Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы



жүктеу 77.82 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі77.82 Kb.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2.Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізуге әзірленген тест.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының Қазақстан тарихынан білім деңгейлерін анықтау.

4.Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:




Тақырып



Тақырыпша

01

Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы


01

XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

02

Жоңғарлардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы

03

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі

04

XVІІІ ғ дейінгі қазақ-орыс қатынастары

05

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

06

Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында

07

Абылай кезіндегі Қазақ хандығы

08

Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

09

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

10

XVIII ғ. Қазақстан мәдениеті

02

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

01

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы

02


Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты

03

Ақмола тарихы

04

Бөкей Ордасының құрылуы. 1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы көтеріліс

05

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

03

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.


01

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

02

Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы

03

Қазақтардың ХІХ ғасырдағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы азаттық күресі

04

Қазақстанның ХІХ ғ І жартысындағы мәдениеті

01

Материалдық мәдениет

02

Рухани мәдениет

05

ХІХ ғ ІІ жартысындағы Қазақстан

01

XIX ғасырлардың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар

02

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

03

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ- қытай қатынастары, Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың қоныс аударуы

06

Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мəдениеті

01

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеу

02

Ағарту ісінің жағдайы. Қазақ ағартушылары

03

Бейнелеу өнері жəне музыка

07

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

01

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның əлеуметтік-демографиялық дамуы

02

ХХ ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

03

Қазақстан 1905-1907 жж. орыс революциясы кезінде

04

ХХ ғ. басындағы Қазақстан мəдениеті

08

ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстан

01

ХХ ғ. басындағы қоғамдық – саяси жағдай.

02

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы мен сипаты

03

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың барысы мен қорытындысы

09

Қазақстан 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде

01

Қазақстан Ақпан төңкерісі кезінде

02

Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде

03


«Алаш» партиясының қызметі

10

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезінде

01

Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы

11

Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Қазақстан 20-жылдардың бірінші жартысында

01

Қазақстан әскери интервенция және азамат соғысы жылдарында

02

Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің құрылуы

03

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан

12

Қазақстан 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдарда

01

Қазақстан индустрияландыру жылдарында

02

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

03

1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай. Қазақ КСР-ң құрылуы


5. Тест жоспары

1- ші жартыжылдық:


Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы

-3 тапсырма




ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

-3 тапсырма




Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

-3 тапсырма




Қазақстанның ХІХ ғ І жартысындағы мәдениеті

-2 тапсырма




ХІХ ғ ІІ жартысындағы Қазақстан

-3 тапсырма




Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мəдениеті

-3 тапсырма




ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

-3 тапсырма

2- ші жартыжылдық:


Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы

-2 тапсырма




ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

-2 тапсырма




Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

-2 тапсырма




Қазақстанның ХІХ ғ І жартысындағы мәдениеті

-1 тапсырма




ХІХ ғ ІІ жартысындағы Қазақстан

-1 тапсырма




Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мəдениеті

-1 тапсырма




ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

-1 тапсырма




ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстан

-2 тапсырма




Қазақстан 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде

-2 тапсырма




Қазақстан тоталитарлық жүйе кезінде

-2 тапсырма




Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Қазақстан 20-жылдардың бірінші жартысында

-2 тапсырма




Қазақстан 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдары

-2 тапсырма

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:

Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шеңбері; қазақ-жоңғар қарым-қатынасы, Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің негізгі себебі мен зардаптары; XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы; Қазақстанның Ресейге қосылуынің кезеңдердері; XVIII-XIX ғғ отарлау саясатына қарсы азаттық күресінің негізгі себептері мен зардаптары; ұйғыр мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының негізгі аспектілері; XVIII-XXғасырлар басындағы Қазақстанның мәдениеті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан; 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы;Кеңестік Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының негізгі кезеңдері(әскери коммунизм саясаты, ЖЭС, Қаз АССР жән Қаз КСР-інің құрылуы, индустриаландыру, ұжымдастыру, Сталин репрессиялары).



7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 40 минут.



8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Нұсқалардың санын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

9. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушыға 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации
iblock -> Образование в арабских странах. Из глубины веков до наших дней




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет