Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/6
Дата04.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сұрақ: Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей. Неге бәрінің басын біріктіріп сіз басқармайсыз? Мысалы, сіз қызмет ететін Еуразия университетінің өзінде сіздің орталық бар, Сартқожаның орталығы және Диқан Қамзабектің алаштану институты дей ме, тағы бірдеме бар. Бір оқу орнындағы екі-үш мақсаты ортақ ұйымдарды біріктіруге болмай ма?

Мұратбек






  • Қадірлі үлкен-кіші, ағайын, ел-жұрт! Заманына сай жабдықтың тілін білмегендіктен де болар, осы сұрақтарыңызға жауапты толық жазып, енді жолдағалы отырғанда, білгесайырдың тінтуірінен адасып қалып, барлығын өшіріп алдым. Міне, үшінші күні тағы да қайталап теріп отырмын. Сондықтан да жауаптың әдеттегіден кешігуін жат ойға баламаңыздар. Барлықтарыңызға шын жүректен рахмет. Мен мұндай ықылас бөлінеді деп ешқашанда ойлағамын жоқ. Өткен жолғыдай еркін емес, жауапты қысқа қайырсам, қоңылтақсып қалмаңыздар. Екіншіден, интернеттің тәртібі солай ма, сұрақтардың көбінің соңында аты-жөндеріңіз жазылмапты. Бұдан кейінгі байланыста ондай сауалдарға жауап бермейтін шығармын. Бұл – өзіңді және сұхбаттасыңды сыйлау мәдениеті болса керек және кеңестің үндеместер мекемесінің штаттағы салпаңқұлақтарына тән қалыптасқан теріс ғадет. Сонымен...

  • Жауап: Мұратбек мырза! Барлық жағдайды өзіңіз де жақсы біліп отыр екенсіз. Менің білуімше, тікелей алаш атын иемденген немесе зерттеуге тақырып етіп алған жүзден астам орталық пен жоба бар. Тіпті Халық ассамблеясы алаштың толеранттық идеясы туралы фильмге мол қаржы бөліп отырған да сияқты. Бұл өзі қабыспайтын, абсурд, жалған идея, жалған тақырып емес пе? Ғылыми күшті бір мақсатқа жұмылдыру керек деген ұсынысыңыз өте орынды. Әсіресе, «Мәдени мұра» бағдарламасында бірін-бірі қайталау өте көп. Ал түпкі нәтиже біреу.

  • Біртұтас алаш идеясын тұжырымдау –тарих және мемлекет тарихы ғылыми зерттеу институттарының тікелей міндеті. Жазушының міндеті – соларға дем беру, ой салу.

  • Ал олардың басын қосып, жетекшілік ету мәселесіне келсек, бұл мен үшін үлкен құрмет, бірақ кеш ұсыныс. Ендігі қалған ғұмырда жиған, тергенді бір жүйеге түсіріп, жинақтап кетуге мұршам келсе, соның өзі үлкен олжа болар еді.

  • Алаш идеясының бас-аяғы қымталмай, тәуелсіздіктің тұғыры да түбегейлі негізделмейді. Әсіресе, саяси экономика мәселесі жиын, терінсіз, бей-берекет кетті. Бұл, сөзсіз, қайтадан экономикалық, рухани тәуелділікке алып келеді.

Сұрақтар: 1. Сіздің ұлтыңыз кім? 2. Мыңдаған жылдар бұрын болған "Қаңлы", "Үйсін", "Найман", "Қыпшақ" сиақты т.б. мемлекеттердің жалғасы болып келген ҚАЗАҚ мемлекеті қайда қазір, бар ма?! 3. мемлекетіміздің "Қазақстан Республикасы" деп аталуын дұрыс деп есептеп, қолдайсыз ба? 4. Егер менің бірінші сұрағыма "қазақпын" деп жауап берсеңіз, қателесесіз! Сіз де мен сиақты және ҚРдағы 16 000 000 астам азаматтар сиақты "казахстанец" - қазақстандықсыз!!! Өзіңіз сиақты көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың перзенттері ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ үшін қашан "АЛАШ" деп атқа қонады? Жоқ әлде, сіздің ойыңызша, қазір АЛАШ пен ҚАЗАҚСТАНДЫҚ сөздері синоним болып қалды ма?!

Құрметпен Наурызбай.










  • Жауап:

  • Наурызбай қандас!

  • Сіз өзіңіздің сұрақтарыңызға өзіңіз түгелдей жауап беріп қойыпсыз. Қазақстандық деген терминді тек қазақ елінің азаматы деген мағынада қабылдаймын.

  • Алаш – ұранды, атойлы атау. Атойды қазір атпен емес, біліммен, намыспен, мәдени бәсекемен салу керек. Құнанбайдың: «Мықты болсаң – бопсаға шыда» – деген заманы енді туды.

  • Қазақ елі – мәңгілік ел қатарында өмір сүреді деп сенемін. Әйтпесе, тіршіліктің мағынасы жойылып кетуі де мүмкін.

Сұрақ: Біздің мемлекеттік қызметкерлерде ұлттық мүдде болмайтыны, дүбаралардың кешегі кеңес мейрамдарын тойлап, құлдық санадан құтылғысы келмей жүргені, әрдайым "орманға" қарап ұлитыны бізде отарсыздану яғни неоколонизация жүргізілмеуіне (жалғыз біздің елде ғана)байланысты емес пе? "Жас қазақ үні" газетіндегі "Ерікпесе, Ерімбетов бола ма?" мақаласы туралы www.qazaquni.kz сайты,не дейсіз? Маханбет.





Жауап: Маханбет мырза! Біздің үкімет құрамындағы Ғылым мен Мәдениет министрінен басқа үкімет мүшелерінің жетпіс пайызы қазақ тілін Мәсімовтің деңгейінен төмен мөлшерде меңгерген және бәрі де түрікше айтқанда «дөлмәлар», дүбаралар. Бір ұрпақ ауыспай және үкімет басына алыпсатарлар мен алпауыттардан ада «қара қазақ келмей», түзелмейді.

Деколонизациялау бағытын ұстану туралы жазушылар тоқсаныншы жылдары ұсыныс жасаған болатын. Ол аяқсыз қалды. Соның зардабын қазір тартып отырмыз. Бұл жер астынан сүзіліп шығатын ыза суы сияқты қазір қоғамның бетіне шықты. Енді коррозия басталады. Сол ұлттық коррозиядан, яғни, тоттанудан сақтау жолындағы ұлттың өзін-өзі сақтау түйсігі қалай қозғалысқа түседі, елдің келешек сапасы соған тікелей байланысты.

  • Ал мақаланы оқымаппын. Сондықтан да пікір айта алмаймын.

Сұрақ: Отарсыздану – деколонизация. Сіз «неоколониализм» деген ұғымды дұрыс пайдаланбай отырсыз. «Нео» деген «жаңа» деп аударылады. Яғни неоколониализм – ақпараттық қару, деструктивті культтар «идеясы» және т.б. негативтер арқылы қазіргі заманғы «бейбіт» түрде отарлау формасы. Деколонизацияны мектептерде «алаштану» факультативтік пәнін енгізу, БАҚ-тарда қазақ тарихы (бұл кең ұғым)туралы көптеп жазу, принципті түрде қазақ тілінде сөйлеу және т.с.с. тактикалар арқылы жүргізуге болады.






Жауап: Пікіріңіз орынды. Қосыламын.

Сұрақ: Армысыз,аға!Мен соңғы кездері бір үлкен мәселе көтеріп жүрмін.Ол мынадай,менің ойымша Әлихан БӨКЕЙХАН атамызды тарихта АЛАШАТА (АЛАШ-АТА,Алашата) деген атпен қалдырсақ дұрыс болар,сіз алаштанушы ретінде қалай қарайсыз?Бұл мәселе жайлы жақында мақала жазатын ойым бар.

Алаш баласы Ерлан АХМЕДИ









.












Жауап: Бармысың бауырым, Ерлан! Әлихан – ұлт көсемі. Орыстар оны «Отец нации» деп атйды. Қазір бар қазақтың елу пайызынан астамы Әлихан атаңның атын білгенімен, затын білмейді. Егер әр қазақ «Әлихан – менің атам!» – дейтін заман туатын болса, әр қазақтың басына бақыт құсы қонар еді. Мысалы өз басым шәкірттеріме: «Менің үш әкем бар. Өзімнің туған әкем – Құдакелді. Рухани әкем – Абай. Ұлттық ұстазым – Ахаң, Ахмет Байтұрсынов», – деп айтамын. Ал оны жалпы қазаққа таңа алмаймын. Әлиханның атын әр қазақтың жүрегіне сіңіріп алсақ, соның өзі үлкен олжа. Әйтпесе бір кездері: «Жамбыл біздің әкеміз емес! Біз Жамбылдың баласы емеспіз!» – деп, Жамбылдың көшесінің атын алып тастаған ленинградтықтар құсап, «Әлихан біздің атамыз емес» – деп шығатын қандастарыңның да пайда болуы мүмкін –ау!

  • «Ататүрік» аты – ұлттық қозғалыстың өрлеу тұсында туған. Ал біздегі қазіргі қоғамның құрамы, Оралхан ағамыз айтқандай, «гибридтер» қоғамы және олардың салмағы мығымданып барады.

Сұрақ: Не керек, тарихи аттарды шатастырып,елдің құлағына Әлихан Бөкейхановтың есімі енді сіңіп келе жатқанда, сізге ыңғайлы болса атай беріңіз, АЛАШАТАны АЛА-ШАТА қылып алмайтынына ким кепил береди?






  • Жауап: Уәжің орынды. Осыны не ағалық, не інілік сыпайылықпен жеткізсе, сөзің жарасым тауып кетер еді. Кіжінетін кез алда.

Сұрақ: Ерекеңнің ұсынысы дұрыс деп ойлаймын,мен қолдаймын.Ойткені Ерлан ұлтжанды адам,қазақ десе жеген асын жерге қояр.









Жауап: Әр қазақ сондай болса – бізді ертеңіміз алаңдатпас еді –ау!
Сұрақ: Ассалаумағаликум! Аға! Сіздің жазған кітаптарыңызды кімдер оқиды? сол еңбектеріңіз оқылмай қалады.кәзір өкінішке қарай - кітап оқымайтын ұрпақ қалыптасып келеді. оны бәріміз де білеміз.
- Қазақстан телеарналары жайлы пікіріңізді білдірсеңіз? Қазақтың бір жөні түзу телеарнаның болмағаны өкінте ме сізді? адамның, қоғамның санасын бағыттайтын бірден-бір құрал ғой. азып бара жатқан ұрпаққа қарап қиналасыз ба?
- кәзіргі қазақтың басты проблемасы не?
- президентпен кездесер ма едіңіз - кездессеңіз не айтар едіңіз?

















  • Жауап: 1. Менің кітапханаға жақын адам ретіндегі талдауға негіздесем, қазір жалпы жұрттың 4 % ғана оқырмандардың есебінде тұрады. Оның дені жоғары оқу орындарының студенттері және егде адамдар. Бұл көрсеткіш тая жылдары 0, 5. % төмендеуі мүмкін. Бұл – ұлттық апат. Әрі қарай сауатты сауатсыздық пен топастану, яғни, ұлттық тоқырау басталады. Одан қашып құтыла алмаймыз. Бұл қоғамның барлық саласынан көрініс табады. Міне, сол тоқыраумен күресуге қазақ елі жан-жақты дайындалуы керек. Біз, бәсекеге қабілетті ұлтпыз ба, жоқ, тозған ұлтпыз ба, сол бәсекеде құнымыз анық байқалады. Сондықтан да ол күреске дайындықты ұлт мәйегін ұйытатын зиялылар мен жастар бүгіннен бастап дайындалуы керек.

  • 2. Менің өз оқырмандарым бар сияқты. Олардың дені егде, ой тоқтатқан адамдар. Интернетке үш кітабімнің оқырмандардың сұрауы бойынша енгізілуі (соның біреуі осы «Абайда») де, және сіздің менің атымды білуіңізге қарағанда, әзір базардағы «бағам түсе» қоймаған сияқты. Бірақ, оқырман мәселесі, бәрібір ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздік, ділдік мәселе болып барған сайын асқына беретіні анық.

  • 3. Қазақ телеарналарына кеңес кезінде де, кейін де көңілім толған емес. Тіпті қазақ телеарнасы деген болды ма өзі? Сағат марқұмнан кейін қазақ тілін еркін білетін адам телеарнаны басқарып көрді ме өзі? «Қазақстан» Ғалым мен Тұрсынжанның тұсында қазаққа бет бұрып еді, оларды құлғанақтай қудаладық. «Айтыстың» дымын бастық. Тәуелсіз елміз, қазақ тілінде дербес канал жоқ. «Балапанның» қанаты жылдам қатайса екен. «Асыл арнаның» арнасын уағыздан – үстірт шариғаттан терең шариғатқа, мағрифатқа, тарахиятқа бұратын кез де жақындап қалған сияқты. «Мұхамед пайғамбар» туралы көп сериалы фильмді қайталап берсе деген тілегім бар. Күзде арнайы қазақ арнасы ашылады деген қауесет шындыққа айналғай. Ал тележурналистерді мүлдем қайтадан дайындау керек. Шеттерінен сауатсыз келетіні (Берік пен Бибігүлден басқасы) таң қалдырады. Журналист ретінде шамыма қатты тиетіні осы. Жуырда жақсы ниетті бір шәкірт қарындасым: «Томиристің шашы сары ма, қара ма өзі? Сол туралы пікір таласын өткізсек», – дейді. Әуелі Томиристің кім екенін танытып алмай ма? Тура осындай жалған пафостар жалған идеологияны қалыптастырады.

  • 4. Қазақтың басты мінін Абай қадап-қадап тұрып айтқан. Ол дерт асқынбаса, дауасын тапқан жоқ. Соған өз басымның қосары: ұлттық енжарлығы мен намыссыздығы, сауатты сауатсыздығы, жалған көлгірсуі, жымысқылығы. Ұлттық тіл мен ділдің, діннің құруға бет алғанын көріп тұрып, тобырмен бірге «козел – провакторға» (арандатқыш текешікке) ілесіп келместің қасапханасына қарай тоғытыла ағылып бара жатқан қаперсіздігі.

  • 5. Бұдан он бір жыл әбден мүмкін іс еді. Енді ол ғайыптың кездейсоқ оқиғасы арқылы ғана мүмкін болатын неғайбыл нәрсе. Өйткені мен қазір жатбауырлардың есебіндемін. Арамызды көрінбейтін көздер мен мысық тілеулер бөліп тұр. 97-жылы: үш тілегіңді орындаймын, – деп уәде беріп еді. Ол уәде ендігі ұмытылып та қалған шығар. Тіпті менің есінен шығып кетуім де мүмкін. Әйтпесе, он жылдың ішінде бір белгі білінсе керек еді. Бұрын: Тіл, діл, «Мәдени мұра», ұйымдастыруға өзі тікелей ұсыныс еткен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы туралы айтқым келіп жүретін. Қазір оның барлығының неғайбылданып бара жатқанына көзім жете түскендей. Енді кезек күттірмейтін, жыл өткен сайын тіске түскен қанқұрт құсап қақсата бертін, түбінде ұлттың рухани азуын қағып түсіретін жалған ғылым мен ғылым, жоғары және орта білім мәселесін дәлелімен мәселе етіп қояр едім. Білім – ұлттың тамыры. Ал оған құрт түртсе, ертең оны ешқандай заңмен, доллармен қалпына келтіре алмайсың. Ұлтты мүгедекке, рухани құлдыққа айналдырудың басы бұл!

Сұрақ: Александр Машкевич хочет создать всемирный еврейский телеканал

Олигарх Александр Машкевич хочет создать всемирный еврейский телеканал. Миллиардер заявил, что таким образом будет бороться с антисемитизмом.

По информации ряда зарубежных изданий, новый канал презентуют в ближайшие 3-4 месяца. Ранее Алескандр Машкевич регулярно входил в десятку самых богатых людей Казахстана, однако теперь журнал «Форбс» пишет о нем исключительно как об израильском миллиардере – он оформил в Израиле статус «вернувшегося гражданина». Тем не менее значительная часть бизнеса Машкевича по-прежнему связана с нашей страной. И вот теперь олигарх намерен спонсировать свой собственный всемирный телеканал, который будет вещать на английском, французском, испанском и арабском языках и, по словам самого Машкевича, озвучивать позицию Израиля для мирового сообщества.




Жауап: Егерде таяу жылдары Қазақстаннан «Биробиджан автономиясы» құрылса мен таңданбас едім, өйткені Израиль үшін ең қолайлы шөлейтті аймақтың бірі жалға берілді, немесе, берілмек – деген қауесет шындыққа айналып кетуі әбден мүмкін. Сонда таяуда ғана өзгертіліп қабылданған «Жерді шетелдіктердің жалдауы» туралы заңға кіргізілген өзгерістердің кімнің ықпалымен жүзеге асқанына көзіміз жетеді. Сол телеканалдың хабарларын Қазақстан арналары таратуы да мүмкін. Оның үстіне, біздің идеология, сыртқы саясат, қауіпсіздік саласындағы дәбірлердің біразының «шоқынды» екенін ескерсек, миссионерлік саясаттың қолжаулығына айналуымыз әбден мүмкін. «Азиопаның» авторларын да еске ала кеткен жөн. Енді, әрине, жаңа қазақ «миссионерлері» шығатыны анық.

Сұрақ: Армысыз Құрметті Тұрсын Жұртбай мырза. Ісіңізге сәттілік тілей отырып, көкейде жүрген мына бір сауалымды қойсам деп едім.

1. Сіздің Айқын газеті мен осы Абай сайтында жариялаған сұхбатыңызда қазақтың көрнекті ұлдары Т. Рысқұлов пен С. Сейфуллиннің қазақ халқына, Алаш ардақтыларына қарсы қылмыстарын айттыңыз, архивте деректер бар дедіңіз, неге сол деректерді жарияламайсыз?

2. Сол сұхбатыңыздан кейін оған қарсы бірнеше мақалалар жарияланды, бірақ сіз үнсіз қалдыңыз себебі неде?

3. Сіздің сол сұхбатыңыздан кейін бір ғалым ағамыз мынандай ой білдірді "Тұрар да, Сәкен де: «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген емес, дәл сол сөзді 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов Сталинге айтқан. Тұрар «түркі халықтары өзін-өзі басқаруы керек, оларды келімсектер басқармасын» деген.
Ахмет Байтұрсыновтың Сталинге айтқан сөзін Тұрсын Жұртбай жарияласа болар еді, басқалар жарияласа байбалам салары хақ! Тұрсын Жұртбай айтпақшы: «архивтерде қаттаулы тұр»." Бұған айтар жауабыңыз қандай?

4.Соңғы кезде Ә. Бөкейхановқа қарсы ойлар көбейіп кетті. Оны масон ложасына мүше болған, 1931-1932 де аштықта Мәскеуде отырып түк бітірмеген, Есек пен Атты қатар қоюға болмайды деп Ұлы жүзді бөліп тастамақшы болған, Алаштың басын біріктіре алмаған үшке бөлініп бір-бірін мойындамай отырған тб пікірлер айтылатын болды, бұларға берер жауабыңыз қандай?



Осы сұрақтарға дәйекті жауап берсеңіз қазақ тарихындағы көптеген ақтаңдақтардың ашылуына жол салады деп үміттенемін.







: repository -> history -> 16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80
history -> ЖҮз жазушы – ЖҮз роман (Сөзбасы орнына)
history -> КӨкейкесті әдебиеттану. Алматы: «Сардар», 2010. 10 кітап. 312 бет
history -> Драма өнері. Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақстанды қуатты мемлекет ету барысында бүгінгі қазақ зиялысының да арқасында ауыр жүк тұрғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі интеллигенция өзінің мойнына жүктелген ұлт сенімін қаншалықты ақтай алып отыр?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Кемел уақЫТҚА – кең ҚҰлаш жетпісінші жылдар қазақ совет әдебиетіне қандай сапалық жаңалықтар, өзгерстер әкелді? Т. Жұртбаев
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Аға, биыл қазақ халқын әлемге танытқан «Абай жолы» роман эпопеясының жарыққа шыққанына 70 жыл толады екен. Мұхтар Әуезов бұл романды жазуға қалай келген еді?
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Сыр сұхбат «Отырар кітапханасын» қайта тірілту ойда бар
16%20%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%BA%D0%B0.%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B2%D1%8C%D1%8E-%D1%81%D2%B1%D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл


  1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет