Тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі. 1-сынып



жүктеу 30.81 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі30.81 Kb.
Тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі. 1-сынып
Мақсаты: 1.Көктемде құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру.
2. Өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру.
3.Дүниенің біртұтастығын түсінуге мүмкіндік жасап,құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстар буклеті,топқа арналған қағаздар,жабайы аңдардың суреттері

Әдісі: түсіндірме,әңгіме,сұрақ-жауап,топтастыру стратегиясы.


Түрі: Жаңа сабақ
Жүрісі: 1Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топқа бөлу. Жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлу.
2.Психологиялық дайындық
– Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену,
– 5- ке қолды жеткізу.
3 Үй тапсырмасын тексеру
Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсете отырып, сұрақтар қою.
- Қыс келді дейміз, өйткені……/ боран, аяз қатты болады/
- Көктем туды дейміз, өйткені…./қар ериді, құстар қайтып келеді/
- Жаз шықты дейміз, өйткені…./күн ыстық, жер беті жасыл түске боялады/
- Күз түсті дейміз, өйткені…./жапырақтар сарғайып,құстар жылы жаққа ұшып кетеді/
Олай болса,көктемде табиғат-ана ұйқысынан оянады.Сол кезде жабайы аңдардың да тіршілігі басталады. Қане, олай болса, солар туралы білетінімізді ортаға салайық.
Әр топқа аңдардың суреттерін таратып беру. 1-топ: қоян, 2-топ:аю
3-топ:түлкі, 4-топ:кірпі. /әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша әңгімелеп береді.Қалған топтар сұрақтар қояды.
4. Үй тапсырмасын қорытындылау
1. Аңдардың баласын қалай айтады ?
/аюдың баласы- қонжық, қоянның баласы- көжек, түлкі баласы- жаутаң, түлкішек, қасқырдың баласы- бөлтірік т.с.с/
2. Топтық жұмыс /топтастыру стратегиясы/

3. Қоян түлкі аю кірпі


/ Әр топ берілген аңдар туралы білетіндерін қағазға түсіреді. Біреуі қорғайды./
Сергіту сәті.

5. Жаңа сабақ.


1. Жұмбақ шешкізу.
/Құстардың аттарын атап, олардың қандай құстар екенін ажыратқызу.
Ол топқа бөлгізу. Жабайы құстар: Үй құстары:
2. Бүгінгі тақырыбымыз: Құстардың көктемгі тіршілігі жайлы болады.
/құстардың буклеттері ілінеді./
3. Кіріспе. Құстарды- көктемнің жаршысы дейміз. Көктемді құстар қанатымен алып келеді деп те айтамыз. Адамдар көктемде жыл құстары үшін ұялар жасайды. Жылы жақтан ұшып келген құстар кішкентай үйлерге орналасып, ұя салып балапандарын шығарады. Құстар шалғай жерлерден ұшып келеді. Олар балапандарын құрт, қоңыз, көбелектермен қоректендіреді.
4. Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқушыларға бөліктер бойынша оқыту. Сол бойынша түсініктерін сұрақтар қойып әңгімелету.
5. Дәптермен жұмыс. Құстардың аттарын жазу.
6. Жағдаяттарды шешу. – Құстар жер бетінен түгел жойылып кетсе, өсімдіктерге не болар еді ?
7. Шығармашылық жұмыс. Өлең жолдарын байланыстыру.

6. Жаңа сабақты қорытындылау.


1. « Құстар- біздің досымыз» деп неге айтамыз? /әр топ өз ойын айтады/
2. Бейбітшілік құсы қай құс ?
3. Көк байрағымызда қалықтаған құс ?
4. Халқымыздың жез таңдай әншісін қай құсқа теңейді ?
5. Достықтың, махаббаттың символына айналған құс ?

7. Үйге тапсырма


Мәтінді оқу. Құстар туралы мақал-мәтелдер жинақтау.
Жергіліктегі жерде болатын құстар туралы мәліметтер жинау.

8. Бағалау.


Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақ бойынша берген жауаптарын есепке алу.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет