«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» «Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»



жүктеу 19.53 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі19.53 Kb.
«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ»

«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ». Барлығымыздың «Баланың бойындағы үйрену құмарлығының оятқан адам- ең жақсы мұғалім» деген қағиданы ұстанып, білім беру жолындағы бар шеберлігімізбен әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланып отыруымыз керек. Қазіргі білім саласында елеулі өзгерістер болып отып, сол көштен қалмау үшін өз білімімізді жетілдіріп, жаңашыл мұғалім болуға тырысу. Жаңашыл мұғалім үшін сабақты жоспарлау, озық технологияларды тиімді қолдану, оқушыларға оқу материалын терең меңгерту, оларды бағалау стратегиялары басты міндет болып отыр. Сонымен қатар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оңың шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға міндетті. Оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруге қалыптастырып, ізденімпаздығын оятып, білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын ояту, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары. Жалпы білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты- құзіретті тұлғаны қалыптастыру.



Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру» - деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден - бір себебі осы сындарлы теория деуге болады. Жүйе негізінде тиімді қарым қатынастарға, бірлесе жұмыс жасауға, диалог құруға негізделген. Оқушы таңдаушы тұлғасынан, белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек. Мұғалім осы әрекетті жол бағыттаушы, бағыт-бағдар беруші. Оқушының білімді, сабақтарды жеңіл, қызықты игеруі, ұжымда топта бірлесе жұмыс жасауы, заман талабына сай қалыптан тыс ойлап, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашыл болуы мұғалімнің жаңашылдығына, шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалімдер рөлдері түбегейлі өзгеріп жатыр, оның мақсаты оқушы білімді өзі алуы керек. Бұл жерде оқушының іс әрекеті: зерттеуші, ізденуші, дәлелдеуші. Өзін өзі жетілдіреді, топпен жұмыс жасайды. Үзілді –кесілді жауап берудің орнына сұрақ қоюды үйренеді, дәлелдеуді талап етеді. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өздерін-өздері бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға үйренеді.

Қорыта айтқанда еліміздің ірге тасының мықты болып нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше, жас ұрпақ бойына білім дәнін сеуіп, баптап өсіруде қажыр –қайратымыз сарқылмасын. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілей отырып, өз шәкірттеріңізді бейіктен көре беріңіздер дегім келеді.
: materialy -> makala
makala -> Маликова Шолпан Саттарқызы Мағжан Жұмабаевтың
makala -> Жангабулова анар асилхановна
makala -> 2 Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушы қабілетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру
makala -> ЖАҢа ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту үрдісінде қолдану
makala -> Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектеп Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
makala -> Дидактикалық ойындар және оларды сабақта пайдалану. Аширбаева Ақтолқын Бақытжанқызы Жетісай ауданы, №2 Ш. Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
makala -> Аззамкулов Комилжан Эргашович
makala -> Сарыағаш ауданы, №26 Т.Өзтеміров атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
makala -> «Алаш» партиясы тарих пәні мұғалімі: Медетова Аймкуль Кенжебековна
makala -> Шет тілінде білім беруді дамытудың инновациялық бағыттары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет