Сотта мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін шешу жолдары



жүктеу 74.51 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі74.51 Kb.
Мадихожаева Т.Ж.

Сот төрелігі институтының 1-курс магистранты


Сотта мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін шешу жолдары.

Тіл - бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған мұрасы, аманаты, бүгінгі күннің мерейі, ертеңгі күннің кепілі. Өз ана тіліміздің қадірін білу, өз тілімізде дұрыс сөйлей білу әрбір қазақ баласының басты міндеті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,  қолдану аясын кеңейту, қоғамдық қарым қатынас тілі ету қазіргі заманның талабы деп білемін.

Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен  нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, заң аясында мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жасалып келеді.

Дегенмен де, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс-тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді. Өйткені, тіл мәселесі –елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелерінің бірі.

Тәуелсіз еліміздің көп ұлтты мемлекет екені белгілі. Сондықтан, Ата Заңымыз-Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.  Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы атап көрсетілген [1]. Мұны егер қажеттілік болған жағдайда ғана ресми түрде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деп ұғынғанымыз абзал.

ҚР «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген [2]. Сондай-ақ тілді  таңдау әр азаматтың конституциялық құқығы болғандықтан, сот істерінің мемлекеттік тілде жүргізілуі арыздардың сотқа қай тілде берілуіне байланысты.

Сот ісінің қазақ тілінде жүру көрсеткішін соттардың кінәсінен деп айтуға болмайды. Тараптар  арыз-шағымдарын орыс тілінде береді. Сотқа түскен тергеу амалдары қазақ тілінде жүргізілген қылмыстық істер, азаматтық істер бойынша  сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым қазақ тілінде шығарылса да сараптама жасау орталығы  қызметкерлерінің жауаптары орыс тілінде. Мемлекеттік орган болғандықтан сараптама қорытындысы қазақша – мемлекеттік тілде шығаруға міндетті. Демек, іс қай тілде басталса, мәжілісті сол тілде  жүргіземіз.

Халық сотқа мемлекеттік тілде жүгінген болса немесе уәкілетті органдар тергеуді мемлекеттік тілде жүргізсе, барлық өңірлерде сот істерін мемлекеттік тілде жүргізуге толық мүмкіндік бар.


Демек, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу анықтама немесе тергеу жүргізетін құқық қорғау органдарына, атап айтқанда, Ішкі істер министрлігіне, қаржы полициясына және қадағалаушы орган прокуратураға, осы органдардың басшыларына тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн.
Мемлекетіміздің Заңдарында тіліміздің мәртебесі айқындалып берілді. Ендігі жерде, бойымызға атамыздың қанымен, анамыздың сүтімен сіңген қасиетті ана тілімізді қорғау, мәртебесін көтеру баршамызға ортақ парыз болмақ.

"Ел болам десең,  бесігіңді түзе"  деп Мұхтар Әуезов  сынды ұлы ғұламаларымыз өсиеттеп кеткен. Ендеше, қазақ ұлты жоғалмауы үшін, жаным да, қаным да қазақ деген әрбір азамат өз ана тілінде  сайрап тұруы қажет. Мемлекеттік тілді  білу, оны жетік меңгеру -уақыт талабы.

Мемлекетік тіл еліміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға байланысты қиындықтар сот саласына да тән. Қазақ тілінің жағдайын жақсартуды өзімізден бастағанымыз жөн. Қазіргі күні республика соттарында сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың 75 пайызы қазақ тілін еркін меңгерген, сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асыра алатын тұлғалар.

         Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен мекеме ішінде рәсімделетін кіріс, шығыс құжаттарының сауатты дайындалуы мемлекеттік тілге бағытталған сұраныстың деңгей-дәрежесін байқатады. Ақпарат алмасу, мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты жүзеге асыру, хат-хабар жеткізу қызметтерінің кешенді үлгісін құрайтын құжат айналымы тілдің қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық, ұлттық-мәдени аспектілерін дамытатын аса маңызды ресми фактор болып табылады. Республикалық статистикалық мәліметтерге сәйкес сот жүйесі іс-қағаздарын толығымен қазақ тіліне көшірді. Қазір Жоғарғы сот төрағасы мен Департамент басшылығы сот істерін мемлекеттік тілде қарау мәселесін ерекше назарға алды.

«Мемлекеттік қызметке тек қана мемлекеттік тілмен» деген қағиданы жүзеге асырып, сот төрағаларына, алқа төрағаларына, судьяларға, кеңсе қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білу дәрежесін анықтау үшін тиісті сынақтан өткізіп, лауазымына сәйкес оны білу дәрежесін анықтайтын талап қойып,   төрағалық лауазымға тағайындалу үшін мемлекеттік тілді міндетті түрде еркін білуін талап ету қажет.

    Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Боранбаевтың айтқанындай «Мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру мақсатында, оның сапасын жетілдіру үшін мемлекеттік тілде іс қарайтын судьяларға, тілді жетік меңгерген аппарат қызметкерлеріне әрдайым ынталандыру шаралары қолданылса, мемлекеттік тілде тұрғызылған сот үкімі, шешімі, ұйғару, қаулыларына әрдайым талдаулар жасап, әртүрлі деңгейдегі байқаулар жариялап оның қорытындыларын республика көлемінде насихаттап отыру қажет».[3]

Сот саласында қызмет ететін жоғары білімді заңгерлер алғашқылардың бірі болып, толыққанды қазақ тілін меңгеріп, неғұрлым кеңірек қолданып, өзгелерге үлгі болуы тиіс», – деген ойдамын.

Мемлекеттік тіліміздің – рухани құндылығын арттыру үшін өз елімізде ұлтаралық қарым-қатынас тілін де тек мемлекеттік тілде жүргізген жөн.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ елінде қазақ тілі өркендеуі тиіс, біз еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген қағидасын ұстануға тиіспіз [4].

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекеттік тілге деген іс-шаралар бірте-бірте жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде тілді насихаттау жұмыстары күшейтілді.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатынын әрқашан есте ұстау керек.

Сонымен қатар, сот өндірісінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін заңдар мен нормативтік актілер қабылданса нұр үстіне нұр болар еді.

Осыларды қорыта келе, сотта мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін шешу үшін: сот ісін мемлекет тік тілде жүргізу тек соттардың жұмысы емес, бұл өзекті мәселеге Ішкі істер министрлігінің, Қаржы полициясының басшылары және Бас Прокуратура баса назар аударулары керек; мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелеріне арналған кеңестер, мәжілістер, отырыстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, т.б. шаралар туралы, сот жүйесінде қазақ тілін қолдануды насихаттауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге үнемі шаралар жүргізіліп отыруы тиіс; Сот қызметкерлеріне, судьяларға жұмыс орындарында қазақ тілі курстарын және БАҚ құралдарында қазақ тілін үйрететін арнайы бағдарламалар енгізу қажет; сот өндірісі мемлекеттік тілден басқа ресми тілде жүргізілген жағдайларда сот тілін білмейтін немесе нашар меңгерген әкімшілік жауапкершілікке тартылушыны, азаматтық іске қатысушыларды, айыпкер мен сотталушыны тегін заң көмегімен, яғни мемлекет тарапынан қорғаушымен немесе заңгер өкілмен қамтамасыз ету қажет; мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында барлық облыстық соттарда, көп құрамды қалалық соттарда кез-келген шараларды, жедел кеңестер мен аралық отырыстарды, соттың жалпы отырысын толық мемлекеттік тілде жүргізу үшін кем дегенде бір зал дайындап, оны ілеспе аудармамен, дыбысжазу қондырғыларымен жабдықтап, білікті маман аудармашылармен қамтамасыз ету қажет; «Мемлекеттік қызметке тек қана мемлекеттік тілмен» деген қағиданы жүзеге асырып, сот төрағаларына, алқа төрағаларына, судьяларға, кеңсе қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білу дәрежесін анықтау үшін тиісті сынақтан өткізіп, лауазымына сәйкес оны білу дәрежесін анықтайтын талап қойып,   төрағалық лауазымға тағайындалу үшін мемлекеттік тілді міндетті түрде еркін білуін талап ету қажет; мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру мақсатында, оның сапасын жетілдіру үшін мемлекеттік тілде іс қарайтын өзге ұлт өкілдерін құрайтын судьяларға, тілді жетік меңгерген аппарат қызметкерлеріне әрдайым ынталандыру шаралары қолданылса, оның қорытындыларын республика көлемінде насихаттау қажет.

Мемлекеттік биліктің бір тармағы болып саналатын сот жүйесінің жұмысын жандандырып, аталған реформаларды жүзеге асыру үшін сот саласына «судья» деген атаққа қызығып емес, халқыма қалай адал қызмет етем деп келетін дұрыс кадрларды таңдап тағайындауымыз қажет. Беделді сот жүйесін қалыптастыру үшін әр судьяның алдында кәсіби деңгейін жүйелі түрде жоғарлату міндеті болуы тиіс.[5]

Қазақтың біртуар жазушысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тілінді құрметтете аласың» деп, өз ана тілімізді құрметтеп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге қазақтың қара шаңырағының астында тұрған, елім, жерім деген әрбір азаматтың борышы деп есептеймін.




  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995жыл 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

  3. Есенбай Боранбаев /Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері // «ЗАҢГЕР» журналы, №6/143 маусым/2013, 32-33 бет.

  4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы/ Астана, Ақорда, 2012 жыл/http://www.akorda.kz

  5. Сәбит Өскембеков/ Еліміздің сот билігі – дербес, тәуелсіз билік тармағы ретінде / http://www.akmolasud.kz


Приложение
Регистрационная форма



Фамилия, имя, отчество

Мадихожаева Турганкул Жолдасбековна

Страна

Республика Казахстан

Место работы

Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан

Должность, ученая степень

Магистрант 1 курса Института правосудия

Телефон/факс

8 707 858 47 84

E-mail

tomy_84_84@mail.ru

Название доклада

Сотта мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін шешу жолдары

Форма участия в конференции

Очное

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет