Тіл мәртебесі-ел мәртебесі!



жүктеу 25.87 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі25.87 Kb.
Тіл мәртебесі-ел мәртебесі!

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Осы орайда оқушылар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін жете түсіндіру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнау ретінде Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде «Қазақ тілінің мәртебесі мен үшін...» атты диспут ұйымдастырылды. Диспутта Мамай орта мектебінің 11-сынып оқушысы, жас тіл жанашыры Қалмұрат Ердаулет қазақ тілінің мәртебесіне кері әсер етуші факторлар туралы ғылыми жобасын қорғады. Ғылыми жобада қазіргі қолданыстағысоның ішінде интернет желісінде, жарнамаларда, жастардың арасындағы диалогтарында жіберіліп жатқан қателіктердің мемлекеттік тілдің мәртебесіне тигізіп жатқан кері әсерін жас жүрегімен сезініп, ашынатыны айтылған. Ердаулеттің осы ғылыми жобасы негізінде диспут ұйымдастырылып, оқушылардың ойы тыңдалды. Іс-шара барысында оқушылар тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалатынын, мәңгілік ел болу үшін тіліміздің де мәңгілік болуы қажет екендігін түсініп, жүректерімен ұғынды.



Аудандық білім бөлімі

әдіскері Н.Уразова

Жарқын болашақ - осы бір тіркес «Мемлекеттік тілдің болашақтағы мәртебесі биік болады, барлық қазақстандық қазақ тілінде 100 пайыз сөйлейді» деген үмітіміздің отын алаулатып жағатын сияқты.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайын 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» олимпиадасы өткізіледі. Биылғы жылы да қазақ тілінің мәртебесін бір марқайтатын олимпиада 2016 жылдың 26 қаңтар күні Бірсуат орта мектебінде өткізілді. Олимпиадаға ауданның 17 мектебінен 76 оқушы қатысты. Олимпиадада білім бөлімінің қызметкерлері және мектептердің үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған 13 қазылар алқасы төрелік етті.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 аталым бойынша өткізіледі. «Тілші-әдебиетші», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» аталымдары бойынша өтетін олимпиадада жас дарындар, болашақ тіл жанашырлары мен жас қаламгерлер өз білімдерін және өнерлерін ортаға салады. Бір қуантарлығы «Жарқын болашақ» олимпидасына өзге ұлт өкілдері балаларының да қатысып, қазақ ұлтты балалармен теңдей дәрежеде өнерлерін ортаға салуы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушыларға өз деңгейінде орындар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал бірінші орын алған оқушылар («Сөз шеберлері» аталымы «Сөз шеберлері» аталымы «Сөз шеберлері» аталымы Невский ОМ оқушысы Баят Таңатар, Бірсуат ОМ оқушысы Похильчук Александра, «Әнші бұлбұлдар» аталымы бойынша Қоғам ОМ оқушысы Жұмат Айша, №1 ОМ оқушысы Шорохова Диана, «Жазушылар» аталымы бойынша Казгородок ОМ оқушысы Шарипова Аружан, «Тілші-әдебиетшілер» аталымы бойынша Мамай ОМ оқушысы Дәуіт Даулет) олимпиаданың облыстық кезеңінде аудан намысын корғайтын болады.



Тіл мәртебесі-ел мәртебесі. Елдік мәртебесі жоқ, өз тілінің мәртебесін жоғалтып алған, халық болудан қалған қаншама ұлттар бар тарихта. Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі ел болашағы, балаларымыздың ана тілін қадірлей, қастерлей білуі, бай да, орамды тіліміздің әрбір сөзінің мән-мағынасын жүрегімен жете түсініп, шашылған, керексіз дәндей шашыратып алмай өсуі мына біздің қолымызда. Сондықтан да әрбір қазақстандық қазақ тілінде пікір алысып, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетсе елдігіміздің мәңгілік болары сөзсіз.

Аудандық білім бөлімі

әдіскері Н.Уразова



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет