Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы



жүктеу 132.68 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі132.68 Kb.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2.Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізуге әзірленген тест.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының Қазақстан тарихынан білім деңгейлерін анықтау.

4.Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:




Тақырып



Тақырыпша

01

Тас және қола дәуірі

01

Палеолит. Мезолит

02

Неолит. Энеолит

03

Қола дәуірі

02

Темір дәуіріндегі Қазақстан


01

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы

02



Сақтар: саяси тарихы, шаруашылығы мәдениеті

03

Үйсіндер: саяси тарихы, шаруашылығы мәдениеті

04

Қаңлылар: саяси тарихы, шаруашылығы мәдениеті

05

Ғұндар: саяси тарихы, шаруашылығы мәдение

06

Сарматтар: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті

07

Қазақстан аумағындағы археологиялық ескерткіштер

08

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті


03

Ерте және дамыған ортағасырлардағы Қазақстан (VI-XIII ғғ)

01

Түрік және Батыс түрік қағанаты

02

Түркеш және Қарлұқ қағанаты

03

Оғыздар мен қимақтар

04

Қарахандар мен қарақытайлар

05

Наймандар мен керейлер

06

Қыпшақтар

04

Ұлы жібек жолы

01

Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

05

Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ) рухани және материалдық мәдениет

01

VI-XIII ғғ. Қалалық мәдениет, сәулет өнері, қолөнер, сауда

02

Рухани мәдениет: дін, білім, ғылым (VI-XIII ғғ)

06

XIII-XV ғ. I жартысындағы Қазақстан

01

Моңғол дәуірі, Алтын Орда

02

Қазақстан территориясындағы XIII-XV ғ. Мемлекеттер. Ақ орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы, Сібір хандығы

07

Қазақ халқының қалыптасуы

01

Этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

02

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы

08

XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті

01

XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті

09

Қазақ мемлекетінің құрылуы

01

Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары, қазақ хандығының құрылуы, XV ғ. Қазақ хандығы

02

XV ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясаты

10

XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының нығаюы

01

Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің өрлеуі және жер аумағының кеңейуі

02

Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының күшейуі

03

Тәуекел және Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

04

XVI-XVII ғғ. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы

11

XVII ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

01

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

02

XVI-XVII ғғ. Қазақстанның мәдениеті

12


Қазақстанның XVIIІ ғ. әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы

01

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

02

Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы

03

Абылай хан тұсындағы Қазақстанның ішкі-сыртқы жағдайы

04

XVIII ғ. Қазақстанның мәдениеті

05

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

06

С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтеріліске қатысуы

13

Х І Х ғ. І жартысындағы Қазақстан

01

Бөкей хандығының құрылуы (1801-1845 жж.)

02

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы

03

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі

04

1837-1847 жж. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс

05

XIX ғ. І жартысындағы Қазақстан мәдениеті

14

Х І Х ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

01

ХІХ ғ. 50-жж қазақ шаруаларының Сыр бойындағы көтерілістері

02

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

03

1860-1890-жж. Қазақстандағы реформалар

04

Қазақ халқының XIX ғ. 60-70 жж. ұлт-азаттық көтерілістері

05

Қытаймен қарым-қатынас.

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы



06

ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

07

ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстан мәдениеті

15

XXғ. басындағы Қазақстан

01

Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуы

02

Қазақстанның саяси дамуы

03

ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті

16

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

01

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

17

Қазақстан 1917-1920 жж. саяси оқиғалар кезеңінде

01

Қазақстан Ақпан, Қазан төнкерісі жылдарында

02

Саяси партиялар, қозғалыстар және автономиялар

03

Азамат соғысы және оның қорытындылары

18

ХХ ғ. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан

01

Қазақстан ЖЭС кезінде

02

Қазақстан индустрияландыру кезеңінде

03

Қазақстанды күштеп ұжымдастыру, отырықшылдыққа көшіру

04

Қазақстанның 20-30 жж. саяси өмірі

05

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның мәдени құрылысы

19

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

01

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

20

Қазақстан 1940 ж. II жартысында – 60 жж. ортасында

01

Қоғамдық-саяси жағдай

02

Әлеуметтік-экономикалық даму

03

Мәдениет 1940 ж. II жартысында – 60 жж. ортасында

21

Қазақстан XX ғ.19 60 ортасы-1980 жылдары

01

Әлеуметтік-саяси даму

02

Республиканың экономикалық дамуы

03

Мәдениет дамуы

04

Қазақстан қайта құру жылдарында және 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы

22

Тәуелсіз Қазақстан

01

Тәуелсіздік жариялануы және егеменді Қазақстанның қалыптасуы

02

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы

03

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

04

Елдің рухани-мәдени дамуы

05

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты







06

Құжаттардағы тарих


5. Тест жоспары:

1 жартыжылдық:

Тас және қола дәуірі, Темір дәуіріндегі Қазақстан

- 1тапсырма




Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ) Қазақстан, Ұлы жібек жолы

- 1тапсырма




Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ) рухани және материалдық мәдениет

- 1тапсырма




XIII-XV ғ. I жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақ халқының қалыптасуы

- 1тапсырма




XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті

- 1тапсырма




Қазақ мемлекетінің құрылуы

- 1тапсырма




XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының нығаюы

- 1тапсырма




XVII ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақстанның XVIIІ ғ. әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы

- 1тапсырма




Х І Х ғ. І жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Х І Х ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




XXғ. басындағы Қазақстан

- 1тапсырма




1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

- 1тапсырма




Қазақстан 1917-1920 жж. саяси оқиғалар кезеңінде

- 1тапсырма




ХХ ғ. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

- 1тапсырма




Қазақстан 1940 ж. II жартысында – 60 жж. ортасында

- 1тапсырма




Қазақстан XX ғ.19 60 ортасы-1980 жылдары

- 1тапсырма




Тәуелсіз Қазақстан

- 1тапсырма

2 жартыжылдық:


Тас және қола дәуірі, Темір дәуіріндегі Қазақстан

- 1тапсырма




Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ) Қазақстан, Ұлы жібек жолы

- 1тапсырма




Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ) рухани және материалдық мәдениет

- 1тапсырма




XIII-XV ғ. I жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақ халқының қалыптасуы

- 1тапсырма




XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті

- 1тапсырма




Қазақ мемлекетінің құрылуы

- 1тапсырма




XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының нығаюы

- 1тапсырма




XVII ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақстанның XVIIІ ғ. әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы

- 1тапсырма




Х І Х ғ. І жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




Х І Х ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан

- 1тапсырма




XXғ. басындағы Қазақстан

- 1тапсырма




1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

- 1тапсырма




Қазақстан 1917-1920 жж. саяси оқиғалар кезеңінде

- 1тапсырма




ХХ ғ. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан

- 1тапсырма




Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

- 1тапсырма




Қазақстан 1940 ж. II жартысында – 60 жж. ортасында

- 1тапсырма




Қазақстан XX ғ.19 60 ортасы-1980 жылдары

- 1тапсырма




Тәуелсіз Қазақстан

- 1тапсырма

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша түлектер Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:

Тарих пəнін, археологиялық жəне жазба деректерді; ауа-райының адамдардың өміріне жəне шаруашылық қызметіне əсерін; уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды; алғашқы адамдардың тұрақтарын; ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды; тарихи Отан ұғымын; Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді; Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы жəне дамуын; ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның əлеуметтік – экономикалық дамуын; Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін; моңғол жəне жоңғар шапқыншылығына қарсы тəуелсіздік үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы негізгі фактілер мен оқиғаларды; қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы; қазақ халқының салт-дəстүрi, əдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін; Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызы; ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді; жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін; ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын; қоғамның əлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын; Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдары; Қазақ халқының тəуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күрестерi мен қозғалыстарының тарихын, XVIII-XІX ғасырлардағы басты-басты ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың себептерiн, негiзгi оқиғаларын, нəтижелерi мен салдарын; ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мəдениеті; отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды; Отан тарихының кезеңдерін; Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның əлемдік қауымдастықтағы рөлін; Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мəселелерiнiң зерттелу жайы, ондағы түрлi көзқарастар туралы; тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты; қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын; Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі жəне Азамат соғысы туралы; ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың, олардың бағдарламаларының мəнiн; «əскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мəнін; қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-ның құрылуын; Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы жəне оның қазақ халқына тигізген зардаптарын; 1920-1930-жылдардағы мəдениет саласындағы негiзгi өзгерiстер; тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы жəне ұлт зиялыларына қарсы жаппай қуғын – сүргін туралы; Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін; соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, əлеуметтік-саяси дамуын; тың жəне тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын; Қазақстан Тəуелсіздігінің жариялануы туралы; Егеменді Қазақстанның дамуы .

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 40 минут.



8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Нұсқалардың санын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

9. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации
iblock -> Образование в арабских странах. Из глубины веков до наших дней




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет