«Тәлімі мол тәрбие сағаты» әдістемелік құралы Құрастырған



жүктеу 383.36 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі383.36 Kb.
«Тәлімі мол тәрбие сағаты» әдістемелік құралы

Құрастырған: Турланова Маягуль Абуталиповна, Наурызбаева Актоты Алтынбековна

Заречный мектеп балабақшасының бастауыш класс мұғалімдері.




Кіріспе

«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болады.» А. Құнанбаев

 

        «Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.



Балалар  тәрбиесіне,  келер ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін  әрине, алдымен тәлімгердің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.

    Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін  өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Менің ойымша тәлімгер мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп ойлаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Әр оқушының  бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін. Сондай-ақ, белгілі педагог Я.А.Коменскийдің өзі балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалаған: «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».

        Тәлімгер - ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәлімгер - балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету», - деп жазылған.

         Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

         Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген. Ендеше, тәлімгерлердің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашықта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек.

                                    Самалы бол Отанның салқындаған,

                                    Сандуғаш бол, сайратсын  алтын далаң.

                                    Семсері бол Отанның қынабында,

        Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәлімгері - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.
Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылар мен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады : ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық.
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Қалыптастырушылық қызметі де жоғарыда аталған 3 қызметтің орныдалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады.
Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын – ала анықтау барысында белгілейді. (саулнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қортындысы бойынша т.с.с.) .
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады : әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырптарға дәрістері,”дөңгелек стол”өткізу, өнер туындалары мен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.
Біріншісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректер мен мысалдарды келтіруге тартылады.
Екінші түрі, мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.
Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмісімен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.

Тәрбие сағатын өткізуге дайындық барысына :


оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін анықтау ;
  • тәрбие сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау ;


  • тәрбие сағытын дайындау және өткізудің жоспарын құру;


  • тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылыңы мен білсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әр түрлі амал-тәсілдерді ойластыру ;


  • көрнекі құралдарын, музыкалық шығармаларын таңдау, бөлмені даярлау ;


  • оқушылар ұжымында ашық тәрбие әңгіме , жайма-шуақ жағдай туғызу


  • тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау ;


  • сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау ;


  • оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру .



Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады . Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі.
Қорытынды бөлімінде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жекек бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету.


«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!» тәрбие сағаты


Мақсаты: - еліміздің басты заңын тереңірек білу;
-елжандылыққа тәрбиелей отырып,өз елінің нағыз азаматтарын қалыптастыру, еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екендігін жастайынан саналарына сіңіре отырып,Ата заңын сыйлауға,қадірлеуге,білуге,сақталуына өз үлестерін қосуға талпыну.

Міндеті: -Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға салу.

Күтілетін нәтиже: Сабақта оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады,
- өз көзқарастарын еркін білдіреді.
- Өз Отанының тағдырына өздері болашақта жауапты екенін саналарына сіңіріреді.
- Ата заңның баптарын өз жас ерекшеліктеріне сай біледі.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ - дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата заңым құт сыйладың еліме!
-Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына,халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз.Ендеше барлығымыз 30 тамыз күні Ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының неше жылдық мерейтойын тойладық?
/Сабақтың тақырыбы аталып,негізгі мақсат айқындалады,Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады/
- Балалар, осы Жер атты планетада әр адамның ең ыстық ,жүрегіне жақын орны бар - ол оттан да ыстық Отаны. Отан! Қандай керемет,қандай ыстық,сүйіспеншілік пен мейірімге толы ғажап мекен! Біздің еліміз,атамекеніміз – Қазақстан Республикасы.

Атамекен деп аталу себебі мұнда ғасырлар бойы біздің ата – бабаларымыз өмір сүрді,осы киелі топырақты мекен етті. Туған жер деп аталу себебі біз осы жерде туылдық,барлығы біздің туған тілімізде сөйлеседі,осында барлығы біз үшін ыстық,жүрекке жақын,таныс.

Отан - сенің ата- анаң,
Отан - сенің бауырың.
Отан - өлкең,астанаң,
Отан - аудан,ауылың.

Отан - тарих, Отан – тіл,


Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлкең,Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,


Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
- Бір күні Мұзафар Әлімбаевтан француздың танымал жазушысы:-Сіз қай елде дүниеге келдіңіз ? деп сұрайды.
- Қазақстан Республикасында! – деп жауап береді.
-О,қандай керемет әрі үлкен мемлекетте тұрасыз! Сіздердің байтақ жерлеріңізге бес Франция сиып кетеді.
- Ия, деп мақтанышпен жауап беріпті Мұзафар Әлімбаев.
Осы кең байтақ еліміздің ең негізгі Ата заңы- Конституцияны егемендік құқығымызды негізге ала отырып,1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылдадық . Осы Ата заңымыздың 1 бөлім Жалпы ережелер, 30-бабында Азаматтардың барлығы білім алуға құқылы.Орта білім алу міндетті.
- Балалар, ойланайықшы! Сендер саналы,білімді азамат болып өсуің үшін өздеріңнің бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Атамекенді,туған жерді сүю.
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
/Интерактивті тақтадан презентация жасау
Бастау жырлары
Армысыздар, асыл жандар,ата - ана!
Мейірім мен шуақ берген балаға.
Біз боламыз Егемен елдің ертеңі,
Екінші жыл,зор бақыт өттік екінші сыныпқа.

Ел ордадағы ең ыстық үй мектебім,


Өзіңде мен жас шыбықтай көктедім.
Зияткерлік - дарындылық қос қанат,
Білім,ғылым санама тек еккенім.

Жалықпастан бойға жинап білім нәрін,


Білгім келед бұл әлемде бәрін - бәрін.
Тек білімді, біліктілер бұл өмірде,
Бақытымен көреді өмір сәнін.

Адам болу мақсатымыз алдағы,


Өмірдің көп біз білмейтін сырлары.
Жақсы азамат болсақ терең білімді,
Бағымыздың осы болар жанғаны.

Кім ұғады оқушының тілегін,


Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.

Нәр аламыз сол білімді ұстаздардан,


Талабымен шәкіртпіз бағы жанған.
Тәрбие мен білімді қос көтеріп,
Жүйріктерміз биікке талаптанған.
- Қымбатты достарым,сыныптастар!
Міне,тағы бір оқу жылы,сансыз үміт пен білімнің нағыз додалы да жауапты жылы келіп жетті.Біз шынайы жүрекпен, ақ тілекпен алтын ұя мектебімізге құтты қадам бастық.
Ән «Отаным –Қазақстан» әні –А.Исағұлова, өлеңі-С.Тойлыбаев.
Сұрақ : Туған жер туралы не айта аласыңдар ?
Бұл ғажайып мұратты,
Халықтардың Отаны
Жаңа өмір құратын ,
Алыптардың Отаны.
Сол алыптың бірімін,
Отанның ұл-қызымын.

Ойын:«Алақан жылуы»


Шарты:сол жағымдағы оқушыға немесе ата –анаға сол қолымды бере тұрып,мен сізге жаңа оқу жылында жаңа табыс,терең білім,тамаша жетістіктер,жақсы қарым- қатынас,мол қуаныш,қажымас – қайрат,күш жігер,боашаққа сенім,зор денсаулық,құтты қадам,табысты оқу жылын тілеймін.

Тренинг: «Аялы алақанымдағы алтын ботақаным»/ Ата аналарға шартын түсіндіру/ Қорытынды/саралау,сараптау/



«Еңбек түбі – береке»
Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.


Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)

Жақсы бала еңбекшіл


Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.

Хор: Әңгелек.


1. Шуағында көктемнің,
Қауын дәнін еккенмін.
Өзім күтіп баптадым,
Жаздай тыным таппадым.
Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
2. Сап – сары боп сабағы
Иісі мұрын жарады.
Тіл үйіріп, бал татып,
Қойды бізді тамсантып.
Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
(Оқушылардан тақпақтарын сұрау)
Бекзат: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.
Әсем: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан – теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Қанат: Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
Айдана: Еңбек – өлім жан қанатын қиятын
Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?


Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.
Дархан (автор): Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Гулжайна (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ?
Ақбота (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан.
Гулжайна (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.
Гулжайна (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.
Гулжайна (қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Даладан келдім жан – жақтан
Жер – анам мені көсілген
Дихандар мені өсірген (толықтыру...)
Мұғалім: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
Алия: Еңбек – бәрін жеңбек.
Мади: Еңбек етсең емерсің.
Динара: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Рақымжан: Еңбек ер атандырады.
Куаныш: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Малика: Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Мәдина: Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Өркен: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Перизат: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Нұрдәулет: Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ақтілек: Ерінбеген етікші болады.
Қасиет: Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.

Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.

Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?

Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.

Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


«Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана – гүл»

Мақсаты: Ата - аналардың мектеппен байланысын арттыру. Оқушыларға ата - ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау


Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы, жүрекше.

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру


Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы ата - аналар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.
Шаттық шеңбер
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қуанамын мен де,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
- Балалар, біз нег шаттық шеңберін құрып бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны. Ендеше бір - бірімізге қарап, мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

2. Психологиялық сәт


- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат!
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық!
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат!
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық!

3. Топқа бөліну ( төрт түлік малды таңдай отырып, топқа бөлінеді.)


1 - топ: Ботақандар
2 - топ: Қошақандар
3 - топ: Құлыншақтар
- Балалар біздің топтың бұлайша аталу себебі неде деп ойлайсыңдар?

4. Психологиялық сәт: Жүректен - жүрекке « Маған ең қымбат жан»


(ата - аналарының еркелететін сөздерін атап шығады )
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді. Олой болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана - гүл» деп аталады.
- Ана дегеніміз кім?
- Әр адамның өз анасына деген махаббаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де - ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез - келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып.

Анам менің – көктегі күнменен тең,


Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,
Әлпештеген асыл анам болмаса,
Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.
Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,
Мен үшін қуанасың, нұрланасың.
Осы өмірге жеткізген өзің үшін,
Сен маған жыр анасың, нұр анасың, - дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен....

5. Өлең жолдарынан:

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әр үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,


Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз,
Егер біздің қасымызда болмасаңыз,
Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.

Сіздер – күнсіз, аспанда жарқыраған,


Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,
Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Өмірде ана бұлақ, ана пана


Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

6. Постермен жұмыс


1 - топ: «Емен ағашы»
2 - топ: «Ай мен жұлдыз»
3 - топ:«Табиғат»
(Бейнеленген суретке жетіспей тұрған бөліктерін жетістіріп, сурет бойынша әңгімелеп шығады. )

7. Сергіту сәті: « Менің жүрегіме рахмет!»


(Жүрекшені алып « Тілек ағашына» орналастырады.)
- Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет!
- Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет!
- Менің жүрегімнің жылылығына рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көретініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
- Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет!
- Менің жүрегімнің адалдығына рахмет!
- Менің жүрегімнің сезімталдығына рахмет!
- Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет!
- Менің жүрегімнің кішіпейілділігіне рахмет!
- Менің жүрегімнің тазалығына рахмет!
- Менің жүрегімнің ізеттілігіне рахмет!
- Менің жүрегімнің мөлдірлігіне рахмет!

- Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?


- Ана!
8. Ой - қозғау: «Менің анам қандай?»
Тақтадағы суреттердің мағынасын ашу: күн, кітап, жер – ана.
9. Ана туралы сыр: Суреттерді көре отырып, ат қою, Ойларын жинақтап, сұрақтарға жауап беру:
- Мен анамды қалай қуанта аламын?
- Анам мен үшін кім?
- Ананың ақ сүтін қалай өтей аламын?

Қорытынды:


Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.

ЕКІ жұлдыз, бір тілек


Кері байланыс:
1. Бұл сабақ не туралы болды?
2. Бұл сабақ ұнады ма?
3. Сабақтың қандай бөлігі ұнады?
4. Сабақтың қандай бөлігі ұнамады

«Ал, кәнекей қыздар сайысы» атты сынып ішіндегі қыздар сыны байқауы.



Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.

2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.

3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

Шарттары:

1). Таныстыру.

2). Білім деңгейіне көңіл бөлу.

3). Өз өнерлерін көрсету.

4). Үй тапсырмасын тексеру.

5). Қолынан іс келетіндігі, шеберлігі

ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. «құрметтесек ананы құрметтейік» дегендей, мереке қарсаңында біз де осы аяулы ата-аналарымыздың басын қосып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.



Мейрбек: Жаным анам, жүзіңнен нұр шашылған,

Қысылғанда табыласың қасымнан.

Талай-талай шаршатқаным еркелеп,

Көрініп тұр қырау шалған шашыңнан.



Дәулет: Қуанышпен күлім қағып қарайсың,

Сәбиіңді шаттығына санайсың,

Тілегіңді жүрегіңнен сыйлайсың,

Сен – мен үшін аппақ таңсың арайсың – дей отырып кезекті аналарға арналған «әдеби монтажға» береміз. (Оқушылар тақпақтарын айтады.)

ІІІ. Негізгі бөлім.

Мейрбек: Кешімізді ары қарай жалғастырамыз.

Ол болса еліміздің ертеңгі болашағын жалғастыратын, сүйкімді де әдемі аруларымызға яғни «Ал, кәнекей қыздар» сайысына кезек берейік.



Шарттары:

1). Таныстыру.

2). Білім деңгейіне көңіл бөлу.

3). Өз өнерлерін көрсету.

4). Үй тапсырмасын тексеру.

5). Қолынан іс келетіндігі, шеберлігі

Дәулет:Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Алдымен сәлем беру-салтым менің.

Шығады көркем ару, сұлуларың,

Қарсы алып құрметтейік туған халқым.


Мейрбек: Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ-даңқың,

Қарсы алайық құрметтеп аруларды,

Ұстанған қазағымның ата салтын.

1-ару Гүлшат

2-ару Гүлдана

3-ару Ақерке

4-ару Ырысгул

5-ару Назеке
Дәулет:Әділдікпен әр сайысты бастайтын,

Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:

1). Оқу ісінің меңгерушісі-

2). Бастауыш бірлестігінің жетекшісі-

3). Ата-аналар комитетінің төрағасы –
Мейрбек:Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.



Дәулет:Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне - деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.

(Қыздар сандықшадан сұрақтарды алып жауап береді.)

Мейрбек:Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолыңда - дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.



(Қыздар өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)

Дәулет:Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың үй тапсырмасын көрейік.

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.



Би: қара жорға

Мейрбек: Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-ана жолынан.

Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті «Шебер қолдар» сайысына берейік.



IV. Қорытынды.

Мейрбек:Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.


Дәулет: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.




«Армысың әз-наурыз!»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.

Наурыз-жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру.

Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу



Көрнекі-құралдары: плакатқа жазылған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ілесіп наурызбен көктем жетсін

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін

Еңсесі көтеріліп ер азамат

Ескі жылмен реніш өкпе кетсін-дегндей жаңа жыл құтты болсын Наурыз тек қана жақсылығын жақсы , жаңалығын әкелсін, Ақ мол болсын, халық тоқ болсын

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуларын шашайық

Әжелер шашу шашады. Екі оқушы төс қағыстырып амандасады

Ассалаумағалейкум Уағалайкумассалам

Ұлыс оң болсын Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын Пәле-жала жерге енсін

Бүгін бізгеде ұлыстың ұлы күнін бірге тойламақ боп алыстан қонақтар келді. Төрден орын беріп қарсы алайық

Шалқытып мерекеге ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әнімен, жырымен бізге жеткен

ТОЙБАСТАР-ауылын қарсы алайық

Наурызбен құттықтап

Алыс жақын қауышты

Бүгінгі наурыз тойында



БАЛАУСА- ауылы кеп қалды

Армысыздар халайық

Әркез аман болайық

Ұлыс тойын құттықтап

Келді НАУРЫЗ-ауылы

Шалқытып мерекеге ән салайық

Иесінен ән биді тамсанайық

Аңызбен өнерлерін ала келген

КӨКТЕМ-ауылын қарсы алайық

Әнімде саған биімде

Құт қонақ үйімде

Қуаныш силап еліме

Күлімде наурыз күлімде-деп келген қонақтардың құрметіне балалардың орындауындағы Наурыз-әнін қабылалыңыздар

Мұғалім Тақпақ айтам жыл басы

Құлағыңды сал тыңдашы

Бар бөбекке өзіңдей

Тыныш өмір сыйлашы-деп балалардың ұлыстың ұлы күні-наурыз тойына арнаған ақ-тілектерін тыңдайық

Армысың наурыз

Қуаныш боп кір төрлет

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый-құрмет

Ой халайық халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы

Ата бабам тойлаған

Наурызым армысың

Қызығыңа тоймаған

Дарқан дала қарлы шың

Ұлыстың ұлы күнінде

Төс түиісіп көрісер

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер

Төс түиісу дегені

Тату болсын ел іші

Бөліп ішіу көжені

Тоқшылықтың белгісі Ендігі кезекті қонақтарға берейік Алдымен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келіп тұр

Байғазы дегеніміз не

Ерулік дегеніміз не

Сүиінші қай уақытта сұралады

Базарлық дегеніміз не

Тоқым қағу дегенді қалай түсінесіз

Сабантой дегеніміз не

Тілашар дегенді қалай түсінесіз

Бастанғы дегеніміз не

Қозы жас деп неге атаған

Селтеткізер дегеніміз не

Сыбаға деп нені айтады

Патша жас қанша

Мұғалім Сақынада емес құс сияқты

Елестейді бір көрген түс сияқты

Әжемнің ұршығындай иірілгенде

Жер әлемді айналдырған күш сияқты-деп "Қамажай"-биімен ортаға қыздарымызды шақырамыз.

Мұғалім Кен даламызда көшпелі күн кешіп аттың жалынында түйенің қамынында жұрсе де халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие беруде салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қалыптастырған. Бүгін бізде жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді дәріптемекпіз. Олай болса Тойбастар ауылының арасында тұсауын кесетін баламыз бар екен қане ортаға шығарайық

Тербетіліп балауса бесігінде

Жазылып тұр қақ маңдай есігінде

Киелі отан "Тойбастар" ауылдары

Тұсау кесу рәсімін ырым еткен-деп әже наурыз мерекесімен құттықтап ұлыстың ұлы күні немересінің тұсауын кесуді ырым етеді

Тұсау кесу және бесікке салу рәсімін таныстырады.

Балалар наурыз тойын өлең жырмен әрі қарай жалғастырайық

Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді

Наурыз тойы салтымыз

"Көгрсін",-деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз

Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдеиі

Наурыз көже пісірді

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Мұғалім Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге тойлашы

Дастарханыма көп-көп

Береке ырыс сыйлашы-деп әр ауылдардан келген қонақтарымыз дайындап әкелген ұлттық тағамдардың қалай жасалатынын көрсетпекші.

Тойбастар ауылы

Көктем ауылы

Наурыз ауылы

Балауса ауылы

Мұғалім ендеше қонақтардың құрметіне мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырайық Би

Жер әлемді жайнатып

Әнші құстарды сайратып

Наурыз тойын тойлатып

Ұлыстың ұлы күнінде-ұлттық ойындарды қалай ұмытамыз балалар, ендеше ауыл-ауыл болып ұлттық ойындардан жарысып ойнайық.

Арқан тарту ойыны, қол күрес ойыны,

Жарайсыздар бұлжерде достық жеңді деп есептейік. Наурыз мейрамында -бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, төрт-түлік ақты болсын, ұлыс береке берсін.

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың

Ұлыстың ұлы күнін паш етеиік

Белгісін достықпенен мәңгіліктің-деп құрметті Тойбастар, Көктем, Балауса, Наурыз ауылдары алыстан ат терлетіп бізбен бірге ұлыстың ұлы күнін тойлаған дарыңыз үшін алғыс білдіреміз.


Ұлы күні ұлыстың

Күні мен түнді теңеген

Тәтті дәммен ырыстың

Таттық наурыз көжеден-деп бүгінгі наурыз наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды сау болыңыздар.

«Бағдаршам белгілері».

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды бағдаршам белгілерімен таныстыру. Оларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту.

Көрнекіліктер: Оқушылар өз қолдарымен салған жолда жүру ережесіне байланысты суреттері, «Бағдаршам суреті».

Жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Негізгі бөлім

1.Көшеде жүру тәртібі.

2. Үш көзді бағдаршам.3.Тақпақтар.

4.Жұмбақтар.

5.Көрініс : Тоқта!Сақтан! Жол ашық!.Көрініс: “Үлкенге көмек көрсете біл”III.Қорытынды бөлім.

1. Сұрақтар ( бағдаршамға байланысты)

Тәрбие сағатының барысы:

1-оқушы:


Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа жетпеуі мүмкін.

2-оқушы:


Көшенің шетінен өту үшін, арнайы өткелден өту керек.

3-оқушы:


Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр.

4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.

Мұғалім: Жиекжол деген не?

Оқушылар (хормен): Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тротуар жол.

Мұғалім: Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

Оқушылар: Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

Жиекжол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Деп оны сен тар ғой,

Шықпа жолға таяу.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін не басқарады?Оқушылар: Бағдаршам.

Бағдаршам аты,Көп көзі бар батыр.

Тоқ болған заты,

Өзінде көп ақыл.

- Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейді. Онда үш түрлі жарық сигналы қолданылады.

Қызыл түс- қозғалысқа тыйым салады, өйткені ол қауіп ұғымын білдіреді.

Бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді.

Жасыл түс- қозғалысқа рұқсат береді. Сондай-ақ бұл түс қызыл түстен айқын ажыратылады.

Сары түс- негізі қызыл және жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Бұл да жақсы көрінетін түс.

Көрген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әмәндә,Ашса кезек үш көзін- Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

( Үш оқушы шығады, үш көзді бағдаршам)

Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!Сары көзі жанса, Мейлі көлік жоқта. Қатып қалған жанша , Қыбыр етпе тоқта !

Жанса көзі жасыл, Жолың айдай, ашық. Жүре берген батыл, Керегі жоқ сасып.( тақпақтар)1.Сөйлегенді білмейді, Бірақ тоқта, жүр дейді. Менің үш көзім бар: Бір көзім « кідір» –дейді, Бір көзім « абайла» –дейді, «Қарап ал маңайға» –дейді.

2.Әйгілеп үш сөзді, Бір дәу тұр үш көзді, Оған жас-кәріміз, Бағынамыз бәріміз.

3.Есіңде ылғи сақта, Бағдаршам жоқта, Асықпағын текке. Ондай жерде тоқта, Жолды қиып өтпе.4.Жаяу үшін белгі, Қойылады арнайы. Тауып сондай жерді, Өткін еппен аңдай.5. Көлік жүер жолда, Ойнау тіптен шатақ. Әйтеуір бір онда, Кезігеді апат.(Жұмбақтар)1.Бұл тұлпар су ішпейді,жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымыңа сүйреп,жол жөнейді. (трамвай)2.Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім. (жол)3.Қозғалмасаң –құлайды, Сүйемесең –сұлайды. Құйымшақта ері бар, Бұл не деген жануар? (велосипед)4. Бұйырмапты бас та, ауыз да ,құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)Көрініс: ( Тоқта! Сақтан! Жол ашық! )Жолда ағыл-тегіл жүріп жатқан көліктер,екі оқушы мектепке қатты асығып бара жатыр.Бұл екі оқушы жолға тоқтап, бағдаршам жарықтарын көрді, жолдан өтейін десе жол ережесін білмейді.- Ал біз балалар бұл екі оқушыға жолдан өтуге көмек бере аламыз ба?-Иә. Ендеше:

- Қызыл жанса –тоқта

Сары жанса- дайындал

-Жасыл жанса –жүре бер.Балалар, екі оқушы жолдан өтіп, мектептеріне жетті.Екі оқушы: Балалар рахмет, біз аман-есен мектепке жеттік.- Балалар, рахмет сендерге.

1 — оқушы: Тоқта!2 — оқушы: Сақтан!3 — оқушы: Жол ашық!4 — оқушы: Жүрме жолға таласып.5 — оқушы. Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға.6 – оқушы: Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.

7 – оқушы: Жасыл көзін ашқанда,

Өте беріңдер жасқанба.

(Бағдаршам сигналдарын ұстап көрсету)

Көрініс: «Үлкенге көмек көрсете біл!»

Екі оқушы жиекжолмен жүріп келеді.Бұрыстың түймелері салынбаған. Қалай болса солай киінген. Ал дұрыс таза, тап-тұйнақтай жиекжолдың оң жағымен келе жатыр. Бұрыс тротуардың сол жағымен келе жатыр.Жолда қария әжейді қағып кетеді, кешірім сұрауды да ұмытады.
Мұғалім: Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?

Бұрыстың үсті- басы кір, киімі алқам –салқам, өзіне мән бермейді екен. Қарияны қағып кетіп, кешірім сұраған жоқ.

III. Қорытынды бөлім:

1.Бағдаршам жоқ көшелермен қалай өтеміз?

2.Бағдаршам деген не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?3. Бағдаршамның неше түрі болады?. Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып бере аласың ба?5.Сен жолдан өткенде қандай оқиғалар болды?6.Қазаргі кезде болып жатқан жағдайлар (жолдағы) не себепті деп ойлайсыңдар?7. Сен қандай жолдан өтесің?Бекіту. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сұрақтарға жауап беру, шапшаң ойлау, сурет салуға үйрету. Оқушылардың ақыл ой, тілін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыны білімділікке, танымдылыққа ,отан сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі суреттер, сызбалар, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

«Бір-бірімізге жылы лебіз тілейміз»

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысы.

Сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстыру.

I бөлім «Таныстыру»

II бөлім «Ойлан тап!»

III бөлім «Сандықшада не бар?»

IV бөлім «Кім жылдам»

V бөлім « Бәйге»

VI бөлім «Сөз әлемі»
VII бөлім «Қорытындылау»

I бөлім «Таныстыру»

Топтар өздерін таныстырып өтеді.



1-топ: «Тапқырлар»

Осындай алғыр достар кездескенде,

Жетсін тек жарыстарға жеңістерге.

Қарылас болғанменен құрбысындар,

Тілейміз біз сіздерге ізгі тілек!

Біздің ұранымыз:

Жарыс десе жанымыз, жеңісті біз тапқырлықпен аламыз!

2-топ: «Алғырлар»

Шақырып жарыстарға сан саланы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады.

Ту етіп достық пенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады.

Бізің ұранымыз:

Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әр қашанда үміткерміз жеңіске!

II бөлім: «Ойлан тап!»

Әр талдың жапырақтарының астында екі ағаш аттары жасырылған (көмекші сөздер ирек түрінде жазылған)

III бөлім «Сандықшада не бар?»

Сандықшаның ішінде жасырылған сұрақтарды әр топ мүшелері келіп сұрақтарға жауап береді.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Қандай сөз таптарын білесің?

3. Абай өлеңдерін ата?

4. Әлия Молдагулова деген кім?

5. Ақын жазушыларды ата?

6. Зат есімнің сұрақтарын ата?



IV бөлім кім жылдам?»

Топтастыру. Ыбырай, Абай ақындарын.



V бөлім «Бәйге»
Математика

20 Ағасы інісінен 5 жас үлкен, қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады? (2 жыл)

30 Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты.Қалаға қанша адам барды? (1 адам)

40 Асанның 4 ұлы бар, 4 ұлының адам басына 1 апасы, 1 қарындасы бар. Асанның барлық баласы нешеу? (6 баласы)



Қазақ тілі

20 Жұрнақ дегеніміз не? (Сөздің соңына жалғанған қосымшаны, мағынасын өзгертетін қосымшаны айтамыз)

30 Жалғау дегеніміз не? (Сөздің соңынан жалғанған қосымшаны, бірақ мағынасын өзгертпейтін қосымшаны айтамыз)

40 Қосымша нешеге бөлінеді? (Екіге жұрнақ және жалғау)



Дүниетану

20 Құстардың түрлерін ата? ( Дала, уй)

30 Табиғатқа нелер жатады? ( өсімдіктер, жануарлар, көлдер, өзендер, таулар)

40 Жануарлардың түрлерін ата? (сүтқоректілер, балықтар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, құстар)



VI бөлім «Сөз әлемі»

Оқушылар берілген суреттергі әдепті бала және әдепсіз баланы әңгімелеп жазуға тиісті.



VII бөлім «Қорытындылау»

«Кітап - білім бұлағы»

Кластың кең де жарық бөлмесі ұлы адамдардың кітаптың рухани қазына,білім бастауы екендігі туралы айтқан дана сөздерімен, мақал-мәтелдерімен безендірілген «Оқы, оқы және оқы» (Ы.Алтынсарин), «Кітапты сүйіңдер,ол өміріңді нұрландырады» (А.М.Горький), «Кітап-заманымыздың өмірі ол кәріге де, жасқа да қажет» (В.Г.Белинский)сияқты нақыл сөздер мен «Кітап-білім бұлағы» «Кітап -көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан»,т.б. сияқты мақал -мәтелдер жазылған плакаттар ілінген. Тақта төрінде ақын-жазушылармен қатар, қазіргі көрнекті балалар әдебиетінің өкілдерінің портреттері де бар. Бүгінгі кешке орай ұйымдастырылған көрмеде балаларға арналған көркем шығармалар, ұқыпты, таза ұсталған класс оқушыларының оқулықтары көз тартады. Терезе алдына, бөлме ішінде өсірілген неше түрлі гүлдер класс ішін жайната түскендей.

Мұғалім:-Кітап қайда басылып шығады?

-Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?

-Кітапты кімдер баптап, түптейді?-деген сұрақтарға балалар жауап берген соң. Бастаушы:

-Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі сіңеді екен. Біз оны қалай ұстауымыз керек?-деді.

1-оқушы:-кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.

-Кітаптың қажеттілігі, оны күтіп ұстаудың дұрыстығы туралы біз көптеген өлеңдер оқыдық.Кім сол өлеңдердің бірін жатқа айтып береді?


2-оқушы.

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан.

Кітап маған ұнайды,

Кітап-білім бұлағы.

3-оқушы:

Кетпейді ешбір жадымнан,

Мектепке бардық күз айы.

Тастамай сені жанымнан,

Қолтықтап жүрдім ұдайы.
4-оқушы:

Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын,

Құшақтап жүрмін әлі мен
Бұдан соң мұғалім балаларға жұмбақ жасырады.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесін.

Бұл не? (Кітап)

Содан кейін бастаушының айтуы бойынша 3 қатардан 3 тазалықшы шығып, оқушылардың кітаптарын тексеріп, оның күтімі жөнінде мәлімет берді. Олар кітаптары жыртылған сызылған бірен-саран оқушыларды атады.

Кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын көптеген оұушылардың аты аталып, мадақталды. Бір қыз бала кітапты ұқыпты ұстаудың сыры туралы әңгімелесе, екіншісі салақ оқушы туралы «Жыртық кітап жылады» деген өлеңді мәнерлеп оқып берді.



5-оқушы:-«Граматика»,-«Өнер алды-қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің де, білімнің де алды, адамдар қарым-қатынасының басты құралы болып табылатын тілде талай-талай қызық бар. Пайымдай қарасақ, ана тіліміздің сөздік қоры бай, оралымды тіл екенін көреміз.

6-оқушы: -«Ана тілі»

-Мені қалың елім- қазақ баласы сүйеді, құрметтейді. Мен олардың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қасиетті мұрасымын. Мен де ондай ұрпағымның асыл арманы, қуанышы мен қызығы үшін қызмет етемін.



Мұғалім: Енді ұлы адамдардың кітап туралы айтқандарын еске түсірелік.

7-оқушы:

«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек!»-дейді белгілі ғалым, сыншы Д.Писарев.



8-оқушы: «Ана тілі- халықтың ұлы ақылгөйі»,- деді орыс халқының педагогы К.Д. Ушинский.

9-оқушы:

«Кітапсыз өткізілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн, көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуде үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас кезінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек»,-дейді А.И.Маркушевич.



10-оқушы:

Ұлы Маркске қызы Лаура: «Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз не?»- дегенде,ол: «Кітап ақтару»,-деп жауап берген екен.



Мұғалім:Біз бұдан ұлы адамдардың кітапты аса жоғары бағалағанын білеміз.Бұдан соң бастауыш класс оқушыларына: Қандай жазушыларды білесіңдер?Қандай балалар жазушысын ерекше ұнатасыңдар? Октябр революциясынан бұрын қазақ даласына мектеп салған, қазақ балаларына арнап тұңғыш «Әліппе» жазған кім?Оның балаларға арналған өлеңін кім оқиды? деген сұрақтар қойдым. Бір оқушы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жатқа оқып берді.Онан әрі балалар хормен Б.Байқадамовтың «Біз-Отанның бөбегі» әнін орындады. Әннің соңынан тағы да оқушылар кітап жайлы тақпақ, жұмбақтар айтты.

11-оқушы:

Оқу-білім қазығы,

Білім өмір азығы.

12-оқушы: Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейіл, асыл дос, қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады

Мұғалім:

Бір қойым бар,қаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Адаммен сөйлесер,

Ақылы бар,жаны жоқ

Тілі барда,үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар,қаны жоқ,

Сөйлей туған ішінен

(кітап)


13-оқушы:

Бірінші әріп-көзде бар, мұрнында жоқ.

Екінші әріп-тісте бар, бұрымда жоқ

Үшіншісі әріп-бетте бар, білекте жоқ,

Төртінші әріп-құлақта бар, жүректе жоқ

Бесінші әріп П әрпі –ақырғысы,

Жұмбақ шешкен-баланың ақылдысы.

(кітап)


Барлық балалар қосылып хормен И.Нүсіпбаевтің «Отан» (өлеңін жазған Н.Әлімқұлов)әнін орындады.

Ашық тәрбие сағатының 2—бөлімі класс оқушыларының көңілді биіне,шырқата салған әніне ұласты.


Қолданылған әдібиеттер:



  1. «Бастауыш мектеп» №5 - 6, 2007жыл, Алматы

  2. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» 1992жыл, Алматы

  3. «Бастауыш класс оқушыларының ой өрісін дамытудың кейбір тиімді
    әдістері» 1994жыл, Ақтөбе қаласы

  4. «Тәрбие құралы» №1, 2006, жыл, Алматы.

  5. Жұмабаев  М. Педагогика –Алматы, 1992 ж.

  6. Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік  тәрбиесінің  негіздері» - Алматы 1998.

  7. Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерек шеліктері «Бастауыш мектеп» – 2000.

  8. Педагогикалық ізденіс – Алматы: Рауан 1990 Б. Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»

  9. Қазақстан мектебі  №4,8 - 2011ж


Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.

Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру...................................................................


«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!» тәрбие сағаты.........................................................................................................

«Еңбек түбі – береке»..................................................................................


Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана гүл...................................................................
Ал, кәнекей қыздар сайысы............................................................................
Армысың әз-наурыз!.................................................................................
Бағдаршам белгілері..................................................................................
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар..........................................................................................................
«Кітап - білім бұлағы»................................................................................
Қолданылған әдебиет тізімі....................................................................


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет