Сынып жетекшісі : Беркимбаева А. З тақырыбы : «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы». Мақсаты



жүктеу 56.83 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі56.83 Kb.
«Жезкент кентінің мектеп - лицейі» КММ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Ана – гүл, ана –жыр, ана – өмір шуағы! »

0 «ә» сынып

Сынып жетекшісі : Беркимбаева А.З

Тақырыбы : «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы».

Мақсаты : Ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.Балалардың білімге,адамгершілікке,ұстамдылыққа,құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: гүлмен безендірілген сахна,нақыл сөздер,үнтаспа,т.б

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.

Құрметті! Аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі «Ана –гүл,ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты таңертеңгілігіміз сіздерге арналады.Бүгінгі мектепалды даярлық тобының мерекелік кешіне қош келдіңіздер! Енді бүлдіршіндеріміздің құтықтаулрын қабыл алыңыздар!

1.Ән «Ақ мамам» хормен

2.Кәусар: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз – адамның

Анаға айтар лебізі.

3.Дильназ: Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

4.Дамир. Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзіме

Ертеңіңіз тұр күліп.

5.Шырын. Жүре берсем қасыңда,

Әйбат,анам,ай анам.

«Ботам» деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

6.Айым. Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың.

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.

Аналар ақ тілекті, сөзі көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Аққу» биін

7.Арсен. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

8.Нұрай. Әлпештеген баласын,

Ана бақыт,ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

9.Мариям. Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсам шаттанған.

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

10.Бақтияр. Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертең ақ

Отын болып жанам ғой.

11.Балназар. Анам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашылған.

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.

12. Ән. «Ертегілер еліне». Ақерке, Айым

13. Алтынай. Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз.

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

14. Ислам. Анам,анам ақ мамам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

15.Альбина. Ана өмірдің қуанышы тірегі

Бала оның жұбанышы жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дайым тыныштықты тіледі.

16.Ән «Апатайым - анашым» Дамир

17.Аружан. Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем.

18.Диас. Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар мекен.

19.Аида. Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің,

Гүлі де сен әр үйдің.

20.Азамат. Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам,ай мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қашанда.

21.Сая. Бар ана туған жердің гүлі дер ем,

Анажан,қайғың болса күңіренем.

Таусылмас тау туындай ақылың бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең.

22. Расул. Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.

23. Ануар. Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

24. Ақерке. Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болса бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

25. Ануар: Анамызға еркелеп,

Қуантуды қалаймыз.

Өссек егер ертерек.

26. Сезім; Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

27. Кәусар, Дильназ, Мариям, Шырын. Би

Бәріміздің де анамыз бар,әжеміз,әпкеміз, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе? Олай болса,әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Аналар,қалқып бақыт аралына,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа



Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
lessons -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
lessons -> Мерекелік шара тақырыбы
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила
lessons -> Сабақтың тақырыбы
lessons -> Великий Шелковый путь важнейшая торговая трасса
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Тақырыбы: Аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі. Мақсаты: Сабақтың мақсаты: а білімдік
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Табу Сабақтың мақсаты: Білімділік




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет