«Тіл тағдыры ел тағдыры» Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. (Қ. Мырзалиев) Жоспар



жүктеу 59.26 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі59.26 Kb.
«Тіл тағдыры - ел тағдыры»

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

(Қ.Мырзалиев)



Жоспар.

І. Кіріспе

Тіл – біздің тұтастығымыз

ІІ. Негізгі бөлім

Тіл ұлттың жаны

ІІІ. Қорытынды бөлім

Тіл бабалар аманаты
І.Тіл – халықтың күретамыры. Егер халықтың тілі жоғары болса, онда сол халықтың болашағы жоқ деуге болады. Туған тілді қадірлеу сол үшін керек. Әрине заман талабына сай өзге тілдерді білгеніміз артық емес. Бірақ ол өз тілін ұмыту, әйтпесе білемін ғой деп «қалтаға салып қою» емес.

Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол бізге ата-бабаның қанымен, анамыздың ақ сүтімен дарыған. Сондықтан Қазақстанда туған әр сәби ең алғаш қазақ тіліндегі қазақ тіліндегі сөзді естісе, қазақ тілінде білім алып, тәрбие көрсе, қазақ тілінің болашағы жарқын болар еді.

Ана тілім – еркіндігім, теңдігім,

Ана тілім – мақтанышым, елдігім.

Ана тілім – баға жетпес байлығым,

Ана тілім, дана тілім – кеңдігім.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміз арқылы бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды танимыз. Әрбір азамат өз ана тілін қастерлеп, сыйлауы керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп Қадыр атамыз айтқандай, жердің қай шетінде жүрсең де, ана тіліңді ұмытпауың керек. Біз «оралмандар» деп дұрыс бағалауды да білмейтін, Қытайдан, Монғолиядан, Ресейден келген қандастарымыз бөтен елде туып-өссе де, туған тілі – қазақ тілін ұмытпай, таза сақтап, өз еліне жеткізді емес пе?! Ал Қазақстанда тұрып, өз тілін сыйламау – ұят! Оған ата-аналар, бүкіл үлкендер намыстануы керек.

«Ана тілі» деген сөздің аясында қанша терең сыр, туған тілге деген сүйіспеншілік жатыр. Әрбір адам баласына туған анасы қандай қымбат, ыстық болса, туған тілі де сондай қастерлі. Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді анаңдай аялап, балаңдап мәпелеуіміз керек. Дүниеде тіл құдіретіне ештеңе де жетпейді.

Өкініштісі, қазіргі таңда өз ана тілінде сөйлеуді ұят деп санайтындардың қатары көбейді. Өз ана тіліңде сөйлей алмау өліммен тең. Өзге тілде бұлбұлша сайрап тұрып, өз тіліңді білмеу – бейшаралық.

Ана тілі – сол тілде сөйлейтін халықпен өмір сүреді, сол халыққа қызымет етеді. «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы атамыз. Осы нақыл сөзде айтылғандай, тілінен айырылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мұра етіп жалғастырып отыратын айбынды қару. Біз соны түсініп өссек қой, шіркін!

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян. Мұхтар Әуезовтың «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, еліміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекетті тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.

ІІ. Халықтың дербестігін, ұлттық сипатын сақтап қалудың бірден-бір құралы – тілін сақтау. Сондықтан ұлы адамдар «Тіл ұлттың жаны» - дейді.

Тілсіз халық болмайды, халықсыз тіл болмайды. Біз қазақстандықтар, мемлекеттік тілді меңгеріп, оны одан әрі дамытуымыз қажет. Әрине, өзге ұлт өкілдерінің тілдері де ұмыт қалмауы қажет. Осыған байланысты қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп, қамқорлық көрсетілуінде.

Жыл сайын біздің елде қыркүйек айында дәстүрлі тілдер мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты арнайы отырыстар болады. Онда ұйытып, топтастыра түсетін, ұлтаралық қатынастарды нығайтатын ұлағатты ойлыр айтылады. Қазақстандағы тілдердің құқықтық мәртебесі, тіл саясатының әлеуметтік-саяси жақтарымен білім беру саласындағы мемлекеттік тілдің дамыу туралы мәселелер қозғалады. Сондай-ақ қазақстандық ұлыстар өміріндегі қазақ тілідің рөлі, ұлттық тілдердің даму барысы жайлы мәліметтерге айырықша назар аударып отырылады. Күмәнсіз, ол іс қашанда алға бастайды. Ілгері жылжытады. Осы себепті мемлекет қолдауының арқасында ұлттық тілдердің дамуы мен тіл саясаты өзінің жемісті нәтижелерін беріп отыр.

«Тіл – бүкіл халықтық түсінің. Ол – ойды жеткізуші құрал, амал мен тәсіл. Тіл – ұлттың жаны. Тіл – идеяның, сезімінің, ойдың жасампаз көрінісі» (Л.Н.Толстой)

Өз басым, ана тілімді аса қадірлеп ерекше құрметтеймін. Оның мәнін, маңызын жоғары бағалаймын. Қазақ тілін, ұлтты түсініп, білу үшін, тарихына тереңдеу үшін, қоғамдық міндеттерді орындау үшін үйренуіміз керек. Найзағайдан қуат алған қазақ тілі қазақтың байтақ даласы сияқты бай да мағынасы өте кең. Қазақ тіліне жете көңіл бөлмеу мені бұрыннан ақ алаңдатып, көптен бері толғандырып жүр. Сондықтанда осы қазақ тіліне байланысыты өзімнің ойымды білдіріп жазып та, айтып та келемін.

Әрине, әр халықтың тілі өзінше бай. Тілді мамандар ойлап тапқан жоқ, оны халықтың өзі жаратты. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі немесе кемуі әрбір елдің шаруашылығы мен саяси-мәдени дамуына, өркендеуіне тікелей байланысты. Алайда, әр тілдің дамуының өз заңдылықтары бар. Мысалы, көшпенді халық пен отырықшы халықтардың арасындағы тілдік ерекшеліктерді бары айқын байқалады. Сондықтан бұл бай тілдің бүгінгі күнгейі мен көлеңкелі жақтарына аса көңіл бөлген. Шығыс тілдерінің мәселесін терең зерттеген академик В.В.Радловтың сөзін келтіргенді жөн көрдім. Оның: «Француз тілі Еуропаға қандай әсер етсе, қазақ тілі түрік мәдениетіне дәл осындай әсер еткен» деуіне өзі қазақ тілін айырықша даралап тұр. Біздер мұндай ерекшеліктерді ескермей, осы күнге дейін, ұлттық тіл «мақау», орыс тілі «шешен» деген бұрыс тезис пен ойдан арыла келеміз. Бұлай деп те бұл тілді білмеген адам ғана айта алады. «Қазақ тілі бай да таза, әуезді де мәнді. Егер белгілі бір ойды ана тілімізде дәл бере алмасақ, мұны тіліміздің оралымсыздығынан емес, өзіміздің дәрменсіздігімізден көру керек» (М.В.Ломоносов). Орыс аудиторияларында қазақ тілі пән ретінде оқытыла басталғанына да біраз жылдың жүзі болды.

Тіл – ұлт тірегі. Тілі бар халық қана – тірі халық. Ұлтты түріне қарап емес, тіліне қарап ажыратады. Халықтың болашағы тіліне тікелей байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі, өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған.

Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірін де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мідениетінің тұтқасы болып келеді.

Тіл – достықытың дәнекершісі, ғылым, мәдениет көрсеткіші. Тарихымыз сол тіл арқылы сыр шертеді. Сондықтан әрбір азамат ана тілін жетімсіретпей, босағада отырғызбай, төрге шығаруға, биікке көтеруге тиіс.

Туған жер мен өзінің тұрған елдің тілін білу, оны қадірлеу және заңдарына бағыну адамдардың мәдениетін өсіріп, отанына деген сүйіспеншілігін арттырады. Ал, өз мемлекетіміздің мемлекеттік тілін білу, түйінін шешу – бұл біздің жалпы борышымыз әрі адамзаттық парызымыз.



ІІІ. Қазақ халқының қасиетті бойтұмары бойда сақтаған асыл қазынасы - ана тілі. Тек ана тілінің құрметімен оның сырын, сұлулығын, байлығын сезінуге болады. Халақтың өткен өмірін, тарихын, салт-дәстүрін , әдет – ғұрпын ,ділін , дінін тек туған тіл арқылы ғана танып білесің. Сөйтіп өзіңді танисың. Сонда ғана өткенің де , бүгінгің де , ертенің де айқын болады. Халқымыз талай «Тар жол , тайғақ кешу» замандарды басынан кешсе де, нұрлы жұлдыз-баба тілін көзінің қарашығындай сақтап қалады.

Тіл туралы Елбасымыздың айтқан мына бір сөздері кімді болсын тебірентпей қоймайды. «Дауға салса алмастай қиғақ сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әр байырғы, әрі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі».

Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар. Қазақ тілі өзінің көп ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де халықтық тіл дәуірінде де басынан кешірді. Ол осы ұзақ уақыт бойы қазақ халқының өз ара тілдесу қажеттілігін өтеп қалумен қатар, оның рухани байлығы – ауыз әдебиетінің атадан балаға мұра етіп жеткізді.

Мемлекеттің рухы- оның мемлекеттік тілінде. Бабалар аманатына қиянат келтірмей, өз ана тілімізді шұбарламай, басқа тілдің алдында туын жықпай, мөлдір, таза бұлақтай еркін сөйлеп жүрсек, ұлтымыздың өмірін ұзақ етуге, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесіміз емес пе?

Сейфуллин ОМ

Логопед: Нұрбекова Д.Т

Ақмола облысы

Бурабай ауданы



Наурызбай батыр орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысы Збасова Аида.

Жетекшісі: Нурбекова Данагуль Тураловна




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет