Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі тәнінде ғана емес, жан дүниесінде болуы керек



жүктеу 0.63 Mb.
бет4/4
Дата06.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4

Қайран қазақ!
Қайран қазақ!

Тартқаның азап,

Боп келдің мазақ.

Құлшылық еттің,

От пенен суға,

Әзәзіл қуға,

Барарың тозақ.
Қайран қазақ!

Бетіңді бұршы,

Өмірге ғажап!

Құдайдың Ұлы келер уақыт,

Қалды ғой аз-ақ.

Исаға сенсең, боласың халқым,

Күнәдан азат!
Тілашар
Опасыз өмір сүріппін әр кез таңданып,

Жүріппін сеніп, әзәзіл ойға алданып.

Жүрегімді аштың, Киелі Рухың жар болып,

Адасып әбден жүргенімді Өзің аңғарып.


Арнаған жырым алғашқы осы тілашар,

Мезгілім жетті Өзіңе, Ием сыр ашар.

Талайлар маған жазғырып әлі кінә артар,

Кеше гөр Әке, пенделеріңді күнәһар.


Біз үшін қанын қасиетті ол қиса да,

Жылағанның көз жасын құрғатып тыйса да,

Болғанбыз неткен көрсоқыр, надан, бейшара,

Келіппіз сенбей Құтқарушымыз мәсіх Исаға.


Жүріппін мәз боп, бір басымды ойлап қарақан,

Батыппын түрлі күнәға әбден қарасам.

Көзімді аштың жұмыла бастаған кезінде,

Ризамын енді, тек саған қызмет етуге жарасам.


Жаратушым
Сөзіңді әркез сағынып,

Өзіңсіз жанып тарығып,

Қалады жүдеп жабығып,

Жаратушым


Күнәдан қалдым арылып,

Қасымнан жүрші табылып.

Өзіңе өтем табынып,

Құтқарушым.


Мадақта Тәңір Иеңді,

Үштіктің бірі Киелі –

Киелі Рухты жіберді

Жұбатушы
Ардақта Тәңір Иеңді,

Баршамызды Ол сүйеді.

Есімі Оның Киелі,

Мадақталсын.
Кешіріп жанымды ажалды,

Қанымен жуып жазамды,

Қардан да ақ боп тазарды.

Жаным Ием.


Сенімен өмір ажарлы,

Сенімен өмір базарлы.

Жүрегім, жаным жасарды,

Тәңір Ием.


Исаман өмір ғажап-ай!
Шіркін-ай өмір қандайды,

Қызығына көз тоймай.

Күнәһар мынау сұм дүние,

Көңілді баурап, жаныңды жаулап арбайды.

Арнаймын жыр мен әнімді,

Құтқарған мәңгі жанымды.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Құтқарушы Ием – Ис Тәңірді.


Інжілді берсең жастарға-ай,

Салбырап кетер бастары-ай.

Исаны айтсаң күмілжіп,

Жерге қарайды, басқанікі деп, масқара-ай!


Исамен өмір ғажап-ай!

Жаныңды емдеп жазады-ай.

Қарайлай берме артыңа,

Сәбидей сенгіш, жел сөзге ергіш қазақ-ай!


Исамен өмір ғажап-ай!

Жаныңды емдеп жазады-ай.

Күнәһар мынау өмірдің,

Ұмытылар бар азабы-ай.


Адасқан ұл

(Інжіл, Лұқа15:11-31)


Ұмытып Тәңір сөзін, жұмақты тастадың,

Алдамшы бақыттың ләззатына мастандың.

Ұзақ жылдар жырақ кетіп Иеңнен өзің,

Өткіздің өміріңді жетегінде басқаның.


Орал жаным, қайт Иеңе сен, кеш те болса,

Ұмытпасаң Тәңір сөзін, тек есте болса,

Орал жаным, қайт Иеңе, күтуде сені,

Оралсаңшы көп күттірмей Иеңді енді.


Оралсаңшы Тәңіріңе, сенің мұның не?

Кешірім ал аяғына Оның иіле.

Сенгін Оған кешіреді Ол сені бар кезде,

Қуанышпен қарсы алады күтіп әр кезде.


Бар әлемді оятатын ұлы қуаныш,

Жүрегіңді жұбататын жылы қуаныш.

Келсең болды қарсы алады сол күйіңде,

Ұмытасың бар қайғыңды Тәңір үйінде.


Қазақ елім-ай
Қазағым, байтақ елім, қалың елім-ай,

Күнәһар болмысыңнан арыл елім-ай.

Жуынсаң бар күнәңнан тазартады-ай,

Исаның қасиетті қаны елім-ай.


Қалың елім-ай, қалың елім-ай,

Шынайы Құдайды сен, таны елім-ай!

Қайран елім-ай, қайран елім-ай,

Құдаймен өмір сүру пайдалы елім-ай.


Исаны Тәңірім деп, қабыл алсаң-ай,

Құтқарушы Ием деп, танып алсаң-ай.

Өмірің мағыналы болады екен-ай,

Шынайы шын Құдайды таныған соң-ай.


Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай,

Құдайсыз өмір сүру азап елім-ай.

Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай,

Исаны қабыл алып, тазар елім-ай!


Бауырлар, сергек болайық!
Жетеле Ием, Өзің құрған қауымдарыңды,

Қолда Ием, Саған сенген бауырларымды.

Өтінемін өзіңнен сұрап соны Тәңірім,

Жүректерін дайында бауырлардың бәрінің.


Әділетті өмір сүріп, талпынып, талаптанғанның,

Қолдайды Ием орындасаң еркін ұлы Жаратқанның.

Жетелесін өздеріңді Киелі Рух бауырлар,

Исаменен мәңгі өмірде бір болуға дайындал.


Айтамын бүгін жар салып жалпыңызға,

Өзіңді іздеп, таппай жүр халқымыз да.

Сондықтан да шаршамастан бауырларым киелі,

Жеткізейік өсиетін халқымызға Иенің.


Қалғымастан бауырлар Иеміздің келуін қарсы алайық,

Әлемге Оның атын айтып жар салайық.

Келуі жақын қалды сезінейік бауырлар,

Сергектікпен Иемізді қарсы алуға дайындал.


Оспанбек қызы Зейнекүл 1944 жылы шаруа отбасында дүниеге келді. Зейнекүлге алты ай болғанда әкесі соғысқа кетіп, содан оралмады. Анасы ерін бес жыл күтіп, оралмаған соң туыстарының рұқсатымен басқа адамға тұрмысқа шықты. Ал Зейнекүлді өзінің нағашы шешесіне тапсырды. Зейнекүл не әкенің, не шешенің мейірімін көрмей қатты елегзитін. Бой жетіп, тұрмыс құрғаннан кейін де ері дүние салып, отыз жеті жасында бес баламын жесір қалды. Сонда ол әрдайым Құдайға сиынып, көмектесуін сұрап жалбарынатын. Бірде ол Құдай бұйыртып, Алматыға келіп, ойламаған жерден қазақ қауымына тап болады. Ол жерде Құдай туралы естіп, Жүрегінен Құдай сөздері орын алып, тәубеге келді. Адамдардың күнәсі үшін құрбан болған Иса мәсіхке Зейнекүлдің алғысы шексіз. Жүрегі таусылмас қуанышқа кенелгенде, өмір бойы тартқан азабы мен тартқан қиыншылығы ұмыт болып, Құдайды жырлай бастады.
«Барлық адамдар үшін Құдайға ұнамды тілектер, дұғалар, өтініштер мен алғыстар арналсын»

( 1Тім. 2:1)
Жалынып дұға етемін бір Өзіңе,

Кеудемнен жарып шығар әр сөзім де.

Жетелеп ақ жолыңа апара гөр,

Жақсылықтың нышаны бір Өзіңде.


Батаңды бере гөр қазақ ауылына,

Әр жерден ашылған Киелі қауымыңа.

Бір Өзің апара гөр ақ жолыңа,

Ізгі хабар таратқан бауырыма.


Бір Өзіңе Құдайым табынамын,

Халқымды ойлап мен сондай жабығамын.

Күнәларын Құдайым кешіре гөр,

Әрқашан сұрап Сенен жалынамын.


Ізгі хабарға бар халқым сене берсін,

Шын Құдайға барлығы келе берсін.

Шындық жолы қайтсе де ашылады,

Өйткені Сен осылай деген едің.


Ізгі хабар барлық елге таралсын
Күнәмізден құтқардың Қаныңменен,

Мадақтаймын Өзіңді әніменен.

Құдайым, тазалашы жүрегімді,

Күтемін келеріңді сәніңменен.


Ізгі хабар барлық елге таралар,

Сенген адам Иса Өзіңнен нәр алар.

Сенбегеннің халі қиын, амал не,

Тозақ сотта ісі оның қаралар.


Жарқыратып күннің нұрын жараттың,

Өз сәніңмен жұлдызыңды тараттың.

Айға да орын бердің аспан төрінен,

Құдіретті күшіңе Сен қараттың.


Табиғатты жараттың тамсандырып,

Құстарды да тараттың ән салдырып.

Құдіретті Құдайдың даналығы,

Көзің тоймас қарасаң қанша тұрып.


Ізгі хабар барлық елге таралсын,

Халқың Сенен сусындасын, нәр алсын.

Сенен келіп, құтқарылу тапсын да,

Саған сеніп, мәңгі өмірге бара алсын.



«Жол шындық және шынайы өмір Менмін»

(Інжіл, Жохан 14:6)


Шындық жолды Иса Ием көрсетіп тұр,

Осы жолда жүрсеңдер төгеді нұр.

Сенімің толығымен болса сенің,

Ақиқат арайлап алдыңда тұр.


Құдайым шындық жолды ашты бізге,

Аспаннан жарық нұрын шашты бізге.

Сонда да танымайды талай адам,

Көрсе де көрмегендей адасып жүр.


Ояншы, елім менің аман болғын,

Киелі кітап айтады шындық жолын,

Әзәзілдің шырмауын қиып тастап,

Құдайым, оңдай гөрші қисық жолын.


Халқымның жүрегіне нұр боп келдің,

Түнекті түріп тастап жыр боп келдің.

Қабылдап, халқым Саған келіп жатыр,

Рақымыңды Тәңірім көріп жатыр.


Шайтанды біз жеңеміз жолымыздан,

Шайтан енді біздердің қолымызда.

Шырылдатып, Иса Ием жеңіп берді,

Жеңілді, түсті біздің торымызға.


Шайтан жолдан құтылып тәубе алдық,

Жүк түсіріп жүректен жеңіл қалдық.

Тапқанына Құдайдың мен ризамын,

Шындық жолға бет бұрып, біздер бардық.


Сапарова Самсия Бердібекқызы 1948 жылы Жизақ облысы, Мырзашөл ауданында дүниеге келді. Шынайы тірі Құдайға 1996 жылы бет бұрды. Иса мәсіхпен кездесуі – оның өмірін түбегейлі өзгертті әрі ақындық шабытын үдетті. Сөйтіп Құдайды даңқтаған өлеңдер жаза бастады.
Дұғамды Сен естісең...
Я, Құдайым, дұғамызды тыңдай гөр,

Мәңгілікке өмірімді жалғай гөр.

Патшам Сенсің, жарылқаушы Тәңірім,

Саф алтындай сенімімді шыңдай гөр.


Ынтаменен Саған дұға етпекпін,

Алдың кеп, жан сырымды төкпекпін.

Таң шағынан дұғамды Сен естісең,

Ділімдегі мұратыма жетпекпін.


Ынтазар боп көз тігемін Өзіңе,

Бөленсем, – деп Сенің нұрлы Сөзіңе.

Шындық жолын табу үшін адамзат,

Берік тұрсын, дейсің әркез Өзіңде.


Жауыздықты құп көрмейтін Тәңірсің,

Жамандықты әшкерлейтін әділсің.

Жүректерді емдейтұғын дәрімсің,

Жарылқаушым, айтқаныңның бәрі шын.


Иә, Құдайым, бізге назар бөлесіңң,

Тіршіліктің берекесін бересің.

Алдыңа кеп шын сиынсам, жарылқап,

Ақ батаңды ағыл-тегіл төгесің.

***

Таңнан тұрып алдыңда,



Дұға етейін Тәңірім.

Өзіңменен бірге боп.

Сыр шертейін Тәңірім.
Дауысымды естіп келесің,

Дұғама жауап бересің.

Ауыздағы сөз емес,

Жүректің түбін көресің.


Аққан таза бұлақтай,

Мөлдірлікті табайын.

Өзің жуып тазартқан.

Таза ыдысың болайын.


Саған деген әділ ісім,

Даңқыңды Әке арттырсын.

Дауысымды естіп мадақтаған

Періштелер шат күлсін.


«Мен ізгі хабарға еш ұялмаймын, ол Мәсіхке

сенетін барлық адамдарды, алдымен иудейлерді,

сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын

Құдайдың құдіреті»

(Рим. 1:16)


Жүрек қалай шаттанып толқымайды?!

Ізгі хабар танытса шын Құдайды.

Өсиеті Тәңірдің дәнін ексе,

Жайлап өсіп, ол неге жайқалмайды?!


Ізгі хабар – Тәңірдің тірі Сөзі,

Себілмесе шықпайды бекер өзі.

Барыңдар, қорықпаңдар, айтыңдар деп,

Тапсырма берді бізге Тәңір Өзі.

Ізгі хабар – ізгілік қайнар көзі.

Ол – Құдайдың Иса атты тірі Сөзі.

Адам ата, Хауа ана бойға енгізген,

Бар күнәдан құтқарар шындық көзі.


Құдай еркін мен қалай тыңдамайын,

Менің жаным шындыққа құмар дәйім.

Күш-қуат бер жетеле Рухыңменен,

Мәрмәрің боп, о, Тәңірім, шыңдалайын.


Ізгі хабар ән болып тарқалады,

Әуенін естір әлем шартарабы.

Қабылдасаң қаларсың құтқарылып,

Тәубесізді тозаққа ап барады.


Сенің атың Тәңірім, Дәріптелсін!

«Патшалығы Құдайдың жақын» – депсің,

Таратайын әніммен Хабарыңды,

Таңдаулыңды мың-мыңдап алып келсін.



Киелі рух
Киелі рух көз бердің.

Көмейіме сөз бердің.

Дүние бүкіл дөңгелеп,

Көз алдымда өзгердің.


Күнәмді Сен кешірдің,

Пәк қаныңмен өшірдің.

Ашып бердің мен үшін,

Мәңгіліктің есігін.


Иса Мәсіх, Жан Ием,

Бүгін, міне, кез келдің.

Құдіретті Құдайдың,

Аузындағы Сөз бе едің?


Сен Құдайдың Сөзісің,

Бір Құдайдың Өзісің.

Құрбандыққа шалынған,

Қасиетті «Қозысың».


Өзін қараңғылықтың бұғауынан шығарып, шынайы мәңгілік өмірді сыйлағаны үшін, Сұлуқияштың Тәңірге деген ризалығы шексіз. Ол жастайынан әкесіз өсті. Бас көтерер балалары жас болғандықтан, анасы қиыншылықты көп көрді. Анасының балалардың қамын ойлап, тартқан қиыншылығы Сұлуқияштың да жүрегін тебірентпей қоймайтын. Бірақ ол осытебіренісін Иса Мәсіхпен бөліскенде, жүрегін шынайы масаттану мен шаттық баурап, сол қуанышы жүрегінен жыр болып төгіліп жатты.
Анашым

Анашым, менің анашым!

Бақ қонсын дейсің басыма.

Құдайсыз мына өмірде,

Бақытты қайдан табасың.
Балаларым менің есейіп,

Ұмытты деп мені қорқасың.

Ананың сол бір қадірін,

Ұмытуға бала бармасын.


Бақыт деген сөздің мәнісін,

Іздесең ғана табасың.

Шаршадың, сонша қиналдың,

Бақытты неге болмадың.


Өмірдің шын бақытын,

Таптың ба, менің анашым?

Құдай берсе батасын,

Сонда ғана бақыт табасың.


Керек емес емші, әулие,

Соңынан оның бармағын.

Тозаққа алдап әкетер,

Бүгінгі сенген әруағың.


Ана деген бала үшін,

Ең қымбат шығар өмірде.

Қартайған ана құшағын,

Сақтасын есте ұрпағың.


Бақытты біз таптық анашым,

Солмайтын, мәңгі Құдаймен.

Тілейміз саған ақ жолды,

Сен қашан оны табасың.


Ағарып сенің самайың,

Көп жасқа келдің анашым,

Исаға келсең, мәңгілік,

Бақытты сонда табасың.


Ахметова Самал Тұрсынғазықызы 1976 жылы, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ, осы өмірге назар аударып, өмірдің мән-мағынасы туралы көп ойланып-толғанып өскен еді. Осы өмірдің әр түрлі құпиялары мен сұрақтары, қиындықтары жиі толғандыратын-ды. Солардың бәрі «неге?» деген сұраққа әкеліп тірейтін. Есейген сайын өмір жайындағы сол сұрақтар бұрынғыдан да көбейе түскендей.

Самал мектепті бітірген соң, Алматы темір жол техникумында оқуын жалғастырды. Оны аяқтағаннан кейін, Алматы мемлекеттік университетіне түсті. Сөйтіп осы өмір соқпағына түсіп, күнәһар өмірдің тіршілігіне араласып та кетті. Студенттік өмір өз ырғағымен өтіп жатты. Ол сырттай қараған адамдарға өмірдегі бар мақсаты жүйе – жүйесіне келіп орындалып, көңіл толы мәнді өмір сүріп жатқан адамдар қатарында көрінгенмен, жүрегіне келіп тірелетін өмір жайлы «неге?» деген сансыз сұрақтардан арыла алмады. Өкінішке толы мына өмір мен өз билігін жүргізген зұлым заманнан әбден шаршаған оның бірде: «Мына өмірде шындық бар ма? Мына әлемді кім билеп тұр? Әлсіздерге күш беретін, жәбірлегендерге қорған болатын әділ ешкімнің болмағаны ма? – деген жан айқайы Құдайды үнсіз қалдырған жоқ. Сөйтіп 1997 жылы ол шынайы Құдайдың Иса Мәсіх арқылы беретін кешірімі жайлы естіді және осы шындықты қабылдап, Құдай халқының қатарына қосылды.

Самал осы аздаған өлең жолдарын өмірдің шын мәні неде екенін білгісі келетін әрбір ағайынға арнайды және олар шынайы Құдайды таныса екен деп тілейді.
Ақ тілек
Сенімің сенің, досым, сарқылмасын,

Тау суындай тасысын тартылмасын.

Қиыншылық басыңа түсер болса,

Рухың сенің ешқашан жасымасын.


Үмітің жалындасын, еш сөнбесін,

Төбеңе жаманшылық кеп төнбесін.

Жабырқап, толқымасын көңілің де,

Кедергілер кез болса өміріңде.


Тас болаттай шыныққын да, шыңдалғын,

Жігеріңмен қайраттанып мығымдал.

Сүйіспеншілік жазасын жүрек жарасын,

Жер әлемге жарық нұр болып тарасын.


Адалдықпен Иемізге қызмет етіп,

Оттай жанып лаулағын жалындағын.

Жан-дүниең Исамне бірге болып,

Көңілің еш нәрседен тарықпасын.


Не ұттым?
Өз жолыммен жүремін деп тарықтым,

Азғындықтан, зұлымдықтан жалықтым.

Ну ормандай осы жалған өмірде,

Адасып мен күнәларға батыппын.


Туын ұстап менмендіктің, паңдықтың,

Тура бағыт алыппын шыңырауына тұмақтың.

Бұл жалғанның жылтырына қызығып,

Жылтырақтың бәрін алтын деп таныппын.


Қызыққанда сол жылтырға, алтынға,

Осы өмірден соншалықты не ұттым?

Шыдай алмай соққысына тағдырдың,

Тия алмастай көз жасыма тұншықтым.


Жалған осы өмірден мен не ұттым?

Жаратқанның бар екенін ұмыттым.

Сонда сездім үзілгенін үміттің,

Амал таппай,иқажып әбден азыппын.


Кенет, маған нәзік дауыс үн қатты,

Жүрегімді сөзі Оның жұмсартты,

Жан дүниеме жарық сәуле түсіріп,

Жүрегімде мәңгі өмірдің таңы атты.


«Жалғаймын жібін үзілген сол үміттің,

Келші балам, неге Мені ұмыттың.

Күнәң үшін Иса болды құрбандық,

Кешірімнің бар екенін сен ұққын».


Сол-ақ екен жан дүнием қуанышқа кенелді,

Берген сыйын қабыл алдым мен енді.

Жүрегімде жалындады алаулаған жаңа үміт,

Иса ұсынды маған енді жаңа өмірді мәңгілік.


Жаңару
Бұл фәни жүрегіңді жаралайды,

Тұмшалап, көп ойлармен мазалайды.

Еркіңді беріп қойсаң қолына егер,

Аяусыз ол сені әбден жазалайды.


Құдайсыз мына өмірде мән болмайды,

Басыңа іс түскенде кім қорғайды?

Жығылсаң кім болады сүйенішің?

Шыға алмай шырғалаңнан күйер ішің.


Ал егер танысаң сен шын Құдайды,

Иса нұр боп алдыңда жарқырайды

Жан жараңды жазылтып-сауықтырып,

Жан , тән, рухың сәбидей жаңарады.


Алғыс Саған, даңқ Саған!
О, ұлы Құдай Тағалам,

Алғыс Саған, даңқ Саған!

Жүрегіме сүйіспеншілік орнатқан,

Көңіліме пәк сезімін жолдатқан.

Алғыс Саған, даңқ Саған!

Сыйладың мәңгі өмірді.

Бойымды менің кернейді,

Қуанышқа толы тәтті ән.

Алғыс Саған, даңқ Саған!

Адамзатқа кешірімді сыйлаған.

Құрбан болып бәрі үшін,

Айқышта тәнін Ол қиған.

Ризамын Саған сол үшін,

О, ұлы Құдай Тағалам,

Алғыс Саған, даңқ Саған!
Сағыныш сыры
Сағындым ғой сендерді рухани бауырластарым,

Ақ жолында Құдайдың сендерге бауыр басқанмын,

Құлазып көңіл жабырқап, жадау тартқан кездерде,

Өздеріңмен қауышып, мен жұбаныш тапқанмын.


Сүйіспеншілік лебі ескен ақ жарқынды жүздерің,

Уағыздаған Тәңірді от жалынды сөздерің,

Даңқтаған Исаны әндерің мен жырларың,

Түсті есіме әрқайсың, әр күндерім.


Таңдап алған Құдайдың біз сүйікті баласы,

Дайын көкте Әкеміздің бізге арнаған қаласы.

Қуанамын сендер үшін, қуаныштан тасқанмын,

Керек емес маған енді бұл өмірде басқаның.


Қымбатты да, сүйікті бауырластарым,

Айтуға тіпті сөз жетпес, соншама бауыр басқанмын.

Бір барайық мәңгілікке қол ұстасып,

Құдайдың әрбір сөзін бір құптасып.


Егер осы кітапшаны оқығаннан кейін,

Құдай жөнінде сұрақтар туындаса және

Құдай жайлы тереңірек білгіңіз келсе,

Мына мекен жайға хабарласыңыз:


Қазақстан

050031 Алматы қаласы



а/ж 68

«Шығыс Сәулесі»


1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет