Тақырыбы: «дос болайық БӘріміз!» Мақсаты



жүктеу 45.61 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі45.61 Kb.

Тақырыбы: «ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ!»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; достық, көмек туралы түсінік беру; өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Тәрбиеші сөзі:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

-Құрметті балабақша тәрбиешілері, бүгінгі біздің «Дос болайық бәріміз» атты тақырыптық сағатымызға қош келіпсіздер!



(Көңілді әуенмен балалар залға кіреді).

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел қосылып күлейік!

Шаттық шеңбері (Балалар бір – біріне тілектерін айтады)

Жүректен жүрекке

-Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере бір-бірлеріне ұсыну.



Балалар:- Менің досым ақылды болса деймін...

Менің досым өтірік айтпаса екен деймін...

Менің досым әр уақытта қуанып жүрсе деймін...

Менің досым еңбекқор болса деймін...

Менің досым мейірімді болса деймін...

Менің досым кешірімді болса деймін...

Менің досым сабағын өте жақсы оқыса деймін...

Менің досым сұлу болса деймін...

Менің досым адал болса деймін...

Менің досым әдепті болса деймін...

Менің досым тәртіпті болса деймін...

Менің досым ақкөңіл болса деймін...

Менің досым көңілді болса деймін...

Менің досым білімді болса деймін...

Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі –адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.

c:\documents and settings\user\рабочий стол\camera\20150717_161159.jpg

«Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлеметпе міне мен,

Доспын енді сенімен!»

Ән: «Достық»

c:\documents and settings\user\рабочий стол\camera\20150717_161827.jpg

Орындайтын: Естияр тобының балалары

Көрініс: «Досыңды сатпа!»

c:\documents and settings\user\рабочий стол\camera\20150717_161855.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\camera\20150717_162048.jpg

Тақпақтар айтылады:



Жолынбай Айша:

Сынға түскен кездерде


Сырын бермес достарым;
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым;

Қуаныш Дінасыл:

Тұрғанымда қысылып


Медет берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым;

Байканова Дильназ:

Жырға сені қосумен


Өтсем деймін досым-ау;
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.

Жиенбаева Алина:

Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын

Астафьева София:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.

  • Жұмбақтар айту.

Тақтаға жалаңаш ағаштың бұтағы ілінеді. Балалар жұмбақтар айтып, сол бұтаққа гүлдер мен жапырақтар ілуілері керек.

c:\documents and settings\user\рабочий стол\camera\20150717_162722.jpg

Тәрбиеші сөзі: Балалар, міне жапырақсыз ағаш, қандай көріксіз болса, доссыз адам да осындай болар еді. Осы жұмбақтарды жатқа біліп, мағынасын түсініп, бойымызға сіңіре білсек, өміріміз де осы ағаштай гүлдеп, көрікті болады.

Тақпақтар айтылады:

Ғалымжанов Расул:

Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.

Ермек Мадияр:

Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.

Тәрбиеші:_-Балалар,_сендер_қандай_балаларсыңдар'>Тәрбиеші: -Балалар, сендер қандай балаларсыңдар?

«Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжесуді білмейміз.»

Ал балалар, біздің топтағы балалар қандай?

«Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.»



Тәрбиеші: -Балалар тату – тәтті болу үшін, ең алдымен өзіміздің бойымыз жақсы қаситтерге толы болу қажет.

Қорытындылау:

(Видео ролик көрсету Али мен Ая)

«Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді – өзің аяда,

Өзіңнен үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңсің ақыл айнасы,



Өзіңді тану пайдасы » - деп, бүгінгі «Дос болайық бәріміз» атты тақырыптық сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет!





©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет