«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»



жүктеу 1.23 Mb.
бет1/8
Дата20.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-28.1.10/03-2014




ПОӘК «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2014 жылғы

№ 1 басылым










«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


6В050117- Қазақ тілі мен әдебиеті


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




СЕМЕЙ


2014

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Магистранттың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Білім беру мазмұны  - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Дидактика - («didaktikas» - оқытушы, «didasko» -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.

Заңдылық  дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап  отыратын өзара байланыс.

Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі.

Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән.

Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым.

Оқу құрал-жабдықтары бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.

Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.



Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.

2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 модуль. Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
1 Дәріс. Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру

Жоспар:


  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны

  2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері

  3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

  4. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс. 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны


Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы  байланыстарды  анықтау қажет  болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары,  мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге  жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі   және пәнаралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:



  1. Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні,

  2. Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының методологиялық – теориялық негіздері

  3. Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының басқа ғылымдармен байланыстылығы.

  4. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихм қалыптасу, даму жолдары

  5. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері.

Әдебиеттер:

1. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

3. Аймауытов Ж. Психология, Алматы, 1992


4. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.
5. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2004. 
 

2Дәріс. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының біліктілігінің ерекшеліктері. Қазақ тілі пәндері жүйесі және олардың ерекшеліктері

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының біліктілігінің ерекшеліктері. Қазақ тілі пәндері жүйесі және олардың ерекшеліктері туралы білім беру

Жоспар:

1Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының біліктілігінің ерекшеліктері.

2 Қазақ тілі пәндері жүйесі және олардың ерекшеліктері

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Психология оқушының психоло¬гиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды. . Жалпы тұрғыда педаго¬гика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыт әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының біліктілігінің ерекшеліктері.

2 Қазақ тілі пәндері жүйесі және олардың ерекшеліктері



Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.


2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965. 

 2 модуль. Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі


3 Дәріс. Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Студенттердің психологиясы: ұлттық, әлеуметтік, кәсіби сипаттама. Қазақ тілі мұғалімі және өзіндік ерекшеліктері

Мақсаты: Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Студенттердің психологиясы: ұлттық, әлеуметтік, кәсіби сипаттама. Қазақ тілі мұғалімі және өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру

Жоспар:


1 Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. 2Студенттердің психологиясы: ұлттық, әлеуметтік, кәсіби сипаттама.

3. Қазақ тілі мұғалімі және өзіндік ерекшеліктері


1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері

Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos -  оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. 

Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді.

Оқыту әдістері туралы әрбір зерттеушілер өз анықтамаларын береді:

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған "іс-әрекетм - деген анықтама береді.

Оқыту әдістері - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскелік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Дидактикалық құралдар төмендегідей жіктеледі:

көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;

есту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.;

есту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;

сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер;

оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;

сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.

 Оқыту әдістеріне сипаттама

Тәжірибеде негізгі үш білім көздеріне қарай - сөз, көрнекілік, іс-әрекет (практика) деп әдістерді топтастыру кең тараған: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс - әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).

Кесте №  Әдістерді білім көздеріне қарай жіктеу:


Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық әдістер және олардың топтастырылуы

Негізгі тапсырмалар:



  1. Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік

  2. Оқыту әдістерін таңдап алу шарттары

  3. Оқыту әдістеріне сипаттама

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. оқыту әдістерін жіктеу

2. практикалық әдіс түрлерін атаңыз

Әдебиеттер:

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

6. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
4 Дәріс. Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары: лекция,семинар

Мақсаты: Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары: лекция,семинар туралы мәлімет беру.

Жоспар:



  1. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері.

  2. Қазақ тілі сабақтары

  3. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:

-   үздіксіз білім беру;

-   барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;

-   жалпы орта білімнің тегіндігі;

-   орта білім нің міндеттілігі.

Standart (ағылшын)– норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:

-   азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;

-   республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне қарамастан барлық оқушылардың ортақ негізгі білім көлемін меңгеруін қамтамасыз ету.

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат

Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды:

-   белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын  түсінік хат;

-   пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

-   негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

-   әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

-   пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

-   әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

-   ұсынылған әдебиет.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап

Оқулық оқушылар  оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда.  Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық  оқулықтар пайдаланып ж

 Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту

Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. 

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1)    оқыту – мақсатты процесс;

2)    оқыту – таным процесі;

3)    оқыту -  даму негізі

4)    оқыту – екі жақты процесс;

5)    оқыту -  жоспарлы процесс;

6)    оқыту – бұл күрделі процесс.

Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

 Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Олар:

Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.

Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде  даму іске асады.

 Оқытудың түрлері

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-илюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, багдарламалы (компютерлік).

1. Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталуы тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты.Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады.

2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады. Оқытудың бұл турі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып падаланылады.

3. Проблемалық оқыту. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді

      Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, қазақ тілі сабақтары сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ тілі оқулықтарын талдау Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы                                                                       

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.  Оқытудың қандай түрлері бар? Оларға сиапттама беріп, салыстырыңыз.

2.  Оқыту процесінің түрлері неліктен дамып, өзгереді? Бұл өзгерістердің қандай алғышарттары бар?

3. Оқыту процесінде оқушы субъект және объект ролін атқарады дегенді қалай түсінесіз?

4.  Оқыту процесі тиімді жүзеге асуы үшін нені ескеру қажет?

5. Оқыту процесінің құрылымы қандай компоненттерден тұрады? Оларды сипаттаңыз


  1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет