Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі тәнінде ғана емес, жан дүниесінде болуы керек



жүктеу 0.63 Mb.
бет1/4
Дата06.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4
«Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі тәнінде ғана емес, жан дүниесінде болуы керек. Бұл рухани жаңартылу жазылған заңнан емес, Киелі Рухтан пайда болды. Ондай кісіні адам баласы емес, Құдай мадақтайды».

(Рим. 2:28, 29).
Алғысөз

Сан ғасырлық тарихы бар халық өнерінің терең бір арнасы – поэзия. Бұл өнер адамзаттың рухани жан-дүниесінің сұлулық пен мейірімге іңкәр қайнар көзін ашты. Ең кереметі сол поэзия қанатында халық ойыныңтереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен тілі берік сақталды. Қазақ халқының поэзиясы тақырып өрісіне қарай, сан-салаға бөлініп жатыр.

Поэзия – бұл адамның ішкі жан-дүниесінде туындаған және торда отырған құстың ұшып шығуға дайын тұратыны сияқты, кез келген уақытта қағаз бетіне түсіретін жаырын сыры.

Шабыт немесе творчестволық күш жоғарыдан беріледі. Оны сатып алу мүмкін емес. Ол жас баланың көңіл-күйіндей өзгеріп, теңіз толқынындай құбылып тұрады. Алайда, ол әділ әрі шынайы.

Әр ақынның айналаны қоршаған ортаны түйсінуі,

өмірге көзқарасы, сенімі әр түрлі. Сондықтан олардың мұндай ерекшеліктері шығармаларына да әсер етеді.

Осы шағын кітапшаға енгізілген ақындардың өмірін Құдай бір кезде жаңартып, өзгертті әрі олардың ақындық шабытын ақиқат жолына пайдалануды үдетті.

Осы рухани өлеңдердің ең болмаса біреуі сіздің жан-дүниеңізге әсер етіп, сізге көмектессе, еңбегіміздің бекер болмағаны. Құдай сіздерге жырлар арқылы да Өзінің шындығын ашып берсін деп тілейміз. Әумин.


Қызылбөрікова Айман 1968 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келді.

Айман бала кезінен құмалақшы, бақсы-балгер, емші және сондай бағыттағы басқа адамдарды Құдай мен адамдар арасындағы елші деп түсініп, оларды зор құрмет тұтты. Сондай-ақ өсе келе қазақ халқының өміріндегі шиеленіскен көптеген қиыншылықтар мен өзі жұмыс жасайтын перзентханадағы тастанды нәрестелердің тағдыры да оны терең толғандыратын. Осындай сансыз сұрақтардың тұңғиығына батып, жауап таппай жүрген күндердің бірінде оны Құдай Өзі іздеп тапты. Алғаш рет өз ана тіліндегі дұғалар мен Құдайға деген мадақтау әндерді естігенде, оның жүрегі соншалықты толқығандай болды. Киелі кітапты зерттей келе Айман өз халқының басындағы қиыншылықтардың басты себебі – олардың тірі Құдайды білмегендігінен туындайтынын түсінді. Сөйтіп Құдайға бет бұруды ұйғарды. Ол Иса Мәсіхті жеке басының Құтқарушысы деп қабылдап, тәубеге келген сәттен бастап, жүрегінен Құдай берген ұлы қуаныш орын алды. Айман жүрегін кернеген Құдайдағы бұл зор қуанышын өзінің терең де мәнді өлеңдерімен бөліседі.



Тәубеге келгін адамдар
Үйің бе сенің іздеген,

Қауым ғой келгін бізбенен.

Сұхбаттасып қайтарсың,

Рухани әндер айтарсың.


Тәубеге келгін қашпағын,

Тар жол деп, қорқып саспағын.

Сенімің болса болғаны,

Көктегі Әкең қорғаның.


Құдайдың Өзі жолдаған,

Киелі Сөзін тыңдарсың.

Ашылып көзің, құлағың,

Құдайға алғыс айтарсың.


Рухани нан жеп, күш жиып,

Әлденіп, сергіп, тоярсың.

Ойланып жүрген көкейде,

Сұрағың болса қоярсың.


Осы бір жалған дүниеден,

Нені іздейсің адамдар?

Жаутаңдап артқа қарама,

Дүние опа бола ма?


Күнәға сені қимаған,

Мәңгілік өмір сыйлаған,

Иса деген панаң бар,

Тәубеге келгін адамдар.



«Әркім күнәсі кешірілуі үшін теріс жолдан

қайтып, шомылдыру рәсімінен өтсін! Сонда

сендер Құдай сыйлаған Киелі Рухты

қабылдайсыңдар»

(Ел. Іст. 2:38)


Көз тігіп, достым, қарашы, жап – жасыл көлдің жағасы,

Тыныштық бәрін жайлаған, адамдардың арасы

Көгершіндер ұшады, көл жағалап, биіктей,

Бу шығады болымсыз, сағым ойнап киіктей.


Самалы әлсіз еседі, еркелеп жүрген баладай,

Көгілдір аспан астында бұлттар көшті жағалай.

Құдіретті Құдайдың бәріне жетер шамасы,

Табиғатпен көрсеткен, ғажабын оның қарашы.


Ал, халық неге жиналған, мейрам ба, мына арада,

Ақ шағаладай тізіліп, кімдер тұр мына жағада?

Ұлттары бөлек, тіл бөлек, киінген бірдей бірақта,

Көздерін тікті оларға, бар адам тұрған жырақта.


Олар шомылдыру рәсімінен өтіп, тазаруға келгендер,

Құдіретті Құдайдың Сөзіне сеніп, ергендер.

Жүрегі бір, сенімі бір, рухы да бір адамдар,

Бір дене оның тұрағы, мүшесі болып енгендер.


Жүрегі тұнып шаттыққа, қуаныш билеп бойларын,

Бақытты жүзбен қарайды, орындап Әке ойларын.

Тәубеге келіп, шомылып, тазарып шыққан өздерін,

Баласы болып санайды, сүйетін Әке Сөздерін.


Тар жолға түстің тарықпа, шыдамдылар жетеді,

Төзім беріп жетелер Киелі Әке жетегі.

Адастырмай апарар, көпірмен Иса Тәңірім,

Көктегі Әке пейіші – мәңгілік өмірүйіне.



Құдай Әке бақшасы
Жүр едім осы дүниеде,

Өзімше өмір кешіп.

Кей кезде көңілсіз боп,

Кей кезде желдей есіп.


Ойланып, ойға батқан,

Тұңғиық кей кездерім.

Бақытты тапқандай боп,

Шаттанып ой кезгенмін.


Адасып жүрген кезде,

Құдайым жол сілтеді.

Қауыммен қауыштырды,

Шындықпен табыстырды.

Қазіргі кездеріме

Еш нәрсе теңеу емес.

Қазіргі бақытыма

Ешнәрсе керек емес.


Келіп-кетіп жай жүргендей,

Көрінер сол шақтарым.

Әрқайсының қылықтарын,

Жүрегімде жаттадым.


Асығам мен қауымыма,

Тез-тез күнім өткенше.

Құдай қосқан бауырларға,

Ағаларға жеткенше.


Бақыттымын, баймын енді,

Жанұямыз үлкен біз,

Бір адамның мүшесіміз,

Бір денеге енгенбіз.


Қауым менсіз өмір сүрер,

Менсіз атар таңдары,

Менсіз өтер әр күндері,

Менсіз толар отары.


Қауымсыз мен қандаймын,

Адасқан бір жандаймын.

Алдымдағы түнектен де,

Қауымымды таңдаймын.


Тіл жетпейді жеткізуге,

Жүрегім өзі сарнайды.

Өмірдегі ең бақытты кездерім,

Құдай Әке бақшасы –

Қауымда жүрген кездерімдей болмайды.

Өмірдің көп жолдары
Тыңдаумен жүріп Өзіңді,

Сырыңа бойлап келемін.

Киелі әрбір Сөзіңмен,

Бақытқа мені бөледің.


Өмірдің көп қой жолдары,

Шартарапқа тараған.

Ал Сенің жолың біреу-ақ,

Одан өтер «жаңа адам».


Бір күндер Құдай күш беріп,

Ұғармын сөздің астарын.

Қазірше жүрмін тыңдаумен,

Рухани бауырластарды.


Киелі кітап қолға алып,

Сырыңа сүңгіп келемін.

Тәй-тәй тұрған баладай,

Өзімді әлсіз көремін.


Ақ бата беріп, Құдайым,

Өзіме қабыл ал мені.

Уағыздап сені жүрейін,

Ақ жолыңа сал мені.



Мәңгі көктем болсын десең жүректе
Ау, бауырым, мына келген көктем бе?

Күн жарқырап, жерге нұрын төккенде.

Қарлар еріп сай-салада су тасқын,

Туған жерге құстар да ұшып жеткен бе?


Дихан ба, анау жер жыртуда алаңда,

Бүршік жарды-ау талдарың да далада,

Ұйқысынан оянды аңдар керіліп,

Шықты өріске малдарың да тебініп.


Тіршіліктің бастауындай даламда,

Қыз көктем кеп есігімнен қарады.

Нұр көктемдей Иса келіп біздерге,

Түнек басқан әр жүректі қағады.


Иса Тәңір жүрекке дән егеді,

Өссін дән деп, шуағын мол төгеді.

Мәңгі көктем болсын десең жүректе,

Иса қабыл алғын, құр кетпе.


Жүрегіңде қыс болмасын ол қиын,

Жетелейді түнекке ол, сол қиын.

Жүректегі көктем сені мәпелер,

Жұмақтағы мәңгі өмірге жетелер.



«Мен ант етемін, Менің алдымда әрбір жан

тізе бүгіп, тіл біткен пенде Құдай екенімді

мойындайтын болады»

(Рим 14:11)


Тізіле көкте қиқулап құстар еліне ұшып барады,

Уылжып піскен егіске

Дихан орағын әкеп салады.

Тамылжып піскен, өнім берген әрбір жемісті,

Уақыты келгенде бағбан да жинап алады.
Мезгілі жеткенде жимаса бәрін болмайды,

Шашылып өнім жиналмай қалса сол қайғы.

Үсік шалады, қарда қалады бұзылып,

Нәр жоқ, пайда жоқ жарамсыз бәрі болады.


Рухани көзбен қарайық, біз жеміс бере алдықпа,

Піскен егінді оруға, іздеп тауып бардық па?

Әр дән үшін қиналып, көмектесіп көрдік пе?

Орақтарды қолға алып, мезгілімен ордық па?


Бір күні есеп беретін, қаһарлы қыс боп келетін,

Көктегі сотта тұрмайық, кез осы жеміс беретін.

Бар өлкенің жемісі жиналмай жерде қалмасын,

Исаның ұл-қыздары бар алқапты шарласын.


Иса Тәңір күтуде, төзіммен бізді әлі де,

Көктем берді, жаз берді жердің бәріне

Күз болып, есеп беретін уақыт жеткенде,

Жеміссіз болсақ, сүрген өмірдің мәні не?


Өмірдің де тоқталатын кезі болар,

Аспан мен жер жоқ болатын кез болар.

Кешір Иса, кеш ұғыппын дегенге,

Кешірмейтін сот болатын кез болар.


Жұмақта мәңгі өмірде қалған жақсы,

Тәңірден өз сиыңды алған жақсы.

Сол үшін кешірімін жерде алып,

Құдайға баласы боп барған жақсы.


Көп соқпақтың аяғы...
Жалған дүние жалпақ басып өзіңде,

Әзәзілдер билік құрып кезуде.

Адамдарды байлап-матап тастаған,

Өзіндегі айлаларға төзуге.


Адамдарды түсірді де, өзі құрған торына,

Салып қойды әр соқпақтың соңына.

Байлық, билік, жоқтық, алдау – бәрі бар,

Өзі құрған жоспары мен жолында.


Кей адамның атақ-даңқ, байлығы бар,

Кей адамның шытырлаған айлығы бар.

Кей адамдар мұқтаждықтан қажыған,

Кей адамдар ішер ас жоқ, азған.


Кей адамдар дүние жинап ізденеді,

Кей адамның той-думан ғой іздегені.

Кей адамның ішіп-жеумен өмірі өтіп,

Кей адамдар тояттаған жүзге енеді.


Кей адамдар өмір сүрер шаттанып,

Шет елдерге сапарларға аттанып.

Кей адам жүр шаршауменен тарыққан,

Кей адам жүр бұл өмірден жалыққан.


Кей адамар арқалайды ауыр жүкті бір өзі,

Кей адамдар ауырудан құлардай боп тұр өзі.

Құлап кетсе кім сүйері белгісіз,

Тұра ала ма, тұра алмаспа қиын болды енді өзі.


Кей адам жүр ұрлықпенен, алдауменен күні өтіп,

Кей адам жүр жаман оймен өз өмірін жүдетіп.

Кей адамдар жез өкшелік кәсіп қылған батпақта,

Кей адам жүр басқа адамның несібесін күзетіп.


Кей адам жүр шындық іздеп, шыңғырып,

Кей адам жүр үлкен істер тындырып.

Кей адам жүр бақсы-балгер, емші боп,

Кей адам жүр көз жасына тұншығып.


Шатасқан жіп тарқалмайтын өмірі,

Жүрегінде тыныштық жоқ, шеру тартқан көңілі,

Құдайсыз әр жүректің алданумен, азаппен,

Осылай өтер әркезде әзәзіл билеп өмірін.


Әзәзілдің кең жолы – көп соқпақ деп аталар,

Көп соқпақтың аяғы тозаққа сені апарар.

Құдай салған жалғыз жол жетелесе бәріңді,

Осы шындық сүрлеуі – жұмақ деп ол аталар.


Көктем келді халайық!
Көктем келді халайық, көктем келді далаға,

Қолға алып қаламды, жыр жазбаса бола ма.

Сұлу әсем табиғат, жан бітті бүгін өзіңе,

Күннің көзі күлімдеп, шуақ шашты далама.


Қар, мұз еріп тасқындай, сел жүріп жатыр жағада,

Құстар келді ән салып, оралды біздің араға.

Шұрқырасып, табысып, мал шықты бүгін өріске,

Адамдар шықты алқапқа, дән себуге егіске.


Жүректе де сен көктем керемет бір мезгілсің,

Қыс болмасын өмірде, бүршік атар кез тұрсын.

Иса сөзі ерітер жүректегі қар, мұздарды,

Сенің сөзің әкелер жүрекке нәзік көктемді.


Жүректегі көктемді ұрлатып біздер алмайық,

Ұрлатып алып байқаусыз, мәңгілік мұзда қалмайық.

Иенің сөзін қабылдап, ерітейік мұздарды,

Сақ болайық халайық жүректегі көктемге.


Қызылбөріков Болат Нұрқайдарұлы 1959 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келді. Бала кезінен әдеби кітаптарды оқуға деген ынтасы ой-өрісінің өсуіне, өмірге деген көзқарасының ерте оянуына септігін тигізді. Өмірдегі келеңсіз жәйттар: алдап-арбаушылықтар, түрлі әділетсіздіктер, әр қилы озбырлықтар балғын жүректі жастайынан ойландырмай қоймайтын. Сондай-ақ отбасындағы шиеленістер мен тығырыққа тірелгенауыртпалықтар да еңсесін түсірмесе көтермеді. Өзін мазалаған ойлартереңінде жүрген күндердің бірінде Құдай оған «Іздесеңдер, табасыңдар!» деген сөзіменӨзінің шындығын ашып берді. Киелі кітапты оқу арқылы өзінің күнәһар екенін және күнәсінен Иса мәсіхтің төгілген киелі қаны арқылы ғана ақталатынын түсініп, Оны жүрегіне қабылдап, тәубеге келді. Сол сәттен бастап, өмір ол үшін шынайы мәмағынаға ие болды.

Болаттың өлеңдері өзінің бұрынғы өмірінің қандай болғаны жайында, Құдаймен табысқан сәттен бастап, жүрегінің тыныштыққа ие болғаны жөнінде сыр шертеді және оның кейбір өлеңдеріне әндер жазылған. Болаттың өміріндегі өзгерістер, ата-анасы мен туған-туыстарына үлкен куәлік болды. Құдайға рахмет!


Тек Өзіңсің Құтқарушым!
О, Құдіретті Иса Тәңір, Саған сенемін,

Жүрегімді, өмірімді Саған беремін.

Қуанғанда, қиналғанда, тарыққан кезде,

Басымды иіп тәубе етіп Саған келемін.


Тек Өзіңсің табынарым,

Тек Өзіңсің сағынарым,

Тек Өзіңсің Құтқарушым,

Азаптардан да.

Адасып мен кетер ме едім,

Сен Өзіңе жетеледің.

Мәңгіліктің жолын көрсетіп.
Жер әлемді кезіп келеді Сенің сөздерің,

Адамдарға мәңгі өмірді тек Сен бересің.

О, адамдар, қарсы алыңдар толық сеніммен,

Шеру тартып, мәңгі өмірде сонда жүресің.


Құрбандыққа қиған сенің өмірің үшін,

Адамдарға деген сенім, көңілің үшін.

Атың Сенің мәңгілікке марапатталсын,

Ал тірлігің адамдарға үлгі болып қалсын.


«Исадан басқа ешкім де бізді құтқара алмайды,

Аспан астында бізді құтқаратын басқа біреудің

Есімі адамдарға бұйырмаған!»

(Ел. Іст. 4:12)


Мен Сенің алдыңа кеп, жылап тұрмын,

Кешірім күнәм үшін сұрап тұрмын.

Білемін мейіріміңнің мол екенін,

Сенемін, Сен мұңыма құлақ түрдің.


Сен ғажайып нұрландың,

Жер әлемге таралдың.

Құтқарушым, Өзіңсің ғой,

Саған сеніп оралдым.

Мен Өзіңнен қуат алдым,

Мейіріміңмен жұбата алдың.

Жан дүниеме сая болып,

Сенімімді ояттың.


Өзіңнен зор қуаныш алып тұрмын,

Мәңгілік өмір жайлы сыр ұқтырдың.

Сырласып жеке қалған сәттерімде,

Жақсылықтың нышанын сезіп тұрдым.


Білемін, Сен мен үшін жан қиғансың,

Күнәмнан тазартуды ойлағансың.

Сен менің өмірдегі күнәм үшін,

Өзіңді ағашта айқыш қинағансың.


Мені енді, Құдай Әке, қабыл алғын,

Келетін сәтіңді мен сағынамын.

Жақсы үлгімен сөздеріңді уағыздап,

Арасынан ұлдарыңның табылармын.


Баяны бақыттылық
Бақыттымын өмір таптым мәңгілік,

Жүрегімді баурап алды зор үміт.

Мазасыздық бұлты менен сейілді,

Шыға келді қарсы алдымнан таң күліп!


Таңғажайып баққа кірдім тамаша!

Қарай берем бұл өмірге балаша.

Кілтін таптым сыр сандықтың ғажайып,

Бауырлармен жүрмін бүгін жараса.


Исаменен жаңа өмірді бастадым,

Шайдай ашық бүгін менің аспаным.

Орын бердім жүрегімнің төрінен,

Еді-ау маған тозақ жақын өмірден.


Исаменен жаңа өмірді бастадым,

Шайдай ашық бүгін менің аспаным.

Орын бердім жүрегімнің төрінен,

Еді-ау, маған тозақ жақын өмірден.


Осы жолға шақырамын, сен де кел,

Сан жарасы жүрегімнің емделер.

Шипа іздесең пендешілік дертіне,

Жүрегіңді бер Исаның еркіне.


Байлық бар ма жүрегіңнің төрінде?

Бақыт бар ма мына жалған өмірде?

Ескек бар ма сен отырған қайықта?

Осы жағын ойға салып байыпта.


Талай адам бақыт іздеп жалығар,

Мұңға батар меңіреу боп тарығар.

Сырт бейнеңде сен де жалған күлерсің,

Бітеу жара жүрегіңде білерсің.


Мұңға батып оңашада торықпа,

Шындық жолы Исаға кел қорықпа.

Адамдар-ай пенделікті тастағын,

Исаменен жаңа өмірді бастағын.


Исаменен табысқан күн тамаша!

Енді өмірге қараймын мен жаңаша.

Пендешілік бұлты менен сейілді,

Мен Исаға сенем енді балаша.


Өмір деген тоқтамайтын ағыста,

Тағдырыңды сен Исаға табыста.

Жансын десең саған мәңгі шамшырақ,

Дұғаңды да сен Исаға бағышта.


Шаттық көрер сонда сенің көзіңнен,

Тек ізгілік шығар сенің сөзіңнен.

Екі жолдың арасында тұрсың сен,

Таңдау еркі ал бауырым, өзіңнен.


Исаға кеп, мен де сая тапқанмын,

Бұзып шығып шайтан құрған қақпанын,

Бақыт та бар, байлық та бар Мәсіхте,

Мәңгі-бақи есіңізде сақтағын.


Ере берме, мұнарланған сағымға,

Ойға салып бағытыңды пайымда.

Шешімге кел, кеш қаласың бауырым,

Сен Исаға жүрегіңді аш дайында.


Қарсы жүрме арындаған тасқынға,

Әлде қалай пенделікке бастың ба?

Бұл дүниенің торына сен шырмалып,

Қалып қойма бір толқынның астында.


Өкінерсің, сонда біліп қатеңді,

Тар қақпадан менен қалмай өт енді.

Уақыт тар қарайлама бауырым,

Барлық күнәң Иса арқылы өтелді.


Көктегі Әке
Көктегі Әке, қандайсың?

Жарқырап жанған шамдайсың.

Үзілген үміт жіптерін,

Айқыш ағашпен жалғайсың.


Көктегі Әкем, шырақсың,

Кеудемде тұнған бұлақсың.

Үмітпен Саған қараймын,

Қолыңды бұлғап тұрғайсың.


Көктегі Әкемнің Киелі,

Рухы маған тиеді.

Күнәмді кешіп, мәпелеп,

Сәбише мені сүйеді.


Көктегі Әкем – Өмірсің,

Баратын жол да Өзіңсің.

Адаспай Саған баратын,

Көзімнің нұры Өзіңсің.


Көктегі Әкем, тірексің.

Астыңа жинар білексің.

Сезінер Сені алыстан,

Кеудемде соққан жүрексің.


Көктегі Әкем, қуатым,

Күнім де Сенсің туатын.

Қияме-қайым болса да,

Қорғаным Сенсің тұратын.


Көктегі Әкем, әнімсің,

Арайлап атқан таңымсың.

Сағынып, аңсап жүргенде,

Басыма қонған бағымсың.


Көктегі Әкем, қандайсың?

Қиялға қанат жалғайсың.

Батып кетсем де құрдымға,

Іздеуден мені талмайсың.


Құдайым
Сағындырған, сағындырған Құдайым,

Бар әлемді бағындырған Құдайым.

Қасіреттің бар екенін білдіріп,

Мені Өзіңе табындырған Құдайым.


Неге Сен, қиналдың,

Мен үшін Құдайым,

Лайықсыз еді ғой жүрегім.

Жараңнан қан ақты,

Жаныма тым батты.

Қайтуға Өзіңе бет алдым.

Пәк қаның жебесін,

Рухың демесін.

Әлсізбін сеземін,

Күш берші Құдайым.


Әзәзілді жеңіп берген Құдайым,

Бар адамға теңдік берген Құдайым.

Иса болып дүниеге келіп Сен,

Күнәм үшін қорлық көрген Құдайым.


Санамды сан сұрақ,

Жүруші еді жаншылап.

Жауабын Құдайым,

Бердің Сен, Өзің-ақ.

Айқышқа барамын,

Артыма қараймын.

Қош болғын күнәһар дүние.

Назарыңды салшы Сен,

Пәк қаныңмен тазалап,

Қамқорлыққа алшы Сен.


Мендегі өмірдің өзегі Өзіңсің,

Мәңгіліктің ағатын өзені Өзіңсің.

Тұңғиық дарияға барып мен батайын.

Оятып, ой берші жүрекке Құдайым.


Ой, қандай тамаша!

Шаттанам балаша.

Сен тұрсың алдымда данаша.

Таң атты арайлы,

Әзәзіл қарайды.

Өкініш кеудесін жанайды.,

Мәңгіліктің есігі,

Болсыншы бесігім.

Мың алғыс айтамын,

Өзіңе Тәңірім!


«Күнәнің беретіні – мәңгілік өлім, ал Құдайдың

беретін сыйы – Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз

байланыста болатын мәңгілік өмір»

(Рим. 6:23)


Адамдар, ойлаңдаршы өмірдің келте екенін,

Сені өлтіру шайтанның серті екенін.

Жүрегіңді әзәзіл билеп алған,

Күнә деген жазылмас дерт екенін.


Күнә деген бұл дүниені жайлап алған,

Құл қылып бар адамды байлап алған.

Тамыры тым тереңде бұл күнәнің,

Адам ата жүрегінен бастау алған.


Күнә сені еш ұмыт тастамайды,

Жақсылыққа ешқашан бастамайды.

Кезігер кейде саған Қабыл болып,

Кейде сені әлсіретер дауыл болып.


Күнә жатыр жүрегіңнің астарында,

Қан боп тебер миыңа, бастарыңа.

Өрмекшідей бойыңда торлап алған,

Жеңу қиын адамзат, достарым-ау!


Күнә бүгін біз үшін сыйлы орында,

Ресторанда, барларда, қилы орында.

Бар азабын көпшілікке артып қойған,

Күнәнің жемісі бұл, сен мойында.


Сондықтан сен күнәдан құтылмайсың,

Исаға сенсең бірақ ұтылмайсың.

Исаға тапсырсаң сен тағдырыңды,

Сонда сен әзәзілге жұтылмайсың.


Жалт берер шайтан сіздің бойыңыздан,

Жаманшылық кетер сіздің ойыңыздан.

Исаның қаны арқылы ақталасыз,

Аспанда болар сонда тойыңыз да.


Исамен келдім мен де жарасқалы,

Пейіште сыйлы орынға таласқалы.

Бәрімізге орын жетеді бауырым-ау,

Дейді ғой айыбы жоқ адасқанның.


Адасқанның алды жар, арты соқпақ,

Қалмаса тозаққа келіп, жолың тоқтап.

Күнәңді айтып одан да Исаға кел,

Уақыт тар, күтіп тұр, сені тоқтап.


Иса келіп соттаса егер, оңдырмайды,

Пейішке бір секунд та қондырмайды.

Аз ғана уақытыңның бағасын біл,

Жаны ашып, әлі саған қол бұлғайды.


Рухани байлық
Байлық керек, керек шығар қызмет те,

Шын қызмет бірақта ізгі ниетте.

Ізгі хабар таратсам Құдай сөзін,

Ойлаңдаршы, осы осал қызымет пе?


Керегі жоқ, тіпті маған айлығың да,

Бөлісіңдер жүректегі байлығым да.

Бақырайтып тонап ал, тал түсте кеп,

Өкінбеймін керегі жоқ қайғының да.


Бөлісіңдер таусылмайтын байлығымды,

Тауыса алмайсың бірақ та шайлығымды.

Кең қазына жүрегім – Құдай үйі,

Алыңдаршы, әрқайсың айлағыңды.


Өмірде мен қазақ боп туылғанмын,

Керек емес Иорданда жуынғанмын.

Керек емес күнә үшін қан төгіп те,

Киелі Рух жүректе туындадың.


Керек шығар мен үшін қазақ болу,

Қырық жаста күнәмнан азап болу.

Аңқау елге арамза молда деген,

Құдайымды тонап алар кәззап болып.


Сондықтан да керегі жоқ, байлық маған,

Жүрек керек күнәдан, шайлықпаған.

Сен де қосыл, сапқа тұр, бізбен бірге,

Ізгі хабар айтудан еш қаймықпағын.


Сонда аласың Исадан үлесіңді,

Үйренесің шайтанмен күресуді.

Сонда етесің қызмет Құдайыңа,

Тәж киесің Исадан үлесіңе.


Сен кешірім алып бердің...
Шеге сенің денеңе қадалғанда,

Қарап тұр-ау соған шыдап адамдар да.

Мәз болады-ау соқыр сезім билеп алған,

Сен кешірім алып бердің адамдарға.


Мен жасаған күнә үшін Өзің өлдің,

Мен көретін азапты Өзің көрдің.

Шеге маған қадалса шыдайтындай,

Маған сондай мейірім мен төзім бергін.


Өз еркіңмен айқышқа барғанымда,

Түнегімде таң болып жанғаныңда.

Жүрегімде жарқ етті жарық сәуле,

Аспанда бірге болу арманым да.


Екі мың жылдай өтті – ау арамызда,

Көктем келді көктеп біздің санамызға.

Саған сеніп құтқарылу алып жатыр,

Барлық халық, әкеміз, баламыз да.


Сен күш-қуат бердің біздің бойымызға,

Сен ізденіс бердің біздің ойымызға.

Сен арқылы құтқарылмақ барша халық,

Аспанда болар әлі тойымыз да.


О, Иса
Мен тұрмын жағалауда,

Толқынға қарай қалып.

Шуақты көлдің беті,

Таң атар арайланып.


О, Иса Сенің нұрың,

Кеудемді жарқ етті!

Түнекті кеудемдегі,

Мәңгіге алып кетті.


Толқындар көл бетінде,

Тыншымай қалықтайды.

Қуаныш кеудем толы,

Ән болып шарықтайды.


О, Иса, Өзің бердің,

Жүрекке қуанышты.

Өзіңнен тауып алдым,

Бақыт пен жұбанышты.


Күлімдеп күн шуағы,

Көл бетін тербете бер.

Толқындар тоқталмастан,

Мәңгілік таусылмайды.


Соңыңнан мен еремін
Көктегі Әкем, Өзің менің тірегім,

Мені сүйдің, тауып алдым білемін.

Таңғажайып түсінбейтін күйге еніп,

Жарылардай қуаныштан жүрегім.


Естідің бе, әлде менің мұңымды?

Ұқтың ба, әлде жүректегі сырымды?

Тұмшаланған қараңғылық пердесі,

Кеудемдегі бір-ақ сәтте сырылды.


Неге солай айта алмаймын ешкімге?

Самал болып өмірімде естің бе?

Мөлдір бұлақ тауып бердің бастауын,

Қараңғылық менен мәңгі көштің бе?


Сенен таптым мәңгіліктің бастауын,

Сен көрсеттің шын өмірдің дастанын.

Сен – ақиқат, Сен – мәңгілік, Сен – өмір,

Тек Өзіңсің шайдай ашық аспаным.


Өзің аштың соқыр менің көзімді,

Өзің салдың аузыма сөзіңді.

Өмір бойы сені жырлап өтемін,

Құтқарушым, берші маған сенімді.


Бұрқыраған жүзіп жүрмін тасқында,

Қанат болдың қолтығымның астында.

Сен арқылы қиындықты жеңермін,

Сен арқылы қарсы тұрам тасқынға.


Иса Мәсіх – Ол мәңгілік, сенемін,

Қолды создың, мен де қолды беремін.

Жетелеші мені Өзің мәңгіліктің жолына,

Көзімді алмай артыңнан мен еремін.


Жалған өмір келте екенін білмедім,

Нәпсіміздің құлы болып жүр едім.

Шыңырауға батып кете жаздадым,

Өзің аштың жүрегімнің ілгегін.


Өзің ендің жүрегіме нұр болып,

Ақтарылдың жан-дүниеме сыр болып.

Шақырасың мәңгі өмір бағына,

Көкірегімде төгілесің жыр болып.


Саған сеніп өмірімді беремін,

Шаттық пенен қуанышқа бөледің!

Мәңгіліктің кілті Сенде, сондықтан,

Жетелеші, соңыңнан мен еремін.

  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет