Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты



жүктеу 43.62 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі43.62 Kb.
Есалина Айнаш Согимбаевна

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Қандыағаш қалалық № 4 орта мектеп

Ақтөбе облысы


Тақырыбы: М.Шаханов "Отырар" дастаны.

Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма оқиғасына талдау жасау.

- Отансүйгіштік рухқа,елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

- Мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту;өз беттерімен ізденімпаздығын арттыру.

Көрнекілігі: сызбалар,түймедақ гүлі портрет,сурет,слайд,бейнетаспа,карта.

Әдіс-тәсілдер:СТО,сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:биология,тарих,музыка

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Амандасу,түгендеу,сабаққа назарларын аудару.



Үй тапсырмасын тексеру.

Ф.Оңғарсынованың "Оюлар" өлеңін жатқа сұрау.



Үй тапсырмасын бекіту.

1.Ф.Оңғарсынова кім?

2.Қандай шығармаларын білесіңдер?

3.Оюдың қандай түрлері бар?

4.Оюдың адамға пайдасы не?

5.Ою ойып көрдіңдіңдер ме?

6.Оюды қай кезде қолданады?

Сабағымызды бастамас бұрын мына кестемен танысып алайық.(Оқушылар кестені толтырады)

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Нені білуім керек?

Қазақстанның қандай ежелгі қалаларын білеміз?

1.Отырар қаласының ерлігін жырлаған кім?

2.Мұхтардың патриот ақын екенін.

3.Поэманы жазуға не себеп болғандығын


1.Отырар қаласының ерлігі туралы.

2.Мұхтардың патриот ақын екенін.



НЕ білемін?Қазақстанның қандай ежелгі қалаларын білеміз?Картадан көрсету

Ежелгі қалалар

1.Тараз 2. Түркістан 3. Отырар

Не білгім келеді?(Отырар қаласының бұрынғы атауы Фараб екендігі. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз әл-Фараби туралы мәлімет беріледі.)

Жаңа сабақ.7 санының қасиеттілігі туралы,7-түймеден жапырақ ақынның жеті қасиетіне қарай ілінеді.Түймедақтың шипалық қасиеті туралы мағлұмат беріледі.Бұл гүлді Мұхтарға тектен-тек теңеп отырған жоқпыз.Емші ауруды емдесе,Мұхтар халықты толғандырған мәселені дөп басып,ел мұңын емдеп,дауа болған адам.Осы мәселені көтерген ақынның "Отырар"дастаны дәлел.

"Мағынаны ашу" "Отырар" дастанынан үзінді тыңдату. Алты ай бойы берілмеген әлемге әйгілі Отырар қаласының орнында төбе-төбе топырақ пен күл үйінділері қалды.Осы тарихи шындықты ақын негізге ала отырып,Сыртқы басқыншы жауға қарсы күрескенОтырар халқының ерлік ісін,оның басшысы Қайырханды мадақтап жырлайды.

1.Поэмаға компазициялық талдау жасалады.(І топ)

2.Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беру.(ІІ топ)

3Поэманы тізбектей мәнерлеп оқу.

Намыс(І топ)

Намыс(ІІтоп)

Шыңғыс хан(үзінді оқу)

Қайыр хан(үзінді оқу )

Не құнды?

Шағатайды неге үйретеді?



Не құнды?

Шыңғыс хан Қайыр хан туралы не дейді?



Сатқындыққа көзқарас

Сатқындыққа көзқарас

1Шыңғыс өзіне көмек берген Қарашоқы туралы не дейді?

2.Шыңғыс хан қандай үкім шығарады?



1.Қайыр хан сатқындықты не деп бағалайды?

2.Қария баласының сатқындығына қандай жаза сұрайды?



Қорыту.1.Мұхтар есімді ақынның бар екендігі,Отырар қаласының болғандығы,ерлікпен қорғалғандығы да ақиқат,Қайыр ханның арманының орындалуы.

2.Адамгершілік қасиет ,намыс туралыдастанда баса айтылған.



3.Дастанды оқи отырып,алдымызғамақсат қоя білуге,сол жолда күресе білуді үйренеміз.

Үйге тапсырма. "Отырар" дастанын мәнерлеп оқу,ақын туралы мәлімет жинау.
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет