Тарих кафедрасы



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
түріСеминар
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

«Алғашқы қоғам тарихы» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050114 тарих мамандығына арналған

Семей, 2013

Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С.
Кафедра отырысында бекітілді.

«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхаметжанова Н.А.
Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.
«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.

Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.


«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.

Мазмұны



  1. Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 4-5




  1. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 5-7




  1. Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………7-14




  1. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау………………………..........14-16




  1. ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау………………………16-19




  1. Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………19-34

\


  1. ГЛОССАРИЙ

«Археология»- «архайос»(гр)-көне, «логос»(гр)-ғылым.

«Австралопитек»-«аустралис»(лат)-оңтүстік, «питекос»(гр)-маймыл.

Антропогенез –«антропос»-адам(гр) және «генезис»- пайда болу. Антропогенез – адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлімі.

Антропология – адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым.

Антропометрия – адамның денелік өлшемін зертейтін антропологияның бір саласы.

Антроморфизм – адамда болатын қасиеттерді затта, табиғат құбылысында, хайуанатта бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы.

Архантроп – көне адам.

Антропосоциогенез – (антропос – адам, лат. Социатос- қоғам және генезис- пайда болу) – адам мен адамзат қоғамының қатар пайда болуы .

Гоминидтер – (лат. Һомо-адам) – тұқымдастар және адам тектес тұқымдастар.

Гомининдер – (лат. Һомо-адам) – адам тұқымдастар.

Гомо примингенус (лат) – алғашқы адам.

Гомо сапинес (лат. Һомо сапиенс)- саналы адам.

Гомо хабилис (лат. Һомо хабилис) – шебер адам.

Гомо эректус (лат) – түзуленген, тік жүретін адам.

Дриопитектер (гр. Дрис – ағаш және питекос - маймыл) – адамтектес маймылдар қазындысы.

Идеография (гр. Идеа-идея және графо - жазу)- жазудың түрі, таңбалар тұтас сөз ұғымын береді.

Иеороглифтер (гр. Хиерос –қасиетті және глифо-кейіп, ою салу) – (тасқа қасиетті таңбаны ойып салу) – гректердің египет идеграфиясына берген атауы.

Логография (гр. Логос – сөз, графо-жазамын) – жазу түрі, таңбалар сөздің тұтас ұғымын береді.

Неонтроп (гр. Неос -жаңа)- қазіргі адам түрі.

Ономастика (гр.онома-есім) – жеке есімдерді зерттейді.

Палеоантроп (гр. Патайос-көне) – көне адам.

Палеоантропология – қазылып алынған адамдарды зерттейді.

Палеонтология – қазылып алынған организмдерді зерттейді.

Парантроп (гр. Пара-маңайы, ұқсас) – адамтектес маймыл қазындысы (австралопитекке ұқсас).

Петроглиф (гр. Петра – тас және глифе – ою, өрнек) – жаңатасқа болмашы тереңдетіле бейнеленген ою.

Пиктография (лат. Пиктура –суреттер көрінісі және гр. Графо-жазу)- (жабайы және қарапайым түрдегі суретті жазу). Негізінен еске сақтуға арналған жабайы суретті жазу.

Плезнантроп – адамтектес маймыл қазындысы, австралопитекке жақын.

Популяция (гр. Популус-халық) – адамдар тобы, өз ішінде неке қиылады.

Социогенез (лат. Сосиктас-қоғам) – адамзат қоғамының пайда болу процесі.

Топонимия (гр. Топос-жер және онома-есім) –ономастика бөлімі, географиялық атауларды зертейді.

Ру –ру, тұқым –алғашқы тұрмыстық қоғамдағы ұжымдық қауым.

Племя – тайпа –рулық бірлестік.

Тотем («от-отем»-одживбе-үнділер тілінің сөзі –мағынасы «оның ру және тұқымы») –жануарлардың кез-келген түрін, өсімдіктерді, оданда тереңірек заттарды және табиғат құбылысын қаны бір туыс деп санау, кейінірек –арғы ата деп тану.

Трибализ (лат. Трибус-тайпа) –тайпалық тұрғыда басқалардан жіктелу, бөліну.

Тотемизм –тотеммен тығыз байланыс барына сену.

Фетишизм – (португал. Фетишо –тұмар, бой тұмар) – жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне деген сенім.

Шаманизм (эвенкі сөзі -өз-өзінен шыққан) –белгілі адамдардың аса қуанышты немесе желігін, шабыттану күйінде рухпен қатынасуына деген сенім.

Этнология –(гр. Айтия –себеп) –себепті түсіндіру, пайда болуын түсіндіру.

Этнография –этникалық деректер жинаумен айналысады. Далалық жұмыс мәліметтері мен жазбаларының қордалануы.

Этноним –(гр. Этнос –халық және онома –елім) –термин (халықтың атауын білдіреді).


  1. ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Курстың пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы алғашқы базалық пән ретінде археология, тарихи антропология, этнология, мәдениеттану және дінтану пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Курстың постреквизиті: Алғашқы қоғам тарихын толық игеру нәтижесінде философия, ежелгі дүние тарихы, деректану мен тарихнама пәндерін меңгеруге болады.
Алғашқы қоғам тарихы курсына сипаттама:

Алғашқы қоғам тарихы курсының мақсаты – адамзат тарихының ең ірі кезеңін төмендегідей негіздемелер арқылы толықтай игеруден түзіледі. Алғашқы қоғам тарихының деректемесі мен тарихнамасы. Адамның шығу тегі мәселесі. Социогенез мәселесі. Ойлау, сөйлеу мен идеологиялық түсініктің пайда болуы. Рулық қауымның пайда болу мәселесі. Кейіңгі, рулық қауымдық қоғам. Алғашқы қауымның ыдырауының алғы шарттары және жалпы барысы. Жеке меншіктің, таптың, мемлекеттің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезіндегі рухани мәдениеті. Қоғамның этнотілдік мәселесі.

Көрсетілген маңызды мәселелер тізбегін бірізділікпен жүйесі әрі ғылыми негіздемелік тұрғыда меңгеру оның міндеттерін айқындайды.
Курсты оқып-үйрену барысында студенттер:

1). Білуі керек:

1. Алғашқы қоғам тарихы пәні және міндеттері. Алғашқы тарихының бастау көздері. Археология, этнология және антропология деректері. Қосымша дерек көздері. Алғашқы қоғам тарихындағы дерек көздерінің маңызы. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы көне замандағы және ортағасырлардағы түсініктер. ХІХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғам туралы нақты білімдердің қорлануы және олардың жинақталуы.

Эволюциялық мектеп. Мәдени тарихи мектеп. Функционалдық мектеп. ХХ ғ. алғашқы қоғамдық археология мен палеантропология ғылымдарының дамуы. ХХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғамды тарихи-этнологиялық тұрғыдан реконструкциялау. Орыс және кеңестік дәуір ғалымдарының алғашқы тұрмыстық қоғам проблемаларын талдауға қосқан үлесі.

Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлу. Археологиялық, геологиялық және палеоантропологиялық дәуірлер. Тарихи-мәдени дәуір. Жалпы (тарихи-өркениеттік) кезеңдер. Кеңестік-ресейлік тарихшылардың алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын кезеңдерге бөлуге қосқан үлесі.

Алғашқы қоғам тарихының жалпы және жекеленген мәселелерінің ғылыми түсініктемелерін талдауды үйреніп игеру.
2) Алатын біліктілігі:

- Алғашқы қоғам тарихы пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі;

- Студенттер адамзаттың пайда болуын және адам болып қалыптасуының алғы шарттарын саралау деңгейіне жетуі;

- Қоғамдық, әлеуметтік институттардың тууы мен дамуын нақты дәлелді мәтіндер арқылы игеруі;

- қоғамның даму заңдылықтарын білуі;

- адамның пайда болуы мен қалыптасуы; олардың алғашқы еңбек әрекеттерінің негізі қоғамды және қоршаған табиғатты игерудегі қоғамдық қатынастары, рулық қоғамның шығуы мен дамуы, алғашқы тұрмыстық қоғамның шығуы мен ыдырау процесіне қатысты жалпы заңдылықтарының теориялық негіздемелерін білуі.


Курстың тақырыптық жоспары




Тақырыптың атауы

Сағат саны

дәріс

семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

1

Алғашқы қоғам тарихы пәні

1




1

2

2

Алғашқы қоғам тарихының дерек көздері

1




1

2

3

Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы

1




1

2

4

Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалыптасуы: ең көнеадамдар дәуірі

1




1

2

5

Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі тектес адамдардың пайда болуы. Нәсілдік тек.




3




3

6

Алғашқы қауымдық-рулық құрылыстың тууы. Ертеректегі рулық қауым.

2




2

4

7

Ертеректегі рулық қауымның рухани мәдениеті.




2




2

8

Кейініректегі рулық қауым эволюциясы.

2




2

4

9

Кейініректегі рулық қауымның рухани мәдениетінің өрлеуі




2




2

10

Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының алғы шарттары

3




3

4

11

Алғашқы қоғамдық институттардыңпайда болуының алғы шарттары




4




6

12

Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңіндегі рухани-материалдық мәдениет

2




2

2

13

Алғашқы таптық қоғамның перифериясы және өркениеттермен байланысы

2




2

4

14

Таптық қоғамдардағы алғашқы тұрмыстық қоғам қалдықтары




2




4

15

Алғашқы қауымдық қоғам тарихынан кесте-сызбалық және терминологиялық жүйесі




2




2

Барлығы

15

15

15

45



  1. Дәріс сабақтарының тезистері.

Қысқаша дәрістер жинағы.
1-тақырып. Алғашқы қоғам тарихы пәні.

1. А.қ.т. пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

2. А.қ.т. маңызы.

3. А.қ.т. хронологиясы және кезеңдерге бөлу мәселесі.
Алғашқы қоғам тарихы пәні адамзат тарихының ең көне дәуірін, яғни адамның жануаралар дүниесініен бөлініп, қауым болып қалыптасуын, оның қоршаған табиғи ортаны игерудегі іс-әрекеті, материалдық-рухани мәдениетінің дамуын және мемлеекеттік сатыға өту мәселелерін кешенді түрде қарастырады.

Алғашқы қоғам тарихының маңызды жағы, оның біртұтас тарих ғылымының спецификалық бөлімі ретінде көрініс беруі этнография; археология және антропология ғылымыдарымен үйлесімділігінде деп санаймыз.

Алағашқы қоғам тарихының маңызы, оның жоғары даму сатысындағы қазір дәуірдің барлық құбылыстарының түпкілікті бастауларын беруінде және алғашқы қауымдық дәуірдің негізгі мәселелерінің (адамның пайда болуы, нәсілдік белгілердің мәнісі, ұжымдық концепциясы, жеке меншік мәселесі, діни-нанымдары, рухани-мәдени бастаулары) идеологиялық астарларын қарастыруында.

Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлудегі археологиялық, геологиялық және палеантропологиялық дәуірнамалардың орны.


Әдәбиеттер:

  1. Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы «мектеп», 1974.

  2. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., «Высшая школа», 1982.

  3. Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., «Высшая школа», 1990.

  4. Кнышенко Ю.П. История первобытного обшества. Изд. Ростовского университета. Ростов на Дону, 1973.

  5. История первобытного общсства. общие вопросы. Проблемы антропосоциогенеза. М., 1983.

  6. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.

  7. История первобытного общества. Эпоха классообразования.


2-тақырып. Алғашқы қоғам тарихының дерек көздері.

  1. Алғашқы қоғам тарихының археологиялық деректері

  2. Археологиялық деректердің басымдығын және оның А.Қ. Т-ын зерттеудегі маңызы

  3. А.Қ.Т. деректік түзілу жүйесі

  4. Дерек көздері мен олардың жіктемелік негізін көрсету

Алғашқы қоғам тарихыын зерттеп білугеоның тарихи деректемелік негіздерін жете түсіну қажеттілігі, яғни барлық құбылыстар жүйесінің (тарихи кезеңдерге қатысты) міндетті түрде жазба және материалдық деректері болатыны анық. Сол себепті алғашқы тұрмыстық қоғамның жаратылыстанушылық-тарихи ағымындағы деректік көздері түзіледі. Алғашқы қоғам тарихы дерек көздерінің бастаулары: антропологиялық географиялық, геологиялық, физикалық және химимялық циклдардан алынуы әбден заңды құбылыс.

Алғашқы қоғам тарихы тарихи дерек көздері келесі ғылымдар жүйесінен тұрады: археологиялық, этнография, тарихи антропология, төрттік геология және палеогеография, археозоология, археоботаника, химия және физика, лингвистика, жазба деректер, информатика.
Әдебиеттер:

1. Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы «мектеп», 1974.

2. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., «Высшая школа», 1982.

3. Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., «Высшая школа», 1990.

4. Кнышенко Ю.П. История первобытного обшества. Изд. Ростовского университета. Ростов на Дону, 1973.
3-тақырып. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы.


  1. А.Қ. туралы көне замандағы және орта ғасырлардағы түсініктер

  2. Көне Египет, грек және рим заманындағы А.Қ. жайлы халықтық-философиялық ой қорытулар.

  3. Эмпирикалық дәстүрде түсіндіру сипаты.

  4. Ч.Дарвин мен Ф.Энгельстің ғылыми еңбектеріне талдау жасау

  5. А.Қ. жайлы жазылған еңбектердің мазмұнды сипатын беру. Тарихи талдау жасау.

Алғашқы қоғам тарихы көне замандағы және орта ғасырлардағы жалпы түсініктердің қалыптасуы Ерте Египет және рим қоғамында өмір сүрген қауым мен ойшылдардың Алғашқы қоғам тарихы жөнінде пікірлерінің қалыптасуы (Эмпирикалық дәстүрде). Антик дәуірі философиялық антологиясы (Демокрит, Лукреций Кар).

Алғашқы қоғам тарихы туралы түсініктің жан-жақты, әсіресе географиялық аспектіде дамуына ұлы географиялық ашылулар ықпалы (ХҮІ-ХҮІІ ғғ).

Мотеньнің концепциясы «Тәжірибелер»- алғашқы қоғамды идеализациялау. Тарихи процесті философиялық тұрғыда түсіндіру және оны құрамдас сатыларға бөлу мәселесі. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы, Томсеннің еңбек құралдарын жүйелеу әрекеті.

ХІХ ғ. ІІ-ші жартысындағы археологиялық ізденістер нәтижесі (Ж. Буше де Перт). Геологиялық ізденістер (Ч. Лайелл). Тас ғасыр археологиялық тұрғыда зерттеу (Д.Леббон, Г. Мортилье). Антропогенез мәселесі. Алғашқы қоғам тарихы материалдық мәдениеті.

ХХ ғ. Екінші жартысындағы палеоантропологиялық ізденістер нәтижесі.


Әдебиеттер:

1. Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы «мектеп», 1974.

2. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., «Высшая школа», 1982.

3. Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., «Высшая школа», 1990


4 тақырып. Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалыптасуы: Ең көне аралдар дәуірі.

  1. Қазба адамдар тарихы

  2. Австралопитектен неоантропқа дейіңгі адамзат өкілінің даму мәселесін ретпен көрсету.

  3. Алғашқы адамдар табыны.

  4. Алғашқы адамдар табынына тарихи сипаттама беру. Гомининдер мен Гоминидтер ара-қатынасы

  5. Дриопитектерден қазіргі келбеттес адамдар қауымы пайда болғанға дейіңгі кезеңге тарихи шолу.

Көне заманнан 19 ғасырға дейіңгі адамның шығу тегі жөніндегі ой-пікірлер жүйесі. Антропогенездік үрдістің ХІХ ғасырда дамуы.

Дриопитектер приматы, антроморфтық маймылдар түрлері (австролопитектер, парантроптар және плезиантроптар). Гоминидтердің пайда болуы және орны. Палеоантропологиялық табылулар нәтижесі. Алғашқы адамтектестердің пайда болған ошақтары жөніндегі моноцентристік, полицентристік және аралық пікірлер.

Неандертальдік адам типтері. Нәсілдік белгілердің табиғилық факторлары.

Алғашқы қауымның қалыптасуы. Алғашқы адамдардың өміріндегі аңшылықтың орны. Идеологиялық түсініктердің бастаулары.
Әдебиеттер:


  1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969.

  2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960.

  3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966.

  4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974.

  5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974.

  6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989.


5 тақырып. Алғашқы рулық қауымның пайда болуы.


  1. Рудың пайда болуына ықпал еткен факторларға талдау.

  2. Ру ұғымына тарихи анықтама беру мәселесі

  3. Рулық құрылысқа талдау жасау және соның негізінде анықтама беру

  4. Алғашқы адамдардың діни түсініктері

  5. Бастапқы діни наным-сенім обьектілері туралы тарихи талдау жасау. Культтік негізі.

Ертеректегі рулық қауымның тууына ықпал еткен факторлар: өндіргіш күштердің дамуындағы ірі ілгерілеушіліктің орын алуы. Техникалық тұрғыда қарулану үрдісінің жандана түсуі. Аналық ру мәселесі.

Өндірістік қатынастардың түрлі формаларының шығуы. Қоршаған табиғи ортаны игеру. Еңбек процесінің күшейе түсуі. Қоныстану ареалдарының күшейе түсуі.

Рулық құрылыстың құрылымдық жүйесі. Оның туысқандық және қауымдастық сипаты. Биліктің ұйымдастырылуы. Некелік-жыныстық қатынастар жүйесіндегі жас ерекшелігіне байланысты жыныстық еңбек бөліністері.


Әдебиеттер:

1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969.

2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960.

3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966.

4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974.

5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974.

6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989.
6 тақырып. Кейініректегі рулық қауым эволюциясы.


  1. Кейініректегі рулық қауымдағы егіншілер мен малшылар қауымы.

  2. Өндіруші шаруашылыққа өту мәселесі. Егіншілер мен малшылар қауымының ерекшелігіне сипаттама жасау.

  3. Алғашқы «демографиялық төңкеріс» сипаты

  4. Сапалық көрсеткіштеріне тиісті фактілер арқылы баяндап беру.

  5. Кейініректегі рулық қауым мәдениетінің даму ерекшеліктері

  6. Халықтық демографиялық даму үрдісінің себептері және оның орналасуындағы өзгерістер. Неке мен отбасындағы сапалық сатыларға өту мәселесі.

Кейініректегі рулық қауымдағы жоғары дамыған егіншілік пен малшылықтың ерекше орынға көтерілуі. Еңбек құралдарының пәрменді түрде жетілдірілуі. Өндіруші шаруашылықтың күшейтілуі. Жаңа табиғи ресурстарды игеру.

«Бірінші демографиялық революция». Халықтың орналасуының тығыздығының арта түсуі. Еңбек бөлінісінің жастық-жынысытық тұрғыда жіктелуінің арта түсуі. Неке және отбасы мәселесінде жұптық некенің орын алуы. Неке мен отбасы мәселесінің реттелу үрдісінің әлеуметтік-экономикалық сипаты. Қауымдық-рулық ұйымның күрделену үрдісі. Туыстық қатынастар үрдісі түзілімі. Тайпалық кеңестің билігі.
Әдебиеттер:

1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969.

2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960.

3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966.

4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974.

5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974.

6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989.
7 тақырып. Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының алғы шарттары.


  1. Өндірістік қатынастар эволюциясы

  2. Өндіруші шаруашылықтың дамуы. Жыртпалы егіншілікке көшу және малшылықтың өркендеуі.

  3. Этнолингвистика мәселесі

  4. А.Қ.Т. ыдырау кезеңі. Лингвистикалық даму және этникалық бедер. Этноқұрылым. Этнолингвистикалық анықтамасын беру.

Өндіруші шаруашылықтың кейініректегі рулық қауым тұсындағы пайда болуы. Өндірісте металдың жоғары деңгейде пайдаланылуы. Мыс, қола және темірдің кеңінен қолданысқа еңгізілуі.өндірістік қатынастар негізінде айырбас пен сауданың жолға кеңінен қойылуы.Экономикалық аспектіде айырбастың дамуы және түрленуі. Қосымша өнім өндіру, оны қажетке жарату және алғшқы құлдықтың пайда болуы.


Әдебиеттер:

1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969.

2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960.

3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966.

4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974.

5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974.

6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989.


: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет