Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы. 2014 жыл мазм ұ н ы



жүктеу 1.48 Mb.
бет1/8
Дата04.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Сырдария аудандық мәслихатының

2014 жылғы желтоқсандағы

кезекті____________сессиясының

№___ шешіміне қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының

2011


№ шешімімен бекітілген


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сырдария ауданы. 2014 жыл
М А З М Ұ Н Ы


1.

Бағдарламаның төлқұжаты

2.

Ағымдағы жағдайға талдау

2.1

Сырдария ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және

қоғамдық-саяси дамуына ыкпалы.



2.2

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.

- экономикалық даму

- әлеуметтік сала

- инфрақұрылымдық кешен

- ауылдық аумақтарды дамыту, экология

- мемлекеттік қызметтер



2.3

Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары,тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданылыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуының көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.




1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;




2 бағыт : Әлеуметтік сала;




3 бағыт : Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін дамыту;




4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;




5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер ;

5.

Қажетті ресурстар.

6.

Бағдарламаны басқару



БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Бағдарлама

атауы

Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған

даму бағдарламасы



Оны құруға

негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан

Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы

№827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының

мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың

кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы

Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931

Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27

тамыздағы №371 Жарлығы


Өңірдің

негізгі згі сипаттамасы

Сырдария ауданының аумағы 40,7 мың шаршы км.

Ауданда 13 ауылдық округі 1 кент және 4 ауылдық елді мекен

бар.

Аудан халқы 40,0 мың адамды құрайды, халықтың



орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы км 2,8 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Тереңөзек болып табылады.




Бағыттары

Экономика;

Әлеуметтік сала;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер;


Бағдарлама мақсаттары

Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық

әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз

ету;


Міндеттері


Жалпы өнімнің тұрақты өсуін және инфляциялық

процестердің тұрақтануын қамтамасыз ету;

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені өнімдері өндірісін тұрақты өсіру есебінен

ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту

және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Инновациялық өндірістерді сақтау және жаңадан өндірістерді

ашу арқылы жақсарту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі

білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай

жасау;


Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі

медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және

тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал

жасау;


Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет, өнер және мемлекеттік тіл саласын дамыту;

Бұқаралық спорт пен денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын

дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет



сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының

қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат

саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық

қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық

дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір

қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан

болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы

қызметпен қамтамасыз ету;

Сәулет қызметі мен тұрғын үй құрылысын дамыту;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Ауданның коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін

қамтамасыз ету;

Ауданның ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша

жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіруге жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру;



Іске асырылу мерзімдері

Мақсатты индикаторлар

2011-2015 жылдар
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға

қарағанда %-бен;

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын шығаруды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің

нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем

индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен

ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар,

индустриялық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі;

Халықтың білімге қолжетімділігі мен

сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен

қамту;


Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік

(14-24 жас) жастағы жастардың үлесі;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына

қанағаттанушылық деңгейі;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар

халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың

үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен

қанағаттану деңгейі;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен

шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара

қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Құқықтық тәртiп және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз

ету, құқықтық тәртіп пен азаматтық қорғаныс, төтенше

жағдайларды ескерту ;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы

қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, шаршы метр;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы

бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға

қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Халықтың су бұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етілу

деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру;

Зиянды заттар қалдықтарын тастауды азайту;

Мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарының көлемі;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету

сапасына қанағаттанушылық деңгейі.





2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ.

2.1. Аудан экономикасының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау,

Сырдария ауданы күріш өндіруші аймақ болып саналады..

Мал шаруашылығы секторында ет бағытындағы мал өсіру ыңғайлы.

Мал жайылымдары мал басын үлғайтуға тиімді..

Сырдария аумағы бойымен темір және автомобиль жолдары өтеді; бұл аудан экономикасына оң әсерін тигізуде.

Аудан халқының өмір сүру деңгейі. Өмір сүрү деңгейі көтерілуде.

2013 жылдың қантар – қараша айларында аудан бойынша 1413 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5033 адам жұмыспен қамтылған.

2013 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 644,4 млн. теңге көлемінде болып, бюджетке 43,6 млн. теңгенің төлемдері түсірілді.

Су тапшылығына қарамай аудан шаруашылықтарында күріш өсіру жұмыстары жоғары деңгейде,Келешекте мал шаруашылығын дамытуға орасаң зор мүмкіншіліктер бар,

Мал шаруашылығын дамыту үшін;



Асыл түқымды малды көбейту және жем шығару цехтер ашу.

Сонымен қатар ауданда экономикалық және әлеуметтік проблемелер бар.

Әлеуметтік салаларда материалдық техникалық базасы төмен.

Мәденте саласында селолық клубтарға жөндеулер қажет.

Білім саласында мүғалімдер жетіспейдң.

Жастар арасында жұмыссыздық көбейуде.

Аудан экономикасы мен әлеуметтік жүйеге шағын бизнестің үлес қосуы нашар.

Ауданда және ауданға қарасты елді мекендердің жолдары қанағаттандырарлықсыз жағдайда.

Кадрлер тапшылығы сақталуда..

2.2 Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

1.Өңір экономикасын дамыту.



Өнеркәсіп – 2011 жыл

1.Өңір экономикасын дамыту.

Инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында жұмыстар жүргүзілуде.

Инфляциялық процесстерді тежеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2011 жылы қолданыстағы тұтыну бағаларының индексі 101,2 пайыз болды оның ішінде; азық-түлік тауарлары 101,1 пайыз, өндіріс тауарлары 102,3пайыз. Қолданыстағы тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың қазан айында 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 101,4 пайыз, оның ішінде оның ішінде; азық-түлік тауарлары 101,2 пайыз, өндіріс тауарлары 101,1пайыз..

Өнеркәсіп

2011 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 998,1 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2010 жылдың 12 айдағы деңгейге қарағанда 86,0 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 941,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2010 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 84,7 пайыз болып отыр.

2011 жылдың 12 айында сусындарды қоса, тамақ (ет, тағамдық өнімдер, ұн өнімдері өндірісі) өнімдерін өндіру көлемі 930,6 млн. теңгені құраса, 2010 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 84,3 пайыз төңірегінде қалыптасты.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 86,0 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға төмендеген (2010 жылдың 12 айында 13016 тонна күріш өңделсе, 2011 жылы 12125 тонна немесе 891 тонна кем өңделген, немесе 83,6 пайызды құрап отыр).

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 6,0 млн. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 56,8 млн. теңгені құрап отыр.

Өнеркәсіптің өзекті мәселелері

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында өнім шығаратын өндіріс жоғы.

шетелдің және отандық инвесторлардың жоқтығы.

Шығарған өнімдердің бәсекеге төмендігі.



2012 жылдың 12 айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1207,1 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2011 жылдың 12 айындағы деңгейге қарағанда 63,0 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1137,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 60,4 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 1105,7 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 58,7 пайызға дейін төмендеп, жеңіл өнеркәсіп көлемі 13,1 млн. теңге болып, 100,1 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 63,0 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 45,7 пайызға төмендеген (2011 жылы 11593,0 тонна күріш өңделсе, 2012 жылы 6295 тонна немесе 5298 тонна кем өңделген, немесе 54,3 пайызды құрап отыр).

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 39,4 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 30,1 млн. теңгені құрап отыр.



2013 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1157 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 87,2 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1020,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 79,2 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 995,7 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 78,7 пайызға дейін төмендеп, жеңіл өнеркәсіп көлемі 15,1 млн. теңге болып, 99,2 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 87,2 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 42,6 пайызға төмендеген (2012 жылы 3434 тонна күріш өңделсе, 2013 жылы 1971 тонна немесе 1463 тонна кем өңделген, немесе 57,4 пайызды құрап отыр).

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 42,9 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 88,8 млн. теңгені құрап отыр.



2014 жылдың 10 айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 716,7 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 116,5 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша 2014 жылдың 10 айында 6,4 млн теңгенің өнімі \өндіріліп, 2013 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 89,2 пайызға көбейді.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылдың 10 айында 597,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 112,8 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 524,0 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 112,4 пайызды құраса, жеңіл өнеркәсіп көлемі 12,7 млн. теңге болып, 115,0 пайыз болып отыр.

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 75,5 млн. теңге болып, 2013 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 86,4 пайызға көбейді, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 37,3 млн. теңгені құрап 90,6 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіптің өзекті мәселелері

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында өнім шығаратын өндіріс жоғы.

шетелдің және отандық инвесторлардың жоқтығы.

Шығарған өнімдердің бәсекеге төмендігі.



Агроөнеркәсіп кешені.

Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер байқалуда.



2011 жылы ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 32349 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102,7 пайызға артып отыр. Оның ішінде 19851 гектары дәнді дақылдар, 540 гектарына майлы дақылдар, 3200 гектарға картоп, көкөніс, бақша және 9653 гектарға мал азығындық дақылдары егілді.

Егілген 18756 гектар күріш толығымен жиналып, 1,0 млн. центнерден астам астық алынып, орта өнім 53,5 ц/га-дан келді.

2011 жылы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 1,7 %-ға (26532 бас болды), түйе 0,9 %-ға (923 бас болды) өскендігі, жылқы 7,0 %-ға (7623 бас болды), қой мен ешкі саны 17,4 %-ға (45985 бас) кемігені байқалды. Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 0,9%-ға (3520 тонна болды) ұлғайды, сүт өндірісі 2,5%-ға (8206 тонна), жұмыртқа 8,4%-ға (1093 мың дана) азайып отыр.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелер:

Шаруашылықтарда ауылшаруашылық техникалары сын көтермейді. Шаруашылықтардың жаңа техникаларды сатып алуға каражаттары жеткіліксіз.

Себілетін тұқымның сапасы төмендігі.

Ауылшаруашылық жерлерінң тұздануы.

2.1. Егін шаруашылығы. Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер байқалуда.

2012 жылы аудан бойынша 31958 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 18915 гектар күріш, 732 гектар жаздық бидай, 200 гектар күздік бидай, 50 гектар мақсары, 1400 гектар картоп, 780 гектар көкөніс, 780 гектар бақша және 9101 гектарға мал азығындық дақылдар егілді.

Аудан бойынша 11 ауылдық округ күріш дақылын егумен айналысады. Күріш дақылының 17633 гектары іріленген шаруа құрылымдарына тиесілі болса, 1282 гектар 27 шаруа қожалықтарына тиесілі, яғни шаруа қожалықтарының үлес салмағы 6,7 пайыз.

Облыс бойынша егілген 75427 гектар күріштің Сырдария ауданы 25,1 пайызын құрап отыр.

Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толық аяқталды. Жиналған 18195 гектар күріштен 77,0 мың тонна, 200 гектар күздік бидайдан 140 тонна, 732 гектар жаздық бидайдан 343 тонна, 1400 гектар картоп 16,8 мың тонна, 780 гектар көкөністен 12,3 мың тонна, 780 гектар бақшадан 12,9 мың тонна және 50 гектар мақсарыдан 15 тонна өнім жиналды.

Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бүгінгі күнге барлық 70,0 мың тонна шөп, оның ішінде 8,2 мың тоннасы жоңышқа шөбі дайындалды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына аудан бойынша шаруашылық субъектілеріне арзандатылған 9450 тонна жанар – жағар май алынды.

Аудан бойынша 2012 жылдың күзгі егін жинау науқанына 164 жатка, 221 астық жинайтын комбайн, 77 жүк автокөлігі, 194 трактор тіркемесі қатысуда. Сонымен қатар «Ақжарма - 2» шаруа қожалығы 3 «Енисей» комбайыны, 3 жатка, 4 ХТЗ тракторларын лизингілік жолмен алды. «Жамбал - 2030» ЖШС-і Қостанай облысынан егін жинауға жарамды 3 астық жинайтын комбайын алдырып егінге қосты.

2012 жылы егілген ауыл шаруашылығы басым дақылдарына Үкімет тарапынан бөлінген жеңілдіктерден күріш, мақсары, жоңышқа дақылдарына, минералды тынайтқыштарға, су жеткізіп беру қызметіне барлығы 604,5 млн. теңге субсидия төленді.

«Эпизоотитяға қарсы іс-шараларға» республикалық бюджеттен барлығы 25,0 млн. теңге қаржы бөлініп, аудан бойынша 14 түрлі індетке қарсы егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сәйкес 2012 жылдың 11 айында жоспарланған ветеринариялық - профилактикалық шаралары 100,4 пайызға және диагностикалық зерттеулер 100,0 пайызға орындалып, 23,4 млн. теңге қаржы игерілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында 4 түрлі ауруларға қарсы егу қызметіне аудандық бюджеттен 1,5 млн. теңге қаржы бөлініп қаржы толығымен игеріліп, малдың түрлі ауруына қарсы алдын алу шаралары жүргізілді.

Аудан бойынша барлығы 14 мал көмінділері бар, оның ішінде 6-і типтік жобадағы салынған биотермиялық шұнқұрлар.

2.2.Мал шаруашылығы.

Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түйе 19,6 %-ға (1104 бас), жылқы 3,8 %-ға (7909 бас) өскендігі, мүйізді ірі қара басының саны 95,5 %-ға (25323 бас), қой 51,1 %-ға (13684 бас), ешкі 64,6 %-ға (10091 бас), құс 21,5 %-ға (5319 бас) дейін кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 6,1 %-ға (3734 тонна) өскендігі, сүт өндірісі 8,6%-ға (7501 тонна), жұмыртқа 71,7 %-ға (309,0 мың дана) азайып отыр.

Қой малының асыл тұқымды қаракөл түрін өсірумен «Байзақ» шаруа қожалығы айналысуда, бұл шаруашылықта 1344 бас қой малы бар. Былтырғы жылы алынған 650 бас еркек қозыларды халыққа сатуда.

Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Қызылорда филиалы арқылы 7 жылға 6% өсіммен Ақжарма ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығы 17,0 млн. теңгеге 104 бас аналық сиыр малын сатып алды. Ақмола облысынан 4 бас «ақбас қызыл» бұқасын сатып алды.

Осы бағдарлама бойынша Тереңөзек кетінің тұрғыны жеке кәсіпкер Рахметов Бөлеген 60 бас аналық сиыр асыл тұқымды 3 бас бұқа малын, Қоғалыкөл ауылында «Шағырай» шаруа қожалығы 144 бас аналық сиыр, 5 бас бұқа сатып алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Ақжарма ауыл округіндегі «Байдәулет Ата» шаруа қожалығы 33 бас аналық сиыр, 2 бас бұқа, «Нұрсерік» шаруа қожалығы 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа, жеке кәсіпкер Қ. Сыздықов 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа малын сатып алды.

«Шаған Жер» ЖШС-гі «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп 500 бас мал бордақылау жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Мал өнімінің көлемін, сапасын арттырудың жолы мал басын асылдандыру, яғни асыл тұқымды бұқалар ұрығымен ұрықтандыру.

Аудан бойынша Айдарлы, Бесарық ауыл округтерінде мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда барлығы 100 бас анылық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Қазіргі таңда С. Сейфуллин ауылында 1 мал сою пункті сапалы жұмыс жүргізуде. Қызмет көрсету қуаттылығы тәулігіне 1 тонна ет өндіруде. 2012 жылдың 11 ай қорытындысымен 253 бас ірі қара, 35 бас жылқы сойылды.

2.3. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2012 жылы Республикалық бюджеттен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақыға 13,6 млн. теңге, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 101,9 млн. теңге қаржы қаралып, 73 маманға көтерме жәрдемақыға, 48 маманға тұрғын үй сатып алуға қаржы берілді.

2.4. Жер қатынастары. Сырдария ауданының барлық жер көлемі 4,1 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде Қарағанды облысының 1,2 млн. гектар жер ұзақ мерзімге пайдалануға алынған. Әкімшілік территориядағы негізгі жер көлемі 2,9 млн гектар, оның ішінде суармалы жер 0,05 млн гектар, инженерлік жүйеде тегістелген 0,04 млн. гектар, шабындық 0,01 млн. гектар, жайылымдық 2,7 млн. гектарды құрап отыр.

2012 жылдың 12 айында аудан әкімдігіне жер учаскесін беру жөнінде 365 өтініш, оның ішінде 147 жеке тұлғадан, 218 заңды тұлғадан келіп түсті.



: upload -> userfiles -> files
upload -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
upload -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
upload -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
upload -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
files -> Джанузаков Сауытбек Джунисбекович Сотовый телефон (обязательно)
files -> Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы (13. 01. 2015 жылдың өзгерістерімен ) Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді
files -> Закона Республики Казахстана «О выборах в Республике Казахстан»


  1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет