Сыныбы: 7 «А» Күні: Тақырыбы



жүктеу 119.72 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі119.72 Kb.
Сыныбы: 7 «А»

Күні:

Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық (зияткерлік) сайысы

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанды сүюге, адалдыққа, білімді азамат болуға және жеке құзырлы тұлға болуға тәрбиелеу. Білімділік: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Дамытушылық: Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой –өрісін дамыту; Тәрбиелік: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап

Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Құрметті оқушылар, мұғалімдер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты жетінші сынып оқушы-ларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушы-ларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қатысатын оқушылар:

1. Ильяшов Батырхан

2. Аманжолов Абылайхан

3. Берикбаева Аида

4. Байсеитов Айдар

5. Бекмурзаева Асель

6. Естайұлы Нұрали

7. Токишев Улан

8. Кужамұратова Манар

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз үш оқушы шығып отырады.

1 - кезең: «Бәйге»

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

4 - кезең: «Жорға»



1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, барлығына сәттілік тілеймін!

- Ал, бастайық!



1-оқушы

1. Қола дәуірінің хронологиялық уақыты?( б.з.б 2800жыл б.з.б.900жыл )

2. Еріндік дауыстыларды табыңыз. (ұ, ү, ө, о, у)

3.  Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?(қызы)

4. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

2-оқушы

5. Көлемі жөнінен екінші материк:(Африка) 

 6. Екі тәулікте неше сағат бар? (48 сағат)

7. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен ? (Амазонка)

8. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

3-оқушы

10. Қазақстанмен шектескен мемлекеттерді атаңыз?(Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.)

11. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар? (1 тәулік 4 сағат)

12. Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.

( 4-ке бөлінеді Хабарлы сөйлем,бұйрықты сөйлем,лепті сөйлем,сұраулы сөйлем. )

13. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

4-оқушы

14. 2 минут 30 секундта неше секунд бар? (150 секунд)

15. Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздерді не дейміз? (Синоним)

16. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

17. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

5-оқушы

18. 360миутта неше сағат бар? (6сағат)

19. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

20. Өсімдіктің ғылыми атауы? (флора)

21. Қай кинофильмнен үзінді алынған?

6 –оқушы

22. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің авторы кім?

23. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені: (Материк)

24. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?

25. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

7-оқушы

26. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаулары септіктің қай түріне жатады?

( Тәуелдік.)

27. Әдетте адамдар бас киімін ненің алдыңда шешеді? (айнаның)

28.Сен өскенде кім боласын атама әжеме ?

29. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

8-оқушы

30. Зат неден тұрады?(молекуладан)

31.Батырханның папасының ағасының баласы Батырханға кім болып келеді? (бауыры)

32. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? (1995)

33. Бейне көрністегі сұраққа жауап беру?

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!



  1. Мұрты бар, сақалы жоқ

Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық-кошка- lady-cat)

2. Жүз теңгең болғанша,

Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

3. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

4. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорғап жүретін досы.

(ит – собака - dog)

Осы кезеңде ұпайы аз 3 оқушыны шығаруға тура келеді.



3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына ұяшыққа назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе, 10 ұпайлық сұраққа жауап беріңдер. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.



«Барлығын білгім келеді»

Абай мұрасы –ортақ қазына

10 ұпай: Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?

а) 1841 жыл б) 1845 жыл в) 1873 жыл

20 ұпай: Мына үзінді Абайдың қай шығармасынан алынған?



Дүние де –өзі, мал да –өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз...

а) Ғылым таппай мақтанба

б) Интернатта оқып жүр

в) Жасымда ғылым бар деп ескермедім

30 ұпай: Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе , әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық –әурешілікті көре –көре келдік...



Бұл үзінді Абайдың қай қарасөзінен алынған?

а) 1 –ші қарасөзі

б) 15 –ші қарасөзі



в) 26 –шы қарасөзі

40 ұпай:



Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.

Бұл өлеңін Абай қай жарына арнаған?

а) Ділдәға б) Еркежанға в) Әйгерімге

Фонетика

10 ұпай: Фонетика нені зерттейді?

а) тіл дыбыстарын б) тілдегі сөздердің жиынтығын в) мақал –мәтелдерді

20 ұпай: Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.



а) сі –бір –ле –уі –нен

б) жау –ап –сыз –дық

в) біл –ет –ін –дер –дің

30 ұпай: Жақсы мен жаман, тиер –тиместен, ұзақ жол, сен үшін, әдемі сөйледі тізбектелген сөздері екпіннің қай түріне жатады?



а) ой екпіні тіркес екпіні

б) тіркес екпіні

в) дыбыс екпіні

40 ұпай: Тоғыспалы ықпалды көрсетіңіз.



а) ташшарған

б) Сәтпай

в) мектебі

Қазақтың әдебиет фольклоры

10 ұпай: Айдаһар аузын ашса, арс етеді,

Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.

Жұмбақтың шешімін табыңыз.

а) өрмекші

б) аспан

в) найзағай

20 ұпай: Сабырлы жетер мұратқа...



Мақалының жалғасын табыңыз.

а) жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа

б) қайтып кірер есікті қатты жаппа

в) асыққан қалар ұятқа

30 ұпай: ...Сөйтіп төртеу болып жүріп кетеді. Бұлар елсіз жапан түзде келе жатса, алыста бір тау көрінеді, ол таудың үстіне тағы бір тау шыққандай болады...



Үзінді қай ертегіден алынғаның айтыңыз.

а) Керқұла атты Кендебай

б) Аяз би

в) Ер Төстік

40 ұпай:



Сәйгел тисе, мөңкіген,

Оқыра тисе, жөңкіген,

Ала бас жіп естірген,

Мұрнын тура тестірген,

Құйрығында шоғы бар,

Саздау жерге тоқтаған

Үй арасын ластаған.

Өлең қай түлікке арналған?

а) Шопанатаға б) Зеңгібабаға в) Ойсылқараға

4 - кезең: «Жорға»:

- Сендер бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады.1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 5 ұпай болып

есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1-оқушы

1. Үш би? (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)

2. Абайдың әжесі? (Зере)

3. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

4. Кімді? Нені? қай септіктің сұрақтары (Табыс)

5. 1 дм неше см? ( 10 см бар)

6. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?(қызы)

7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2-оқушы

1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

2. Жуан дауыстыларды ата? (а, о, ұ, ы, у)

3. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорғап жүретін досы. (ит)

4. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

5. Ұя салмайтын құс? (көкек)

6. Абайдың анасы? (Ұлжан)

7. 360миутта неше сағат бар? (6сағат)

3-оқушы

1. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

2. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)

3. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1945)

4. . - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаулары септіктің қай түріне жатады?

( Тәуелдік.)

5. Қосымша нешеге бөлінеді?

6. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар? (1 тәулік 4 сағат)

7. Қасым Аманжолов өмір сүрген жылдар? (1911-1955ж.ж.)



Мұғалім:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір –күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін айтады.


Қорытынды:

Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең

жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушыларды белсенді қатысқаны үшін

мадақтау.



Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырып: «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық (зияткерлік) сайысы

Сыныбы:7 «А»


Өткізетін: Бекзатова А.М.

Теміртау қаласы.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет