Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы. 2014 жыл мазм ұ н ы


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы



жүктеу 1.48 Mb.
бет3/8
Дата04.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №46-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес 2011 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған бюджет бойынша 5846,0 мың теңге бөлініп, 2012 жылдың 1 қантарына 124 отбасыға (652 отбасы мүшелері) 5682,3 мың теңге төленді.



18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.

2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2011 жылға 48983,0 мың теңге қаржы қаралған. 2011 жылдың 12 айында 1264 отбасына (оның ішінде бала саны - 3951) 48054,4 мың теңге тағайындалып, төленді.



Тұрғын үй көмегі туралы.

Аудан бойынша 2011 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 16517,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2011 жылдың 12 айында 650 отбасына (жанұя мүшелері 3586 адам) 12141,3 мың теңге тағайындалып, төленді.



2012 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауын республика өңірі мен әрбір қазақстандық үшін аса маңызды мәні бар саяси оқиға. Бұл жолдау қоғам мен мемлекет дамуының барлық негізгі бағыттарын қамти келе, әсіресе әлеуметтік салаға басымдық жасаумен ерекшеленеді. Онда Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін белгіледі.

Қазір елімізде әлеуметтік көмектің негізгі түрлері «Халықты жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыруға, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Әр отбасының табысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсартудың негізі - тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Аудан бойынша 2012 жылы 70 мекеме ұжымдық шартқа отырып, жалпы жұмыс жасайтын мекеменің 41 пайызын құрап отыр.

Ауданда бойынша 2012 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 556 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2012 жылы 1400 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2012 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1721 адам хабарласып, 711 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 45 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.

2012 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 49,7 млн. теңге қаржы бөлінген. 2013 жылдың 1 қантарына 1009 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.

2012 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 28 мүгедектің 17-і қоғамдық жұмысқа, 10-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге 8 мүгедек тіркеуде тұрады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде 28 жазасын өтеп келген жұмыссыз азаматтар есепте тұрады. Бүгінгі күнге 3-і тұрақты жұмысқа орналасып, 5-і қоғамдық жұмысқа жіберілді.



«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарына – 67 адамға, қайта даярлау курстарына – 51 адам жолдама алды.

Аудан бойынша биылғы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 27702,0 мың теңге қаржы қаралып, 186 адам жұмысқа тартылды

Жастар тәжірибесіне 2012 жылға 7816,0 мың теңге қаржы қаралып, 56 адам жолдама арқылы жұмысқа жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «PROF КОНСАЛТИНГ» ЖШС-гі арқылы кәсіпкерлік негіздері курсында 84 адам оқып сертификат алды.

Микрокредит алуға республикалық бюджеттен – 225,0 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда «Рита» МҚҰ ЖШС-гі 64 адамға - 110,0 млн. теңге, «Мұхтар Кредит» ЖШС-гі 25 адамға – 25,0 млн. теңге, «МКЛН КРЕДИТ» ЖШС-гі 21 адамға – 20,0 млн. теңге, «Шаған» МКҰ ЖШС-гі 35 адамға 70,0 млн. теңге барлығы 145 адамға – 225,0 мың теңге қаржы берілді.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 48,0 млн. теңге қаржы қаралып, қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде Шаған ауылындағы №37 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 29,5 млн. теңге, ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге 18,5 млн. теңге толығымен игерілді.

Осы бағдарлама аясында аудандық бюджет есебінен 27,1 млн. теңге қаралып, 24,3 млн. теңгесі игерілді. Оның ішінде Шаған ауылының Әуез мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 15,4 млн. теңге бөлініп, 13,9 млн. теңгесі игерілсе, 750,0 мың теңгеге ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жобасының сметалық құжаттары дайындалды.

Сонымен қатар Самара-Шымкент трассасының бойын жарықтандыруға 9,2 млн. теңгеге

жұмыстар жүргізілсе, «Шіркейлі» каналы арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындауға қаралған қаржы -1,7 млн. теңгеге, игерілген қаржы көлемі – 510,0 мың теңге.

Осыған қосымша «Шаған жер» ЖШС-нің қаражаты есебінен 30,0 млн. теңгеге Шаған ауылын көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2012 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған бюджет бойынша 3210,0 мың теңге бөлініп, 2012 жылы 52 отбасына (274 отбасы мүшелері) 2230,1 мың теңге төленді.



18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2012 жылға 46130,0 мың теңге қаржы қаралған. 2012 жылдың 12 айында 967 отбасына (оның ішінде бала саны - 3159) 37589,3 мың теңге тағайындалып, төленді.



Тұрғын үй көмегі туралы.

Аудан бойынша 2012 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 18238,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2012 жылдың 12 айында 392 отбасына (жанұя мүшелері 2105 адам) 4860,8 мың теңге тағайындалып, төленді.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы. 2012 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша мүгедек жандарға 138 құрал жабдық беріліп, 54 мүгедек санаторияға емделуге жолдама алса, 9 мүгедек жан жұмыспен қамтылды.

2012 жылға жергілікті бюджеттен мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмекке 39 балаға 1294,0 мың. теңге қаржы қаралып, 2013 жылдың 1 қантарына қаржы 100 паызға игерілді.



2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауын республика өңірі мен әрбір қазақстандық үшін аса маңызды мәні бар саяси оқиға. Бұл жолдау қоғам мен мемлекет дамуының барлық негізгі бағыттарын қамти келе, әсіресе әлеуметтік салаға басымдық жасаумен ерекшеленеді. Онда Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін белгіледі.

Қазір елімізде әлеуметтік көмектің негізгі түрлері «Халықты жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыруға, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Әр отбасының табысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсартудың негізі - тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Ауданда бойынша 2013 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 572 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2013 жылы 800 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2013 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2021 адам хабарласып, 747 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 195 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 28 адам жұмысқа орналастырылды.

2013 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 53341,0 мың. теңге қаржы бөлінген. 2013 жылдың 1 қаңтарына 1051 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы 100 пайызға игерілді.

2013 жылдың 1 қаңтарына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 20 мүгедектің 11-ы қоғамдық жұмысқа, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге 8 мүгедек тіркеуде тұрады.



«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарына – 50 адамға, қайта даярлау курстарына – 60 адамға жолдама беру жоспарланған. Қайта даярлау курстарын 30 адам бітіріп шықты.

Аудан бойынша есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 166 адам 27 мекемеге жұмысқа тартылды.

Жастар тәжірибесіне 2013 жылдың 12 айында 108 адам жолдама арқылы 64 мекемеге жұмысқа жолданды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен ауданға 280,0 млн. теңге қаржы қаралып, оның 111,0 млн. теңгесін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға ниет білдірушілерге тарату көзделіп, бүгінгі күнге 67 адамға берілді.

Қалған 169,0 млн. теңге «Рита» микрокредиттік ұйымы арқылы 29 адамға 71,0 млн. теңге, «Серпін Даму Финанс» кредиттік серіктестігі арқылы 18 адамға 50,0 млн. теңге, «Аламан» кредиттік серіктестігі арқылы 7 адамға 17,0 млн. теңге, Қалжан ахун ауылдық округінен құрылған «Қабылкөл» кредиттік серіктестігі арқылы 8 адамға 15,0 млн. теңге несие беріліп, 16,0 млн. теңгеге «Заңғар» микрокредиттік ұйымы арқылы берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2013 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған бюджет бойынша 2275,0 мың теңге бөлініп, 2014 жылдың 1 қаңтарына 5 отбасына (24 отбасы мүшелері) 315,3 мың теңге төленді.



18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2013 жылға 39297,0 мың теңге қаржы қаралған. 2013 жылдың 12 айында 787 отбасына (оның ішінде бала саны - 2632) 34841,9 мың теңге тағайындалып, төленді.



Тұрғын үй көмегі туралы.

Аудан бойынша 2013 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 14865,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2013 жылдың 11 айында 304 отбасына (жанұя мүшелері - 1667 адам) 8472,1 мың теңге тағайындалып, төленді.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы. 2013 жылдың 1 қаңтарына мүгедек жандарға 257 құрал жабдық берілді. 2013 жылға жергілікті бюджеттен мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмекке 42 балаға 1631,7 мың. теңге қаржы тағайындалып, төленді.

2014 жылы 810 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2014 жылдың 1 қазанына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1961 адам хабарласып, 788 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 148 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 12 адам, жұмысқа жарамды 30 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы қоғамдық жұмыспен 700 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 23891,0 мың. теңге қаржы бөлінген. 2014 жылдың 1 қазанына 612 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, 30618,5 мың теңге қаржы игерілді.

Ауданда бойынша 2014 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 660 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2014 жылдың 1 қазанына 771 жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы барысында бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен бөлінген қаржы көлемі – 163544,0 мың теңге болса, игерілген қаржы көлемі 165780,0мың теңге, жұмысқа орналастырылған адам саны - 16.

Аудан бойынша есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адам жоспарланып, қазіргі таңда 98 адам 18 мекемеге жұмысқа тартылды.

Жастар тәжірибесіне 2014 жылы 90 адам жоспарланып, қазіргі таңда 107 адам 53 мекемеге жұмысқа тартылды.

Бағдарламаның «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты аясында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 222 000,0 мың теңге қаржы жоспарланып,барлық ауылдық округтер бойынша несие алуға ниет білдірген 230 адамның құжаттары қабылданған . Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 122 000,0 мың теңгесі ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 65 адамға толығымен таратылып болды , қалған 100 000,0 мың теңгесін уәкілетті өңірлік ұйым «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының 2-ші қайтара жариялаған конкурсына қатысқан «Бай-Нұр» НС ЖШС гі 5 адамға -15000,0 мың теңге, «Шамшырақ » НС ЖШС 3 адамға-9000,0 мың теңге , «Орда-Финанс» НС ЖШС 4 адамға -12000,0 теңге , «Жетіқазына-Бесарық» НС ЖШС 11 адамға - 33000.0 мың теңгені таратты. «Рита» МКҰ ЖШС 9 адамға- 21000,0 мың теңгесін таратты. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға жоспарланған 100 адам «Казагромаркетинг» АҚ Қызылорда облысындағы филиалының ұйымдастыруымен оқып сертификат алды. Бүгінгі күнге бөлінген 222000.0 мың теңгенің 212000.0 мың теңгесі 97 адамға таратылды.

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша ауданға республикалық бюджеттен кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 16 127,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде кәсіби даярлау курстарына – 60 адам, қайта даярлау курстарына – 25 адам, біліктілігін арттыру курстарына – 20 адам, барлығы -105 адамды оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аспазшы мамандығы бойынша 15 адам Сырдария аграрлы – техникалық колледжінде, ағаш ұстасы, шаштараз, автомобиль кранының машинисі, тігінші, телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету, техник-механик, электрогазбен пісіруші, химиялық анализ жасау лаборанты, электронды есептеу және есептеу машинасының операторы мамандықтары бойынша облыс орталығындағы колледждерге 45 адам, барлығы 60 адам оқып жатыр. Қайта даярлау курсына жоспарланған 25 адам Сырдария аграрлы – техникалық колледжінде тракторист – машинист мамандығы бойынша оқытылуда. Біліктілігін арттыру курстары 20 қазанда басталады .

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2014 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған бюджет бойынша 5966,0 мың теңге бөлініп, 2014 жылдың 1 қазанына 35 отбасына ( 179 отбасы мүшелері) 1660,4 мың теңге төленді.



18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2014 жылға 42206,0 мың теңге қаржы қаралған. 2014 жылдың 1 қазанына 668 отбасына (оның ішінде бала саны - 2250) 27095,1 мың теңге тағайындалып, төленді.



Тұрғын үй көмегі туралы.

Аудан бойынша 2014 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 16605,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2014 жылдың 1 қазанына 225 отбасына (жанұя мүшелері - 1237 адам) 5085,4 мың теңге тағайындалып, төленді.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы. 2014 жылдың 1 қазанына мүгедек жандарға 196 құрал жабдық берілді. 2014 жылға жергілікті бюджеттен мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмекке 42 балаға 2716,0 мың теңге қаралып, 2014 жылдың 1 қазанына 1232,4 мың теңге тағайындалып, төленді.

9. Ауданның әлеуметтік - саяси ахуалы

2011 жылы Ауданда 15 орта, 2 мектеп-лицей, 2 әуез мектебі, Оқушылар Үйі, кешкі мектеп, 1 санаторлық типтегі, 14 мектепке дейінгі тәрбиені жүзеге асыратын балабақша және 5 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан мектептерінде «Қайырымдылық» айлығы өткізіліп, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына жергілікті кәсіпкерлер мен ұжымдар демеушілік жасап, киімдер мен оқу құралдарын алып беруге көмектесуде.

2011 жылдың қаңтар айының 9-28 аралығындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2 оқушы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында 2011 жылғы 31 қаңтар мен 21 ақпан аралығында әлеуметтік аз қамтылған отбасының 7 оқушысы демалып қайтты.

Сонымен қатар «Жалын» лагерінде 260 оқушы, «Талдысу» лагерінде 38 оқушы, Астана қаласына 22 оқушы, Көкшетауға 1 оқушы, жергілікті жердегі тарихи орындарға 650 оқушы саяхатқа шықты.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың мектеп жасындағы балаларды оқулықпен толық қамтамасыз ету тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аудандық білім бөлімінің «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы, «Мектепке жол» атты акцияны өткізу туралы бұйрығы шығарылып, аудандық білім бөлімі мен білім мекемелерінде іс-шара жопары бекітілді.

2011 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясының барысында ақ қамтылған отбасының 255 оқушысына материалдық, киім-кешек, азық – түлік түрінде 204,0 мың теңгенің демеушілігі жасалды.

Аудан мектептерін 2010-2011 оқу жылында 592 оқушы бітірді. Олардың 383-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл мектеп бітірушілердің 64,7 пайызын құрап отыр. Өтініш берген 383 оқушыдан ҰБТ-ға 378 оқушы қатысты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 8 «Алтын белгіден» үміткерлердің 6 «Алтын белгіні», 12 «Үздік аттестатқа» үміткерлердің 7 «Үздік аттестатты» қорғап шықты. ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда орташа бал 90 құрап отыр. Мектеп арасында тест қорытындысы бойынша бал көрсеткіші бойынша бірінші үштікке №210, №44, №174 және №36 мектептер кірсе, ең төменгі көрсеткіш №131 және №147 орта мектептерде. 2011 жылы 117 оқушы мемлекеттік грантты жеңіп алды.

Денсаулық сақтау

2011 жылы аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласында барлығы 755 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер.

Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2011 жылы 158150 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға азайған.

Есепті кезеңде аудан бойынша 890 нәресте дүниеге келсе, 219 адам қайтыс болған.

Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2011 жылдың 12 айында 24275 адам тексеріліп, 41 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 4412 адам тексеріліп, 41 ауру анықталып, есепке алынды.

Есепте тұратын балаларды және мүгедек балаларды квота бойынша облыстық және республикалық емдеу мекемелерде сауықтырылады. Ақсай Республикалық ауруханасына 15 бала, көз ауралардың ғылыми зерттеу институтына 1 бала, Сызғанов атындағы ғылыми зерттеу институтына 1 бала, ана мен бала қорғау институтына 2 бала жіберілді

2011жылы «Халықтық» атақтан үміткер 3 шығармашылық ұжым аудандық мәдениет үйі жанындағы Сәдуақасовтар жанұялық ансамблі, «Балауса» бишілер тобы, «Ритм» вокальды аспапты ансамблі 2011 жылғы желтоқсан айының 19-20 күндері ОБХШ орталығында ҚР Мәдениет министрлігінің Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы өткізілген кезекті аттестациясына қатысып, «халықтық» атаққа ұсынылып, қазіргі таңда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №7 бұйрығымен 3 ұжымға «халықтық» атақ берілді. Бұл да болса аудандық кісіпорын мекемесінің жұмыс натижесі.

2011 жылы Сырдария ауданы клубтарында барлығы 928 мәдени-көпшілік шара өткізіліп оның 778 ауылдық жерде өткен.

Аудан клубтарының халыққа ақылы қызмет көрсетіп табыс табу жоспарына сәйкес 2011 жылы барлығы 27446,5 мың теңгенің ақылы қызметін көрсету межеленіп, 5632,9 мың теңге табыс табылды. (20,5 пайыз)

Мәдениет үйлері мен клубтары жанында 69 үйірмеге 921 қатысушы жұмыс жасаса, 2012 жылы 70 үйірмеге, 949 қатысушы жұмыс жасайды.

2011 жылы ақылы қызмет жоспары-27446,5 орындалғаны - 5632,9 2012 жылдың жоспары -25246,0 орындалғаны – 6690,1 яғни 26,4%.

Аудан клубтарының халыққа ақылы қызмет көрсетіп табыс табу жоспарына сәйкес 2012 жылы барлығы 25246,0 мың теңгенің ақылы қызметін көрсету межеленіп, 6690,1 мың теңге табыс табылды. (26,4 пайыз)

Кітапханалар бойынша 2011 жылы өткізілген шаралар саны 250, 2012 жылы 255 шара.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 49 тарихи – мәдени ескерткіш орналасқан. Оның 2 республикалық маңызы бар, 19 жергілікті маңызы бар және 28 алдын - ала тізімге алынған тарихи – мәдени мұра объектілері.

49 ескерткіштің 15 археологиялық ескерткіш, 34 қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді.

Облыстық бюджет есебінен 13 ескерткішке қорғау тақтасы орнатылып, 21 ескерткішке төлқұжат жасалынған болатын. Аудандық бюджет есебінен 2012 жылы 10 ескерткішке қорғау тақтасын дайындап, орнатуға 520,0 мың теңге қаржы бөлініп, игеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қалған 25 ескерткішке қорғау тақтасын дайындап, орнатуға 1820,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Сейхунреставрация» ЖШС мекемесімен келісім шартқа отырып, жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына қалған 27 ескерткішке төлқұжаттарын (әрқайсына 53,1 мың теңге) жасатуға қаржы бөлуге ұсыныс берілуде.

Тереңөзек кенті орталығындағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған «Тағзым» алаңына абаттандыру жұмыстарын (Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың есімі жазылған мраморларды жаңадан жасау, сыртқы қоршауларды жаңалау, кіре – беріс қақпасын ауыстыру, алдындағы сатыны жаңалау, гүл егу) жүргізуге «Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 19 967,9 мың теңге қаржы бөлініп, «Престол» ЖШС арқылы жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың 2013 жылдың 30 мамырдағы №151 санды «Тарихи- мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи- мәдени сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Сырдария ауданы бойынша Бәлдік мешіті 1906 жыл, Қалжан ахун сағанасы ХІХ – ХХ ғасырлар, Шалбас батыр мұнарасы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар, Сүнбейбі кесенесі ХҮІІІ ғасыр, Қожан – қожа мазары ХҮІІІ ғасырдың аяғы, Атаусыз кесене №12, ХІХ ғасыр тарихи – мәдени сараптама жүргізілетін тарихи – мәдени мұра объектілерінің немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

Дене шынықтыру және спорт

Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында – 17 мектеп, 2- спорт мектебі, 1- кәсіптік мектеп, 5-аула клубы, 10-шағын спорт алаңы және 1- стадион, 58 спорт алаңы жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 2011 жылдың 12 айында 155 спорттық жарыс өткізіліп, оған 18829 спортшы тартылды. Оның 141-і аудандық денгейдегі жарыс болса, 10-ы облыстық, 3-і республикалық, 1-і халықаралық денгейдегі жарыс өткізілді. 2011 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 23,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Жалпы аудан бойынша 7802 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 20,1 пайызды құрап отыр.

Павлодар қаласында өткізілген волейболдан республикалық турнирінде аудан командасы жалпыкомандалық 2 орынға ие болды. Арал қаласында өткен волейболдан республикалық турнирінде ауданның командасы жалпыкомандалық 3 орынға ие болды. Шымкент қаласында өткізілген дзюдодан республикалық турнирде аудан командасы ІІ орынға, Талдықорған қаласында өткізілген таэквандодан ҚР чемпионатында Меруерт Көпболсынова Чемпион атагына, Тараз қаласында өткізілген хоккейден ұлдар командасы ІІ орынға, Астана қаласында өткізілген гір және армрестлинг спортынан Ардақ Маханбет ІІ орынға, Қостанай қаласында өткізілген тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер арасындағы чемпионатында Ақерке Кенжебекова І орынға, Маңғыстау облысында ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толу аясында қазақ күресінен Ш. Уәлиханов, Е. Жасымбетов 1 орынға, Орал қаласында көгалдағы хоккейден халықаралық турнирінде аудан командасы ІІ орынға ие болды.

Жалпы аудан бойынша 8730 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 22,2 пайызды құрап отыр

Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 2012 жылы 168 спорттық жарыс өткізіліп, оған 16350 спортшы тартылды. Оның 160-ы аудандық денгейдегі жарыс болса, 6-ы облыстық, 1-і республикалық, 1-і - халықаралық денгейдегі жарыстар. 2012 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 44,8 мың теңге қаражат бөлінді.

Жалпы аудан бойынша 8730 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 22,1 пайызды құрап отыр

Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 2013 жылдың 10 айында 109 спорттық жарыс өткізіліп, оған 10122 спортшы тартылды. 2013 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.

Жалпы аудан бойынша 8730 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 22,2 пайызды құрап отыр

Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.

Спорт түрлері бойынша және жасына қарай топтағанда Қазақстан Республикасы құрама командасының негізгі құрамына аудан бойынша 9 спортшы, облыс құрама командасының негізгі құрамына аудан бойынша 47 спортшы кіреді.

Өзекті мәселелер.

1. Материалдық - техникалық базаның және спорттық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі. Аудан бойынша 19 спорт залдардың 17-сі жалпы білім беретін орындарында олар сабақ өткізуден босамайды. Халықтың тек 16,6℅ спортпен айналысады. Ауданда жүзу қауызы жоқ, орталық стадион қазіргі заман талабына сай келмейді. Ауылдарда спорт алаңдарының тозығы жеткен. 2. Балалар мен жасөспірімдер спортының жалпы даму деңгейі төмен.



2 Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер мектеп желісі аудандағы мектеп жасындағы балалардың 14,7℅ ғана қамтамасыз етіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс спорт секциялары жеткіліксіз. Жасөспірімдер спорт клубын дамыту желісі, спорт алаңдары және халықтың жалпы демалыс орындары жетіспейді. Әсіресе ауыл спортын дамыту кезек күттірмейтін мәселе.

: upload -> userfiles -> files
upload -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
upload -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
upload -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
upload -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
files -> Джанузаков Сауытбек Джунисбекович Сотовый телефон (обязательно)
files -> Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы (13. 01. 2015 жылдың өзгерістерімен ) Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді
files -> Закона Республики Казахстана «О выборах в Республике Казахстан»


1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет