«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»



жүктеу 1.23 Mb.
бет2/8
Дата20.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер:

1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001..

2. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

4. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

6. Көккөзова М., САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.

8. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.

9. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995.
3 модуль Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
5 Дәріс. Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары: практикалық сабақ, лабораториялық сабақ

Мақсаты: Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары: практикалық сабақ, лабораториялық сабақ туралы білім беру

Жоспар:



  1. Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары

  2. практикалық сабақ

  3. лабораториялық сабақ

Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.

Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. *Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады:

І.Кіріспе.

2. Ағымдағы лекция.

3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы.

1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады. Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек. Конспект мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайьщдалуда тірек материалдары ретінде көмек береді. Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студештерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіл жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Студенттерді қысқаша лекция жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы. Лекция мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады. Лекция сапалылыгын бағалау Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушыньщ лекцияны оқу сапасын бағалайды. Лекцияны бағалау критерилерінің негізгі түйіндері: оның мазмұны, әдісі, студенттер жұмысына жетекшілік, лекторлық дарын, лекцияньщ нәтижелілігі.

1. Лекцияның мазмұны: ғылымилығы - қазіргі кездегі ғылымның дамуына, жетістігіне сәйкестілігі; саяси бағытгылығы - дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрактарды ажырата біліп, оларды түсіндіру; ойлаудың белсенділігі - мәселелік сұрақтар қою және пәнаралық байланыстарды анықтау; Лекция мен окулық арасындағы байланыс, яғни оқулықта жоқ материалдар беріле ме, әлде оқулық бойынша айтылып жатыр ма? Қиын сұрақгарды талдау, ерекше токталу, жекеленген метериалдың бөлімдері бойышпа студенттерге өз бетінше тапсырма беру. Пәнішілік және пәнарлық байланыстар. 2. Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымы, қисыны (логикасы), жоспары, әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді беру, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытыңдылар, оларды ажырата білу, көрнекілік құралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану. Қорытындылауда сұрақтарды қайталау, бақылау, тексеру сұрақтары, лекцияның соңында бүкіл лекция материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау. 3. Студенттер жұмысына басшылық - лекция, конспектілерді жазуды талап ету, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру. Конспектілерді семинар сабағында, лекцияньщ соңында тексеріп отыру. Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану. 4. Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауысырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-езі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе'? білуі, аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі. 5. Лекцияның нәтижесі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа жетуі. Лекция оку барысындағы лектордың міндеті: - студенттердің танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау; материалды өңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау: Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.

Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген семинар Арнайы семинар Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады. ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін. Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі. Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді. Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын өткізгенде оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда: Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу; Оқытудың гылымшыгы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа техноло-гаялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру; Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу; Теорияның практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критерийлер: мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру; жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу; ұйымдастыру - пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттердің жауаптарына талдау жасау; семинарды жүргізу стилі - белсенді; оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара сын; топты басқару - оқытушыньщ топта өзін-өзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б. Оқытушының қорытындысы - кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше; Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше. Кептеген жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер ұйымдастырылады (мамандьщқа байланысты). Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар - оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын сипаттайды.

Дәрісті қорытындылау: Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формалары: практикалық сабақ, лабораториялық сабақ туралы білімді жинақтау

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Шолу лекциясы

2. Ағымдағы лекция.

3. Семинар жоспары

Әдебиеттер:


  1. Әлімжанов Д., Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. 1965

  2. Жиенбаев С.Қазақ тілінің методикасы. 1941

  3. Исабаев Қ.Мектепте математиканы оқыту. 1976

  4. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002

6 Дәріс. Қазақ тілі және әдістемесі пәндері бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Мақсаты: Қазақ тілі және әдістемесі пәндері бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі туралы мағлұмат беру.

Жоспар:



1 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері

2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары

3 Қазақ тілі және әдістемесі пәндері бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері

2.1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

2.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

    студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;

     студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;

     студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

     студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;

    ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;

    студентті  ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;

   болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу  қабілетін, алған білімін қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;

       конструкторлық- жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.

    қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;

   қаржыландыруды жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және жүзеге асыру;

    елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту.

3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары

3.1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

    түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;

    студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізуге қатысуы;

    жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;

    студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;

   студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;

   студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;

   студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;

   студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;

   студенттердің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;

   студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.

3.2. Негізгі түрлері

3.2.1.    Оқу үрдісіндегі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы

3.2.2.    Оқу үрдісін толықтырушы ғылыми-зерттеу жұмысы

3.2.3.    Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы

3.3.  СҒЗЖ негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлері:

   Оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы.

   ҒЗЖ кейбір мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу.

  Ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар.

  Профессор-оқытушылардың жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары.

   ҒЗЖ  іс-тәжірибелерге енгізу.

 Берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстар.

  Студенттердің ғылыми үйірмелері.

  Студенттік құрылыс бөлімдері.

  Студенттік ғылыми-техникалық бөлімдері.

  Студенттік конструкциялық орталығы.

  Белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтары немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер.

  Әр  түрлі көздерден (грант, келісім шарт) қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарларының орындалуына  студенттерді қатыстыру.

   Студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін іс-шараларға қатыстырылуы (кафедрадағы, факультеттегі, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар СҒЗЖ жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: ғылыми семинарлар, конференциялар, синпозиумдар, фестивальдар, ғылыми және оқу үрдісіндегі студенттердің  зерттеу жұмыстары жөніндегі түрлі жарыстар, әр сала немесе мамандық бойынша өткізілетін жарыстар.

   Ғылыми зеттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер.

  Барлық оқу жоспарларына   « Ғылыми зерттеулердің негізі » атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу.

 Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету.

   Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.

4.  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  формалары

СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы – жетекші  жинақтап  бір қалыпқа  түсірген  тапсырмаларды  жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың  алғашқы  кезеңінде  студенттерді  зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  үшін  топтасып орындау  әдісін қолданады.

ҒЗЖ-ына  арналған  тапсырмаларды  келешегі  бар тақырыптар  бойынша  алған  жөн. Берілетін  тапсырмалардың  көлемі мен  мәнін студенттердің жеткен  жетістіктері  мен  бейімділіктеріне  қарай  бөлу  керек.

Тапсырмаларда  алға қойған  мәселерді  шешу  үшін  қажетті  барлық  жұмыстар  көрінуі  қажет.



Дәрісті қорытындылау: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Студенттердің ғылыми үйірмелері.

 Студенттік құрылыс бөлімдері.

Студенттік ғылыми-техникалық бөлімдері.

Әдебиеттер:


  1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

  2. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.

  3. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982

  4. Ұйықбаев И. Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969

7 Дәріс. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі


1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет