Тақырыбы: Кім болам? Мақсаты



жүктеу 55.98 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі55.98 Kb.
Тақырыбы: Кім болам?

Мақсаты: Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта

Үлестірме қағаздар

Сиқырлы қалам



Жоспары:

  • Мамандық туралы мағлұмат

  • “Мен таңдайтын мамандық” тақпақтар

  • Сергіту жаттығуы. «Сергіп алайық»

  • Сұрақ-жауап

  • Психологиялық сәт: “Психогеометрия”

  • “Әріпті мамандық” ойыны

  • Тестік тапсырма

  • “Өз мамандығыңды тап” релаксациялық жаттығу

  • “Сиқырлы қалам” тренингі

  • Қорытынды


Барысы:

Топ жетекшісі: «Мамандық туралы» мағлұмат:

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін таба аламыз деген сенімдеміз.



Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”, -анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мемлекеттік жоғарғы оқу орындары……

Жеке меншік оқу орындары……
Қандай мамандық таңдасам екен? Мүмкін, мына өлеңде менің болашақ мамандығым бар шығар…

 

Ай-һой, ғажап қандай бұл! Геолог болып тегі мен,



Ал, кәне, кәсіп таңдай біл: Гүл жайнаған өңірден:

Аламын қандай мамандық, Гуілдеп күн-түн тынбайтын,

Алдымда толған таңдау тұр. Газдың ашам кенін мен.

 

Әлемге ән боп жалғанарҒалымның жолы ғажайып!



Әйгілі небір тарландар. Ғибрат сабақ алайық.

Әуелей ұшқан аққудың Ғұмыр бойы ізденіп,

Әсерлі үнін салған дәл Ғанибет ашу жаңалық.

Әміре менен Күләштай,

Әнші болсам не арман? Ғылымға құмар қалпыммен,

Ғарышкер болам, бәлкім мен:

Кәсіпкер болсам егер де, Ғұмырлы қазақ елінің;

Бар әлемді кезем де: Ғарышқа жаяр салтын кең…

Бар пайданы ойламай,

Барымды берем мен елге. Ес көретін өз елі,

Ер мінезді, беделді:

Велосипед мініп, одан да Елмен елді дос етер,



Вело-спортшы болам ба? Елші болғым келеді…

Вело жарыс жолында

Великпен желден озам да.
Сергітіу жаттығуы «Сергіп алайық»
Сұрақ-жауап:

1)Сен қандай мамандық иелерін білесің?

2)Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

3)Сен ол мамандық туралы не білесің?

4)Сенің сол мамандықты таңдауыңа кім әсер етті?
Психологиялық сәт: “Психогеометрия”. Студенттер әр түрлі геометриялық фигураларды таңдайды, мектеп психологы сол фигуралар арқылы оларға мінездеме береді.


  • Шаршы

  • Ирек

  • Шеңбер

  • Үшбұрыш

Мен таңдайтын мамандық”

Шіркін-ай, күйші болсам, Шіркін-ай, әнші болсам, Шіркін-ай ғалым болсам,

Бал тамған бармағынан! Кәдімгі күміс таңдай! Тілдескен даналықпен!

Шіркін-ай, биші болсам, Шіркін-ай, батыр болсам, Әлемге мәлім болсам,

Шығып бір арманымнан! Айбаты арыстандай! Ашқан көп жаңалықпен!

 

Ұлы Абайдай кең жүрек Бар білімді меңгерген Міне, осындай дүрмекті



Ақын болғым келеді Ғалым болғым келеді Бар таусылмас арманым

Бауыржандай ержүрек Жетпіс өнер меңгерген Елге деген құрметті

Батыр болғым келеді Дарын болғым келеді Ертеңіме жалғадым.

 

Көзіңнен күлімдеген Актердің, ақынның да Оқудың озатына



Бір ұшқын сезіп пе ең сен?! Жанына қорек керек Арман да, таяу болар

Алдымен Білім деген Бүгінде Батырдың да Білімнің боз атына

Бәйгеден озып келсең. Өзіңе білім керек. Мінбеген жаяу қалар.
«Әріпті мамандық» ойыны:

Студенттер тақтадан әріптерді таңдап, сол әріптерге сәйкес мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді.


Тестік тапсырмалар: 

  • Ең ақшасы көп мамандық қандай?

  • а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

  • Ең “жасыл” мамандық қандай?

  • а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

  • Ең “тәтті” мамандық қандай?

  • а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

  • Ең “күлкілі” мамандық қандай?

  • а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

  • Ең жауапты мамандық қандай?

  • а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

  • Ең салмақты мамандық қандай?

  • Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

  • Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

  • а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

Сиқырлы қалам” тренингі



 Топ жетекші: Менің қолымдағы “сиқырлы қалам” кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы жақтары және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Талдау:

  • Осы күннен не алдыңдар?

  • Өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар, ойландыратын жағдай болды ма?


Қорытынды: Топ жетекші:Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет