Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері. II негізгі бөлім



жүктеу 30.39 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі30.39 Kb.
Тұрақты сөз тіркестері

Жоспар


I Кіріспе

Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері.

II Негізгі бөлім.

1. Көнерген тұрақты сөз тіркесі.

2. Орыс тілінен енген фразеологизмнің қолданылуы.

3. Антоним, синоним.

4. Морфология.

5. «Қара» және «көк» сөздері арқылы жасалған тұрақты сөз тіркесі.

III Қорытынды.
«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған.

Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фыразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер.Қазақ тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлі-түрлі болып келеді.Қос сөздер әдетте екі сөзді болады.Құрамында үш сөз бар қос сөздер сирек кездеседі.Қос сөздердің сыртқы белгілері:

А) дефис арқылы жазылады: «тәлім-тәрбие», «бала-шаға», «үйме-жүйме», т.б.

ә) үтір: «ұзын арқан, кең тұсау», «ару, ардагер», «тебінгіден тер жауып, қабырғадан қан жауып» т.б.

б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті «үлде мен бүлде» сияқты тізбектер «мен» жалғаулығымен туғандықтан сызықшаны да, үтірді де керек етпейді.

Үтірмен бөліп жазылған қос сөздерді «күрделі қос сөздер» деп атауға болады.Қос сөздердің фразеологизмге ұқсастық белгілері көп.Ол ұқсастықтар жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілген.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;

2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

3. Мағына бірлігі сақталады;

4. Екі сөзден кем болмайды.

Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.

Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа құрылған.Ол қасиет әсіресе жағымсыз образдарды сипаттайтын идиом, мақал-мәтелдерде баса сезіледі.Мысалы: «түйе үстінен сирақ үйту», «жүн қырыққан», «ит екеш итке де бір сүйек қарыздар», т.б.Фразеология-


2

тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.Фразеология-соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа линвистикалық пән.



Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемелердың бірі есебінде зерттеліп жүр.Өйткені фразеология-тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы.Сонымен қатар ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.

Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді.Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді.Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор.Сондықтан стилистика тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздегі атқаратын қызметіне, оның қолдану заңдылықтарына баса көңіл бөледі.
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет