Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



жүктеу 0.84 Mb.
бет4/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (6 сынып)
Міңдетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Отбасы, мектеп өмірі, достары, жыл мезгілдері, уақыт, уақыт өлшемдері, табиғатты қорғау, қала, туған жер, көктем мерекелері, жанурлар әлемі.

Елтану. Ұлттық тағамдар, дастарқан рәсімі, ұлттық ойындар («Қыз қуу», «Алытыбақан» т.б.)

Оқылым. Мәтінің мазмұның өз сөзімен жеткізе білуге дағдылану.

Тыңдалым. Тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіру. Мәтінді түсіну әңгімелеу. Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқуға түсінуге, сұрақ қоюға, жауап беруге сатылы түрде үйрену.

Сөйлесім. Мектебі, қаласы, отбасы туралы айта білу, сөйлесе алу.

Жазылым. Сөздіктермен дұрыс жұмыс істеуге, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Сауатты жазу.
Тілдік білім
300-350 жаңа сөздерді меңгеру.

Қиын келетін дыбыстар мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын, жазылуын меңгеру.

Тәуелдеулі зат есімнің септелу ерекшеліктерін ажырата білу.

Есімдіктердің түрлерін білу.

Туынды сын есімдердің жасалу жолдарын игеру.

Етістіктің райлары, тұйық етістік, үстеу, қыстырма сөздерді меңгеру.

Жай сөйлем құру тәсілдерін меңгеру.

Мүмкіндік деңгей


Сөйлеу әрекеті. А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин шығармаларын игеру.

Оқылым. Мәтінді мәнерлеп оқу, негізгі ойларын анықтау.

Тыңдалым. Теледидар, радиодан берілген мультфильм ертегілерді түсініп, таңдай білу.

Сөйлесім. Мәтін бойанша әңгімелеп айта білу.

Жазылым. Сауатты жазуға, сөйлеуге үйрену.
Тілдік білім
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын білу.

Фразеолоизмдерді білу.

Орыс тілді оқушыларға қиындық келтіретін дыбыстар мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын, жазылуын толық меңгеру.

Тәелді тулғадағы зат есімнің септелу ерекшеліктерін білу.

Көмекші есімдіктерді игеру.

Есімдіктердің түрлерін білу.

Туынды сын есімдердің жасалу жолдарын игеру.

Етістіктің райларын айыра, пайдалана білу.

Қыстырма сөздерді игеру.

Жай сойлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты түрлерін меңгеріп, айыра білу.

7 сынып.

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)

I. Менің отбасым. (8)

Білім күні. Біздің отбасымыз. Біздің пәтеріміз. Менің достарым. Менің бос уақытым. Фонетика. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Мақал – мәтел. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Білім күні, жазғы демалыс, сыныптас, биылғы жылы, осы жылы, білу, маман, өндіріс, зейнеткер, нағашысы, ас үй, кіре беріс бөлме, ұйықтайтын бөлме, тәулік, үлгермейтін, үнемі, қайран қалу, сәлем, жаңалық, сағат, сау бол, кешірек, бейнетаспа, шатыр, түнеу.

Сөйлеу үлгілері:



  • 1 қыркүйек қандай күн?

  • 1 қыркүйек - Білім күні.

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Әке – шешең қайда жұмыс істейді?

  • Нағашы атаң мен әжең қайда тұрады?

  • Сенің отбасың қалай тұрады?

  • Отабсы туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Сен қай көшеде тұрасың?

  • Үйіңнің нөмірі қандай?

  • Пәтерлерің нешінші қабатта?

  • Қандай бөлмелер бар?

  • Сенің досың кім? Ол қандай?

  • Сен досыңмен бір сыныпта оқисың ба?

  • Бос уақытыңды қалай өткізесің?

II. Қазақ тілі мемлекеттік тіл. (8)

Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Ана тілім әнім. Ана тілі – қазақ хлқының ана тілі. Сөздіктердің түрлері. Қазақ тілі сабағында. Синоним. Омоним. Антоним. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тағдыр, қасиет, әлдилеу, мақтаныш, ар, мұра, сөздік, қор, мәртебе, қатынас, қызмет ету, құралы, ресми, іс қағаздары, мақсат, міндет, меңгеру, сауатты, күнделікті, ауызша, талдау, мемлекеттік, сөйлеу, қабылдау.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба?

  • Таныс емес сөздер кездескенде не істейсің?

  • Түрлі сөздіктерді пайдаланамын.

  • Сенің ұлтың кім?

  • Менің ұлтым- кәріс.

  • Сенің тілің кәріс тілі ме?

  • Иә, менің ана тілім кәріс- тілі.

  • Сен ана тіліңді жақсы білесің бе?

  • Сөздіктер не үшін керек?

  • Қазақстанда «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?

  • Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өтеді?

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Тіл үйрену қиын ба, жеңіл ме?

III. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел. (7)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел.Менің Қазақстаным. Қазақстан Республикасының рәміздері. Қазақстан жетістіктері. «Тәуелсіздік» Иран ғайып. Тәуелсіз Қазақстан. Менің елім – жерім. Етістік. Дара, күрделі. Негізгі туынды. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: егеменді, тарихи оқиға, Біріккен Ұлттар Ұйымы, бостандық, келісім, бейбіт, мүше, көгілдір ту, елтаңба, мемлекеттік, әнұран, ұлттық, ою - өрнек, шаңырақ, жұлдыз, пырақтар, ұлыт аралық келісім, қазба, қор, мұнай, көмір, болашақ, егемен.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  • Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

  • Қазақстан Республикасының әнұраны қашан өзгертілді?

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

  • Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай?

  • Қазақстан мұнайға, алтынға, көмір мен темірге бай.

  • Қазақстан болашақта қандай ел болады?

  • Қазақстан болашақта мәдениетті жоғары және білімді ел болады.

  • Қазақстан тәуелсіз ел болып қашан жарияланды?

  • Қазақстанның жері қандай?

  • Қазақстанда қандай өзен – көлдер бар?

IV. Мемлекеттік мерекелер. (5)

Мемлекеттік мерекелер.Тәуелсіздік күні. Конституция күні.Наурыз мейрамы. Сын есім. Сын есім шырайлары. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ел тағдыры, ұлан – байтақ, азаматтардың құқығы, құжат, дәреже, орнату, құру, әлеуметтік, кепіл, шешу, қасиетті, парыз, бап, бөлім, күн мен түннің теңелуі, тұрмыс, қауым.

Сөйлеу үлгілері:


  • Мемлекеттік мерекелерді білесің бе?

  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  • Ата заң қашан қабылданды?

  • Конституция неше бөлімнен және неше баптан тұрады?

  • Конституцияның 7 – бабында не туралы жазылған?

  • Наурыз қандай мейрам?

  • Наурыз сөзі қай тілден алынған, қалай аударылады?

  • Әжелер наурызда не дайындайды?

  • Салт бойынша наурыз көжені қалай ішу керек?

  • Салт бойынша наурыз көжені тауысып ішу керек.

V. Кең байтақ Қазақстаным. (8)

Кең – байтақ Қазақстаным. Қазақстан жері. Қазақстанның кен байлықтары. Мақал – мәтел. Қазақстанда. «Туған өлкем».Менің - Отаным Қазақстан. Сан есім.Қанша? Неше? Неше? Нешеу? Есептік, реттік, жинақтық. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Жалпы, алуан,түрлі, бұлақ, құбылмалы, бағыт, қалайы, қорғасын, көмір ошағы, жанармай, шетсіз – шексіз дала, Іле Алатауы, есепсіз байлық.

Сөйлеу үлгілері.


  • Қазақстанның жері қандай?

  • Жер көлемі неше шақырым?

  • Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?

  • Қазақстан жерінде қандай паайдалы қазбалар өндіріледі?

  • Алтай неге бай?

  • Қостанай облысында қандай кен орны бар?

  • Қазақстан қандай өлке?

  • Отан деген не? Отан неден басталады?

  • Сенің Отаның қай жер?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар қалай өмір сүріп жатыр?

  • Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

VI. Табиғат тамашасы. (7)

Табиғат тамашасы. Көкше тау өңірі. Үлкен Алматы көлі. Қазақстан таулары. Қазақстан қорықтары. Есімдік. Есімдіктің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: табиғт аясында, шалғын, шөлейт, суқойма, егістік, етегінде, айтып жеткізу қиын, мекеме, мекендейді, өңір, орны бөлек, меруерт, ғажап, ауаның қысымы, сан алуан, тіркеу, сілеусін, лашын, долана, көкқұс, шіл.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Қазақсандағы ең биік шың қалай аталады?

  • Көкшетау табиғаты қандай?

  • Көкшетаудағы ең әдемі көл қалай аталады?

  • Бурабайдың суы қандай?

  • Ауасы қандай?

  • Көлдің айналасында нелер бар?

  • «Қазақстан Швецариясы» деп қай – жерді атайды?

  • Іле Алатауы қайда орналасқан?

  • Қазақстан қорықтары қандай мақсатпен ашылған?

  • Табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру, табиғатты келешекке сақтап қалу.

VII. Хайуанаттар әлемі. (6)

Терісі бағалы аңдар. Жабайы аңдар. Қоянның құлағы неге ұзын? Аңшылық. Етістіктің болымсыз түрлері. Болымды, болымсыз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қашу, шабуыл жасайды. Бағалы тері, тыйым салу, тіршілік ету, салмақ, аш ұсталады, ежелден, құтыла алмайды, тау барысы, қамқорлық, патшалық, безендірді, бір шоқ гүл, ұзарып кетті, әдіс, тор, шымылдық, ата – баба, бапкер, жетік меңгерген, қыран.

Сөйлеу үлгілері:



  • Қандай хайуанаттарды білесіңдер?

  • Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

  • Неге оларды жабайы хайуанаттар деп атаймыз?

  • Піл қайда мекендейді?

  • Қоян туған күніне кімдерді шақырды?

  • Кірпі, қасқыр, аю, қоянға не сыйлады?

  • Қоянның құлағы не себептен ұзын?

  • Қазақ халқы ертеде немен шұғылданған?

  • Құсбегі деген кім?

  • Жабайы аңдарды аулауға шығатын адамдарды қалай атаймыз?

VIII. Табиғат аясында. (6)

Қоршаған орта. Арал теңізі. Табиғатты қорғаңдар! Қызыл кітап. Етістіктің шақтары. Өткен шақ, осы шақ, келер шақ. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Шара, қасірет, тіршілік, лас, улу, сақтау, қоршаған орта, өзекті, үлес, аялау, қауіп – қатер, қорғау, борыш, апат, тартылу, төмендеу, құрып барады, тағдыр, деңгей, нәтиже, сынақ, жұту, жарамсыз, қазына, қоғам, арнайы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Бізді қоршаған орта таза болу үшін не істеуіміз керек?

  • Айналаны ластамай, суды былғамай, өсімдіктерді қорғауымыз керек.

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Қоршаған орта, ауа, су, құстар, адамдар.

  • Табиғатты қорғау – біздің қасиетті борышымыз.

  • 5 маусым бұл қандай күн?

  • Оның негізгі мақсаты?

  • «Қызыл кітаптың» парақтары қандай?

  • «Невада - Семей» қозғалысы қай жылы басталды?

  • Аралдың экологиялық жағдайы қандай?

  • Тартылу себебі неде?

  • Республикамыздың экологиялық жағдайы қандай?

IX. Кино. Театр. (7)

Театр және кино өнерінің тарихынан. «Қазақфильм» киностудиясы. Опера және балет театры. Қазақ драма театры. Деректі кино. Ш. Айманов. Етістіктің райлары. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: ұйымдастырыла бастады, жасөспірімдер театры, сахна, бүкілодақтық, халықаралық, даму, кезең, тұңғыш, жақсы дамыды, кәсіби шеберлік, іргетасын қалады, қалыптасу, еңбек сіңірген, қойылым, ғажап, деректі кино, шынайы, дерек, киношежіре.

Сөйлеу үлгілері:


  • Театр деген не?

  • Театр өнер, ойын – сауық орны.

  • Қай жылдары халық театрлары құрылды?

  • Тұңғыш ұлттық театр қашан ашылды?

  • Ш.Айманов кім?

  • Ш.Айманов түсірген қандай фильмдерді білесіңдер?

  • Алматыда қандай театрлар бар?

  • Алматыдағы опера және балет театры кімнің есмімен аталады?

  • Қазақ драма театры қай жерде орналасқан?

  • Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді?

X. Музыка. Балет. (7)

«Біржан - Сара» операсы. Қазақтың балет өнері. Атақты күйшілер. Қ. Сағырбайұлы. Дина Нұрпейісова.Есімше.Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Опера және балет театры, қуыршақ театры, жасөспірімдер театры, мәдениет сарайы, домбырашы, күйші, сахна, рөлде ойнаушылар, атақты, әйгілі, қошемет көрсету, қол соғу, көп қырлы, дарынды, көрермен, жарнама, үзіліс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қандай әнші – сазгерлерді білесіңдер?

  • «Біржан - Сара» операсын кім жазған?

  • Күй деген не?

  • Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?

  • Қандай күйшілерді білесіңдер?

  • Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

  • Д.Нұрпейсова алғаш рет Құрманғазыны неше жасында көрді?

  • Тұңғыш қазақ балеті «Қалқаман - Мамыр»қай жылы қойылды?

  • Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы?

  • Театрға шығармаларды кім жазады? Оны кім сахнаға қояды?

XI. Бейнелеу өнері. (9)

Бейнелеу өнері. Сәулет өнері. Қазақ халқының қолөнері. Зергерлік өнер. Телефонмен сөйлесу.Графика. Мақал – мәтел. Көсемше. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Бейнелеу өнері, көшбасшы, шеберлікпен, қылқалам. Тұлға, сәулет өнері, сарбаз, бейне, мүсін, қолөнер, бұйым, қару – жарақ, ер – тұрман, ісмер, зергер, көрме, қоршаған орта,былғары, әшекей.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы кім?

  • Әбілхан Қастеев кім?

  • Оның атында Алматыда не бар?

  • Қазақстанда сәулет өнері қалай дамуда?

  • Қолөнердің қандай түрлері бар?

  • Зергер деген кім?

  • Пейзаж деген не?

  • Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?

XII. Әдебиет. (6)

Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба». Мың бір мақал. Шешендік өнер. Айтыс. Ы.Алтынсарин. «Кел, балалар, оқылық». Етіс. Етіс түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: өз еркімен, жарқын өмір, қарапайым, міндет, көркем, халық даналығы, тыныс тіршілігі, шешен, шешендік сөздер, тапқыр, ой – сана, дау – тартыстар, айтыс, қалыптасқан, қолма – қол, жыр жарысы, әділқазы, бетпе – бет, ағартушы, тілмаш, ұрпақ, әдептілік.

Сөйлеу үлгілері:


  • Абай құнанбайұлы кім?

  • Абай қайда және қашан туған?

  • Абай кімнің шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударды?

  • Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Шешендік өнер деген не?

  • Халық арасынан шыққан шешендер?

  • Айтыс деген не?

  • Айтыс қалай айтылады?

  • Айтыс қола – қол суырып салып айтылады.

  • Ы.Алтынсарин кім?

  • «Әдептілік» әңгімесінің авторы кім?

  • Балалар әдебиетінің атасы кім?

XIII. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. (7)

Бала тәрбиесі бесіктен. Қонақ келсе құт. Алтыбақан. Ұлттық аспаптар. Мақал –мәтел.Шылау сөздер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тұсаукесер, нәресте,сәби, қазық, арқандау, ала жіп, шілдехана, бесік той, сүндет той, тілашар, сыбаға, құт, ойын – сауық, қолайлы, ұту, меже, мұң, толғану, ғасырлар бойы, қобыз үні, біздің дәуірге жетеді.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?

  • Сәби тез жүріп кету үшін қандай рәсім жасалады?

  • Сен қонаққа жиі барасың ба?

  • Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

  • Алтыбақан қандай ойын?

  • Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Ұлттық ойындар қандай қасиетті қажет етеді?

XIV. Мамандық. (8)

Мамандық. Бәрі еңбекте. Ғалым болғым келеді. Қаныш Сәтбаев. Тоқтар Әубәкіров. Мақал – мәтел. Жалғаулар. Көптік. Тәуелдік.Жіктік.Септік. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Мұнайшы, аудармашы, тәрбиеші, сәулетші, ғарышкер, еңбекшіл, абырой, жалын, балқу, марапаттау, мәңгі, қиыр шығыс, сынақшы, ұшқыш, ғарыш, көрнекті.

Сөйлеу үлгілері:


  • Мамандық дегеніміз не?

  • Сенің кім болғың келеді?

  • Мұнайшы деген кім?

  • Аудармашы туралы не білесіңдер?

  • Қ.Сәтбаев кім?

  • Ол қай жылы, қай жерде туған?

  • Алматыда Қ. Сәтбаев атында нелер бар?

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

  • Тоқтар нені армандады?

  • Қай жылы ол ғарышқа ұшты?

XV. Жыл мезгілдері. (6)

Жыл мезгілдері. Қыс. Көктем. Жаз. Күз. Өткенді қайталау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: кезең, жомарт, жайлы, әзірлік, жадырау, хош иіс, қапырық, қайың, ауа райы, шомылу, жүзу, күнге күйіну, қайық.

Сөйлеу үлгілері:

  • Жаз мезгілі көпшілікке неліктен ұнайды?

  • Халық күзді неге «Алтын күз» дейді.

  • Қараша айында ауа райы қандай болады?

  • Қыс айлары немен қызықты?

  • Көктемде ауа райы қандай болды?

  • Сәуір айында табиғат қандай болады?

  • «Наурыз» мейрамы қандай мейрам?

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (7 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білу.

Тәуелсіздік Қазақстан Республикасының Конституция күні, ана тілі, мемлекеттік мерекелер туралы әңгімелей білу.



Оқылым. Мәтінің, жалпы мазмұнын түсіну.

Тыңдалым. Теледидар, радиодан берілген мәліметтерді түсініп тындау.

Сөйлесім. Өз өлкесі туралы, сөйлесе білу, сұхбат айта білу.

Жазылым. Етістік шақтарының айырмашылығын, жасалу жолдарын білу.

Тілдік білім


Фразеолгоиялық тіркесті, түсіндірме сөздіктерді қолдана білу.

Қазақ тілінің стильдік ерекшеліктерін меңгеру.

Етіс, есімше, көсемше меңгере білу.

Мақал-мәтелдерді қолдана білу.

Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. Республиканың аймақтарының жалпы географиялық орнын, табиғатын, суларын, өсімдік, хайуаннатар әлемі, экология мәселелері туралы пікір алысу.

Қазақстан мәдениеті, өнері туралы айту.

Театр,кино, көркемөнер, балет, саз, мүсін, графика жайлы әңгімелеу.

Белгілі мәдениет, өнер қараткерлері туралы білу. (Ш.Айманов, Ш.Қалдаяқов)

Атақты күйшілер туралыайта білу.(Құрманғазы, Дина Нұрпейсова)

Оқылым. әңгіменің негізгі ойы анықтай білу

Тыңдалым. Репортажды түсініп, тындай білу.

Сөйлесім. Сабақта белгілі тақырып төңірегінде сойлей білу.

Айтылған әңгіме жайында өз пікірін/ еліскенін немесе келіспегенін/ білдіре алу.



Жазылым. Мәтінге қарапайым жоспар құра білу.
Тілдік білім
Етістіктің сөзжасамын айырып, қолдана білу.

Етістіктің жұрнақтарын пайдалана білу /-ла, ле, -та, те,-та,-да, де,-ар, ер,-ал,-дас,-дес,-ай,-ей.

Сан есімнің жасалуын игерту.

Күрделі сан есімді меңгеру.

Белгісіздік есімдікті айыра білу.

Болымсыздық етістіктерін білу.


8 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)


Міндетті деңгей

I. Білім. (9)

Білім әлеміне саяхат. Мектеп өмірі. Менің сүйікті пәнім. Сүйікті ұстазым. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері. Фонетика. Лексика. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Жасөспірім, оқушылар, алғашқы рет, биылғы жылы, құрдас, бір жылы туған балалар, құрбы. Сыныптас, үйнеу, әдептілік, заман, мақсат, ұстау, оқытушы, мейірімді, мереке, есім.

Сөйлеу үлгілері:


  • 1 қырқүйек қандай күн?

  • 1 қырқүйек білім күні.

  • Әрбір азамат қандай болу керек?

  • Білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Сен қай пәнді жақсы көресің?

  • Менің ұнататын пәнім қазақ әдебиеті.

  • Мұғалім қандай есім?

  • Мерекелердің қандай түрлері бар?

  • Олар қандай мерекелер?

II. Тіл. (10)

Қазақ тілі сабағында. Ана тілім. Полиглот. Шешендік өнер. Айтыс. Тілдер мерекесі. Фразелогизм. Сөйлем. Мақал –мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Қажет, үнемі, көп уақыт, қатынас құралы, дүние жүзі, қазіргі уақытта, полиглот, талап, игеру, бағыт, ғұлама, заман, айтыс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?

  • Қазақ тілі сабағында қандай тапсырмаларды орындайсыңдар?

  • 22 қыркүйек қандай мереке?

  • Тіл үйрену қиын ба, жеңіл ме?

  • Адам ана тілін кімнен үйренеді?

  • Сенің ана тілің қай тіл?

  • Ана тілі туралы қандай қанатты сөздер білесің?

  • Көп тіл білетін адамды қандай адам дейді?

  • Қандай тілде еркін сөйлейсің?

  • Полиглот болу үшін не істеу керек?

  • Қазіргі өмір талабы не?

  • Шешендік өнерді бізге жеткізген шешендер кімдер?

  • Шешендік өнер халықаралық тілде қалай аталады?

III. Отан. (10)

Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының рәміздері.Ата заң. «Тіл туралы» заң. Астана. Нақыл сөздер.Мақал – мәтелдер. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Отан, өлке, кең – байтақ, аймақ, байлық, қазына, көне, егеменді, тәуелсіз, елтаңба, шаңырақ, уық, босаға, шеңбер, арман, өркениетті, өкілет, қамқорлық, қарым – қатынас, арқаның төрінде, көшірілді, зәулім ғимарат, жас қала, болашағы зор.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің ұлтың кім?

  • Сенің Отаның қай ел?

  • Отан деген не?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?

  • «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?

  • Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

  • Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?

  • Ата заң қашан қабылданды?

  • «Тіл туралы» заң неше тараудан , неше баптан тұрады?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

IV. Өзім туралы. (10)

Мен Қазақстан азаматымын. Туыстық қарым – қатынас. Өз жұртым. Менің нағашым. Менің туған күнім. Әдепті бала. Отаншылдық отбасынан басталады. Адал дос. Менің ермегім. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Өзара, өмір сүреді, сүйемін, ұсталды, тыным тапайды, үсті, іні, дүние, қатысу, биылғы жылы, қатал, ата заң, қалың, бірге, қайтады, әділ, нағыз дос.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар өзара қалай өмір сүреді?

  • Сенің ұлтың кім?

  • Отбасың үлкен бе, кішкентай ма?

  • «Өз жұртым» «Нағашы жұртым» деген кімдер?

  • Туған күнің қашан?

  • Сенің сүйікті ермегің бар ма?

V. Қоғам және мен. (7)

Өз ортамдағы міндетім. Менң сыныптағы міндетім. Сенбілікте. Күн тәртібім. Менің болашақ мамандығым. Пысықтауыш. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: міндет, қамқоршы, болу, ізет, жеткіншек, сапалы, мейірімді, көңілінен шығу, атқару, жауапкершілік, жетістік, пайдалы, дос, қиын, әр апта сайын, ересектер, таза.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сендер үйде ата – аналарыңа көмекетесесіңдер ме?

  • Отбасыңдағы міндеттерің қандай?

  • Сыныпта қандай міндет атқарасыңдар?

  • Сендердің қандай сүйікті ермектерің бар?

  • Әр адам мақсатына қалай жетеді?

  • Сендердің болашақта кім болғыларың келеді?

  • Сендерге қандай мамандық ұнайды?

VI. Бос уақытым. (7)

Демалыс күні. Менің үйірмем. Қ. Мұңайтпасұлы атындағы стадион. Шынықсаң шымыр боласың. Ұлттық ойын. Марапаттаулар. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: ермек, ерте, демалыс, шынығу, құмар, қатысу, күн сайын, атақты шебер, бала кез, айлакер, тәжірибелі, көптеген, серуендеу, жетекші, айналысу, жылдам, табады, баулу, есептеу, ақыл, әрбір, дербес, марапаттау, құрметті, жарлық, бекіту, мақал – мәтелдер, пысықтауыш.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

  • Қандай үйірмелерге қатысасың?

  • Қ.Мұңайтпасов кім?

  • Салауатты өмір салтын қолдайсың ба?

  • Денсаулық не үшін керек?

  • Тоғызқұмалақ қандай ойынға жатады?

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаев марапаттау туралы жарлыққа қашан қол қойды?

VII. Денсаулық. (8)

Адамның дене мүшелері. Тазалық денсаулық кепілі. Шаш күтімі. Салауатты өмір салты. Шипалы жерлер. Мақал – мәтелдер. Анықтауыш. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: мейірбан, борышы, міндеті, тексереді, шаштараз, салауатты, өмір, сақтау, шынықтыру, шылым шегу, тұрмысын өркендету, шипалы жерлер.

Сөйлеу үлгілері:


  • Адам денсаулығына не қажет?

  • Дәрігер қандай болу керек?

  • Мектеп дәрігерінің міндеті не?

  • Дәрігердің ақыл – кеңесі керек пе?

  • Дәрігер болу үшін қандай білім керек?

  • Сұлулық деген не?

  • Сен шашыңды қалай күтесің?

  • Денсаулық не үшін керек?

  • Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  • «Қазақстан - 2030» жолдауы қашан жарияланды?

  • Қандай шипалы жерлерді білесіңдер?

VIII. Жыл мезгілдері. (6)

Наурыз жыл басы. Мұсылманша күнтізбек. Ауа райы. Мүшел жас. Жай сөйлемнің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Мұсылман күнпарағы, жыл басы, туған күн, ырыс, бақ. Қыдыр баба, тілек, Ұлыстың ұлы күні, құт – береке, теңелу, мүшел, киелі сан, жыл қайыру.

Сөйлеу үлгілері:


  • Он екі қандай сан?

  • Жылдың қазақша атаулары қандай?

  • Адамның жас мөлшерін қалай есептеген?

  • Мүшел жыл қай кезде ауысады?

  • Мүшел жасты қалай тойлаған?

IX. Ұлттық тағамдар. (8)

Қазақ халқы қонақжай. Қонақасы. Ұлттық тағамдар. Бауырсақ. Қымыз. Қазақ осы. Қ. Мырза Әлі. Дәмханада. Жалаң сөйлем. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Қарсы алу, жөн сұрасқаннан кейін, қөңілінен шығу, тары, бидай, пайдалы, нәр, ертеде, кебек, басты асы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ халқы қонақты күтуге қандай мән берген?

  • Қонақты бірінші кім қарсы алады?

  • Қонақты қалай күтеді?

  • Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

  • Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?

  • Қазақ халқының дәстүрі бойыша дастарқанға ең алдымен не қойылады?

X. Тұрмыстық қызмет. (8)

Базар. Ет бөлімі. Ұлттық киім дүкенінде. Ұлы жібек жолы. Бәрі де халық игілігі үшін. Шағын және орта бизнес. Салт дәстүрлер. Жай сөйлемнің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ұсақ ет, ірі қараның еті, майға қуырған, дәмді, ұлттық киімдер, даму, мәдени байланыстар, қалпына келтіру, қолданылған, ықпал етті, бәсеке, меншік, бағдарлама, шағын, қайырымдылық, құқылы, қаржы, серіктестік, жарғы, шарт, келісім.

Сөйлеу үлгілері:


  • Базарға адамдар не үшін барады?

  • Базарға адамдар көп бара ма?

  • Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырларда қолданылды?

  • Бәсеке деген не?

  • Бәсекелестік нені дамытады?

  • Кәсіпкер дегеніміз кім?

  • Кәсіпкерлер неге құқылы?

  • «Асар» дегеніміз не?

XI. Қоршаған орта. (10)

Қазақстан табиғаты. Су тіршілік көзі. Өсімдіктер әлемі. Байлық жерде. Теріс бағалы аңдар. Құстар. Жылқы пайлдалы мал. Атбегі. Қорықтар неге керек?

Мақал – мәтелдер. Еліктеуіш. Оқшау. Қыстырма сөздер.

Меңгерілетін сөздер: сүтқоректілер,кен орны, тас көмір, тіршілік көзі, жер шары, көп бөлігі, тұщы су, қиындық, алуан түрлі, сыр, әдетте, асты, бағалы, тұқым, айлакер, қорғанады, пайдалы, төзімді, жау, шипалы, жүйрік ат, баптапу, денесі, күтімі, сыры бар, тынысы, жарату, даму, құрып кету, табиғи қалпын, табиғи орта.

Сөйлеу үлгілері:


- Табиғатсыз өмір бар ма?

- Табиғат деген не?

- Орман ауаны қайтеді?


  • Су дегеніміз не?

  • Қазақстанда қандай өсімдіктер өседі?

  • Біздің ормандарымызда нелер көп?

  • Құстардың пайдасы қандай?

  • Қазақстанда мекендейтін қандай құстарды білесіңдер?

  • Атбегі деп кімді айтады?

  • Бұл қанда дәстүр?

  • Қорықтар неге керек?

  • Ауа райын жан – жануарлар сезе ме?

XII. Саяхат. (8)

Қазақстан қалалары. Астана көшелеріне саяхат. Бәйтерекке саяхат. Ұлылардың елінде. Қасиетті Түркістан. Көне Отырар. Одағай. Төл сөз. Төлеу сөз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Зәулім ғимараттар, әлемге әйгілі, мәдени орталық, Есілдің сол жағалауы, құрлыс алаңы, көшпенді, самғау, киелі, ұлы, ойшыл, қараңғы шаһар, ғасыр, сәулетші, кесене, жарлық, қоныс, көне, білімпаз.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

  • Бәйтерек қандай ғимарат?

  • Бәйтеректі салу идеясының авторы кім?

  • Түркістан Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  • Қожа Ахмет Иасауи кім?

  • Қожа Ахмет кесенесін кім салдырған?

  • Отырар қандай қала болған

  • Ежелгі Отырар жерінде қазір қандай ғимарат бар?


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет