Тегі, аты, әкесінің аты



жүктеу 95.85 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі95.85 Kb.

Жобаның авторы

Тегі, аты, әкесінің аты

Нургалиева Жансая Сабировна

Аймақ

Ақтөбе қаласы

Білім беру мекемесі орналасқан қаласы

Жаңақоныс елді мекені, «Б» кварталы, 76 «А» участок

Білім беру мекемесінің атауы

№35 «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйым

Жобаның тақырыбы

Жобаның атауы

«Ертегілер елінде»

Жобаның қысқаша мазмұны

Бұл жоба ересек тобының балаларымен жұмыс жасауға арналады. Жоба балалардың бойында қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді, ойлау, сөйлеу әрекетін дамытады. Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде балалар ой қорытындысын жасауды, сөйлем құрауды, әңгімелеуді үйренеді. Балалардың қиялын дамыта тәрбиелейді. Бала ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарына баға бере отырып, жағымды, жағымсыз топтарға ажыратады. Адамгершілік құндылықтарды ұстануға, достық, жолдастық қарым-өатынасты бағалауға, кездескен қиыншылықтардың оңай шешімін тауып өтуге төселеді.

Білім беру салалары

"Таным", "Қатынас", "Шығармашылық", "Денсаулық", "Әлеуметтік орта" білім беру салалары.

Тобы

Бұл жоба ересектер тобының балаларымен жұмыс жасауға арналады.

Жобаның ұзақтығы

Екі апта

Жоба негізі

Білім беру стандарты

Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып, мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың МЖМБС-на сай 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») жүзеге асады.

Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге құштарлығын арттырудың негізі болып табылады.

Білім беру салаларының мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.




Дидактикалық мақсаты / Күтілетін нәтижелер

Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде баланың тіл байлығы, сөздік қоры, әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауға, бір-біріне қамқорлық жасауға, мейірімділік, ұйымшылдық, еңбекқорлық сияқты мінез-құлық негіздері қалыптасады.

Жобаны жүзеге асыру барысында келесі құзыреттіліктер қалыптасады:

  • Ақпараттық

  • Әлеуметтік

  • Тілдік қатынас

  • Танымдық

  • Денсаулық сақтау

  • балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерін төселдіру;

  • қоршаған әлемді қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу;

  • ойын іс әректін дамыту;

  • отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  • әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу;

  • Өз іс әрекетінің нәтижесін жоспарлау және бағалау, ұжымда жұмыс жасай білу, түрлі жерден ақпаратты алу іскерлігі



Жобаны бағыттаушы сұрақтар

Негіз болатын сұрақ

Бала қиялын тербеткен ертегілер

Проблемалық сұрақтар

Ертегілердің бала тәрбиесіне тигізетін пайдасы қандай?

Ертегілердегі көріністер шындыққа жанаса ма?


Оқу сұрақтары

Қандай қазақша ертегілерді білеміз?

Ертегілерде айтылатын қандай әндерді білеміз?

Ертегілерді қандай нұсқалармен баяндауға борлады?

Ертегілер неше түрге бөлінеді?

Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?

Ертегілер қалай басталады?

Өзіңнің сүйікті кейіпкерлеріңкім, несімен ұнайды?

Қандай жағымды кейіпкерлерді білесіңдер?

Қандай жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

Неге жағымсыз кейіпкерлер кедергілер жасайды?


Бағалау

Бағалау жоспары

Жоба бойынша жұмыс алдында

Балалар жоба бойынша жұмыс жасап, тапсырмаларды орындайды


Жоба бойынша жұмысты аяқтаған соң

Тәрбиеленушінің білімі, іскерлік дағдылары;

-қызығушылық және шығармашылық танытуы;

-серіктестікте жұмыс жасау;


-талдау қабілеті;

-ізденіс танымдық іс әрекет;

-өзара көмек көрсету;

-ұйымдастыру қабілеттері;

-коммуникативтік дағдылар;

-ақпараттық құзыреттілік;

- шығармашыл ойлау қабілеттілігі


жұмыс нәтижесінде қорытынды ой түйінін жасай білу;

-өз пікірін қалыптастыру;

-толеранттық;

-еңбексүйгіштік;



-тапқырлық, ой өрісі.


Бағалау әдістері

Баға

Бағалау процесі және мақсаты

Старттық презентация

Жобаға қатысушылардың тәжірибесі мен қызығушылықтарын анықтау.


Ата аналарға арналған сауалнама


Жоба бойынша жұмыстың нәтижелілігі, жетістіктері туралы ата аналардың пікірін білуге мүмкіндік береді.

Жобаның жоспары

Балалар мен ата аналарға жобаның жүзеге асырылуы үшін жауапкершілігін арттыруға көмектеседі, тәрбиешіге баланың жеке дамуын ынталандыруға, уақытты жоспарлауда көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Рефлексия

Педагогтың балалармен әңгімелесуі – олардың бойында бар білімі, іскерліктері мен дағдыларын анықтау. Бала педагогпен өз қызығушылығы мен мүдделерін талқылауға, өздерінің жеке тәжірибесі мен жоба бойынша жұмыс арасындағы байланысты құруға мүмкіндік алады.

Өзін өзі бағалау парақтары


Балалардың жобаға қатысу деңгейін көрсетеді

Оқу іс әрекетінің жемісі

Жоба тақырыбы бойынша білімді меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.



Жоба туралы мәліметтер

Бастапқы қажетті білімі, іскерлік дағдылары

  • Педагогтың қойған сұрақтарына жауап бере алуы;

  • Көргеніне өз пікірін білдіру,

  • Көріп естігені, оқығаны туралы алған әсерін түрлі іс әрекетте көрсетуі;

  • Белсенді тыңдау дағдыларының болуы

Оқу іс шаралары

Дайындық кезең:

  • Жоба тақырыбын таңдау

  • Мақсат міндеттерін анықтау

  • Жұмыс жоспарын құру

  • Әдебиеттерді, дидактикалық ойындарды таңдау, экскурсиялардың мақсат міндеттерін анықтау.


Негізгі кезең:

  • Презентацияны қарау

  • Бейнефильм

  • Көркем сөз

  • Балалармен әңгімелесу

  • Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып топтарға бөлу;

  • «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Қатынас», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.




  • Ойын іс әрекеті

- Мазмұнды рөлдік ойындар

Ұлттық ойындар

Драматизация ойындары

Қимылды ойындар



Қорытынды кезең:

  • Қорытынды

  • Сурет көрмесі

  • Отбасылық мереке

  • Презентация

  • Жаңа жобаның міндеттерін анықтау



Саралап оқыту үшін арналған материалдар

Оқу материалын меңгеруде проблемалары бар тәрбиеленуші

Жобаның жетік жүзеге асырылуы үшін ата аналардың көмегі қажет. Тәрбиеші балаларға жоба тақырыбы бойынша оның қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. (танымдық ақпаратты жинау, шығармашылық тапсырмалар, макеттер).

Оқыту тілі тәрбиеленушінің ана тілі емес

Басқа тілді балаларға ертегілер түрлерін ататқызып, қазақша, орысша айтқызу. Сөздікпен жұмыс жасау.

Дарынды тәрбиеленуші

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар

Технологиялар – құралдар

Фотоаппарат, лазер дискі, бейнемагнитофон, компьютер(-лер), принтер, бейнекамера, цифрлық камера, проекциялық жүйе, интерактивті тақта, бейне- DVD, сканер, телевизор

Технологиялар – бағдарламалық қамтамасыз ету

Бейнелерді өңдеу бағдарламалары, веб-сайттарды құру бағдарламалары, веб-браузер, мәтіндік редактор, электронды почта бағдарламалары, мультимедиялық жүйелер, Google өнімдері.

Баспа материалдары

Оқулықтар, балалар энциклопедиялары, әдістемелік құралдар. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сұрақтары бойынша журналдар, хрестоматиялар, анықтамалық материал және т.б.

Басқа құралдар

Көрнекілік, балалардың шығармашылығы үшін қажетті материал

Интернет-ресурстар

Список веб-адресов, необходимых для проведения проекта

Басқа ресурстар

Ата аналарды жоба бойынша жұмыс жасауға, балаларға көмек көрсетуге шақыру. Балабақшаның мамандарын қатыстыру.

Ізденіс танымдық іс әрекет үшін дамытушы ортаны құру.



: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет