«Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» кмм ішкі еңбек тәртібі ережелері



жүктеу 150.56 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі150.56 Kb.

«Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ

ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІ ЕРЕЖЕЛЕРІ




«Таран ауданы әкімдігінің

тілдерді оқыту орталығы» КММ


«____» __________20__ж.

педкеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛГЕН
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

 1.1 «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің еңбек тәртібі ҚР заңдарына сәйкес мекеме қызметкерлерінің педагогикалық кеңесімен бекітілген ішкі еңбек тәртібі ережелерімен анықталады.


1.2 Ішкі еңбек тәртібі ережелері мекеменің бүкіл ұжымының жұмысын ұйымдастыруды нақты регламенттеуге, қалыпты жұмысқа мүмкіндік туғызуға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, еңбек тәртібін нығайтуға, жұмысшылары үшін ыңғайлы микроклимат орнатуға ықпал етеді.

1.3 Ішкі еңбек тәртібі ережелері қолдануға байланысты барлық сұрақтар мекеме директорымен қолданыстағы заңнамада көрсетілген, сондай-ақ берілген құқықтары шегінде шешіледі. Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік және қоғамдық жаза қолданылады..



Қысқаша сипаттама:

1.1. Пошталық мекенжайы: 111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Калинин көшесі, 53.

а) Телефоны: 8 (71436) 3-67-52;

8 (71436) 4-90-90.

б) Электрондық поштасы: kgu12@mail.ru

1.2. Әрекет етуінің басталған жылы – 2012 ж.

Тілдерді оқыту орталығы ауданның орталығында орналасқан «Таран ауданы әкімдігінің қаржы және экономика бөлімі» ММ бір ғимараттағы бірінші қабатында орын-жайды жалға алады. Оқу сабақтарын өткізуге арналған 2 оқу кабинеті және 1 әдістемелік, 1 ұлттық тәрбие кабинеті бар. Жалға алынған орын-жайдың жалпы көлемі 126 шаршы метрді құрайды.

1.3. 2014 оқу жылында жинақталған топтар саны – 8



А1 қарапайым деңгейдің 3 тобы:

№11 – қазақ тілі - 25

№12 – қазақ тілі – 9

№13 – қазақ тілі - 17



А2 базалық деңгейдің 2 тобы:

№21 – қазақ тілі - 23

№22 – қазақ тілі – 14


В1 орта деңгейдің 2 тобы:

№31 – қазақ тілі – 18



А1 қарапайым деңгейдің 1 тобы:

№14 – ағылшын тілі - 12



А2 базалық деңгейдің 1 тобы:

№15 – ағылышын тілі - 9

1.4. Тыңдаушылардың орташа жинақтылығы  - 15

Тыңдаушылар орталықта аптасына екі рет дәріс алады.



2. Орталықтың жұмыс тәртібі:

Оқу жылының басталуы - 1 ақпан.

Оқу сабағының ұзақтығы: 1 сағат 20 минут.

2.2. Қоңырау кестесі:





Сабақ

Уақыт

1.

09.00-10.20

2.

10.25-11.45

3.

11.50-13.00

4.

14.00-15.20

5.

15.20-16.40

6.

16.40-18.00

7.

18.00 – 19.20

8.

19.20 – 20.40

3. Оқу сабақтары және мерекелер:



Оқу жылының ұзақтылығы 1 ақпаннан 15 желтоқсанға дейін 30 апта болып белгіленсін.

3. 1. І семестр: 01.02. – 12.06. 18 апта

       ІІ семестр: 01.09- 30.11, 12 апта

3.2. Бір жылдың оқу курсы 8,5 айды құрайды.

Тыңдаушылар үшін демалыс – шілде – тамыз және қаңтар айлары болып табылады.

3.3. Мерекелік күндер:

1 желтоқсан – Президент Күні

16 -17 желтоқсан– ҚР Тәуелсіздік Күні

1–2 қаңтар –Жаңа жыл

21,22,23 наурыз - Наурыз Мейрамы

8 наурыз–Халықаралық әйелдер Күні

1 мамыр –ҚР Халықтарының Бірлігі күні

7 мамыр – Отан Қорғаушылар Күні

9 мамыр– Жеңіс Күні


6 шілде – Астана күні

30 тамыз –ҚР Конституция Күні



Жұмыс күндері және жұмыс уақыты:

Мекеме бескүндік жұмыс аптасымен жұмыс істейді.

Директор

Дүйсенбі-жұма

9.00 – 18.00

Түскі үзіліс – 13.00 -14.00



Есепші

Дүйсенбі-жұма

9.00 – 13.00

Әдіскер

Дүйсенбі-жұма

9.00 – 18.00

Түскі үзіліс – 13.00 -14.00



Қызметтік ғимаратты тазалаушы

Дүйсенбі-жұма

9.00 – 11.00
ІІ. ТЫҢДАУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ.

2.1. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың мемлекеттік қызметкерлері есебінен тыңдаушыларды қабылдау «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне 30 желтоқсанға дейін өтініш жолдау жолымен жүзеге асырылады.

2.2 Ведомстволық тиістілігіне және меншік формасына қарамастан мекеме қызметкерлері есебінен тыңдаушыларды, сондай-ақ Таран ауданының тұрғындарын қабылдау «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне 15 қаңтарға дейін өтініш жолдау жолымен жүзеге асырылады.

2.3 Тыңдаушыларды Орталыққа оқуға қабылдау директордың бұйрығымен рәсімделеді.

2.4.Тыңдаушылардың курс және деңгей бойынша қабылдануы туралы бұйрық ағымдағы жылдың 01 ақпанынан кешіктірілмей шығарылады.

2.5. Тыңдаушылардың себепсіз 2 ай аралығында сабаққа қатыспауына немесе көшуіне байланысты, тыңдаушыларды оқудан босату директордың бұйрығымен рәсімделеді.

 

ІІІ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ, КӨШІРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАН БОСАТУ ТӘРТІБІ.

3.1 Қызметкерлер еңбек келісім шартын жасасу жолымен еңбекке өз құқығын жүзеге асырады.

3.2 Мекеме мен қызметкер арасындағы еңбек келісім шарты жазбаша түрде

жасалады. Жұмысқа қабылдау мекеме директорының бұйрығымен рәсімделеді. Келісімдегі шарттар еңбек заңнамасымен кепілденген шарттардан төмен болмау қажет. Бұйрық жұмысшыға қол қоюмен таныстырылады. Директор (оны ауыстыратын тұлға) ҚР « Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне» сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін орнатуға құқылы. Сынақ мерзімі үш айдан аспау керек.

3.3. Жұмысқа қабылдау және еңбек келісімшартын жасасу кезінде қабылданушы келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:

- төлқұжат немесе жеке куәлік, СТН, ЖСК көшірмелері;

- еңбек кітапшасын (шарт бойынша жұмысқа алғаш рет қабылданған тұлғалар үшін – соңғы жұмыс орнынан берілген анықтама, ал қарулы күштер қатарынан босатылған тұлғалар үшін - әскери билеті);

Директордың еңбек кітапшасыаудан әкімі аппаратының кадрлар бөлімінде, ал қалған қызметкерлердің еңбек кітапшалары қатаң есептегі құжаттар ретінде сақталады.

-білім және кәсіби даярлығы жөнінде құжаттар.

3.4 Қоса қызметтілік бойынша жұмысқа қабылданған тұлғалар еңбек кітапшасының орнына негізгі жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс тәртібі көрсетілген анықтама ұсынады. Еңбек өтіліне байланысты дәрежесі анықталынатын қоса қызметтілік ететін қызметкерлер негізгі жұмыс орны бойынша әкімшілікпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынады. Қызметті (лауазымды) қоса атқаруға рұқсат директормен беріледі.

3.5 Қызметкерді жұмысқа қабылдау немесе белгіленген тәртіпте басқа жұмысқа ауыстыру кезінде директор оны келесі құжаттармен таныстыруы тиіс:

- кәсіпорын жарғысымен;;

-ұжымдық еңбек шартымен;

-ішкі еңбек тәртібі ережелерімен;

-лауазымдық талаптармен (нұсқаулықтармен);

- өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бұйрықтармен. «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқаулар журналында» жазбаша тіркеумен еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқаулық жүргізу, сондай-ақ еңбек шарттары мен төлемі жөнінде ақпараттандыру.

3.6 еңбек келісім шартын тоқтату тек заңнамада қарастырылған негіздемелер бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.

3.7 Бес күннен артық еңбек еткен барлық қызметкерлерге белгіленген тәртіпте еңбек кітапшасы толтырылады. Қызметкерлердің еңбек кітапшалары қатаң есептегі құжаттар ретінде сақталады.

 3.8 Әрбір қызметкерге жеке іс жүргізіледі, оған: кадр есебі бойынша жеке парағы, өмірбаян, білімі, біліктілігі, кәсіби даярлығы жөнінде құжаттар көшірмелері, тағайындалу, ауысу, ынталандыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтар көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз жұмысқа қабылдау жүргізілмейді.
3.9 Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру келісімімен ғана жүргізіледі, заңмен рұқсат етілген өнідірістік қажеттілікке, уақытша жоқ қызметкерді ауыстыруына және ішінара немесе тоқтап қалуына байланысты жағдайларда ғана басқа жұмысқа ауыстыру келісімінсіз жүргізіледі.

3.10 Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру және жұмысты ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты (топтар санының, оқу жоспарының, кәсіпорынның жұмыс тәртібінің, оқутыдың жаңа формаларын енгізу және т.с.с. өзгерістер) сол қызметте, мамандықта, біліктілікте жұмыс атқару кезінде қызметкердің еңбек шарттарының айтарлықтай өзгеруі орын алуы мүмкін: еңбек жүйесі мен төлемі, жеңілдіктер, жұмыс тәртібі, оқу жүктемесі көлемінің өзгеруі, оның ішінде толық емес жұмыс уақытын белгілеу немесе жою, сондай-ақ басқа да еңбек жағдайларының айтарлықтай өзгеруі.

Қызметкер еңбек жағдайларының айтарлықтай өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етілуі тиіс. Егер бұрынғы еңбек жағдайлары сақталмайтын болса, ал қызметкер жаңа жағдайларда жұмыс істеуден бас тартса, онда еңбек келісім шарты тоқтатылады.

3.11 Еңбек туралы заңнамаға сәйкес нақты мерзімге еңбек келісім шартын жасасқан қызметкерлер ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан басқа шарттарда мерзімінен бұрын келісім шартты бұза алмайды.

3.12 а) қызметкерлер саны мен штаттың қысқаруына немесе атқаратын қызметіне лайық еместігіне байланысты жұмыстан босатылатын қызметкерді оның келісімімен басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін емес жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

б) Еңбек міндеттерін себепсіз бірнеше рет орындамағаны үшін; жұмысқа себепсіз кешігу немесе жұмыс күні барысында себепсіз үш сағаттан артық болмауы; жұмысқа мас күйінде, сондай-ақ нашақорлық немесе улағыш мастық күйінде келуі; тәрбие қызметін атқаратын қызметкермен жұмысты жалғастыруға үйлеспейтін аморалды қылық жасаған жағдайда жұмыстан босату қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда жүзеге асырылады.

3.13 Директор қызметкерді жұмыстан босату күні қызметкермен толық төлем айырысу жүргізеді және тиісті рәсімделген еңбек кітапшасын қайтарады. Жұмыстан босату себебі туралы еңбек кітапшасына жазба заңнамаға сәйкес рәсімделеді және заңның бабы мен тармағына сілтеме көрсетіліп жазылады. Жеңілдіктер мен басымдылықтарды көрсететін заңға байланысты жағдайлар бойынша жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасына бұл жағдайларды көрсетумен жазба енгізіледі.

3.14 Жұмыстан босату кәсіпорынның таратылу, қызметкерлердің саны немесе штатының қысқаруы жағдайында заңнамаға сәйкес жүргізіледі.



IV. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ.

4.1 Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:  

а) Қалтқысыз және адал жұмыс істеуге, тәртіпті, мекеме Жарғысының талаптары мен ішкі еңбек тәртібі Ережелерін қатаң орындауға, еңбек

тәртібін сақтауға: жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының


ұзақтылығын сақтау, директор жарлықтарын уақытында және нақты орындау;

б) жүйелі, бес жылда кемінде бір рет кәсіби біліктілігін арттыруға;

в) тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған қауіпсіздік техникасы, өндірістік тазалық және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды толығымен сақтауға, жарақаттанудың барлық жағдайлары жөнінде дереу басшыға хабарлауға;

 4.2 Жұмыс орнын, жиһазды, құралдар мен жабдықтарды жарамды күйде және ұқыпты жағдайда ұстауға, оқу кабинеттерінде тазалық сақтауға.

4.3 Кәсіпорын мүлкін ұқыпты ұстауға, материалдарды ұқыпты пайдалануға, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды ұтымды пайдалануға.

4.4 Белгіленген құжаттаманы ұқыпты жүргізуге және уақытылы толтыруға.

4.5 Әрбір қызметкердің лауазымы, мамандығы және біліктілігі бойынша атқаратын нақты қызметтік міндеттемелер шегі біліктілік сипаттамалары, тарифтеу анықтамалықтары мен нормативтік құжаттар негізінде директордың бекітуімен лауазымдық нұсқаулықта анықталады.

4.7 Барлық санаттағы педагогикалық қызметкерлерде тиісті жоспарлау құжаттамалары болуы тиіс: жоспарлар-сабақ конспектілері, перспективалық-тақырыптық жоспарлау;

4.9 Атқаратын қызметінің сапасын арттыруға барынша ұмтылуға, қателіктер жібермеуге, орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға, директор бұйрықтарын уақытылы және нақты орындауға, үнемі еңбек әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған шығармашылық танытуға;

4.10 Қызметкерлердің және қызмет көрсететін қызметшілердің негізгі міндеттерінің (жұмыстарының) шегі мекеме Жарғысымен, осы ережелермен, қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығымен, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен, сондай-ақ көрсетілген тәртіпте белгіленген лауазымдық нұсқаулықтарымен және ережелерімен анықталады.



V. ӘКІМШІЛІК МІНДЕТТЕРІ.

 Әкімшілік міндетті:

5.1 Педагогтар мен басқа да қызметкерлердің еңбегін, әркім өз мамандығы мен біліктілігі бойынша еңбек ететіндей етіп ұйымдастыруға, әрбір қызметкердің нақты жұмыс орнын белгілеуге, уақытылы сабақ кестесімен және жұмыс тәртібімен таныстыруға.

5.2 Денсаулық және қауіпсіз еңбек және оқу жағдайларының, жарамды күйдегі ғимараттың, жылытудың, жарықтың, желдетпенің, жабдықтардың, жұмысқа қажетті материалдардың болуын қамтамасыз етуге;

5.3 Сабақтарға қатысу және талдау жасау жолдарымен білім беру үрдісінің бақылау жүргізуге, бақылау жұмыстарын жүргізуге және т.с.с., сабақ кестесінің сақталуына, білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарының, күнтізбелік оқу кестелерінің орындалуына;

5.4  Белгіленген мерзімде еңбек ақысын беруге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын сақтауға және еңбекақы қорының шығындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге;

5.5 Оқу және еңбек тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға;

5.6 Еңбек туралы заңнаманы сақтауға, тыңдаушылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайдларын жақсартуға, жұмыс орындарын тиісті санитарлық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етуге, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық ережелерге сәйкес еңбек жағдайларын жасауды қамтамасыз етуге;

5.7  Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, тазалық пен гигиена бойынша барлық талаптар мен нұсқаулықтарды тыңдаушылар мен қызметкерлердің сақтауы және білуін үнемі бақылауға;

5.8 Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес барлық қызметкерлерге дер кезінде еңбек демалысын беруге;

5.9 Педагогтерге және мекеменің басқа да қызметкерлерінің жүйелі біліктілігін арттыруын қамтамасыз етуге;

5.10 Еңбек ұжымының өз өкілеттілігін орындау үшін қажетті жағдайларды жасауға. Еңбек ұжымында іскерлік, шығармашылық жағдай туғызуға ықпал ету және қызметкерлердің белсенділігі мен бастамашылығын барынша дамытып, қолдау көрсетуге;

Әкімшілікке ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

а) педагогикалық қызметкерлерді оқыту уақытында олардың тікелей қызметінен бөлуге, өндірістік қызметке қатысы жоқ түрлі іс-шараларды өткізуге және қоғамдық міндеттерді орындау үшін шақыртуға немесе жұмыстан алдыртуға;

б) жұмыс уақытында қоғамдық істер бойынша түрлі мәжілістер мен жиналыстарға шақыруға.

Топтардағы сабақ кезінде бөгде адамдар директордың немесе әдіскердің рұқсатымен ғана сабаққа қатыса алады.

Педагогикалық қызметкерлерге оқу сабағын өткізу уақытында олардың жұмысы бойынша әріптестері мен тыңдаушылардың алдында ескерту жасауға рұқсат етілмейді.

VI. ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.

6.1. Тыңдаушылар міндетті:

- ішкі еңбек тәртібі Ережелерін сақтауға;

-сабаққа саналы қарауға, сабаққа уақытылы келуге, сабақтан қалған жағдайда жұмыс орнынан ресми құжаттарды ұсынуға;

-мекеме мүлкін ұқыпты ұстауға, электр қуаты мен басқа да материалдарды үнемдеуге.

VІI. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ.

7.1  Мекемеде екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты сабақ кестесі және мекеме жарғысымен, ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен, лауазымдық нұсқаулықпен
жүкелетін міндеттерімен анықталады. Директор жұмысқа келу және жұмыстан шығу есебін ұйымдастыруға міндетті.

7.2 Директор егер мұғалімнің апталық оқу жүктемесі 24 сағаттан аспаса және оқу үрдісін ұйымдастыру талаптарын (нормаларын) бұзбаса, онда әдістемелік жұмыс үшін аптасына бір күн (жұма) береді.



VІII. ЖҰМЫСТАҒЫ ТАБЫСТАРЫ ҮШІН ЫНТАЛАНДЫРУ. 

8.1 Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбектегі жаңашылдық және басқа да жетістіктер үшін келесі ынталандырулар қолданылады:

-алғыс жариялау;

-бағалы сыйлықпен марапаттау;

-Құрмет грамотасымен марапаттау.

8.2 Ынталандыру директордың бұйрығымен жарияланады және ұжымға жеткізіледі, ынталандыру туралы жазба қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.



IX. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК.

9.1 Еңбек тәртібін орындамау, яғни оған жүктелген еңбек міндеттерін қызметкердің кінәсінен орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы тәртіптік жаза қолданылуына алып келеді:

а) ескерту;

б) сөгіс;

в) қатаң сөгіс;

г) жұмыстан босату;

д) немесе қоғамдық ықпал шараларын қолдану.

9.2 Тәртіптік жаза қолдану әкімшілікпен оған берілген құқықтар шегінде жүргізіледі. Бір тәртіп бұзушылық үшін бір тәртіптік жаза салынуы мүмкін.

9.3 Жаза қолдануға дейін еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсінікхат талап етіледі. Жазбаша түсінікхат беру немесе ауызша түсіндіруден бас тарту тәртіптік жаза қолдануға кедергі болмайды.

Педагогикалық қызметкердің кәсіби тәртібінің және(немесе) Жарғының нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік тергеу тек жазбаша түрде түскен арыз негізінде жүргізілуі мүмкін. Тәртіптік тергеу барысы және оның нәтижесі бойынша қолданылған шаралар заңмен қарастырылған шарттардан басқа жағдайларда мүдделі қызметкердің келісімімен жария етілуі мүмкін.

9.4 Еңбек тәртібін бұзғаны анықталған күннен бастап, қызметкердің еңбек демалысы және ауырған уақытын санамай кемінде бір айдан аспай тәртіптік жаза қолданылады.

9.5  Тәртіптік жаза бұйрықпен жарияланады. Бұйрық тәртіптік жаза қолданылатын еңбек шартын нақты бұзылуын көрсетуі тиіс. Бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш күндік мерзімде қызметкерге қол қоюмен жарияланады.

9.6 Тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлерге осы жазаның әрекет ету мерзімінде ынталандыру шаралары қолданылмайды.

9.7 Егер жарты жылдың ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда жаза автоматты түрде алынады және қызметкер тәртіптік жазаға тартылған болып саналмайды. Директор еңбек ұжымының өтінішімен егер тәртіптік жазаға тартылған қызметкер адал еңбек етіп, жаңа бұзушылықтар жасамаған жағдайда, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

9.8 Еңбек келісім шартымен (Жарғы және ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен) жүктелген қызметтік міндеттерін себепсіз бірнеше рет орындамағаны үшін, егер жұмысқа шықпағаны үшін (себепсіз жұмыс уақытында үш сағаттан артық болмауы), сондай-ақ жұмысқа мас күйінде, сонымен қатар есірткі және улағыш мастық күйінде келгенде тәртіптік жаза шаралары немесе қоғамдық ықпал қолданылса, онда жұмыстан босату тәртіптік жаза ретінде қолданылады.

Жаза қолданылар алдында еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме талап етілуі тиіс.

Түсініктеме беруден бас тарту тәртіптік жаза қолдануға кедергі болмайды. Осындай жағдайда қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартқаны жөнінде акт толтырлады.

Әкімшілікпен тікелей бұзушылық анықталған сәттен бастап қызметкердің еңбек демалысы және ауырған уақытын санамай кемінде бір айдан аспай тәртіптік шаралар қолданылады.

Бұзушылық жасалған күннен бастап алты айдан кейін тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін емес. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша өндіріс кірмейді.

Педагогикалық қызметкердің кәсіби тәртібінің және(немесе) Жарғының нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік тергеу тек жазбаша түрде түскен арыз негізінде жүргізілуі мүмкін. Шағым көшірмесі педагогикалық қызметкерге берілуі тиіс.

Әрбір еңбек тәртібі бұзылғаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданыла алады.

Тәртіптік шара қолдану кезінде қызметкердің әрекеті мен жасаған қызметі, жағдайы, жасаған бұзушылықтың ауыртпалығы есепке алыну тиіс.

Тәртіптік жазаны оның жасалу салдарын көрсетумен қолдану туралы бұйрық (өкім) үш күн мерзімде қол қоюмен тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге жарияланады (хабарланады).

Егер жыл ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда жаза алынады және қызметкер тәртіптік жазаға тартылған болып саналмайды.

Әкімшілік өз бастамасымен немесе еңбек ұжымының өтінішімен егер тәртіптік жазаға тартылған қызметкер адал еңбек етіп, жаңа бұзушылықтар жасамаған жағдайда, жылдың аяқталуынан бұрын тәртіптік жазаны алып тастау туралы бұйрық (өкім) шығаруға құқылы.

Осы Ережелерде көрсетілген ынталандыру шаралары қызметкерге тәртіптік жазаның әрекет ету мерзімінде қолданылмайды.

Еңбек ұжымы егер тәртіптік жазаға тартылған ұжым мүшесі адал еңбек етіп,
жаңа бұзушылықтар жасамаған жағдайда, әкімшілікпен қолданылған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініш етуге және олармен қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

Қызметкер Жарғымен және заңнамамен белгіленген тәртіпте қолданылған тәртіптік жаза бойынша шағым түсіре алады.

Ішкі еңбек тәртібі ережелері әкімшіліктің ұсынысы бойынша еңбек ұжымының жиналысымен қабылданады.

 «Таран ауданы әкімдігінің



тілдерді оқыту орталығы» КММ

директорының м.а. А. Кафизова

 


: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет