«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты мақалаға талдау



жүктеу 33.09 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі33.09 Kb.

« Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, 16-наурыз, 2015)

Отан! Отаншыл болу мемлекеттік тілді құрметтеуге бастайды. Осы орайда тіл жөніндегі өз ой-пікірімді ортаға салсам деймін. 
Бұл сөзде терең мағына жатыр. Бұл адамның ең қымбат, терең және күшті сезімін білдіретін сөз. Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ іспетті.
Қоғамда тілдік орта болмайынша, тілдің өз деңгейінде дамуы екіталай. Сондықтан қазіргі уақытта іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп отыр, ақпарат құралдары да жеткілікті, балабақшаларда қазақ топтары, мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар көбейді. Демек, тілдік орта жоқ дей алмаймыз.Өзім екінші жыл орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беремін. Алдыма қойған мақсатым – өзге ұлт балаларына тілді ғана үйрету емес, халқымның салты мен дәстүрін, жомарттығы мен парасатын ұғындыру, әр шәкірттің жүрегіне иман ұялатып, ниетіне ізгілік пен мейірім шапағатын себу. Қазақ тілінің маңызын, басқа ұлт балаларына сездіріп, тілге деген қызығушылығын арттыру. Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту болса, мен өз сабағымда қосымша ретінде халық әндерін, Абай атамыздың әндерін әуелетіп айтып, көрнекті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді сахналағанды дұрыс көремін. Мемлекетіміз өзінің тұғырында нық тұру үшін ол халықтың тілі сақталып, Әнұраны шырқалып, Туы желбіреп, Елтаңбасы айбарлы болуы шарт. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Менің түсінігімде адамның Отаны оның бесігі тербетілген жерде. Менің Отаным – Қазақстан. Сондықтан да ана тілімді білу менің парызым. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, – деп ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек жаңылыспаймыз.

Қорытынды: Отан деген түсінік адамның ұғымына ананың ақ сүтімен бірге сіңеді. Ата баласын әлдилейді. Ағалары мен апалары баланы аймалайды. Тіл үйретеді. Сүйінуді үйретеді, күйінуді үйретеді. Бұл - ұя. Ұяда не көрсең - ұшқанда соны аласың. Отан - ошақ басынан басталады. Менің Отаным әуелі - менің зергерлікті кәсіп еткен әкем, мені ана орнына арқасына салып көтеріп өсірген әпкелерім еді. Ауылдас ағайындар. Көкпар тартысқан шалдар. Айнала асқар таулар. Сылдырап аққан бұлақтар. Азынап соққан ақ боран. Көмкерілген кемпірқосақ. Бұл - менің туған ауылым. Бұл менің Отаным еді. Ес білгенде мен осыны түсіндім.
Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова



Тақырып бойынша ұсынылады:


  1. Гүлзира Қылышбаева «Туған тілім»

  2. М. Мақатаев. «Отан»

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет