Тарихи орындарға саяхат



жүктеу 49.84 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі49.84 Kb.
Тарихи орындарға саяхат
Жуырда Жаңақорған жастары бабалар ізімен жүріп өтті. Бұл саяхат жайлы сәл кейінірек. Бірінші билік басындағылардан бастасақ. Естеріңіз де болса, ағымдағы жылдың маусым айының басында Елорда да Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасын да Қазақ тарихын жаңаша зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырыс өтіп, онда Мемлекеттік хатшы М.Тәжин Елбасының тапсырмасы бойынша "Тарих толқынындағы халық" деген атаумен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасы жасалынатынын жеткізген болатын. Бағдарлама мақсаты-Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы дамытуды, қазақтың ұлттық көкжиегін кеңейтуді және ұлттық жаңа тарихи дүниетанымды қалыптастыруды көздейді. Қуанарлық жайт. Халқымыз да "өткенсіз ел, тарихсыз жер болмайды" деген дана сөз бар. Сан ғасырлар бойғы тарихымыз әркімнің көзқарасымен ћәм сілтеуімен жазылғаны айқын. Ия, бүгінде ұлттық тарихқа ұлттық көзқарас керектігін елдің даму жолы айғақтай түсуде. Хош. Жоғарыдағы жаңа бағдарламаны басшылыққа ала отырып, жазиралы даламыздың сырын ішіне бүккен құпиясына бір үңілмекке жастар жолсапарға шықты. Бастамашы аудандық ішкі саясат бөлімі. Үйлестіруші "Жалынды жастар" жастар қоғамдық бірлестігі. Бәсенеден белгілісі аудан аймағы тарихи ескі қалашықтарға бай. Соның бірі ћәм бірегейі. Ақ Орданың астанасы болған, он бес мұнаралы қорғаны болған, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан-Сығанақ шаћары. Біздің де табанымыз алғаш тиген, топырағы сырлы тарихқа тұнған осы қалашықтан басталды. Әуелі бастамашы топ "Бисмиллә" деп "Сунақ-ата" бабаның кесенесіне Құран оқып, әруақтарға дұға бағыштады. Әлеумет әумин десіп, әп-сәтте қалашықтың қыр-сырымен танысуды бастапта кетті. Алғашқы кезекте аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, экскурсовод Б.Таждинов Сығанақ қаласының негізі қалағаннан тұстан бастап, ол жайындағы тарихшы ғалымдардың деректерін тілге тиек етіп жас өрендерге мол мағлұмат берді. Яғни, қаланың аты жазба деректерін де Х ғасырдан бастап белгілі бола бастағандығы, Түрлі заманалар мен шайқастарды басынан өткізген тарихи қала XVIII- ғасырға дейін өмір сүріп келгендігі жөнінде, басқа да егжей-тегжейлі баға жетпес құндылықтарымыз жайлы баяндап берді. Одан әрі осы қалашықта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ХҚТУ-нің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының археолог маманы Б.Нұрханов тың деректерменен бөлісті: -Ескі қала орны 309 гектар деп есептелініп отыр.Оның ішінде хан сарайының орны 30 гектарды шамалайды. Қала қақпасы алдындағы мұнара, аспалы көпір, диірмен, ауыз су мен пайдаланылған суды сыртқа шығару жүйелерінің орны сақталған. Сонымен қатар Ескі Сығанақ қалашығының орнынан көп жәдігерлер табылды, әсіресе керамикалық ыдыстар мен жапсырма плиталардың орны ерекше"-деп, жиылған жастарды көп деректермен қанықтырды. Өз кезегін де жастар да аталмыш тарихи ескерткіштерді көзімен көріп, керамаикалық ыдыс бөлшектерін қолымен ұстап, естелікке суретке түсіп жатты. Архелог маманның сөзіне қарағанда биылғы жылы мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасы аясын да зерттеу жұмыстарына 6 млн. теңге бөлініп, бүгінде ол қаржыны толық игергендігі белігілі болды. Және де "Сығанақ" мешіт-медресесінің (XIII-XVII ғасырларда салынған) "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығының куәсі болдық. Сан ғасырлық тарихы бар ескерткішті мамандар 1927 жылы тарихшы-шығыстанушы Александар Якубовский түсірген суретінің негізін де "Қазқайтажаңғырту" РМК-ның Қызылорда филиалы қызметкерлері ықтиятпенен қалпына келтіріп жатыр екен. Зерттеушілердің түйінді сөзіне тоқталсақ: келешекте бұл тарихи қала аумағын қоршауға алып, аспан асты ашық мұражайына айналдыру басты мақсат. Ұрпақ үшін маңызы бар бұл ұсынысты, жуырда ғана осы қалашыққа сапармен келген аймақ басшысы Қ.Елеуұлына да айтқандығын хабардар етті.

Хош. Сығанақ сапарынан соң, саяхатшылар ат басын Сырдың бойындағы бабалар мұрасына бұрды. Мұнда жігерлі жастар қауымы күмбезі менмұндалаған "Ақтас мешіті" мен "Айқожа ишан" кесенесінің тарихымен танысты. Дұрысы таныстырды. Бас экскурсовод Б.Таждиновтың баяндаған дерек сөздерін қайталасақ: "Ақтас мешіті" 1884 жылы салынған. Ескерткіштің жобасы төртбұрышты, ішкі қабаты 12 метрді құрайды. Мешіт күмбезіне 4 қырлы, 2 қабатты мойындық арқылы көтерілуге болады. Негізгі фасад алдыңғы бет үш биік аркалармен ерекшеленеді. Республикалық маңызы бар тарихи мұралардың қатарына енген. Ал "Айқожа ишан" кесенесі күйдірілген кірпіштен соғылған. Қабырғаларына өсімдік тақырыптарына арналған жазулар бар. Ескерткіш 1982 жылы республикалық дәрежедегі тіркеуге алынған. Айқожа ишан дін Ислам жолында имам болып, шәкірттер тәрбиелеген. Атағы тек Сыр өңіріне емес біршама мұсылман қауымына белгілі болған. Ақтас әулие мен Айқожа ишанның мұнан басқа да қасиеттері жайлы Асылхан есімді шырақшы ағамыз әсерлі әңгімесімен бөлісіп, баба рухына Құран бағыштап дұға жасады. Екінші маршрут тәмам.

Соңғы саяхат бағыты. Қаншама жылдардан бері сабалаған жаңбырдың астын да, уілдеген желдің өтін де орналасқан, сонау ғасырлар тарихынан сыр тартқан Сауран қаласына тоқтадық. Гид қызметін атқарған Бағдаулет бауырымыз Сауран қаласы жайлы мәліметін, алғашқы деректер орта ғасырлардағы араб саяхатшыларының жазбаларынан кездеседі деп бастады. Х ағасырда өмір сүрген арабтың гоеграф ғалымы Макдиссия Әл-Муакхар Тахир 22 тараудан тұратын еңбегін де: "Сауран бірінің сыртынан бірі жеті қабат дуалмен қоршаланған үлкен қала, оның ішін де күмбез, сарай, мешіт бар"-деген, экскурсовод Б.Таждинов басқа да тарихшы ғалымдардың еңбектері мен деректерімен толықтырды. Бізбен бірге еріп жүрген Бахытжан есімді археолог ағамыз да білетін тарихи ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар Сауран қаласы, үлкен қорғаныс орны, бекініс қамалы болған. Қаланы биік дуалдармен қоршалап, ол қабырғаларды айналдыра тереңдігі 3 метрге дейін, ені 15-20 метрге келетін ор қазып, су жүргізетін болған. Жаугершілік заманда. Осы тактиканы қолданады екен. Қалаға екі қақпа арқылы кіретін болған, бас қақпасы қабырғасының солтүстік-шығыс бөлігіне, екінші қақпасы оңтүстік-шығыс бөлігіне құрылған. Бұдан бөлек қалаға кіріп шығатын құпия есігі болған. Қаланың осы екі қақпасының алдындағы ор үстіне қорған қақпасына кіретін аспалы-жиналмалы көпір орнатқан. Шаћар тұрғындарын жерасты құбырлары арқылы тартылған ауыз сумен қамтамасыз еткен. Осы аталмыш жайттардың барлығын жастар аралады. Қайта қалпына келтірілген мешіт-медресе, тахарат алатын орын секілді барлығын көріп, көңілге түйді. Бабалар мұрасына таңдайларын қағып тәнті болып, тағы да бір бір жолымыз түссе міндетті түрде бас сұғамыз деп аудан орталығына қайта оралды.

Ия, бізде біршама дүниеге қанық болып, арғы ћәм бергі шетіне ат тұяғы сүрініп, құс қанаты талып әзер жететін ұлан-ғайыр даламыздағы өркениеттің өріс алғандығының куәсі болдық. Өткенге құрмет ретінде мемлекет тарапынан тарихи ескеркіштерді қайта қалпына келтіруде қомақты қыруар қаржының бөлініп жатқандығынан байқадық. Бір ғана мысал. Сығанақта жүргенде Б.Нұрханов есімді археолог ағамыздың аузынан мындай дәйекті сөз естідік. Ескі ескерткіштерді қайта қалпына келтіруде қолданып жатқан қүйдірілген қыш кесектің бір данасын 720 теңдеген сатып алып жатқандығын тілге тиек етті. Қыш Сауран топырағынан дайындалып жатыр екен. Есептеп қарасақ мешіт-медресенің ұзындығы 14.70, ені 23 метрді құрайды. Ішінде қаншама бөлмелері бар. Міне, бұдан мемлекет тарапынан мәдени-мұраларымызға миллиондаған қаржының құйылып жатқандығын аңғаруға болады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, осындай мол деректерге қанығуға себеп болған, аудандық ішкі саясат бөлімі басшылығы мен Н.Бакиров жетекшілік ететін "Жалынды жастар" ЖҚБ-гіне айтарымыз алғыс. Бас маман Ә.Тілеубергенова бастап барған топ құрамын да: аудандық ішкі істер бөлімінен, аудандық емханадан, ҮЕҰ-төрағалары, ауылдық округтерден жиылған жастар қауымы мен облыстық БАҚ-нан тілшілер қатысты. Дәл осы топ құрамы келесі күні «Қарасопы», «Хорасан-ата», «Қылышты-ата», «Бақсайыс», «Қылауыз-ата» секілді тарихи мазараттар орнына зиярат етіп, қаншама құнды тарихымыздың бар екендігінің куәгерлері болды.



Әбдісамат ӘБДІШ
: upload -> files
files -> Жоба Сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Өткен мерзімі
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа
files -> «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
files -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 маусым аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
files -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2016 жылдың 1-31 ақпан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
files -> Павлодар облысының аумағын дамытудың




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет