берілген фотосуреттерден осы сабақтың көрінісін және студенттердің сыни ойлау әрекеттерін көруге болады.


d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_130657.jpg d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_131123.jpg d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_131152.jpg d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_131324.jpg
Ойлау процесі жазу кезінде көрінеді, себебі жазып жатқан адам әр кезде белсенді. Ол әр уақытта өзіндік ойлайды да, өзінде бар білімнің барлығын қолдана алады. Ол өзінің айтқандарын нақтылай түсу үшін дұрыс дәлелдер келтіре біледі. Міне, осыны негізге ала отырып, туындаған ойларын, өз көзқарастарын жазып отыруларын талап етілді. Онда студенттер не көріп, не түсінгендіктерін жазып отырды. Бұл өз кезегінде студентердің сын тұрғысынан ойлауларын дамытуды көздейді. Бір жағынан студенттердің ойларын тек ауызша баяндап қоймай, жазу әрекеттерін де дамытуға маңызы зор. Бұдан оқытушы ретінде қай студенттің жазбаша сөйлеулері қаншалықты дамығанын және жалпы сауаттылықтары қандай екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, соңынан екі сабақты көріп, талқылап, негізгі ерекшеліктерін анықтағаннан кейін, өз ойларын «Венн диаграммасы» арқылы қорытындылап, топтық жұмыс ретінде орындады. Ол үшін оларға «Салыстыру сұрақтары» ұсынылды. Берілген сұрақтар да сыни тұрғыдан студенттердің терең ойлауларын талап ететіндей құрылды. Оған келесі фотосуреттер дәлел бола алады.


d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_144032.jpg d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_144105.jpg d:\1-ші сабақ модуль\25 февраля 2015 года урок 1\фото - сабақ № 1\20150225_145123.jpg
Жалпы тәжірибеден өту барысында өткізілген барлық сабақтарда да сын тұрғысынан ойлау кеңінен жүріп отырды. Сабақ барысында қолданған тапсырмалар нақты студенттердің сыни ойлауларын дамытуға арналған. Мысалы, студенттер келесі сабақтарда да сын тұрысынан ойлауды дамытуға арналған бірнеше тапсырмалар орындады.

Сол сияқты осы «Ой қозғау» стратегиясын тағы бір сабағымда суретпен жұмыс барысында қолдандым. Онда студенттер сюжетті сурет қарай отырып, онда не бейнеленгені туралы топта бір-бірімен пікіралмасу арқылы диалогқа түсе білді және сыни тұрғыда негізгі идеяны, ойды тауып, ат қойды. Суретті топта талқылап, үйде эссе жазуға дайындалды. Эссе жазу үшін нақты критерийлер берілді. Мысалы:

Критерийлер:


  1. А-4 парағымен 3 бет жазу керек.

  2. Эсседе бір ой бірнеше рет қайталанбау керек.

  3. Автордан мысалдар келтіріп, өз пікірімен жазылуы тиіс.

  4. Жеке түйінді қорытынды пікір болуы қажет.

  5. Мұқият әрі қатесіз жазылуы керек?

Сонымен қатар, студенттерге эссе жазуда ескеретін ескертпені ұсындым.

Ескерту: Өз тұжырымымен өмірден алып және бүгінгі қараған сабақтарды көз алдарыңа елестете отырып, сонымен қатар педагогикалық практикадан өткендегі іс-әрекеттердің бәрін бір-бірімен байланыстырып, теориялық мәтінді қайталамай жазу қажет.

  • Егер интернеттен алынбай, тек өз сөздеріңмен, жан-жақты мазмұнды ойда, тұжырымды түрде жазылса, онда ең жоғары балл қойылады.

  • Егер интернеттен алынып, автор сөзімен беріліп, өзіңіздің жеке ойыңыз байқалмаса, онда ол ең төмен бағада бағаланады.

Тағы келесі бір сабағымда осы «Ой шақыру» әдісін мына тапсырма барысында қолдандым: «Жалпы «Сөйлеу» дегеніміз не? Оны қалай талдауға болады?». -Қазір онда осы ұғымды топта талқылаңыздар, содан кейін өз ойларыңызды постер арқылы жазып түсіндіріңіздер, - деген тапсырма бердім.
d:\4-ші сабақ\№4 сабақ фото\20150305_121351.jpg d:\4-ші сабақ\№4 сабақ фото\20150305_121652.jpg c:\users\home\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\20150305_121848.jpg
Келесі бір қолданған стратегия – «Венн диаграммасы». Олар студенттердің алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйретеді. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Қорыта айтқанда, ойлаумен білім алуды байланыстыра бағыттайтын оқыту технологиясы – сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзім жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау студентті білім алуға бағыттайтын білімнің биік белестеріне көтерілуіне жол ашады. Бұл тұжырымдамам осы СТО технологиясының кез-келген стратегияларынан көрінеді. Студенттерге әрі қарай ойын, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ынталандырады.

Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. 

Сол қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің бірі – бастауыш сынып мұғалімдері. Өйткені мектеп табалдырығыннан жүрексіне аттаған балдырғандарды жылы шыраймен қарсы алып, алғаш қолына қалам ұстатып, оңы мен солын танытып, ақ пен қараны айыруда, қоршаған ортаны танып, табиғатты қорғауды үйретіп, өмірге нық қадам басуда да бастауыш сыныптың алар орны ерекше. 

Сонымен, мен өзімнің тәжірибелік сабағымды осы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен өткіздім. Онда алдымен осы топ студенттерінің күнделікті сабақтарға қатысуы, араласуы, ой бөлісуі, жауабы және берілген білімді қабылдаулары бойынша білім деңгейлерін «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейге жатады деп әр студентті өзіме анықтап алдым. Сол бойынша дайындаған тапсырмаларымды жеңілден күрделіге қарай жоспарлап отырдым. Әрине, бұл тапсырмалар бәріне де бірдей беріледі. Онда «сен мына тапсырманы орында немесе мына тапсырмаға сенің шамаң келмейді» дегендей сөздер айтылмайды. Нәтижесінде студент өз шамасына қарай орындайды, ал мен оқытушы ретінде олардың орындап отырған жұмыстарын бақылап, кімнің қандай деңгейде жұмыс жасап жатқандықтарын және жазбаша жұмыстарын тексере отырып, соңынан жиынтық бағасын қойдым.

Бұл сабақ «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме» мамандығының «Қазақ тілі емлесі бойынша практикум» пәні бойынша жоспарланып өткізілді. Онда студенттердің келешекте бастауыш сынып оқушыларының сауаттылықтарын дамыту үшін нені біліп, нені меңгеру керек екендіктерін түсіндіру, меңгерту және жалпы оларды ауызша да, жазбаша да сауаттылыққа қалай үйрету қажеттігін ұғындыру, сонымен қатар, студенттердің ауызша және жазбаша сауаттылықтарының деңгейін анықтауды басты мақсат етіп алдым. Ол үшін тапсырмаларды деңгейлеп беруді жоспарладым. Бұл студенттердің өз деңгейлеріне сай білім алып, одан әрі күрделі тапсырманы орындауға деген ынталарын дамытты, әрі өздерін сынауға мүмкіншілік алды. Нәтижесінде өзіне қиындық туғызған тапсырмалардың орындалу барысын іздейді, ойланады, басқалармен пікір алмасады.

Ал енді, тапсырмаларға тоқталар болсам: сабақ басында оларға өткен сабақта берілген материал бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдандым. Ол сұрақ-тапсырмаларды слайд арқылы беріп, соны топта өзара талқылап, жауап дайындауларын тапсырдым. Содан кейін әр кім өз жауаптарын дәптерге жазып отырды. Деңгейлеріне қарай араластырып ауызша да жауап алдым. Сонда өзім іштей деңгейге бөлгенім сәйкес келіп отырды. Білім деңгейі де төмен, әрі еш жауапкершілігі жоқ, үлгірімі нашар Г. есімді студент менің күткенімдей нәтиже берді. Себебі, оның ой-өрісі төмен, әрі сөздік қорының төмендігінен тақырыпты өрбіте алмады. Ал А. және Н. есімді студенттер төмен және орташа деңгейде берілген тапсырманы өз дәрежесінде орындап, жоғары деңгейлі тапсырманы толық орындай алмады, жетелеу сұрақтарын, мен тарапынан бағыт-бағдарды қажетсінді. Бірақ та бұл сұрақтардың нақты жауабын өздері ізденетіндіктерін және білімдерін әлі де толықтыру керек екендіктерін айтып отырдым. Келесі тапсырмада теориялық материалмен танысып, түсініктерін топтастырып постерде кластер әдісі арқылы жазу тапсырылды. Онда да студенттердің басым бөлігі және кейбір студенттер тез ойласытырып, басты рольде болды. Ал үлгірі төмен студент үнсіз келісіп отырды. Бұдан кейінгі тапсырмаға практикалық жұмыс ретінде оқушының жазған диктант жұмысын бағалауды ұсындым. Онда жоспардағы студент әрекетінде көрсетілген деңгейлер байқалды. Сюжетті тарсырманы орындауда да жоспарлаған көрсеткіштер байқалды.

Сонымен, осы тәжірибе барысында студенттердің деңгейлерін көтеру үшін, біраз іздену керектігін, әрі тапсырмаларды жеңілден қиынға қарай құру қажеттігін түсіндім. Алдағы уақытта үлгірімі төмен студентпен жұмыс түрлерін жетілдіру қажет деген ой түйдім.



Әдебиеттер:

1. Студентке арналған нұсқаулық. Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.



2. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет