Сто педагогикалық технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту



жүктеу 58.48 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі58.48 Kb.
СТО педагогикалық технологиясы арқылы

бастауыш сынып оқушыларының

шығармашылық қабілетін дамыту
Ербалина С.Н.
Атбасар ауданы №2 Ново-Александровка орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасуы ұстазға байланысты.

Осыған сай өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге оқушылардың үйренуі қажет.

Осы мәселені шешу мақсатында оқыту мазмұнында әдіс тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.

Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе- бет келген кезде жүзеге асады. Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап , тәжірибеде қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік , рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін –өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

«Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» — деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі — К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған байланысты жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды. Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта түрлі тапсырмалар жүргіздім.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:



  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

  • Оқушыларға ойланып- толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру;

  • Әр –түрлі идеялар мен пікірлерін қабылдау;

  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс –әрекетін қолдау;

  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау

  • Оқушылардың бір –бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау;

Ал , оқушылардан осыған байланысты:

- Сенімділік пен жұмыс жасау;



  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

  • Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

  • Маған бұл жаңа ойлар , идеялар қаншалықты әсер етті ?

Деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Осындай әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ әдістерін жүзеге асыра отырып , балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға жол ашылады.

Бұл бағдарлама әсіресе , табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын , өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы шексіз. Атап айтқанда , оқушылармен жұмыс жасағанда :



  • еркін ойлауға мүмкіндік береді,

  • ақыл- ойын дамытады;

  • шығармашылық белсенділігі артады;

  • Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді

  • Тіл байлығын жетілдіреді.

  • Жан-жақты ізденушілігін арттырады.

Міне, осы қасиеттердің барлығын оқушыларымның бойына қалыптастыруға жұмыс атқарудамын.Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.Оқушының танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

1.Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

2.Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамын:



  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мен үшін қандай пайдасы болды: Түрлі әдістерді пайдалану сабағымның нақты мәнін терең ашуға көмектесті.

Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

Олардың әр қайсысының деңгейін анықтай алдым.

Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алдым.Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс атқаруға үйреттім.



Ал оқушылар үшін бұл бағдарламаның пайдасы мол екенін айту -менің міндетім. Өйткені оқушылар –еліміздің нұрлы болашағы . Оқушылардың қабілеттерінің сөз саптау еркіндігінің,ұйымшылдығының, шығармашылық белсенділігінің артқанына олардың эсселері мен тақпақтары дәлел бола алады. Оқушыларымның жетістіктеріне мақтан тұтамын: шәкіртім Даниярова Жұлдызай «Мәшһүр Жүсіп- біздің қанымыз бір» деген ғылыми жобаласын аудан көлемінде жариялап 1 жүлделі орынға ие бола алса , Имашева Күнім «Айса Хамзеұлы-балалар жазушысы» деген жобасын сондай жетістіктен кейін облыстық деңгейде қорғап,белсенділік үшін грамотамен марапатталды. ІV Халықаралық педагогикалық инновациялар Жәрменкесіне қатысып,мен де « Шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі» номинациясында грамотамен марапатталдым.2015 жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығында «Жобалау әдісі-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және өнімді іскерлікті дамыту» тақырыпты курсында осы бағытты іске асыру туралы білімімізді толықтырдық. Алдымызда балаларды қызықтырып оқытатын жобалар күтуде,ал шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаздар көбеюде деп сенемін.
Әдебиеттер тізімі

  1. «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері», Алматы, 2004 ж.

  2. «Бастауыш сыныпта оқыту журналы» №  1, 2, 2008 ж.

  3. «Мен және бәрі, бәрі, бәрі»Алматы, «Аруна», 2006 ж.

  4. «Ұстаздық шығармашылық» Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

  5. «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту» Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

: images -> stateiki
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
stateiki -> Оқыту үрдісіне өзгеріс енгізу үшін мен не істедім




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет