«Тез ойлан,бұрын тап!» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс



жүктеу 173.75 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі173.75 Kb.

«Тез ойлан,бұрын тап!» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.


 Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  7«А», 7«Ә»  және  7«Б» сынып оқушылары қатынасыды.

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 

дамыту.


2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

 Ойын ережесі: 
Ойынға 10 оқушыдан 3 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап беру.Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1-3 минут уақыт беріледі.

Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.


Ойын алаңы: үлкен-кең сынып бөлмесі немесе зал

С Ц Е Н А Р И І
Ойын барысы:

І-жургізуші

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!  Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

2-жургізуші

- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

І-жургізуші



Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан математикалық сәлем!




І-жургізуші




2-жургізуші

1

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын

2

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.


3

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде



4

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.


5

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)


6

Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер

«Квадрат» тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық!
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсатын.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты – деп
7 «А» сынып оқушыларынан құралған «Квадрат» атты тобын ортаға шақырамыз!

7

Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін билеп барынша,
Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға 7 «Б» сыныбы «Үшбұрыш» тобын шақырамыз!

8

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,

ортаға 7 «Ә» сыныбы «Дөңгелек» тобын шақырамыз!



9

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)




10

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды

11

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

 Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсығ бөгеттен

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың



12

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Және олардың ата-анасының

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.

 Әзіл есепке де отырамыз.



 1-сұрақ. Оза шап.»Біліміңді көрсет» Әр сұраққа 1ұпайдан барлығы: 15).

(3 командаға бірдей қағазда беріледі немесе экранда)

1. Екі қатынастың теңдігі? (.................................................)

2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (..........................)

3. Нөлден кіші сандар? (…………………………………..)

4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (…………………………)

5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( ……………………. )

6. Бұрышты өлшейтін құрал? (…………………………….)

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?  ( …………………………..)

8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (……………………………………………………………………………………………)

9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?  (…………………….)

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( ……………… )

11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?  ( ……………………… см)

12. Жарты теңгенің жартысы неге тең?  (………………….. тенге)

13.   -18 қосу  11 ?   (…………… )

14. 5 санына кері сан?  (…………………… )

15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( …………түрі. ……………………………………………………………………………………..).


2- сұрақ.Алға ұмтыл. «Сөзді табу» (3ұпай)

(3 командаға бірдей қағазда беріледі немесе экранда)

Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріп сәйкес келеді.Бірдей цифрларға бірдей  әріптер сәйкес келеді.   1747  санына сәйкес     келетін сөзді  табыңдар.  

1).  5737              АУЗУ 2).  7147              УСЛУ

3).  6237              БЕЗУ 4)   1747            .............
3-сұрақ. Алға бас. «Логикалық сұрақтар». (Әр сұраққа 1ұпайдан барлығы: 10).

( сұрақтар ортаға тасталады. Бұрын қол көтерген жауап береді)


1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады? (…………………………..).

2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш 

      қалады? (…………………………………….)

3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (…………………..)

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (……………………………..)

5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.  (…………………………….)

6. Бес тоғыздықпен 10 санын қалай алуға болады?   ( ……………………………….)

7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (…………………..)

8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар         (   ……………………………………… = 2 )

9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер: Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (……………………………………………………………………………………..)

10.  Сан тізбегін жалғастыр :    9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (………………….)

                                               3, 7, 11, 15, 19..........( …………………………. ).
4-сұрақ. Бұрын жауап бер. «Мақал-мәтелдер» (3-командаға бірдей қағазда беріледі)

 Құрамында сандары бар мақал-мәтелдердегі сандарды табыңдар .



 1а. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (………………..)



2а. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (...................................)




3а. Түйе, бота маң басқан, 

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (...................................)



1б. ....жақсы қас болмас,

.... жаман дос болмас.

2б. Досыңды ... күн сынама, ... жыл сына.



3б. ... рет айтқаннан,

... рет көрсеткен артық.

1в. Жұмысқа ... жылда үйренеді, жалқаулыққа ... күнде үйренеді.

2в. ... жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

3в. Болар бала .....-інде баспын дейді, болмас бала ...- інде жаспын дейді.

1г. Жерді .... рет жыртқан, өнімді ... есе өнім алады.

2г. ... күн тұзын татқанға,

....... күн сәлем

3г. Оқымаған ... бала, оқыған ...... бала.

5-сұрақ. «Ойлау керек» Ортаға тасталатын сұрақ

1. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (………..) 

2. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(......................... жас)
3. Үлкен ағасында 12 кәмпит,ал інісінде 2 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісіне неше кәмпит бергенде , әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(.................................) 

6-сұрақ. «Математика тарихынан» Ортаға тасталатын сұрақ

1. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(...........................................) 


2. Математика –ғылымдардың патшасы деген сөзді кім айтқан? (..................)


3. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (................................)


7-сұрақ. «Сандар туралы» (3-командаға бірдей қағазда беріледі)

1а.Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( ........................ ,мысалы:5 пен7)

1б.Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады?(...............)
1в. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді

Онымен банк несие береді

Санның жүзден бірі.    ( ………………………)                                 

2а. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?(.......................)


2б. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (.....................)
2в.       Бір амал бар

                 Оның кестесі де бар

                Ал байлыққа байлық  қосылса  (..................... )

3а. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(............................)


3б. Қандай сандар жай сандар деп аталады? (........................................)
3в.      Бөлмеде ол төртеу

                 Бұзықтарды сонда қояды

                 Транспортирмен өлшенеді.    (………………….)

8-сұрақ. «Математикалық калейдоскоп» Көрермендерге ортаға тасталатын сұрақ

1а. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар.(.............................................................)


1б.       Сабақ арасындағы

Мектептегі ең жағымды сәт

  Өзі тез аяқталады. (.....................................)

1в. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетінде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? (...................)

2а. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:

«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар».   Бұл отбасында неше бала?      (................................)

2б.  Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі( ............................)



2в. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше жарты айға ұқсас бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр–түрге бөліп тастайды. (.............................)

3. Анасы мұгалімге балалардың біреуін көрсетіп: «Мен оның анасымын,  бірақ ол менің ұлым емес »-дейді . Ол не дегені?  (..................................)

3а.  Әр есепте бар

Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Шешесі баласына:

«Бұзақылық жасасаң....бересің дейді.   (..........................)



3в. Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (...........................................)

9-сұрақ «Қызықты сұрақтар» (3-командаға бірдей қағазда беріледі)- 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (...........................)
- Орманшылар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (........................................)
-Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (............................................)
10-сурақ. Жетісіп алуға мүмкіндік бар. «Одан әрі» командалық ойыны. Әр командаға 2 минут уақытта 10 сұрақ оқылады. Дұрыс жауаптары ұпайларына қосылады

1-командаға:

1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырма)


2. Екі қабырғасы тең болған үшбұрыш (тең бүйірлі)

3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)


4. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)
5. Жүрілге жолды уақытқа бөлсе нені береді (жылдамдық)
6. Шеңберде центр арқылы өтетін хорда (диаметр)
7. Азайту амалының компоненттерін ата? (азайғыш, азайтқыш, айырма)
8. 2-нің 5 дәрежесі неге тең (32)
9. 4 қой мен 4 тауықта неше аяқ? (20)
10. Қиылыспайтын екі түзу (параллель түзулер)

2-командаға:

1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? (қосынды)

2. Үш қабығасы тең болған үшбұрыш (тең қабырғалы)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)
4. Геометрия сөзінің мағанасы (жер өлшеу)

5. Жылдамдықпен уақыттың көбейтіндісі нені береді (жолды)


6. Ұзындығы екі радиусқа тең хорда ( диаметр)

7. Бөлу амалының компанеттерін ата? (бөлінгіш,бөлгіш,бөлінді)


8. 3-тің 5 дәрежесі неге тең ( 27 )
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Шаршы ауданын қалай табамыз (кабырғасын квадраттау)

3-командаға:

1. 5-тің 2 дәрежесі неге тең 25


2.0,5 сағатта неше минут бар?(30)
3. Периметрді қалай табамыз?(қабырғаларды қосу арқылы
4. Шаршы ауданын қалай табамыз? кабырғасын квадраттау

5. Шеңбердің кез-келген нүктесін центрімен қосатын кесінді диаметр

6. Жылдамдықпен уақыттың көбейтіндісі нені береді жол
7.4-тің 3 дәрежесі неге тең 64
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
9. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыш вертикал бұрыш
10. 3 қоян мен 3 тауықта неше аяқ бар(15)


.

11-сурақ. «Кім тапқыр?» Әр командаға 2 минут уақытта сренке шақпағымен тапсырма орындау.

12 дана шырпы қойылған: 3 шырпы данасының орындарын алмастыр, сонда 3 тең квадрат пайда болсын;



https://lh5.googleusercontent.com/j31bgp-a2a4y9_pywrv8bucclnx2w_hfadp8rzaoyb3zw7l_cyj09qmn2pduomwqh6arolgk1parugopmskigni4l0yozbchwc8pr4h-rypmle6ahy5n

12-сұрақ. Көшбасшылар сайысы. (2-тапсырма беріледі)

1 тапсырма. Төртіншісі артық


1.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(.......................)
2.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (.................)
3.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(................)

2- тапсырма. «Соңғысын алмау» ойыны. 1-ші орын алган ойыншы командасына 3 ұпай,2-ші орын алған оқушы командасына 2 ұпай,3-ші орын алған оқушы 1 ұпай алып береді)

Қосымша көрермендерге: «ХОП» ойыны .(әр бір командадан екіден (бір ұл,бір қыздан)оқушылар шығады, 1-ші орыналган ойыншы командасына 3 ұпай,2-ші орын алған ойыншы командасына 2 ұпай, 3-ші орын алған ойыншы 1 ұпай алады.)

1-Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, -.

2-Жүргізуші:
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

1-Жүргізуші:


Көнілді кеште отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі .............................тің орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

2-Жүргізуші:


Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру

Математикалық кешті ұйымдастырушы

Математика оқытушысы: Р.Конакбаев

№9 орта мектебі 2015-2016 оқу жылы 7 -сынып оқушылары ортасында «Тез ойлан, бұрын тап!» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс - математикалық сайыс .



Өткізілген жарыс нәтижелері (2015 жыл 4 желтоқсан)




Тапсырмалар

ұпай

7 «А»

7 «Ә»

7 «Б»

1

Оза шап. «Біліміңді көрсет»

(3-командаға бірдей қағазда беріледі)

15

9

7

7

2

Алға ұмтыл. «Сөзді табу»

(3-командаға бірдей беріледі)

3

3

1

3

3

Алға бас. «Логикалық сұрақ»сұрақтар ортаға тасталады. Бұрын қол көтерген жауап береді

10

5

4

2

4

Бұрын жауап бер. «Мақал-мәтелдер»

(3-командаға бірдей қағазда беріледі)

4

2

2

2

5

«Ойлау керек» Ортаға тасталатын сұрақ

2

2

2

2

6

«Математика тарихынан»

Ортаға тасталатын сұрақ

3

0

1

3

7


«Сандар туралы»

(3-командаға бірдей қағазда беріледі)

3

1

1

3

8

«Математикалык калейдоскоп»

Көрермендерге ортаға тасталатын сұрақ

3

2

1

2

9

«Қызықты сұрақтар»

(3-командаға бірдей қағазда беріледі)

2


2

2

1

10

«Одан әрі» командалық ойыны. Әр командаға 2 минут уақытта 10 сұрақ оқылады

10

6

5

6

11

Жетісіп ал «Кім тапқыр?» Әр командаға 2 минут уақытта сренке шақпағымен тапсырма орындау

3

3

2

2

12

Көшбасшылар жарысы.













«Төртіншісі арық»

артық сөзді немесе санды табу

3

2

2

2

«Соңғысын алмау» ойыны



3

2

3

1




Қортынды


64

38

33

36

Қазылар алқасы: .............................................. ......................................



................................................ .......................................
: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы : Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы: Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету Әдебиет: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»
917CCC56B7788DEC -> А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің химия және биология пәндерінің өткізген он күндігінің іс-жоспары
917CCC56B7788DEC -> Урок и методика его проведения Процесс обучения неразрывно связан с таким понятием, как методика обучения
917CCC56B7788DEC -> Қазақ хандарының кестесі
917CCC56B7788DEC -> Оқу жылына арналған №9 орта мектебінің оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және «Рауан»,
917CCC56B7788DEC -> 2015 жылдың 3 желтоқсанынан 14 желтоқсан аралығында өткен математика, информатика және физика пәндерінің онкүндігінде өткізілген іс-шаралар есебі
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік
917CCC56B7788DEC -> Атты онкүндігінің жоспары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет