Студентерге арналған жөнсілтер анықтама



жүктеу 402.85 Kb.
бет1/4
Дата08.10.2016
өлшемі402.85 Kb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ






Шымкент-2013 ж.

Құрастырғандар: Болысбек А.Ә. – Тіркеу кеңсесінің жетекшісі, Өмірзақова А.С. - Тіркеу кеңсесінің тіркеу және академиялық жазбалар бөлімінің жетекшісі.
Студентерге арналған жөнсілтер анықтама. Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша анықтамалық-ақпараттық басылым. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013. - 20 б.

Бұл ақпараттық-анықтамалық басылымда университет, оның құрылымдық бөлімдері туралы мәліметтер берілген. Кредиттік білім беру технологиясын ұйымдастырудың негізгі ережелері келтірілген. Студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың университеттегі тәртіптері туралы ережелер берілген.


Жөнсілтер-анықтама 1 курс студенттеріне арналған.

Пікір білдіруші:


Байболов К.С. - т.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесі тарапынан баспадан шығаруға ұсынылған (№4 хаттама, «19» 04 2013 ж.)



МАЗМҰНЫ



Кіріспе

4






1. Университет туралы жалпы мәлімет

5







2. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері

7

2.1 Оқытудың кредиттік технологиясының глоссариі

7

2.2 Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу

бағдарламалары және оқу жоспарлары



9

2.3 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру

10

2.4 Тіркеу кеңсесі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі

11

2.5 Білімді бағалау және қадағалау жүйесі

12

3. Студенттердің ауыстыру, қайта оқуға қабылдау және оқудан шығару тәртібі

13

3.1 Курстан курсқа ауысу

13

3.2 Ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару

13

4. Кітапхананы пайдалану ережесі

15

5. Ақпараттық мәлімет

16

5.1 Университеттің басшылықтары мен құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат

16

5.2 Оқу ғимараттарының орналасу сызбасы

18



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің миссиясы – жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынаста бола отырып Қазақстанда демократиялық, экономикалық дамыған және әлеуметтік бағдарланған қоғамға арналған мамандардың жаңа ұрпағын дайындау, ең жақсы білім беретін жоғары сапалы қызметкерлерінің командасын пайдалана отырып білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, елдің инновациялық-индустриальды дамуына жәрдемдесу.

ОҚМУ – инновациялық жоғары оқу орны және ғылым, техника, экономика, заң, өнер және әр түрлі салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын көшбасшы. Университеттің даму болашағы бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологияны жетік меңгерген жас ұрпақтары өздерінің жаңа иедяларын іске асыра алатын, инновациялық жобаларды жасай алатын, конструкциялық материалдарды құрастыра алатын мамандар дайындау болып табылады.

Миссияның орындалуы үшін біздің студенттер: оқу жоспарының талаптарын бекітілген мерзімде орындасын, біздің дәстүрмен және ішкі тәртіп ережелерімен жүрсін, университет өміріне қатыссын. Біздің мақсатымыз Сіздердің мүмкіндіктеріңізді, қабілеттеріңізді және потенциалдарыңызды іске асыруға көмектесу. Біз бір-бірімізбен сенімді түрде жұмыс жасаймыз және біздің басқару жүйесін іске асырамыз. Таңдалған мамандықты табысты және шығармашылық оқу үшін университет Сіздерге барлық жағдай жасайды.

Жоғары сапалы мамандар дайындау, олардың зияткерлік қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасайтын, әділеттік, адалдық, өзара сыйластықты жоғары қоятын жоғары оқу орнын сыйлап, моральды-этикалық нормаларды сақтауға, өз өмірлеріңізде ЖОО атына кір келтірмеу, оқу орнының дамуына көмектесу, өз кәсіби біліктілігіңізді үнемі көтеріп отыру, әділ болу, басқа адамдардың ар-намысын сыйлау, ұлттық және дін жағынан қысым көрсетудің қандай да бір түріне қарсы тұру, достарыңызға, әріптестеріңізге кәсіби жақтан дамуға көмектесу, олардың зияткерлік және моральдық деңгейлерін көтеруге көмек беру, университет пен Қазақстан Республикасының дамуы үшін еңбек ету қағидаттарын сақтауға шақырамыз.

Сіздер біздің миссиямызды іске асыруға көмектеседі деп сенеміз.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймақтың ғылым-білім, интеллектуальды, мәдениет орталығы.

Университет 70-жылдық тарихы бар Қазақстанның оңтүстігіндегі білім берудің жоғары техникалық және гуманитарлық екі ескі мектебінен құралған. 1943 жылы Шымкент қаласында құрылыс материалдар Технологиялық институты құрылған, осы жылдары ол бірнеше мәрте атаулары мен құрылымдары өзгеріске ұшырады. 1998 жылы гуманитарлық университет қосылып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып құрылды. Қазіргі таңда университетте білім беру, құқық, әлеуметтік ғылым, бизнес, жаратылыстану, гуманитарлық, агроөнеркәсіп, техникалық және технологиялық, өнер, мәдениет пен спорт мамандықтары бойынша білім берудің жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі мамандары дайындалуда.

  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет