Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ақпараттық хат қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің



жүктеу 62.42 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі62.42 Kb.
түріРегламент

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша

VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасы
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, 7-8 сәуір 2016 жыл

2016 жылдың 7-8 сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесіне сай «5В011400 -Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында VIII Республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі.



І. Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі
Олимпиадаға 5В011400-Тарих мамандығы бойынша, күндізгі оқу бөлімінің 2,3,4 курс студенттері қатыса алады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарындағы ішкі турдан 1,2,3 орындар алған командалар қатысады. Команда құрамы 4 қатысушыдан артық болмау керек. Команданы жетекшісі бастап келеді.

Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ, орыс.



Олимпиада 2 турдан тұрады:

1 тур

Әр команданың өздерін таныстыруы және Отан тарихының өзекті мәселелері бойынша дайындап келген ғылыми жобаны қорғау.

Регламент -15 минут.

Бағалау критерилері:



  • тақырыптың өзектілігі;

  • тақырыптың жаңашылдығы;

  • тақырыптың маңыздылығы;

  • тақырыпты ашу деңгейі.


2 тур

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер және Алаш қозғалысы мен Қазақстанның тәуелсіздігіне байланысты викториналық сұрақтар.

Викторина сайыстың бөлімдері:

1. Ұлт- азаттық қозғалыстағы орны бар тұлғалар (суретті сұрақтар)

2. Азаттық жолындағы шайқастар

3. Қанатты сөздер

4. Жылдар сөйлейді

5.Тәуелсіздік жылнамасы

6.Қазақстан тарихы бойынша тестік байқау


ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIIІ Республикалық 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша өткізілетін пәндік олимпиадасы келешектегі тарихшы мұғалімдердің творчестволық жарысы және кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті студенттердің білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған.

Олимпиада өздерінің педагогикалық қабылеттілігі бар, творчестволық жұмыс істеуге бейімді, кәсіби құзыреттілік дәрежесі жоғары студенттерді халықаралық олимпиадаға қатысатын командалық рухты қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIIІ Республикалық 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша өткізілетін пәндік олимпиадасы талантты студенттік жастарды қолдауға мүмкіндік жасайды.
Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеті

Мақсаты:

. Қазақстанның творчестволық жастарының белсенді өмірлік және азаматтық позициясын дамытуға, сонымен бірге рухани-адамгершілік және ғибраттық денсаулықты, күш көрсету мен агрессияға қарсы, қоғамда өзінің орны бар және өзін соның толық қанды мүшесі ретінде сезінуге тәрбиелейді.

Міндеті:

- Студенттердің кәсіби-тұлғалық мүмкіндігін ашуға, олардың өзін-өзі тануын, творчестволық белсенділігін, өздерінің мүмкіндіктерін қолдануына және оны жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды;



- Ерекше білімді және қабылетті студенттерді тандау және қолдау көрсету;

- Білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыруға бағытталған;

- Еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындары «Тарих» мамандығы студенттерінің бір-бірімен достық қатынастары мен творчестволық жағынан байланыс орнатуына мүмкіндік жасау.
Олимпиаданың бағдарламасы
06 сәуір 2016 ж. - қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру
1 тур. 07.04.2016 ж.
8.30 -9.15 сағ. - Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу.

9.30-10.30 сағ.- VII Республикалық студенттердің 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша пәндік олимпиадасын салтанатты түрде ашу.

11.00-13.00 сағ.- Олимпиаданың 1 туры. Командалық жобаны қорғау. Тақырыбы: «Отан тарихының өзекті мәселелері» ( Дайындап келген ғылыми жобаны қорғау).

13.00-14.00 сағ.- түскі үзіліс.

14.00-17.00 сағ.-1 турдың жалғасы.

2 тур. 08.04.2016 ж.
10.00-13.00 сағ.- Олимпиаданың 2 туры. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер және Алаш қозғалысы мен Қазақстанның тәуелсіздігіне байланысты викториналық сұрақтар.

Викторина сайыстың бөлімдері:

1. Ұлт- азаттық қозғалыстағы орны бар тұлғалар (суретті сұрақтар)

2. Азаттық жолындағы шайқастар

3. Қанатты сөздер

4. Жылдар сөйлейді

5.Тәуелсіздік жылнамасы

13.00-14.00 сағ. түскі үзіліс.

14.00-15.30 сағ. Қазақстан тарихы бойынша тестік байқау

16.00-17.30 сағ.- олимпиада қорытындысын шығару және VIIІ Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы.


Командаларды марапаттау.
Республикалық олимпиаданың 1,2,3 орын алған жеңімпаздары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі:
- Олимпиадаға қатысу үшін командалардың өтініші (ЖОО ректоры бекіткен);

- Қатысушының жеке куәлігі;

- Қатысушылардың студенттік билеті;

- Іс-сапар куәлігі.

Олимпиадаға қатысушылардың құжаттары 2016 ж. 20 наурызына дейін электронды және қағаздық нұсқада жіберілуі тиіс.
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 68, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті, 1 корпус, кабинет №304.

Тел: 45-41-73;

Фак: 8(7262) 43-26-37 ;

е-mail: www.tarmpi.kz;

yusupzhan_ty78@inbox.ru

ұ.тел: 87473139551, Юсупжанов Талғат

Іс-сапар шығыны (жол ақысы, тұратын орны және тамағы) топты жіберіп отырған ЖОО есебінен төленеді.

Өтінім
«5В011400 - Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы

(әр қатысушы толтырады)



Тіркеу карточкасы

  1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) __________________________

  2. Мамандық шифры, курс, оқу тілі ______________________________

  3. ЖОО (толық аты)____________________________________________

  4. Адресі_________________________________________________________________________________________________________________

  5. Байланыс: телефоны/факс, Е- mail (қатысушының, мекемесінің) ___________________________________________________________

  6. Тұратын орын керек пе (иә, жоқ)_______________________________

  7. Келуі______________________________________________________

  8. Кетуі______________________________________________________

  9. Топтың жетекшісінің аты-жөні, қызметі және байланыс телефоны, факс________________________________________________

  10. Тұратын орны (иә/жоқ)_______________________________________

ЖОО басшысының қолы Мөр Толтырылған күні

Қонақ үйде тұратын орынды алдын ала даярлау үшін топта қанша адам болатындығын ақпараттық хат алысымен нақты берулеріңізді сұраймыз (қонақ үй нөмірінің бағасы 3000-5000 тенге)

Тараз мемлекеттік институтының

олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
: sites -> default -> files -> calendar files
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
calendar files -> «мемлекет тарихы институты» мм қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан республикасының Ұлттық МҰРАҒаты» рмм
calendar files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет