Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта Бөлімі



Дата03.07.2016
өлшемі205.85 Kb.
Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласыf:\whatsapp\media\whatsapp images\img-20160612-wa0006.jpg

№31 «Балапан» б\б тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А
Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта

Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, қоршаған орта

Мақсаты : Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру.

Білімділігі:. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату. Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Адамгершілікке , кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, дидактикалық ойын «Жаман мен жақсы», сыйлықтар.

Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату,тапсырмалар,көрсету.

Тәрбиеші: -Балалар қарандаршы бізге көп қонақтар келіпті, кәнеки балалар қонақтармен амандасайық

-Сәлеметсіздерме!

Балалар орындыққа отырады

Тәрбиеші: Балалар алыста не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші : Балалар бұл кім екен?

Мысық: Қой дедім ғой мен саған.

Ит : Р-р-р-р саған не керек! Қандай ұсқынсыз едің!

Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіне қарашы, жылайды

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме сіздер кім боласыздар? Сендерге не болды ?

Мысық: Мынау барғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді

Тәрбиеші: Бұларын енді дұрыс емес, сендер балабақшаға келдіңдер кішкенең,қарандаршы біздің балалар қандай әдепті, тәртіпті балалар, бізге көп қонаққтар келіп отыр олармен амандасу керек

Мысық: ой біз амандасуды білмейміз мяу-мяу .

Ит: Амандасу деген не?р-р-р

Тәрбиеші: Ендеше сендер білмесеңдер біздің балалар көрсетеді, ендеше келіңдер шеңберге тұрыңдар біздің балалармен амандасуды үйреніңдер.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Үлкен шеңбер құрған соң,

Әдептілік сақтайық.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем берейік, үлкенге

Сәлеметсіздер ме?!

Амансыздар ма?!

Есенсіздер ме?!



Ит: р-р-р қандай керемет біз білдік амандасудың не екенін.

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық. Мысық ,ит біздің балалар әдептілік туралы көп тақпақтар біледі.

Медина: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Жандос: Атам маған өмірде

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Меруерт: Сәлеметсіз бе, ағай деп,

Сәлетсіз бе , апай деп,

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Мирас: Дастарханның басында,

Әдептен біз озбаймыз,

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз.

Амина: Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар

Тәрбиеші: балалар біздің мысық пен иттің көңіл күйлері болмай тұрған сияқты, кәне оларды ортаға шақырып бір көңілді ойын ойнайық.

Тікіриіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп

Бетін қолын жауады. Мяу-мяу-мяу

Қасымнан бір қалмайды.

Көзін қысып алады,

Ұйқта десең ұйқысы ,

Ұйқысы оның қанбайды. Мяу-мяу-мяу.

Мысық : Балалар сендерге көп рахмет әдептіліктің не екенін түсіндік.

Ит: рахмет балалар р-р-р ,мяу-мяу

Мысық ,ит : Балалар рахмет сендерге, біз енді әдепті боламыз сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма? Орманға тез жету үшін ән айтып барайық.

Аяз-қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран сағады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

-демек, балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс (Қыс)



Тәрбиеші: Балалар біз орманда әдептілікті сақтау керекпіз! Қоқыстарды тастауға болмайды, бұтақтарды сындырмаймыз, құстарды атпаймыз, ұяға тейіспейміз.

Музыка: торғай, өзен, жел т.б

Орманшы: Талдарды бақылап жүреді, бұтақтар сынып жатқан жерде

тұрады, басын шайқап.



Тәрбиеші: балалар қарандаршы, алыста орманшы тұр кәне амандасайық

Сәлеметсізбе орманшы

Орманшы: амандасады

Тәрбиеші : сізге не болды көңіл күйініз жоқ қой?

Орманшы : ия балалар қарандаршы орман іші көңілсіз талдарға, шыршаларға зиян келтірген. Балалар шыршаның бұтақтарын сындыруға болама? Табиғатқа зиян келтіруге болама? Біздің табиғат құрып бара жатыр жабайы жануарлар да азайып кетіп бара жатыр. Ох- ох

Тәрбиеші: Ия балалар, табиғатты біз аялауымыз керек.

Тәрбиеші: Балалар біздің орманшы өте көңілсіз екен, кәне балалар ормандағы жабайы жануарларды еске түсіріңдерші, орманшының көңілін көтерейік, бір ойын ойнайық орманшы біз балалармен ойын ойнап көңілінізді көтеруге қалай қарайсыз?

Орманшы : -Жарайды балалар ойын ойнайық

Тәрбиеші: жабай жануарладың қимылдарын өлең арқылы қозғаламыз.

Аю маң-маң басқан,

Қоян үркіп қашқан.

Қасқыр ылан салады,

Түлкі бұран қағады.

Орман іші көңілді

Бұтақтаң қар түседі.

Жарайсыңдар балалар жабайы жануарлады жақсы біледі екенсіңдер . Онда балалар орманның сулулығын тамашалайық.



Орманшы: -Балақай сен нестеп жатсың?

-Балалар торғайды атуға бола ма?

- Жоқ!

Тәрбиеші: -Балақай құстар біздің досымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Қыс кезінде торғайларға қорық табу өте қиын сондықтан біз оларға жем беруіміз керек.

Кәне, балақай біздің балалармен шеңберге тұра ғой, орманшы сізде тұрыңыз әдепті туралы «Жақсы ,жаман» деген ойын ойнайық.



Ойын шарты: Мен жақсы туралы айтқанда қолдарынды шапалақтайсыңдар, жаман туралы айтқанда аяқтарынды топылдатасыңдар қымылдар көрсетесіндер.

-Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр екен, ол қандай бала?

-Үлкен кісіге орын берген бала, қандай бала?

-Атасына терек егіп көмектесіп жатқан бала қандай бала?

- Жерге құлап қалған балапанды ұясына салып жатқан қандай бала? Тәрбиеші: орманшы ағай біздің балалар әдепті туралы мақал -мәтелдер біледі соны тыңдаңыз.

Мақал мәтелдер:

-Әдепті бала балабақшада

- Әдепті бала көшеде,

-Әдепті бала үйде.

-Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

- Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

-Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.



Орманшы: өте керемет жарайсыңдар, балақай көрдің бе әдепті бала қандай болу керек!

Бала: ия орманшы балалар енді мен тентек бала болмаймын әдепті бала боламын. (қолындағы садақты береді)

Орманшы: жарайсың балақай күзде жинаған алмамнан тату етем, ала ғой.

Бала: балалар орманшы рахмет сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар балабақшаға кайтатын уақыт келді.

Орманшы: Балалар сендер қандай әдепті баласындар көп тақпақ, мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер, әдепті туралы (балалардың бастарынан сыйпайды орманшы)

Сендерге базарлығым бар апайларына берейін балабақшаларына барғанда үлістіріп береді.



Балалар: -Сау болыңыз орманшы !

Тәрбиеші:- Балалар балабақша тез жету үшін ән айтып барайық

Мен әдепті баламын,

Әдепті мен сақтамын.

Жас үлкенге жол берем,

Мен тәртіпті баламын.

Балалар біз орманға бардық. енді көңіл көтеріп бір ойын ойнайық



«Біздің топта кім жақсы»

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық әдепті туралы сурет тамашалайық кәне балалар қарандаршы

-Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?

-Талдың бұтағын сындырып жатыр ма?

-Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Балалар құсты садақпен атып жатыр? Олар қандай бала?

-Балалар автобуста орын бермей тұрса? Ол қандай бала?

-Енді мына суретке қарайықшы.

Суретте бала не істеп жатыр?

-Бұл бала құстарға жем беріп жатыр?

-Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Құстарға бидай беріп жатқан қандай бала?

Үлкен атамен амандасып тұрған қандай бала?



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар біз қандай баламыз қолмен балалар жақсы баламыз деп белгі көрсетеді.

Қоштасу шеңбері

Орнымыздан тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Келген қонақтармен қоштасайық.

Кездескенше күн жақсы, сау саламат болайық, сау болыңыздар!

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы

№31 «Балапан» б\б тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А



Тақырыбы: «Имандылық – балалар жүрегінде»

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық,денсаулық.

Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, жапсыру.

Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық сананы қалыптастыру. Ойын қызметінде көрсету арқылы қазақ халықының дәстүрлерімен таныстыру. Халқымыздың тиым сөздері, бата- тілектері арқылы балаларды тапқырлыққа, шешендікке, орынықты сөйлеуге үйрету. Ойын кезінде балалардың ойлау есте сақтау қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту,түрлі –түсті кестелерден көрпеше әжеге сыйлық беру. Шығармашылық қаблетін арттыру . балаларды адамгершілікке, тазалыққа ,үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бесік ,бесік жабдықтары, қуыршақ, қамшы ойыншық жылқылар, дастархан, киіз үй жабдықтары, қоржын, түрлі-түсті кеспе қағаздар, ою.

Билингвалдық компоненттер: бөп- малыш, бесік- колыбель, бесік жыры колыбельная песня.

Шаттық шеңбер:

Балалар, бүгін ерекше күн, біздің балабақшаға қонақтар келіп отыр. қонақтармен амандасайық.

- Сәлеметсіздер ме?

-Қане үлкен шеңбер құрайық. Қандай тамаша ! осы шеңберде бір- бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!



Тәрбиеші: Балалар біздің топқа почтальон шақыру хат әкелді.

Кімнен екен? Ой балалар, бұл хат Айша әжеден келген.

Құрметті балалар менің сендерді немеремнің «Бесікке салу» тойына шақырамын.

Балалар Айша әженің ауылы алыста. Біз пойызға отырып барайық.

Балалар пойыз кұрады.

Қане кімнің бойы ұзын,

Парвозы ол пойыздың.

Қатар- қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық, ал паравоз баста аға

Бәрімізді басқарда да

Пш-пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу-гу гуілде,

Қалып қойыма бәрінде

Пш-пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Балалар келдік әженің аулына

Балалар орындыққа отырады.



Айша әже: -Сәлеметсіңдер ме, балалар, төрлетіңдер! Мен сендерді арнайы немереме ат қойып, бесікке салуға шақырдым.

Ат қою дәстүр көрсету



Айша әже: -Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Ел басымыз кім?

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Менің немеремнің аты Нұрсұлтан болсын сол атадай ақылы, парасаты болсын деп тілеймін.

Сенің атын Нұрсұлтан «3 рет қайталайды)

Алдияр бата береді

Асын асын асыңа,

Береке берсін басына

Денсаулығын зор болсын!

Уайым қайғың жоқ болсын!

Аумин


Айша әже:

Енді нәрестені бесікке салайық.

Мына астыңғы көрпеше, жастық, тізе көрпе, шүмек белбеу, аяқ бау, бетперде.

Ырымдар

Бос бесікті тербетпе.

Ел болам десең, бесігінді түзе.

Бесікті аластау:

Алас, алас, алас, пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жамананның тілінен алас

-Кәне балалар мен өзім баланы бесікке бөлеп берейін.

Әлди әнің айтып ұйықтатайын.

-Бесік жырын білесіңдерме?

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем

Жылама бөпе жылама,

Әлди, әлди бөпеші.

Ұйықтай қойшы ,көкешім.

Теребетейін, жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой!

Әлди әлди бөпеші.

Балаларым сендер менің немерем Нұрсұлтанға қандай тілек тілейсеңдер?

-Нұрсұлтанның денсаулығы зор болсын! (Айша)

-Нұрсұлтанның өмір жасы ұзақ болсын! (Аяулым)

-Бақытты болсын! (Аяжан)

-Абай атадай ақын болсын! (Сезім)

-Елімізде тыныштық болсын! (Алдияр)

-Күніміз жарық болсын! (Дархан)

-Нанымыз көп болсын!! (Маржан)

-Бәріміз тату болайық! (Камила)

-Дастархан мол болсын! (Інжу)

-Ата – анамыз аман болсын! (Асылхан)

- Жеріміз бай болсын!

-Отанымыз құлпыра берсін!

-Күніміз жарқырап тұрсын!

-Балабақшамыз гүлдене берсін!

Жарайсындар балалар жақсы тіліктер қабыл болсын!



Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық үлкен шеңбер жасайық,

Дөңгелене тұран соң

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

- Балалар менде көп кесе бар, бірақ олардың сыртында суреттері жоқ, кесенің сыртына ою жапсырып беріндерші, мынау оюдың аты қалай аталады?

Дұрыс «Қошқар мүйіз» . Қошқар мүйізді кесенің сыртына балалар жапсырып берді. (музыка ойнап тұрады)

Жарасындар ,рахмет балалар.

Балалар балабақша қайтатын уақыт болды.

Балалар сендерге көп рахмет ,сендерді жолдарына бауырсақ салып берейін. Балалар пайызға отырып топқа оралады

Қане кімнің бойы ұзын,

Парвозы ол пойыздың

Қатар- қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық ал паравоз баста аға

Бәрімізді басқарда да

Пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті тым үдеттік

Гу-гу-гу гуілде

Қалып қойыма бәрінде

Пш-пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Балалар балабақшағада келдіқ.

Қорытынды

Слайд көрсету



Қоштасу шеңбері

Ал ,балалар ,тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Кездескенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Асылан: Бата береді

Асын, асын, асыңа,

Береке берсін басына.

Денсаулығын зор болсын

Уайым қайғың жоқ болсын!

Аумин

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы



№31 «Балапан» б\б тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А



Тақырыбы: Қызыл телпектің саяхаты

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: математика

Мақсаты: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық: Математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен-кіші,жуан-жіңішке, ұзын-қысқа заттарды салыстыру арқылы айырмашылықтарын талдай білуге үйрету, санауға бейімдеу.

Білімділік: ертегілерді еске түсіре отырып, балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып,білімдерін тиянақтау.

Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуге,ұғымталдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер, 1,2,3 сандары бала басына, шыршалар бала басына, карта, ертегі кейіпкері Қызыл телпек, дөңгелек, тіктөртбұрыш,үшбұрыш.

Белингвалды компонент: Қызыл телпек-красная шапочка ,сан-цифр.

Шаттық шеңбер

Ал, балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрғасын соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақтап шапалақ

Амандасып алайық

Тәрбиеші: -Бүгін аптаның жұма күні.Балалар сендерге, және келген қонақтарға тек сәттілік тілеймін!

-Ал,балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр біздің білімізді, тәртібімізді көруге келіпті.Сол үшін өзіміздің бүгін білімді,тәртіпті екенімізді көрсетейік.

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балалардың естеріне салады.

-Бауырсақ, шұбар тауық, шалқан, қызыл телпек

Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз осы Қызыл телпектің саяхатын тамашалап көрейік.

Тәрбиеші: Балалар алыста не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші: Балалар бұл кім екен?

- Қызыл телпек әндетіп кіреді

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?

Балалар: -Қызыл телпек келді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,енді қызыл телпекпен амандасып алайық.

Қызыл телпек: Мен қызыл телпекпін, әжеме бара жатырмын

мен орманда гүл жинап жүріп адасып кеттім.

Тәрбиеші: Ай-ай, қызыл телпек

Қызыл телпек: балалар маған көмектесіңдерші әжеме баратын жолды ұмытып қалдым.

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен жолында ешкімді кездестірген

жоқсың ба?(жоқ)



Тәрбиеші: Онда жақсы, балалар қызыл телпектің алдына кім кездеседі ?

Балалар: Ия ,дұрыс айтасыңдар қасқыр кездеседі

Тәрбиеші: балалар қызыл телпекке көмектесейік,қасқырды жолықпай аман есен әжесіне жету үшін бір амалын табайық.

Қызыл телпек: -ия,- ия

Тәрбиеші: Орындыққа барып отырайық

Балалар, Қызыл телпек менде карта бар, ол үшін біз картамен

танысып әженің үйіне баратын дұрыс жолды табумыз керек.

Сендердің үстелдерінің үстінде қандай пішіндер жатыр?



Балалар: дөңгелек, тіктөртбұрыш,үшбұрыш.

Тәрбиеші: Аспанда не жарқырап тұрады ?

Тәрбиеші: Күннің пішіні қандай? (дөңгелек, сары түсті)

Тәрбиеші: Енді әженің үйін құрастырамыз, қандай пішіндерден тұрады?

-Тіктөртбұрыштан, ұшбұрыштан тұрады. . Бірінші үйдің қабырғасын тіктөртбұрыштан, ал үйдің шатырын ұшбұрыштан құрастырамыз.



Тәрбиеші: Сен үйден қай уақытта шықтын?

Қызыл телпек: Мен білмеймін, уақыт деген не ?

Тәрбиеші: -Балалар кәне біз айтайық тәулік 4 уақыттан тұрады таң, түс, кеш, түн бір сөзбен «тәулік» деп айтамыз.



Тәрбиеші: Балалар қызыл телпектің көңілін көтеріп бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті «Отбасы»

Балалар отырады



Тәрбиеші: Үйге бара жатқан 2 жолды салыстырайық. «Ұзын және қысқа жолдар, жуан, жіңішке »

Балалар сендердің үстелдерінде жолақтар жатыр бірі ұзын ,бірі кысқа

-Балалар жолдың көлемі бірдейме?

-Балалар :-Жоқ

Тәрбиеші: -Біреуі қандай ? Жуан

Екіншісі кандай? Жіңішке

Балалар қызыл телпек қандай жолмен бару керек?

Балалар : Қысқа



Тәрбиеші: Қысқа жолдың ені кандай?

Балалар : -Жіңішке, дұрыс қысқа және жіңішке жолмен бару керек.

Кәне балалар бойымызды сергітіп алайық



«Тербелейді ағаштар»

Үйдің жан- жағында көп ағаштар өсіп тұр

Ал мына суретте сол жақта қанша шырша ағаш бар? Кәне енді бірге қояйық. Енді осы ағаштарды салыстырып көрейік. Үш шырша ағаштар орналасқан Алғашқысы үлкен, ортасындағы орташа, соңындағы кіші

-Ал мына суретте оң жақта қанша шырша ағаш бар? Алғашқысы үлкен, ортасындағы орташа, соңындағы кіші .Оң жақтағы ағаштар да сол жақтағы ағаштар сияқты бірдей ,тең орналасқан.

-Ал енді үстел үстінде тақтайшалар жатыр, бірінші қатарға шыршаларды қойып шығамыз.

-Төмен қатарына сандар қойып шығамыз.

-Бірінші қатарға неше шырша қойдық

-Екінші қатарға неше сан қойдық.

-Жақсы жарайсыңдар.

Кәне балалар бойымызды сергітіп алайық



Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрыламыз,

Солға бұрыламыз

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық

Тәрбиеші: Қызыл телпек мен саған картаны беремін сол карта бойынша сен тез әрі қысқа жолмен жүріп әженнің үйіне тез жетесін әжене барғасын қоңырау соқ жарайма.

Қызыл телпек: -Рахмет балалар, мен сендерге тәтті бауырсақ берейін.

Тәрбиеші: -Рахмет қызыл телпек, сау бол!

Балалар көрдіңдерме біз қызыл телпекке көмек көрсеттік.

-Балалар біз не құрастырдық?

-Дұрыс дөңгелек, төртбұрыштан, ұшбұрыштан

-Қандай жолмен кызыл телпек әжесіне бару керек?

-Дұрыс қысқа және жіңішке жолмен бару керек.

-Қай жолмен бару керек?

-Дұрыс ұзын және жуан

-Балалар мен неше рет шапалақ соқтым?

-Дұрыс 3 рет

-Балалар аю қандай орындықта отыр? Дұрыс кішкентай және төмен отыр

-Енді қандай орындықта отыр? Үлкен және жоғарыда отыр

-Кәне қолымызды алайық қандай үйлер болады көрсетейік.

-Аласа ,биік

Ұялы телефоннан қоңырау соғылады

Балалар қызыл телпек маған хабарласып жатыр

Балалар қызыл телпек аман есен әжесіне жетіпті сендерге рахмет айтып жатыр.

Балалар сендер қызыл телпекке көмек көрсеттіңдер, сендер жарайсыңдар.

Жақсы іс жасаған бала өскенде өте мейірімді болады.

Асылхан бізге мейрімділік туралы тақпақ айтып береді

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де



Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар!. Біз қандай баламыз қолмен балалар «Жақсы баламыз» деп белгі көрсетеді.

Орнымыздан тұрайық ,

үлкен шеңбер құрайық

келген қонақтармен қоштасайық.



Кездескенше күн жақсы,

Сау, саламат болайық, сау болыңыздар!
Каталог: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет