Тақырыбы:Ілияс Жансүгіров оқулары



жүктеу 34.03 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі34.03 Kb.
Тақырыбы:Ілияс Жансүгіров оқулары.
Құрметті: ұстаздар, оқушылар және І. Жансүгіров оқуына келуші жыр сүйер,өлең сүйер қауым қош келдіңіздер.
І, Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі,Ақсу облысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында) дүниеге келген. Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп ,жақсы үлгі көрсетіп тәрбиелеп өсіреді.

І.Жансүгіров-ақын,драмашы,прозашы оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады.Ақынның терең идеясы, көркем мүсінді,эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық , тәрбиелік мәні зор.

Өз үйінде әкесінен хат таныған одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жерде татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады.

Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып өлең шығара бастайды.

1927-37 жылдар арасында поэзия, проза,драматургия,сын аударма салаларында 20-дан астам кітап шығарып артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары «Дала»

«Күй» «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек» «Турксиб» «Исатай- Махамбет» пьессалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылары.

Олай болса көрермен қауым ортаға І. Жансүгіровтың қара өлеңдерін паш етуге келген қатысушыларымызды ортаға шақырамыз, таныс болыңдар.

2а сынып оқушылары



  1. Амангелді Гүлжайна

  2. Тырнақ Зүльфия

  3. Мүсәлім Елдос

2б сынып


сынып оқушылары

1.Фазылқызы Гүлбақыт

2.Болатбаева Меруерт

3.Таңатар Ержан


3б сынып оқушылары

1.Меңдібай Нұргелді

2.Төлесін Жансерік
4а сынып оқушылары

1.Есен арайлым

2.Шаңытбаева Мадина
4б сынып оқушылары


  1. Ғабитқызы Гүлдана

  2. Сәуірбаева Ақсындар

Қатысушыларымыздың өнерін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болайық.


Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым

Шат өмір шалқуыңа аз ба жаным

Ырысты еркін, азат елім қандай

Кең байтақ, кен дәулетті жерім қандай- деп жырлады.

Қандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді.Осындай риясыз қуанышпен жыр- тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын сымбатты,еңселі адам болып елестейді. Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай кең, жанары жарқылға толы болса керек.

Олай болса кезекті қатысушы 2а сыныбына береміз.



  1. Амангелді Гүлжайна

2.Тырнақ Зүльфия


3.Мүсәлім Елдос
2б сынып оқушылары.
І.Жансүгірұлының ұлт өміріндегі орны орасан қазақ әдебиетіндегі әлемі айырықша. Ол- қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол-туған әдебиетіміздің бір асқар Алатауы немесе жыр Жетісуы. Иә, ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек құбылыс- деп кезекті 3а-3б сынып оқушыларына береміз.

Фазылқызы Гүлбақыт

Таңатар Ержан

Төлекова Нұржанат


Меңдібай Нұргелді

Төлесін Жансерік
Бұл суретте Ілияс әлі 30-ға да келмеген болатын. Алайда ол сол кезде- ақ өз заманының азуы алты қарыс дарын иесі, сырлы сөз шебері күш қуаты тасыған шығармашыл тұлғасына айналған. Елді тамсандырған шығармалары өле-өлгенше сүйіп өткен жары, балаларының анасы Фатима Ғабитовамен өткізген бақытқа толы жылдар әлі алда болатын. Отбасылық суреттер «Белгісіз ару» туындысының көшірмесі іспетті Фатима Ғабитованың бейнесі жарқ ете қалады. Тағдыр тәлкегіне мойымаған әйел тәкаппар қалпын сақтап қалған. І. Жансүгіровтың махаббат лирикасы тек қана жары Фатимаға арналған.
Әне анау әдемі өзен суы емес пе?

Шоқ шапақ алтын күннің буы емес пе?

Мен сендік мәңгі жаным дегеніне

Ұлы өзен , бейуақ, жұлдыз куә емес пе?- деп жырлаған.


Олай болса кезекті 4 сыныптарға береміз.

Есен Арайлым



Шаңытбаева Мадина

Ғабитқызы Айзада

Сәуірбай Ақниет
Ақиық ақын өмірі өз халқының жарқын болашағына

деген үмітке толы болған. Оның масаттана отырып:


Біздер күннің ұрпағымыз

Біз жарықтан жаралған өр хаклықпыз

Сондықтан да төрді алыппыз

Сондықтан да өр- алыппыз

Үлкен- кіші баламыз да

Күннен қуат аламыз да

Төскей төрін жастанамыз

Біз халықпыз- асқаралы-деген екен.


Жақсы көрермен қауым бүгінгі І. Жансүгіров оқуларын көріп тамашаладық. Қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Осындай сайыстарға белсене ат салысып қатыса берулеріңе тілектеспіз.Келіп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет