Тіл-халықтың қазынасы ұлт шежіресі



жүктеу 9.53 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі9.53 Kb.

9 «А» сынып оқушысы Тунгышбек Еркежан
e:\фото\жан.jpg

"Тіл-халықтың қазынасы ұлт шежіресі"
Тіл деген-жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Адам баласының дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілікпен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербете әсер-күшін ана тілінде ұғып, үйренеді. Бізге анамыздың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.



Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол қатынас құралы. Әр елдің өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді және де ана тілінде сөйлеседі. Қазақ тілі-қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі.

Қазақ тілі-өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Тіл мәдениеті-тіл ұстартудың бір түрі. Қазақтың Қазақстаннан басқа жерде Отаны жоқ. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет