«Туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандарды даярлаудың инновациялық амалдары» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/5
Дата08.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «__» _______

№__ бұйрығына 5-қосымша



«Туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандарды даярлаудың инновациялық амалдары» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының туризм және қонақжайлылық саласы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған

білім беру бағдарламасы

Бағдарлама "Өрлеу" «БАҰО АҚ АО ПҚБАИ» филиалының эксперттік отырысында, Алматы қаласының туризм индустриясы мен меймандостық колледжі, Қазақстан мейрамханалары мен қонақүйлер ассоциациясы, Қазақстан туризм ассоциациясы, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен "Өрлеу" БАҰО» АҚ ТжКББ бөлімінің қатысуымен оқу бағдарламасы № 5 хаттама, 10.10. 2015 жылы өткізілді


Оқу бағдарламасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ-ың ғылыми кеңесінің шешімімен 28.10.2015 ж. Хаттама № 5 және Алматы қаласының туризм индустриясы мен меймандостық колледжінің әдістемелік кеңесінің шешіміммен, 11.10. 2015 ж. Хаттама №6 қаралып қабылданған.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

4

Бағдарламаның мазмұндық бөлімі

7

Курстың оқу-тақырыптық жоспары

9

Тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау түрлері

26

Өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар

26

Жоба жұмыстарының тақырыптары, бағалау өлшемдері

27

Шығыс және қорытынды тестілеу тапсырмалары

29

Шағын сабақтың, шараның тұсаукесерін бағалау өлшемдері

33

Тыңдаушылардың бағдарлама бойынша қалыптасқан құзыреттілік деңгейін қорытынды бағалау парағы

Тыс жерде өтетін практикалық сабақтар



35
35

Білім беру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

35

Ұсынылатын әдебиеттер

36


1.Кіріспе


        1. Ел экономикасының тұрақты дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның табысты іске асуы еңбек ресурстары мен адам капиталының сапасына байланысты. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру (әрі қарай Тж/еКББ) ұйымдарында жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде: «Техникалық және кәсіптік білім беру бірінші кезекте ұлттық экономика саласындағы мамандарға деген қажеттілікті барынша қанағаттандыру қажет. Жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі әсіресе білім беру саласында көрінуі қажет. Осылай, елімізде бизнес өкілдері мен білім беру мекемелері арасында қарым-қатынастың жаңа жүйесі қалыптасады»-деді.

        2. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа формация -икемді, өз бетінше, кәсіби салааралық және педагогикалық білім, білік, дағдылар мен құзіреттілікті меңгерген, өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгерістер енгізе алатын, мамандарды даярлау жүйесінде өзінің рөлі мен міндеттерін жеткілікті деңгейде меңгерген, өмір бойы оқыту қажеттілігіне сенімді оқытушылары қажет. Дуалды оқыту жүйесі мамандарды оқытуда білім беру және өндіріс салаларының келісілген, өзара іс-әрекетіне негізделген, мақсатты кәсіби даярлауды ұйымдастырудың инновациялық түрі болып табылады.

        3. Дуалды оқыту жүйесінің ерекшелігі оқытудың көп бөлігі оқу мекемесінде емес, кәсіпорындарда іске асырылады. Дуалды оқытуда–колледж, білім алушылар, кәсіпорындар, яғни барлық тараптардың мүдделері ескеріледі. Дуалды жүйе кәсіпорындар үшін қызметкерлерді дайындау, оларды іздеу мен іріктеуге арналған шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Жастар үшін, дуалды оқыту-өз бетінше қоғамдағы ересек өмірге бейімделуі үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

        4. Дуалды оқыту жүйесінде колледждегі студенттердің теориялық білім мен өндіріс және еңбек нарығы талаптары арасында алшақтық болмауы керек. Жұмыс берушілер мамандардың талапқа сай дайындық сапасын басқаруға және бағалауға шынайы мүмкіндік бере алады, ал колледж өз уақытында өндіріс сұранысына әсер ете алуы қажет.

        5. Қазіргі уақытта қонақжайлылық саласы–экономика саласының үлкен және қарқынды дамушы жүйелерінің бірі болып табылады. Барлық туристік және қонақжайлылық салада бірінші орын қызмет көрсетуге берілген. Қонақжайлылық өндірістері мен мекемелері туристердің сұраныстарын (мазмұндық, мотивациялық, атракциондық, ыңғайлылық және т.б.) қанағаттандырумен айналысады. Бұл осы салады білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.

        6. Қонақжайлылық саласындаға мамандарды даярлау–бұл жоспарлы және ұйымдасқан қонақ үй саласының тамақтану және демалыс (танымдық, іскерлік, сауықтыру және спорттық нысандар) орындарының білікті мамандарын дайындау. Қонақжайлық саласындағы мамандарды оқытатын педагог кадрларды кәсіби қайта даярлықтан өткізу үдерісі кезінде көптеген күрделі міндеттер орын алады, бұл профессорлық-оқытушылар құрамының арнайы салалық білімі мен біліктіліктерін талап етеді. Сәйкес келетін білім мен дағды деңгейі туризм индустриясындағы педагог кадрларды дайындауда әртүрлі біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда қонақжайлылық саласында педагог кадрларды дайындау және қайта даярлаудың барлық жүйесі заманауи оқыту әдістерін енгізудің кешенді жұмыстарына негізделеді.


2. Курс тақырыбының өзектілігі


        1. «Туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандарды даярлаудың инновациялық амалдары» атты курстың оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат, міндеттерін басшылыққа ала отырып жасалынған:

  1. экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, Тж/еКББ мазмұнының құрылымын жаңарту;

  2. экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

  3. техникалық және кәсіптік бiлiм алудың беделiн арттыру;

        1. Курстың өзектілігі бұл оқу бағдарламасы негізінде тыңдаушыларда оқыту үдерісінде заманауи технологияларды қолдана алу білімдері мен біліктіліктері қалыптасады, XXI ғасырдың заманауи білім беру парадигмасын іске асыруда өндіріс шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының белгілі бір дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

        2. Осы бағдарлама бойынша оқыту тыңдаушылардың инновациялық технологияларды пайдалану бойынша алған білімдерін оқу үдерісінде қолдануына мүмкіндік береді, ол өз алдына қонақжайлылық саласында қазіргі заманғы білім беру парадигмасын жүзеге асыруға дайындықтарын анықтайды.


3.Мақсатты топтың сипаттамасы

Қонақжайлылық саласындағы мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін арналған.


4.Қиындықтар аясы


  1. Өндірістік-оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының қонақжайлылық және туризм индустриясының жұмыс ерекшелігін жеткілікті деңгейде түсінбеуі;

  2. оқытудың технологиялық құралдарын (білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен жолдары) толық меңгермеуі;

  3. нәтижеге бағдарланған, өндірістік оқыту сабақтарын жобалау дағдыларының әлсіздігі;

  4. біліктілікті арттыру мамандары мен әлеуметтік әріптестердің тәжірибе алмасуда өзара ынтымақтастықта жұмыс жасаудың әлсіз болуы;

  5. өндірісте тәлімгерлікті ұйымдастыру үшін туындайтын мәселелерді талдаудың болмауы.


5.Курстың мақсаты
10. Тж/еКББ ұйымдарындағы инженер-оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында практикалық-бағдарланған тәсілдерді пайдалану арқылы дуалды оқыту жүйесін енгізу жағдайын кәсіптік стандарттарды негізге ала отырып, тыңдаушылардың біліктілігін арттыру.
6.Курстың міндеттері:


  1. Қонақжайлылық және туризм саласына қатысты нормативтік құқықтық құжаттырды меңгерту;

  2. дуальды жүйе жағдайында өндірістік білім беруді ұйымдастыруда әлеуметтік серіктестіктің рөлі туралы тыңдаушылардың түсініктерін дамытуға жағдай жасау;

  3. қонақжайлылық саласында мамандарды дайындау ерекшеліктерін қарастыру:дәстүрлі және қазіргі заманғы көзқарастар;

  4. қонақжайлылық саласы үшін мамандарды дайындауда жаңашыл білім технологияларын тиімді қолдана білу және білімін кеңейту мен жақсарта білу;

  5. инновациялық білім беру ортасының жобасын жасау;

  6. кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған дуалды жүйені енгізу тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеу.


7.Күтілетін нәтижелер
11. Білу, түсіну

1) заманауи кезеңдегі Тж/еКББ ұйымдарының қызметтерін реттейтін, негізгі нормативтік құжаттарды, олардың механизмдері мен жүзеге асырылуын білу;

2) дуалды оқу жүйесінің мәнін және оларды оқу-өндірістік үдеріске енгізу технологиясын білу;

3) білім берудегі жүйелілік, құзіреттілік және қызметтік жолдардың мәнін түсіну;

4) Тж/еКББ педагогтерінің кәсіби-педагогикалық және ІТ -құзіреттіліктерінің мәнін түсіну.

Қолдану:


  1. оқытудың дуалды жүйесін енгізу жағдайында қонақжайлылық саласының оқу-өндірістік үдерісінде заманауи білім беру технологияларын қолдана алу шеберлігі;

  2. Тж/еКББ жүйесіндегі оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған оқу сабақтарын жобалау шеберлігі.

Талдау, синтез:

  1. оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруда қонақжайлылық саласында қазіргі жаңашыл технологияларды жіктей білуі;

  2. құзыреттіліктерді бағалау критерийлерін ажырата білуі;

  3. әлеуметтік серіктестердің қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытудың тұтас құрылымын құрастыра білуі.

Бағалау

  1. білім алушылардың құзыреттілігін еңбек нарығының қажеттілігіне қарай, жеке сұраулары мен тұтастай қоғамның сұраныстарының сәйкестігін ескере отырып, қалыптасатын білім беру бағдарламаларының бағалау критерийлерін жасақтай білу;

  2. білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау негізінде білім берудің сапасының ішкі бағалау жүйесін әзірлеп білу.


8.Бағдарламаның мазмұндық бөлімі 80 сағат
Модулдердің қысқаша мазмұны және әрбір модуль бойынша сағаттар саны




Модульдердің атауы

Сағат саны

1

Нормативтік-құқықтық модуль

8

Кәсіби мамандарды қалыптастыру «Нұрлы жол–болашаққа бастар жол»-ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Қазақстан Республикасында Тж/еКББ жүйесін дамыту тенденциялары. Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық саласын дамытудың болашағы және қазіргі жағдайы. Қонақжайлылық сала өндірісінің құрылымы және классификациясы. Қонақжайлылық саланы ұйымдастырудың нормативтік–құқықтық негіздері. Тж/еКББ ұйымдарында тиімді СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) және өзіндік бағалау жүйесін жасау.


2

Психологиялық-педагогикалық модуль

8

Қонақжайлық саласында табысқа жетудің тұлғалық және мәдени ерекшеліктері.«Заманауи еңбек нарығы жағдайына кәсіби бағытталу». Қонақтарға қызмет көрсету үдерісінде кикілжің жағдайды шешу тәжірибесі. Қонақжайлық саласындағы қызметкерлер үшін, кикілжіңге қарсы тұру ең қажетті мінез сапасы.




3

Мазмұндық модуль

22

Тж/еКББ ұйымдарындағы дуалды оқу жүйесі.Инновациялық білім беру технологиялары. Ақпараттық технологияны пайдалана отырып заманауи оқу-әдістемелік кешен жасау тәжірибесі. Оқу үдерісін жүйелеу және ақпараттандыру. Құзіреттілікке негізделген модульдік оқыту жүйесі. Құзіреттілікке негізделген модульдік бағдарламаларды жасау тәжірибесі. Қонақжайлылық саланың бағдарламалары мен кәсіби стандарты, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖБС. Білім алушылардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту жөнінде әлеуметтік серіктестердің насихат жұмыстары


4

Технологиялық модуль

40

Тренинг-қонақ үй қызметкерлерін оқытудың негізгі формасы ретінде. Қонақжайлылық саласының болашақ мамандарды оқытудағы ойын технологиясының рөлі. Қонақ үй қызмет көрсетуінің циклі. Қонақ үй қызметі саудасының технологиясы және тәжірибесі. Тауар қозғалысы. Б. Блум таксономиясы бойынша критериалды-бағытталған тапсырмаларды құру.

Инновациялық білім беру бағдарламаларын қолдана отырып айналым құру.






5

Вариативті модуль

2




Мәтіндік формада оқу тапсырмаларын құру тәжірибесі

Білімгерлердің өзіндік жұмыстарына арналған критериалды бағытталған тапсырмаларды құру. Қазіргі еңбек нарығы жағдайында кәсіптік бағдарлау. Кәсіби дайындықтың мотивациясын қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маманның білім беру сапасын арттыру жолдары. Тж/еКББ беру жүйесіндегі күтпеген өндірістік жағдайларын алдын алуда проблемалық оқыту технологиясының маңыздылығы









БАРЛЫҒЫ:

80



  1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет