Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



жүктеу 0.84 Mb.
бет2/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
түріУчебная программа
1   2   3   4   5

X. Жыл мезгілдері (10 сағат)

Жыл мезгілдері. Көктем. Көктем айлары.Көктемде. Көктем әні. Түстер. Наурыз. Наурыз әні. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Жыл мезгілдері, қыс, көктем, жаз, күз, көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр, көктем келді, ериді, жылы жаңбыр, ағаш, құс, ұшып келді, жыл басы, үлкен мейрам, көже, Наурыз құтты болсн! Қызғалдақ, көкек, жеңіс күні, көгілдір, қызыл, жасыл, сары, көк, қоңыр, күміс түсті, табиғат, халық, мереке.

Сөйлеу үлгілері:

  • Не келді? - Көктем келді.

  • Көктем айларын ата?

  • Көктемде не ериді? – Көктемде қар, мұз ериді.

  • Көктемде құстар не істейді?

  • Не жауады? – Жаңбыр жауады.

  • Күннің түсі қандай? Жапырақ қандай? Шөп қандай?

  • Көктемде не шығады? – Көктемде бәйшешек шығады.

  • Наурыз қандай мейрам? – Наурыз үлкен мейрам (мереке). – Жыл басы.

  • Наурызда не айтамыз, не билейміз?

  • Балалар, Наурыз құтты болсын!

  • 9 мамыр қандай мейрам?


XI. Жаз. (8 сағат)

Жаз. Жаз айлары. Жазда. Жазғы демалыс. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: жаз, маусым, шілде, тамыз, күн, ыстық, демалу, шомылу, жылы, соңғы ай, аяқталды, оқу, шықты, кетті, көмектеседі.

Сөйлеу үлгілері:

  • Жаз қандай болады? – Жаз ыстық болады.

  • Маусым жылдың нешінші айы?

  • Шілде жаздың нешінші айы?

  • Тамыз жаздың нешінші айы?

  • Жазда не піседі? – Жазда өрік, шие, алма, жемістер піседі.

  • Жазда сен қайда барасың? – Мен жазда ауылға барамын.

  • Онда кімдер тұрады? Онда атам, әжем тұрады.

  • Жазғы демалыс қашан басталады? Алақай, каникул!

  • Саған жаз ұнай ма? – Иә, маған жаз ұнайды. Неге саған жаз ұнайды?

Мен жазда суға шомыламын, велосипед тебемін, волейбол ойнаймын
Оқу жылы аяғында білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізі талаптар
Мүмкіндік деңгейі:

  • әліпбиді білу;

  • дауысты дыбыстардан буын жасалатынын білу; (а-та, ба-ла,ә-ке)

  • сөздерді буынға бөлу:оқулықтан, тақтадан 1-3 сөзден құралған сөйлемдерді көшіріп жазу;

  • сөздік, әріп, буын диктанттарын жазу;

  • қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ) дыбыстық, әріптік

  • ерекшелігін сақтап оқу.


Міндетті деңгей:

  • қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айта білу;

  • жуан дыбыстан жіңішке дыбыстарды ажырата білу;

  • қандай? Сұрағына жауап беретін есімдерді, не істеді?, қайтті? Сұрақтарына жауап беретін етістіктерді орынды қолдану;

  • Мынау не? Мынау кім? Мынау нелер? Мынау кімдер? Деген сұрақтарды қою және жауап қайтару, оны орыс тілімен салыстыру;

  • 50-100-ге дейінгі сандарды дұрыс айтып, санай білу;

  • Жаңа сөздерді танып білу, мағынасын түсіну, оқу, дұрыс айта білу.



3 сынып

(Аптасына 3 сағат. Жыл бойы 102 сағат)


I. Сәлем, мектебім. (11 сағат).

Сәлем, мектебім. Алғашқы қоңырау. Танысу. Мектеп. Мектепте. Мектеп өмірі. Біздің мектеп. Менің мектебім. Күз. Күзде. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Бірінші қыркүйек, білім күні, алғашқы қоңырау, соғылды, білім бесігі, тәрбие, оқу жылы, алаң, танысайық, қабат, орыс тілі, кең, жарық, емдеу кабинеті, мектеп өмірі, әртүрлі үйірме, орналасқан, пәндер, дене тәрбиесі, орман, жапырақтар, түсіп жатыр.

Сөйлесу үлгілері:

  • Сенің атың кім?

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Сенің жасың нешеде?

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Оқушылар, мұғалім. Бүгін қандай күн?

  • Білім күні.

  • Сәлем! Сәлем!

  • Кел, танысайық. Менің атым – Олжабай.

  • Сенің атың кім? Менің атым - Ермек.

  • Сен нешінші сыныпта оқисың? Мен үшінші сыныпта оқимын.

  • Мектебің қандай? Неше қабатты?

  • Қандай пән кабинеттері бар?

  • Мектепте қандай үйірмелер бар?


II. Кітап - білім бұлағы. (8 сағат).

Қазақ әліпбиі. Туралы. Күнделік. Сабақ кестесі. Менің сүйікті кітабым. Кітапхана. Дәптер. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: білім бұлағы, әріп дыбыс, дауысты, дауыссыз, өсімдіктер, жазушылар, ақындар, ғалымдар, қызық ертегі, бос уақыт, оқу залы, торкөз, жолды, сабақ кестесі, менің бағаларым, ата – ана, қол қояды.

Сөйлеу үлгілері:

  • Қазақ тілінде неше әріп бар?

- Неше дауысты дыбыс бар?

- 15 дауысты дыбыс бар.



  • Кітапты кімдер жазады?

  • Сенің сүйікті кітабың бар ма?

  • Ол не туралы? – Оның авторы кім?

  • Мектепте не бар? – Мектепте кітапхана бар.

  • Ол неше қабатты? - Ол нешінші қабатта?

  • Кітапханада нелер бар?

  • Дәптерді қалай ұстау керек?

  • Күнделік не үшін керек?

  • Күнделікке не жазылады?

  • Сенде сабақ кестесі бар ма? – Менде сабақ кестесі бар.

  • Қазір қай сабақ? – Қазір қазақ тілі (орыс тілі).



III. Санай біл. (8 сағат)

Қанша? Неше? Қаншада? Нешеде? Нешінші? Сағат неше? Қол сағаты. Күн тәртібі. Нәтиже сабақ.



Меңгерелетін сөздер: он, жиырма, отыз, қырық, елу, мың, екі мың, елу бір, алпыс үш, жетпіс екі, сексен сегіз, тоқсан бір, жуан, жіңішке, қатаң, ұяң, үнді, апта, сағат, қалды, кетті, жарым, тура, қол сағаты, ұзын, қысқа, жылдам, жай, өте жай, жылжиды, оянамын, тұрамын, жуынамын, киінемін, тамақтанамын, ұйықтаймын.

Сөйлеу үлгілері.

  • Сенде неше дәптер бар?

  • Дәптерде неше парақ бар?

  • Сен нешінші үйде тұрасың?

  • Сен нешінші пәтерде тұрасың?

  • Сәрсенбі аптаның нешінші күні?

  • Сағат неше болды?

  • Сағат тура бес. Сағат екі жарым.

  • Сабақ нешеде басталады? – Сегізде басталады.

  • Жүзге дейін сана. – Мен жүзге дейін санадым.

  • Бір сағатта неше минут бар?

  • Бір минутта неше секунд бар?




  1. Пәндер (9 сағат)

«Ана тілі» пәні. Ана тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді үйренейік. «Қазақ тілі» пәні. Қазақ тілі сабағында. Менің ана – тілім. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Нәтиже сабақ.

Меңгерелетін сөздер: ана тілі, арың, ұят, құрметте, әңгіме, өлеңдер, шығарма, тәуелсіз, мемлекеттік, тату, барлық, бір-бірімен, қазақ тілі сабағында, ағылшын тілі, үйренеміз, аударамыз, мәтін.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сенің ана тілің қай тіл? – Менің ана тілім – қазақ тілі (орыс тілі,неміс тілі).

  • Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Сен қандай тілді білесің? Мен орыс тілін білемін.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақ тілі қандай тіл?

  • Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?

  • Сабақта оқимыз, жазамыз, тыңдаймыз, аударамыз.

  • Қазақ тілінде неше әріп бар?

  • Неше дауысты дыбыстар бар?

  • Неше жуан дауысты дыбыс бар?




  1. Пәндер (9 сағат).

Математика сабағында. Көбейту және бөлу. Дүниетану. Еңбекке баулу.

Информатика. Бейнелеу өнері. Музыка. Дене тәрбиесі. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қосу, азайту, көбейту, бөлу, дүниетану, бояу, өсімдік, жануар, қоршаған орта, бағдарлама, қылқалам, сурет дәптері, ермексаз, желім, қайшы, секіру, ойнау, жүгіру, қағып алу.

Сөйлеу үлгілері:



  • Есепті қай сабақта шығарамыз? – Математика сабағында.

  • Компьютермен қай сабақта жұмыс істейміз?

  • Информатика сабағында.

  • Сенде компьютер бар ма? – Иә, бар.

  • Қылқаламмен не істейді? – Сурет салады.

  • Музыка сабағында не істейсіңдер? - Ән айтамыз.

  • Дене тәрбие сабағы қайда өтеді? Дене тәрбие сабағы спортзалда өтеді.


VI. Қыс (6 сағат)

Қыс. Қыста. Жаңа жыл. Қысқы киім. Абай «Қыс» жаттау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Қыс, аяз, суық, қар, шана, шаңғы, конньки, жаңа жыл, тон, етік, қолғап, құлақшын, аяз ата, шырша, ақшақар, айнала, аппақ, сырғанақ, теуіп жүр, ұнайды.

Сөйлеу үлгілері:

  • Бұл қай жыл мезгілі? – Бұл қыс.

  • Қыс айлары қалай аталады?

  • Қыс қандай болады? – Қыс суық болады.

  • Қыста не жауады? – Қыста қар жауады.

  • Жерде не жатыр? – Жерде қар жатыр.

  • Жаңа жыл қандай мейрам? – Жаңа жыл көңілді мейрам.

  • Жаңа жылда кім келеді? – Жаңа жылда Аяз ата келеді.

  • Балаларға не әкеледі? – Балаларға сыйлық әкеледі.

  • Адамдар қыста не киеді? – Адамдар қыста тон, етік, құлақшын киеді.


VII. Менің елім Қазақстан (9 сағат)

Атамекен. Туған өлке. Қазақстан. «Отан» өлеңді жаттау. Туған жер. Туған елім Қазақстан. Қазақстан Республикасы. Қазақстан қалалары. «Алматы қаласы» өлеңді жаттау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Атамекен, өлке, сүйеміз, кең дала, ұлт өкілдері, салт – дәстүрлер, мұнай, көмір, темір, тіршілік етеді, тудым, туған жер, ғалымдар, туған елім, көрнекті жерлер, мыс, мырыш, өндіріледі.

Сөйлеу үлгілері:

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Еліміздің елордасы қай қала?

  • Елімізде мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Отанымыз қандай? Онда нелер көп?

  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Қандай ұлт өкілдері тұрады?

  • Сен қайда тұрасың? – Мен қазақстанда тұрамын.

  • Алматы қандай қала? - Алматы өте әдемі қала.


VIII. Кең - байтақ Қазақстан (7 сағат)

Кең байтақ Қазақстан. Астана. Алматы. Алматыға барғанда. Дауыссыз дыбыстар. Грамматикалық тапсырмалар. Нәтиже сабақ.

______________________________________________________________________

Меңгерілетін сөздер: кең – байтақ, созылып жатыр, шикізат, елорда, Есіл өзенінің жағасында, орналасқан, көрікті, жылдан – жылға, Алатаудың етегінде, әлемге әйгілі, мұз айдыны, ғимарат.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның қандай қалалары бар?

  • Астана қандай қала? – Астана көрікті қала.

  • Астана қайда орналасқан? – Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

  • Алматы қандай қала? –Ол қайда орналасқан?

  • Алматыда нелер бар? – Медеу мұз айдыны бар.

  • Неше дауыссыз дыбыс бар? – Олар нешеге бөлінеді?


IX. Әдептілік әдемілік (8 сағат)

Әдептілік. Амандасу. Қоштасу. Дастарқан басында. Үлкенді сыйлау. Мақал – мәтелдер. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Әдептілік, аялдама, айналайын, денсаулық, қоштасу, көріскенше, жолың болсын, сапар, дастарқан, тағам, төр, қонақ, Ас дәмді болсын! сыйлау, ізет.

Сөйлеу үлгілері:

  • Әдепті бала қандай бала?

  • Үлкенді сыйлайды, орын береді, айтқан сөзді тыңдайды, үлкендердің жолын кеспейді, сөзін бұзбайды.

  • Әдепті болу керек пе?

  • Төрге кімдер отырады?

  • Дастарқанға қандай тағамдар қойылады?


X. Мәдениет. (10 сағат)

Мәдениет. Мұржай, Грамматикалық тапсырмалар.Театр. Кино. Дүкендер. Азық – түлік дүкені. Грамматикалық тапсырмалар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Мәдени орындар, қоғамдық орындар, саябақ, орын бер, ұлттық киім, киіз үй, көрме, атақты суретші, сахына, әртіс, көрермендер, қойылым, өнер, көрсетеді, арналады, Қанша тұрады? Қанша төлеу керек?

Сөйлеу үлгілері:

  • Мәдени орындарға нелер жатады?

  • Алматыда қандай мұражайлар бар? – Алматыда мұражайлар көп.

  • Мен Ә. Қастеев атындағы мұражайда болдым.

  • Ә. Қастеев кім?

  • Сен театрға бардың ба? Театр қандай?

  • Саған театр ұнай ма?

  • Азық –түлік дүкендерінде нелер сатылады?


XI. Табиғат алтын бесік (7 сағат)

Табиғат. Табиғат аясында. Кемпірқосақ. Жылдың төрт мезгілі. Көктем. Наурыз жыл басы. Грамматикалық тапсырмалар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Табиғат, жұлдыздар, табиғат аясында, айнала, асқар таулар, бұлт, көпір, Қайда болады? теңеледі, аула, Наурыз, құтты болсын!

Сөйлеу үлгілері:

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Аспанды не қаптайды?

  • Жаңбырдан соң не пайда болады?

  • Кемпірқосақтың түстері қандай?

  • Наурыз қандай мейрам? Ол қашан өтеді?

  • Наурызда күн мен түн не істейді?

  • Көктемнің бірінші айы қалай аталады?

  • Көктемде нелер ұшып келеді?

  • Көктемде нелер өседі?


XII. Төрт түлік. (8 сағат)

Төрт түлік. Қанатты достар. «Ақ көгершін» өлең жаттау. Жабайы аңдар. Өсімдіктер. Жеміс – жидектер. Көкөністер. Грамматикалық тапсырмалар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Төрт түлік мал, байлық, пайда әкеледі, қанатты достар, қоректенеді, үйшік, жем, хайуанаттар бағы, алуан түрлі, өседі, ауаны тазалайды, қорғау керек, таңқурай, құлпынай, сәбіз, қызылша, алма.

Сөйлеу үлгілері:

  • Төрт түлікке нелер жатады?

  • Құстар адамға пайдалы ма?

  • Үй құстарын білесің бе? – Иә, пайдалы. Олар ет, жұмыртқа, мамық береді.

  • Олар немен қоректенеді?

  • Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

  • Ең айлакер аң?

  • Ит пен мысық үй жануарлары ма? - Иә, үй жануарлары.

  • Ит не күзетеді?

  • Сенің итің бар ма?

  • Мысық не аулайды, не жейді?

  • Қандай жемістерді білесіңдер?

  • Жеміс – жидек қашан піседі?

  • Бақшада не өседі?

  • Сен қандай жемісті жақсы көресің?

  • Мен алманы жақсы көремін.

  • Орманда нелер бар? – Орманда ағаштар, гүлдер, аңдар бар.

  • Өсімдіктер қайда өседі? - Өсімдіктер орманда, тауда, суда, бақта, бақшада өседі.

  • Өсімдіктерді не істеу керек? - Өсімдіктерді қорғау керек.


XIII. Достық (7 сағат)

Достық. Достар. Менің досм. Нағыз дос. Жаз. Грамматикалық тапсырмалар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Дос, достық, шын дос, сенімді дос, бойы ұзын, қысқа, қыр мұрынды, айналысады, мейірімді, ауырып қалды, барған жоқ, келіп тұрды, көңілін көтерді, жазылды, жаз ыстық, каникул, демалды.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сендердің достарың бар ма? – Оның аты кім?

  • Нешінші сыныпта оқиды? Ол қандай?

  • Достықтың қандай түрлері болады?

  • Неше жыл мезгілі бар?

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Бір айда неше күн бар?

  • Жаз айлары қандай?

  • Сендер жазда не істейсіңдер?


Оқу жылы аяғында оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар
Мүмкіндік деңгей .


  • Сөздерді дұрыс айта білу;

  • мәтіндерді дұрыс оқу, мұғалімнің сұрақтарына түсініп, жауап беру;

  • (Қазір қай сабақ? – Қазір қазақ тілі. Мынау кім? Мынау (бұл) менің атам)

  • Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімнен? Немен? Кімде? Неде? Кімді? Нені? Неден? Қайдан? Қайдан? Қандай? Нешінші? Қашан? Деген сұрақтарға жауап беретін сөдерді білу. (Сен нешінші сыныпта оқисың? Алма қандай?);

  • тақтадан, оқулықтан сөйлемдерді таза көшіріп жаза білу;

  • этномәдениет материалдарын өмірде дұрыс пайдалана білу.


Міндетті деңгей:


  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтумен қатар оны жаза білу,

  • қабілеттерін жетілдіру;

- дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң,

үнді түрлерін ажырата білу;



  • зат есім, зат есімнің жалғауларын (көптік, жіктік, тәуелдік және септік) практикалық жолдарын меңгерту;

  • заттың атын, қимылын, санын, білдіретін сөздерді сұрақтар арқылы ажырату.


Мүмкіндік деңгей:


  • қазақ тілінде сауатты жазуға үйрену;

  • буын, оның түрлерін ажырата білуге үйрену;

  • үндестік заңының түрлерін ажырата білуге үйрету;

  • Қазақстан, отан, туған жер, қала, ту, елтаңба, әнұран сөздерінің аудармасын білу, есте сақтау, дрыс пайдаланға үйрену;

  • өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінле әңгімелеуге үйрену;

  • тақырыпқа байланысты сөз тіркесімен танысып, оларды дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену;

  • сөздерді дұрыс септеуді үйрену;

  • «Сағат қанша?» сұрағына сағат тілі бойынша жауап беруге үйрену;

  • сұраққа нақты жауап беруді меңгеру.

Міндетті деңгей:


  • зат есімнің жекеше, көпше түрін қолдана білу;

  • сын есімді сұрақ қою арқылы ажырату;

  • етістіктің болымсыз түрінің жасалу жлдарын білу;

  • сан есімнің реттік, есептік түрін сұрақ қою арқылы анықтау;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ажырата білу;

  • қысқа көлемдегі мәтінді мазмұндап, өз сөзімен айту;

  • 1 – 4 сыныптар бойынша берілген тілдік материалдарды, мәтіндерді дұрыс түсініп, дауыстап дұрыс оқу;

  • өз бетімен ертек, әңгімелерді, өлеңді оқып, мазмұнын айтып беру;

  • 250 – 300 – ге дейінгі сандарды дұрыс айтып, санай білу;

  • Лексикалық тақырыптарға байланысты сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып, сөйлемде дұрыс пайдалана білу;

  • өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінде әңгімелей білу («Мектеп өмірі», «Отбасы», «Достық», «Біздің қала», т.б.

  • жыл мезгілдері төңірегінде сөйлей білу.


4 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)


I. Менің Отаным. (11 сағат)

1 қыркүйкек – Білім күні. Менің Қазақстаным. Қазақстанның қалалары. Менің туған жерім. Қайталау. Қазақстанның астанасы. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Нәтиже сабақ.



Мегңерілетін сөздер: Білім күні, қоңырау, оқушы, мектеп, сынып, отан, мемлекет, тәуелсіз, көп ұлтты, орталық, үкімет үйі, кешен, туған жер, жаңа қала, елорда, мұражай, елбасы, Орынбор, Қызылорда.
Сөйлеу үлгілері:

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

  • Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

  • Елбасы кім? – Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Қазақстанда неше облыс бар?

  • Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?

  • Алматы қандай қала?

  • Біз қай қалада тұрамыз?

  • Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Қазақстанның елордасы Астана қаласы.

  • Бірінші астанасы қай қала болған?


II. Қазақстан Республикасының рәміздері. (8 сағат)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік ту.

Елтаңба. Әнұран. Жіңішке сөз. Жуан сөз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ту, көгілдір мата, күн, қыран құс, жолақ, ұлттық

өрнек, шаңырақ, уық, пырақтар, жұлдыз, жаңа әнұран, Шәмші Қалдаяқов,

атақты композитор (сазгер), ақын Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан

Назарбаев.
Сөйлеу үлгілері:


  • Тудың түсі қандай? - Тудың түсі көгілдір.

  • Тудың түсі көгілдір.

  • Туда не бейнеленген?

  • Туда күн, қыран құс, сол жағында ұлттық өрнектен жолақ салынғған.

  • Шаңырақты айнала нелер шаншылғанған?

  • Шаңырақты айнала уықтар шаншылған.

  • Жоғарғы жағында не бар? - Жоғарғы жағында жұлдыз бар.

  • Төменгі жағында қандай жазу бар?

  • Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

  • Тудың авторы кім? - Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

  • Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

  • Әнұранның авторлары кімдер?


III. Мектеп өмірі. (8сағат)

Мектеп өмірі. Менің мектебім. Сынып. «Кел, балалар, оқылық» Ы. Алтынсарин.Қайталау сабағы. Дауысты дыбыстар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Ғимарат, мектеп, алаң, үш қабатты, алаң, қызықты, пән,оқу құралдары, бес сабақ, жақсы ұстаз, дыбыс, дауысты.
Сөйлеу үлгілері:

  • Сен қай мектепте оқисың?

  • Мектеп қай көшеде орналасқан?

  • Мектеп неше қабатты? – Мектепте нелер бар?

  • Биыл сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Сыныбыңда неше оқушы бар?

  • Сыныбыңда неше оқушы бар?

  • Қазақ тілі аптасына неше рет болады?

  • Қазақ тілі аптасына 3 (үш) рет болады.

  • Неше дауысты дыбыс бар?

  • Дауысты дыбыстарды қалай айтуға болады?

  • Дауысты дыбыстар не құрайды?

IV. Отбасы. (12 сағат)

Біздің отбасымыз. Менің атам мен әжем. Менің әкем. Менің шешем.

Мұғалім. Құрылысшы. Наубайшы. Аспаз. Дәрігер. Дауыссыз дыбыстар,

тұйық және бітеу буындар. Нәтиже сабақ.


Меңгерліктін сөздері: тату, жас, кәрі, шақырды, қосымша, аулайды, тігеді, ән

айтады, үй салады, наубайхана, наубайшы, тұрғындар, керек,

пісіреді, қуырады, жауапты, мамандық, тіс дәрігері.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сенің отбасың қандай? - Менің отбасым үлкен.

  • Неше адам бар?

  • Атаң, әжең бар ма? - Олар не істейді?

  • Әкең, шешең неше жаста?

  • Сен неше жастасың?

  • Нешінші сыныпта оқисың?

  • Сенің әкеңнің аты кім? - Менің әкемнің аты – Ермек.

  • Ол қайда жұмыс істейді?

  • Ол банкте жұмыс істейді.

  • Кім үй салады?

  • Кім адам емдейді?

  • Нанды кімдер пісіреді?

  • Тіс дәрігері не емдейді?

  • Дауыссыз дыбыстар нешеу



V. Достық. (12 сағат)

Менің досым. Достық. Екі дос. Достардың бос уақыты. Туған күн. Кітап –

адамның досы. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қайталау, түстен кейін, білмейтін, үйретті, оған,

достық, кітап, ақылды, зерек, тәрбиеші, бірге, сыйлады, бос уақыт,

адалдық, туған күн, құттықтаймын. Жіктік жалғаулары.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің досың бар ма?

  • Иә, менің досым бар?

  • Аты кім? - Аты – Назым.

  • Ол қай мектепте оқиды?

  • Ол № 8 мектепте оқиды.

  • Нешінші сыныпта оқиды?

  • Назым, сен не істеп жатырсың?

  • Мен кітап оқып отырмын.

  • Мен бос уақытымда кітап оқимын.

  • Кітап менің досым. - Кітап жақсы дос.

VI. Күн тәртібі. (8 са5ат)

Күн тәртібі. Уақыт. Досымның күн тәртібі.Қазақша ай аттары. «Жеті

ұл».Қайталау сабағы. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Күн тәртібі, жаттығу, сақтайды, таңертең, түсте, кешке, ертең, бүгін, кеше, оянды, жуынады, ұйықтайды. Септік жалғаулары.

1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет