Smart технологиясы бастауыш сыныпта



Дата03.07.2016
өлшемі54.2 Kb.
SMART технологиясы бастауыш сыныпта.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.


Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: « Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру».

Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Бүгінде әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Smart технологиясының элементтерін мен де өзімнің сабағымда қолданып жүрмін.

«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:

S (Specific) – мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.

М (Measurable) – мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.

А (Achievable) – мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.

R (Relevant) – мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.

Т (Time-limited) – мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.



Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.

Мектептің информатика,ағылшын,қазақ тілі,химия,биология,тарих,математика кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны ашық сабақ өткізгенде,тәрбие сағаттарын өткізу барысынд жиі қолданамын. Мысалы: ақпан айында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында өткен тәрбие сағатында оқушылар интерактивті тақтадан «Жолдас көмекке келеді» мультфильмін тамашалады. Бұл мультфильмде жолда жүру тәртібін үйретеді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады.

Өз іс-тәжірибеме тоқталатын болсам, «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып айына бір рет сабақ беремін. Әр сабағымызды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Мысалы 3-сыныпта қазақ тілі сабағында «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбын өткенде интерактивті тақтаны тиімді пайдаландым. Интерактивті тақтадан оқушылар «Тапқыр қойшы » ертегісін көріп отырып бірнеше тапсырмалар орындады. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айсақ, бұл сабақта оқушылар планшетпен де жұмыс істеді. Планшеттен «Сөзді тап» ойынын ойнап, тапқан сөздерінен жалаң және жайылма сөйлем құрастырды. Сөйлемдерін талдады.Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірбиелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағыма озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін.

Қазақ тілінен «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып, аудандық бастауыш сынып мұғалімдері семинарында «Дара және күрделі сан есім» тақырыбында шебер сынып өткіздім. Қызығушылығын оятуда интерактивті тақтадан «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көрсеттім және сабақтың тақырыбы сан есім болғандықтан оқушыларға логикалық тапсырма бердім. Мағынаны тану бөлімінде оқушылар планшетпен жұмыс істеді, яғни оқушылар бір-біріне сан есімі бар жұмбақтар жасырды. Ал, «Сөзді тап» ойынын ойнағанда, плпншеттен тауып алған сөздерден дара және күрделі сан есімі бар сөйлемдер құрады. Сабақтың соңында «Терме диктант» жазылды, оқушылар оқылған мәтінннен сан есімдерді теріп планшеттеріне жазды.

Кез келген сабағымның тақырыбын жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау, сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп, сондықтан да Play Маркеттен өте қызықты ойындарды таңдап сабаққа пайдалануға болады.


  1. «Сөзді тап» ойыны қазақ тілі сабағында, ал мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерді әдебиеттік оқу сабағында пайдалануға болады.

  2. «Әліппе» ойыны дыбыстардың дауысты және дауыссыз екенін ажыратып ойнауға арналған.

  3. «Көбейту кестесі», «Мерсибо» деген ойын сандар қатарын табуға,

«Балалар» деген ойыны 10 көлемінде қосып азайтуға,

«Барбоскины» деген ойын санның құрамын табуға арналған.

Осы ойындарды 1-сынып оқушыларымен өткізген сабақтарға пайдалануға болады.

«SMART» технологиясының мүмкіншіліктері:



  1. Оқушылардың сабаққа қызықты әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;

  2. Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуға немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;

  3. Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;

  4. Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің жақсы өтуіне септігін тигізеді;

  5. Оқушылардың өздеріне деген сенімі арттып, шығармашылықпен жұмыс жасаулары артады;

«SMART» технологиясының мүмкіншіліктерімен қатар қиыншылықтары да кездеседі.

  1. Мектептегі материалдық техникалық базасының толық болмауы.(планшеттер)

  2. Интернет желісінің жылдамдығының аздығы т.б.

Қорыта келгенде, мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен енгізу. 
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.
Каталог: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл"
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> Кітап -досым, ақылшым!
1E7973318117C007 -> «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл»
1E7973318117C007 -> Тізбектелген сабақтар топтамасының рефлексивтік есебі
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы : Композиция, пропорция, түс. Сабақтың мақсаты
1E7973318117C007 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме
1E7973318117C007 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру. "
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: Туым- теңдігім, Елтаңбам- елдігім, Гимн- айбыным Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет