"Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”



жүктеу 53.65 Kb.
Дата22.06.2016
өлшемі53.65 Kb.
"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"

Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”

Қатысатын: 10 “а,ә” және 11“а”сыныптары

Мақсаты: Көтерілістің тарихи маңызын, мaзмұнын aшу, ел тaрихын білуге ,тарихи тұлғаларды құрметтеуге үйрету, тoптық жұмыс aрқылы бiрлiк , ынтымaқтaстық aтмoсферaсын қaлыптaстыру.Көтеріліс" сөзiнiң мaғынaсын ұғындыру. Aқпaрaтты өз бетiмен тaбуғa , қaндaй дa бiр мәселенiң шешiмiн тaбуғa үйрету. Қoршaғaн oртa aдaмдaрымен дұрыс қaрым-қaтынaс жaсaй бiлуге үйрету.

Oқыту нәтижелерi: Тәжiрибелiк дaғдыны жетiлдiру. Oқушыны сыни тұрғыдaн oйлaту. Өзiн-өзi жетiлдiру.

Негiзгi идеялaр: Сыни тұрғыдaн oйлaуды дaмыту. Oқушы бoйынa пiкiртaлaсты жүргiзе бiлу қaбiлетiн қaлыптaстыру. Өз бетiнше тұжырым қaлыптaстырa aлaтын тұлғa бoлуғa бaулу.

Дерек көздер: Қазақстан картасы,"Қазақстан" энциклопедия кiтaбы, тaрaтпaлaр.

Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.

      Қазақ халқы ерте заманнан бергі дәуірде халқымыздың елдігін, ерлігін сынайтын үш кезеңді басынан кешірді. Оның біріншісі жаңа өмірге келгендеқолына қан уыстап туған Шыңғыс хан шапқыншылығы болса, екіншісі елді еңіретіп «ақтабан шұбырынды» еткен жоңғар шапқыншылығы, үшіншісі еңталмауытты –талмалы тұсы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс. Тарих қазақ халқының шаңырағын үш рет шайқалтты. Халық жадында үш заманға, үш қарғыс ат тағылды.Олар «Ойран заман», «Зар заман», «Қилы заман». Міне, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы қилы замандағы ірі тарихи оқиғалардың бірі болып табылады.Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толады.Көтерілістің болғанына бір ғасырдай уақыт өсе де, халықтың жадында мәңгі сақталады.Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

16-шы жылында,


25-ші маусымда,
Даланы қара түн басты,
Найзағай ойнап от шашты.
Жарлығы шығып патшаның
Ел сандалды, ер састы.
Ежелгі кек оянып,
Көтеріліп жұрт дуласты –осы өлең жолымен бүгінгі сайысымызды бастаймыз
І кезең:"Сыйқырлы барабан" әдісі.

І топ сұрақтары.

1) Ұрпақтар cабақтастығы: 

Атасы ------------- батыр - Кенесары бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қатынасқан, өзі---------------- – 1916 жылғы ұлт- азаттық күрес басшысы, баласы –-------------- Амангелдиев – Ұлы Отан соғысында Мәскеу шайқасына қатынасып, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін құртып, өзі де қаза тапты. Міне, үш ұрпақ өкілдері Отан үшін от кешті. Біз – бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін жалғастырушы болуымыз керек.Оларды атаңыз.

(Иман батыр,Аманкелді және Рамазан)

2) Боралдай асуы. Дар ағашының қасында... Жетісу қозғалысының жетекшілерінің бірі, асқан батырлығымен аты шыққан.Бұл кім? (“Бекболат Әшекеев”)

3) Бұл кім? 1916 ж оқиғаларына қандай қатысы бар? рисунок2



4) Бұл кім? Ол туралы не білесіз? c:\users\user\documents\1 т коуч 2014\коучинг 2015ж\1916ж ұлт-азатт\жанкелдин.jpg
5)  Отарлары бар мемлекет ұғымын ата ? Метрополия.

6) Патша жарлығымен тыл жұмыстарына қай жастан алынатын болды?

16-43 жас

ІІ- топ сұрақтары.

1) Көтерілістің ірі ошақтары ? Торғай,Жетісу.

2) Торғай облысындағы көтеріліс қашан тоқтады? (Патша үкіметі құлатылғаннан кейін)

3) . «Рас, мен соғысуға шықпақ болдым,

Басыңды жер астына тықпақ болдым.

Рас десең, рас сөз мен айтайын,

Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым»

деп кiмге қарсы шыққанын ашық, анық айтты топ алдында, көп алдында. Сөйттi де өзiн-өзi өлiмге қиды. Жай емес, жарқын болашаққа сендi де, саналы түрде, сабырлы түрде мойнын дар тұзағына ұсынды...? (Бекболат Әшекеев)

4) Би, шешен. Жетісудағы 1916 ж. Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі .Пржавальск түрмесінде у беріп өлтірілген? (Жәмеңке Мамбетов)

5) 1916 ж. Жетісудағы Қарқара көтерілісі ұйымдастырушыларының бірі. Әкесі Саурық Жетісу жерін жоңғар-қалмақтардан азат етуге белсене қатысқан. Тегі албан руының Құрман атасынан шыққан.Бұл кім? (Ұзақ батыр)

6) 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы? (Бұратана халықтардың

19-43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына алу туралы )

1) Қазақ ұлттық зиялыларының Либерал-демократиялық бағыттағы тобының 1916 жылғы көтеріліс туралы ұстанымы ? (Қарулы көтеріліске қатысудан бас тартуға шақырды)

2) Қазақтарды қара жұмысқа алуға қарсыласуға шақырғаны үшін жабылған журнал? (Айқап)

3) Суреттегі 1916 жылғы көтеріліс жетекшісі туралы не білесің? c:\users\user\documents\1 т коуч 2014\коучинг 2015ж\1916ж ұлт-азатт\бокин тоқаш.jpg

( Тоқаш Бокин)

4) Суретте не бейнеленген.Сурет авторын ата? (Аманкелді тобы.Авторы – Ә.Қастеев.)

5) Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген.

Ол әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Бұл кім? (Аманкелді Иманов



6) Жамбылдың 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне арналған өлеңі ? ( «Зілді бұйрық»)
ІІ - кезең. Артығын атаңыз:

Торғай жетекшілері

Иманов

Жанбосынов

Саурықов

Шолақов

Жетісу жетекшілері

Бокин

Әшекеев

Мәмбетов

Жанкелдин

Көтеріліске қатысудан бас тартуға шақырғандар

Бокин

Рысқұлов

Бөкейханов

Әшекеев

Көтерілісті қолдаушылар

Дулатов

Тұнғаншин

Сейфуллин

Қаратаев

ІІІ - кезең. РАФТ стратегиясы.

  • РОЛЬ- Аманкелді (Бекполат)

  • АУДИТОРИЯ - Оқушылар

  • ФОРМА - Хат

  • Тақырып - “Ерлігің мәңгі есімізде!”

ІҮ - кезең. БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ. Аманкелді,Бекболат,Әлихан.

  • 1. ЗАТ ЕСІМ

  • 2. СЫН ЕСІМ

  • 3. ЕТІСІТК

  • 4. ТҮЙІНДІ ОЙДЫ БІЛДІРЕТІН СӨЙЛЕМ

  • 5.СИНОНИМ

Ү - кезең. ТАПҚЫР ДОСТАР.Кеспе қағазға жазылған сөздерді сұрақ тұрінде өз тобына жеткізу керек.Ал тобы болса сұрақтың жауабын табуы тиіс.

  • АМАНКЕЛДІ

  • БЕКБОЛАТ

  • 25 МАУСЫМ

  • ТОРҒАЙ

  • ЖЕТІСУ

  • 19- 43 ЖАС

Қорытындылау.Топтардың жалпы ұпайлары есептеліп,жеңімпаз анықталады.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ
2016 -> А. Байтұрсынов орта мектебі. Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Отбасы. Отбасы мүшелері. Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет